Көңілінде, халықтың жүрегінде


–  Осы  өзіңіз  басқарған  Жуалы  ауданында



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата02.01.2017
өлшемі35,99 Mb.
#1016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

–  Осы  өзіңіз  басқарған  Жуалы  ауданында 

өндіріс орындары өте аз. Тіпті, шағын жəне орта 

бизнестің де аяқ алысы көңіл көншітпейді. Неге 

жер жаннаты Жуалыда өндіріс пен кəсіпкерліктің 

өрісі тар? Əлде, белгілі бір себептері бар ма?

 Дұрыс  айтасың,  Жуалы  ауданында  Бурный 

сыр  зауытынан  басқа  өндіріс  орны  жоқ  екені  рас. 

Оның өзі жеке меншікке өтіп, толық қуатында жұмыс 

жасай алмай тұр. 

Ал,  өндірістің  өрге  баспауына  себеп,  ауа 

райының  қолайсыздығы  деп  білемін.  Алты-жеті  ай 

қыс  болатын  өңірде  өндіріс  қалай  алға  басады? 

Өндіріс  тұрмақ,  қыс  уақытысында  ауылдармен 

байланысу  мұңға  айналады.  Одан  кейін  облыс 

орталығынан  анау  айтқандай  қашықта  жатқан 

жоқ  қой.  Небəрі  жарты  сағатта  Тараз  қаласына 

зырылдап  келе  саласыз.  Оның  арғы  жағында 

шырайлы 


Шымқала 

менмұндалайды. 

Жəне 

халқының  да  саны  басқа  аудандарға  қарағанда 



аздау. Сондықтан шағын жəне орта бизнес өкілдері 

бұл  жерге  ақша  салғысы  келмейді.  Алымсақ 

болмаса  өндірген  өнімнің  не  құны  бар?  Оны  кімге 

өткізесіз? Міне, осы мəселелер көбіне себеп болып 

жатады.  Дегенмен,  ауданда  ілгері  басушылық 

жылдан  жылға  көзге  көрініп  келеді.  Жақында  ғана 

көп  жылдан  бері  шешімін  таппай  келе  жатқан 

Көксай  каналының  құрылыс  жұмыстары  аяқталды. 

Енді Алатаудың арғы бетінде жатқан айыр қалпақты 

ағайынға  телмірмей,  өз  каналымыз  арқылы  ағын 

суға  қол  жеткіземіз.  Қазір  бұрынғы  дүниемен 

қазіргіні  салыстыра  алмайсыз  ғой.  Жылдан  жылға 

даму, өркендеу кез келген ауданнан көрініс табуда.

–  Бағлан  Жиенəліұлы,  елімізде  кадр 

саясаты деген дүние бар. Осы саясатты дұрыс 

жүргізе  білмесек,  еліміздің  өсіп-өркендеуіне, 

дамуына  өз  кедергісін  тигізетіні  анық.  Бұл 

мəселе төңірегінде не айтасыз?..

–  Өте    орынды  сұрақ.  Шындығында,  кадр 

саясаты  өте  кірпияз  саясат.  Дұрыс  таңдау 

жасалмаса,  тірліктің  тіктелуіне  тікелей  кесірін 

тигізеді.  Сондықтан,  кадрлардың  жиі  ауыса 

бергеніне  қарсымын.  Мен  Кеңес  үкіметі  кезінде 

қызмет  жасаған  адаммын.  Сондықтан,  ол  кездегі 

жүйенің  де  артықшылықтарын  ұмытпағанымыз 

абзал.  Ол  уақытта    басшылар  кемі  алты-жеті, 

тіпті  кейбірі  жиырма  жылға  жуық  ел  басқаратын. 

Қазір елімізде  əкімдер ауданды бар-жоғы бір жыл 

ғана  басқарып,  жылы  орындарын  босатып  кете 

барады. Бір жылда ол əкім не жасап үлгереді? Тіпті, 

ауданмен  толық  танысып  та  үлгермейтін  шығар. 

Сосын  бизнесте  жүрген  адамдар    аудан  тізгінін 

қолға  алады.  Бірақ,  сол  бизнестен  келген  əкімдер 

бюджеттің,  салықтың  не  екенін  білмей  кетеді  ғой. 

Əкім деген барлығына жауапты адам емес пе? Ол 

əлеуметтік  саланы,  экономиканы,  өндірісті  тіпті 

əлеуметтік дүкендерде сатылатын нанның бағасына 

дейін  жауапты  болады.  Міне,  ол  осылардың 

барлығынан  хабардар  болуы  тиіс.  Ал,  біз  келеміз 

де  бизнесте  қара  басының  қамын  ғана  ойлап,  тек 

пайда  табуды  көздеген  адамдарды  басшылыққа 

тағайындаймыз. Осы дұрыс па?

Қазір  Құдайға  шүкір,  облысымыздағы 373 

елді  мекеннің 58 пайызында  газ  тартылған.  Алты 

мыңнан аса жолымыз бар. Осылардың барлығында 

жөндеу  жұмыстары жүріп жатыр. Еліміз өркендеп, 

тірлігін  тіктеп,  дамудың  жаңа  сатысына  көтеріліп 

келеді.  Осы  тұста  кадр  саясатына  барынша  назар 

аударғанымыз  абзал.  Бұрын  Кеңес  үкіметінің 

кезінде балалар октябрят, пионер, комсомол, одан 

əрі  партия  қатарына  алынатын.  Сосын  өндіріске 

жұмысқа  жіберілетін.  Барлық  адам  тек  сатылап 

қана  өсіп,  жұмыстың  ауыртпашылығын  көретін.  Өз 

басым осы қарапайым жұмысшыдан бастап, аудан 

əкімі, облыстық мəслихаттың хатшысы лауазымына 

дейін бірде бір баспалдақты аттап кеткен емеспін. 

Барлығынан сатылап, кезеңімен өттім. Қазіргі «Нұр 

Отан»  партиясының  ұстанып  отырған  ұстанымы 

дұрыс  деп  білемін.  Оның  ішінде  «Жас  Отан», 

«Жас  қыран»  деген  ұйымдарын  бізге  əлі  де 

күшейтіп, ширата түсуіміз керек шығар. Сондықтан, 

барлық  жасалып  жатқан  тірлік,  өзіміз  күнде  айтып 

отырған  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы  жастар 

үшін  жасалған  дүние.  Осы  бағдарламаларды 

жалғастыратын,  орындайтын  тек  жастар  деп 

білемін. Ол үшін жастарға тыңғылықты білім қажет. 

Əркім  өз  саласының  маманы  болуға  машықтануы 

тиіс. Сонда ғана тірлігіміз оңалады.

 Дұрыс  айтасыз,  жастарға  тыңғылықты 

білім қажет. Бірақ, жастарымыз осы мамандық 

таңдауда  қателікке  бой  алдыратын  секілді. 

Барлығы  қаржыгер,  заңгер,  анығы  бірден 

бастық болғысы келеді. Ал, бұлай кете беретін 

болсақ,  өндірісте,  ауыл  шаруашылығында 

маман  тапшылығы  орын  алатыны  сөзсіз  ғой. 

Солай  болып  та  жатыр.  Мұны  қалай  жөнге 

келтіруге болады?

–  Жалпы,  əр  өңір  өз  ыңғайына  қарай 

мамандықты қолға алғаны дұрыс. Бірақ, қазір жастар 

оңай жолмен байлыққа белшесінен батқысы келеді. 

Өзіңіз  айтпақшы,  бірден  сот,  банкир,  прокурор 

болуға құмар. Бірақ, өмірдің өз ағысы бар емес пе? 

Сол «мықты» мамандықты алған жастардың басым 

көпшілігі қазір жұмыссыз жүр. Тіпті, кейбірі үш-төрт 

дипломды «қанжығасына» басқан. Мейлі, жұмысқа 

ала  қояйын  деп, «арызыңды  жаз»  десең,  жан-

жағына жалтақтап, қолы қалтырайды. Анығы, жаза 

алмайды. Осыдан кейін барып, ол адамнан қандай 

жақсы  маман  шығады  деп  ойлайсыз?  Амал  жоқ, 

жұмыссыз  жастардың санын көбейтеді. Жұмыссыз 

болған  соң  қайтеді,  ретін  тауып  күнделікті  майда-

шүйдемен  айналысып,  түк  таппағаны  базарда 

тəшкі  итеруге  шығады.  Міне,  осылай  талтаңдап 

келгендер таңның атысы кештің батысы базардың 

бел «баласына» айналады. Мейлі, базарда жұмыс 

жасасын,  ақшасын  тапсын  делік,  бірақ  болашақта 

бұл базар деген дүние құритыны анық қой. Ертең, 

Алла  өмір  берсе  көресіз,  болашақта  базар  деген 

дүние болмайды. Барлығы супермаркеттерге қарай 

ойысады. Сонда сол базарда арба сүйрегендер не 

істейді?  Бір ғана мысал келтірейін, кезінде жағалай 

жол  бойында  бензин  сатқандар  қазір  қайда  кетті? 

Сатқан күнде де оларға ешкім бармайды ғой, өнімді 

керек  еткен  тұтынушы  бензині  таза,  жан-жақты  

қызмет  көрсететін  жанармай  құю  бекеттеріне 

қайрылады.  Сондықтан,  бұл  мəселеден  шығудың 

бірден бір жолы əркім өз ыңғайына қарай мамандық 

таңдауы  қажет.  Сонда  ғана  жастардың  бос  жүруі 

азаятын  болады.  Анығын  айтқанда,  мамандықтың 

жаманы жоқ. Тек соны таңдағанда əркім өз икеміне 

қарай иеленсе, барлығы дұрыс болары сөзсіз.

–  Биыл  Қазақстан  Республикасының 

мəслихатына  жиырма  жыл  толды.  Айтулы 

мереке  республика,  облыс,  аудан  көлемінде 

барынша  аталып  өтті.  Айтыңызшы,  осы  ҚР 

мəслихатының  еліміз  үшін  маңыздылығы 

қандай? 

–  Негізі  мерейтойлар  жиырма  бес, елу, жетпіс 

бес  жылдықтарда  тойланып  жатады  ғой.  Бұл 

мерейтойдың  жоғары  деңгейде  аталып  өтуіне  

Қазақстан Республикасы мəслихат депутаттарының 

бірлестігі мұрындық болды. Өз кезегінде Президент 

əкімшілігі,  Елбасымыз  да  қолдау  білдірді. 

Сондықтан, 14 облыс пен екі қаладан 500-ге тарта 

депутаттар  Алматыға  жиылып,  мерекені  жоғары 

деңгейде атап өттік. Облыстарда бірінші қазан күні 

сəн-салтанатымен тойланды. 

Ал,  мəслихаттың  маңыздылығына  келер 

болсақ, ең бірінші тоқырау заманда депутаттар ел 

арасындағы  тыныштықты  сақтауға  барынша  күш 

салды деп ойлаймын. Халық айлап жалақы алмай, 

біраз  əбігерге  түскенде  мəслихаттар  атқарушы 

биліктің  қасынан  табылып,  елді  сабырға,  бірлікке  

шақырды.  Сол  уақытта  елге  белгілі,  халқының 

қалаулысы болған азаматтар депутат болды. Оны 

өзіміз  көзбен  көріп,  көңілімізге  түйдік.  Ашынған 

жұрт  əкімшілік  алдына  дейін  келіп,  жалақыларын, 

зейнетақысын, балаларының жəрдемақысын талап 

еткенде,  кірерге  тесік  таппай,  айтарға  жауабымыз 

болмайтын.  Міне,  осы  қиын  тұста  еліміздің 

мəслихаты ерен еңбектің үлгісін көрсете білді.  

Ал,  жалпы  депутат  дегеніміз  халық  пен 

атқарушы билік арасындағы алтын көпір сыңайлы. 

Бұлай  дейтінім,  кез  келген  адам  облыс,  аудан 

əкімінің  алдына  бара  алмайды.  Ойындағысын 

айтып,  ұсыныс-тілегін  жеткізуге  мүмкіндігі  бола 

бермейді.  Осы  тұста  депутаттар  елге,  халыққа 

қажетті  нəрсені  көтеріп,  оның  орындалуына  

барынша атсалысады. 

Осыдан бір-екі жыл бұрын Жамбыл ауданына 

халықпен  кездесуге  бардым.  Сонда  сол  жерде 

отырған бір адам  мəслихатты сынап, қисық сұрақ 

қойды.  Бар  айтқаны  «депутаттар  əкімге  не  істей 

алады?» – дейді.  Бұл  жерде  мəселе  бір-біріне 

күш  көрсетіп,  сынасуда  емес,  екеуі  де  халықтың 

пайдасына,  ыңғайына  қарай  жұмыс  жасайды. 

Ал,  егер  əкімдер  қисық  шешім  қабылдап,  басқа 

арнаға    қарай  бұрып  жатса,  мəслихаттың  қарсы 

шығып,  істің  оң  шешімін  табуын  талап  ететін  күші 

бар. Сондықтан, елдің экономикасының жақсаруы, 

қаржының  тиімді  қаралуы,  оның  мақсатты 

жұмсалуы,  барлығы  осы  мəслихаттың  сүзгісінен 

өтіп барып қана мақұлданады. 

Қазір  мəслихаттың  құрамы  түрлі  саланың 

өкілдерінен  жасақталған.  Соған  байланысты 

мəслихат  тарапынан  кез  келген  салада  тиісті, 

оң  шешімдер  қабылданып  жатқанына  өз  басым 

сенемін. 



– Киелі Əулиеата өңірі жыл өткен сайын өсіп, 

өркендеп келеді. Əсіресе, өндіріс саласындағы 

жасап  жатқан  тірліктеріміз  ауыз  толтырып 

айтарлықтай.  Дегенмен,  кейбір  салалар    əлі 

де болса ширата түсуді қажет ететін сыңайлы. 

Сіздің  ойыңызша,  қай  салаға  басымырақ  күш 

салғанымыз дұрыс?

–  Дəл  қазір  Аллаға  шүкір  облысымыз  барлық 

салада  алға  қарқынды  қадам  басып  келеді. 

Əсіресе,  өзіңіз  айтқан  өндіріс  саласы  мықтап 

жолға  қойылды.  Бір  ғана  «ЕвроХим»  компаниясы 

облысымызға  қыруар  қаржы  құйып,  тірліктерін 

бастап жатыр. Оның бергі жағында Шу ауданында   

құрылатын  «Тараз  химия  паркі»  үлкен  негізгі 

жобалардың  бірі  болмақ.  Мойынқұм  ауданындағы 

өндіріс орындарының да күш-қуаты өзге елмен иық 

тіресуімізге өз септігін тигізбек. Сондай-ақ, «Батыс 

Еуропа-Батыс  Қытай»  автодəлізінің  бойынан 

салынатын  ет  пен  сүт  тауарлы  фермалардың 

өзі  экономикамыздың  еселенуіне  үлесін  қоспақ. 

Ал,  құрылыс  саласындағы  жеткен  жетістіктеріміз 

тіптен  бөлек.  Мұндай  құрылыстар  керек  десеңіз, 

Кеңес  үкіметі  кезінде  салынған  жоқ.  Бір  ғана 

Тараз  қаласында  бой  көтерген  «Тараз-Арена» 

спорт  кешені, «Бəйтерек»  ықшамауданы,  балалар 

ауруханасы, «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі» 

мен  заманауи  колледждің  ел  иігіліне  берілуі  біз 

үшін үлкен олжа. Сондықтан, мына салада жұмыс 

жақсы жүріп жатыр, ал мына салада «əттеген-ай» 

баршылық деуден аулақпын. 

Бар  білерім,  осыдан  он  жыл  бұрынғы 

əлеуетімізбен  қазіргі  жағдайымызды  салыстырар 

болсаңыз,  жер  мен  көктей.  Тек  осы  тірліктерді 

жалғастырып, елдің өсіп-өркендеу жолында аянбай 

еңбек ету ғана керекпіз.

– Жыр алыбы Жамбыл атамыздың атымен 

аталатын  облысымыздың  жетпіс  бес  жылдық 

мерейтойы да келіп жетіпті.  Мереке қарсаңында 

оқырман қауымға ақ тілегіңізді арнасаңыз...

–  Негізі,  өзіңіз  қатарлы    жас  буын  мен  біз 

қатарлы аға буын өкілдері бақытты деп ойлаймын. 

Себебі,  біз  екі  ғасырды  көрдік.  Аллаға  шүкір,  осы 

өмірлік ғұмырымда облысымызбен қатар жасасып 

келемін.  Жамбыл  облысы  мен  үшін  əрдайым 

ыстық,  жанымдай  жақын  десем  болады.  Осындай 

өлкеде, ақын аттас облыстың перзенті болғанымды 

мақтаныш  сезіммен  айта  аламын.  Мұндай 

мақтаныш  сезім  əрбір  жамбылдықтың  жүрегінде 

бар  шығар.  Сондықтан  мерейлі  мереке  құтты 

болсын!  Еліміз  аман,  жұртымыз  тыныш  болғай! 

Тасын  түртсең,  тарихы  көрінетін  киелі  Əулиеата 

жеріне бақ-береке, баянды бақыт, байлық тілеймін. 

Той тойға ұлассын, ағайын!

–  Əсерлі  əңгімеңізге  рахмет.  Сізге  де 

облыстың мерейлі мерейтойы құтты болсын! 

Сұхбаттасхан Дəулет ТӨЛЕНДІ.

Польша  жəне  Британия  ғалымдары  сал  ауруына 

шалдыққан  адамның  қозғалуына  мүмкіндік  беретін  тəжірибе 

жүргізді.  Бұған  қырық  жыл  бойы  жүргізілген  зерттеулердің 

арқасында қол жеткізілді.

Naked Science порталының хабарлауынша, 38 жастағы өрт 

сөндіруші  Дарек  Фидыка  деген  науқас  аталмыш  технология 

жолымен емделді. Пышақ жарақатынан ол сал болып қалған 

екен.  Дегенмен,  ота  жасалғаннан  кейін  пациент  ешкімнің 

көмегінсіз, өзі қозғала алатын жағдайға жеткен.

Алматыда  жалпы  құны 6,5. млн.  теңгеге  бағаланған 

18 «VIP» нөмір  сатылған.  Жалпы  алғанда,  алматылықтар 

арасында 001,007, 777 нөмірлері  үлкен  сұранысқа  ие  екен. 

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған 

нөмірлерді  кез  келген  жүргізуші  сатып  ала  алады.  Егер, 

нөмірлер таусылған жағдайда тұтынушы өтініш беріп, келесі 

сериясына тапсырыс береді.

Айта  кетейік,  мемлекеттік  тіркеу  нөмір  белгілерін  сату 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асады. 

Қазір 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 

700, 800, 888, 900, 999 нөмірлерінің  құны 253 мың  теңгеге 

бағаланса, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 

нөмірлері 422 мың теңгеге бағаланып отыр.

Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мəслихаттың хатшысы

Кеше  Иманғали  Тасмағамбетов  ҚР  Қорғаныс  министрі 

болып  тағайындалды.  Мемлекет  басшысы  министрліктің 

басшылық  құрамына  жаңа  министрді  ресми  түрде 

таныстырды. 1993 жылдан ҚР Президентінің көмекшісі болған 

И. Тасмағамбетов Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Білім 

жəне мəдениет министрі, ҚР Президент Əкімшілігінің басшысы, 

ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі, Атырау облысының əкімі, 

ҚР Премьер-министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, Алматы жəне 

Астана қалаларының əкімі болып қызмет атқарды. Ал, Астана 

қаласының əкімі болып Əділбек Жақсыбеков тағайындалды.

Сондай-ақ, 

мемлекет 

басшысының 

Өкімдерімен 

Қазақстан  Республикасы  Экономикалық  қылмысқа  жəне 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  агенттігі  (қаржы 

полициясы)  төрағасының  орынбасары  Əбдірашит  Жүкенов 

жəне  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет 

істері  агенттігі  төрағасының  орынбасары  Əли  Амантайұлы 

Көмекбаев қызметінен босатылды. Сонымен қатар, Қазақстан 

Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше жəне 

Өкілетті  Елшісі  Аслан  Мусинге  Қазақстан  Республикасының 

Босния  жəне  Герцеговина  Республикасындағы,  Черногория 

Республикасындағы  Төтенше  жəне  Өкілетті  Елшісі  қызметін 

қоса атқару міндеті жүктелді.

Қазақстанда 1 қаңтарға дейін бензин бағасы көтерілмейді 

деп  болжанып  отыр.  Бұл  туралы  ҚР  Энергетика  министрінің 

бірінші  орынбасары  Ұзақбай  Қарабалин  мəлім  етті.  Бірінші 

вице-министр  кейбір  жанармай  құю  станцияларының  бензин 

қорын  сақтап,  оны  жанармай  бағасы  көтерілгеннен  кейін 

сатуды жоспарлап отырғаны туралы да айтты. Қарабалин өз 

кезегінде бұған тыйым салынбағанын жеткізді.

– 

Кейбір  компанияларда  бензин  қоры  бар,  бірақ 



оны  нарыққа  шығармайды.  Бұл,  əрине,  бизнес  жүргізудегі 

айла-амал.  Жанармай  құю  станцияларының  қожайындары 

банктерден  кредит  алып,  мұнай  өнімдерін  сатып  алады  да, 

белгілі бір уақыт сақтап, сосын нарыққа шығарады. Біз оларға 

қазір  сатыңдар  деп  айта  алмаймыз.  Мен 1 қаңтарға  дейін 

бензин бағасын көтермейміз деп болжап отырмын, сондықтан 

кейбіреулер бұл істе шығын көруі мүмкін, – деді Ұ.Қарабалин.

Ақордада ауыс-түйіс

Ақордада ауыс-түйіс

БАҚ материалдары арқылы дайындалды.

Жеңілісті де мойындай 

Жеңілісті де мойындай 

білу керек

білу керек

Хорватиялық  боксшы  Видо  Лончар  литвалық  Альгирдас 

Баниулиспен  жекпе-жекте  төрелік  еткен  төрешіні  соққыға 

жықты. Оқиға Еуропа жасөспірімдер чемпионатында болған.

Жеңісті литвалық спортшыға беріп, жекпе-жекті тоқтатқан 

судьяға  ызаланып  кеткен  хорват  боксшысы  оған  тап  беріп, 

төрешіні  сабап  тастады.  Бірнеше  рет  жұдырық  жұмсап 

үлгерген  боксшыны  рингтен  сүйреп  əкетуге  тура  келген. 

Рингтегі «ерекше» ұрыс «YouTube» əлеуметтік желісінде қызу 

талқыланып жатыр.

Жаңа жылға дейін бензин 

Жаңа жылға дейін бензин 

қымбаттамайды

қымбаттамайды

Ақша шашудан 

Ақша шашудан 

алматылықтар алда

алматылықтар алда

Мүгедектер қайта жүруге 

Мүгедектер қайта жүруге 

мүмкіндік алды

мүмкіндік алды



6

23 қазан,

№43 (471)

САМҒА, САРЫСУ!

ТЫНЫМСЫЗ 

ЖАҢАТАС ЖАҢАРЫП, 

ЖАЙНАП КЕЛЕДІ

Тəуелсіздік  алған  алғашқы  жылдары 

еліміз  ауыр  кезеңдерді  бастан  өткерді. 

Осы  қиын  шақ  өзге  аудандармен  қатар 

Сарысуды да айналып өтпеді. Алайда, сол 

қиындықтан шығу үшін 1997 жылы Сарысу 

ауданы  мен  Жаңатас  қаласы  біріктіріліп, 

аудан  орталығы  Жаңатас  қаласы  болып 

белгіленді. Сол Жаңатас күні кешеге дейін 

қиын күндерді бастан кешірді.   

Аудан 

орталығының 



жандануына 

Үкіметтің  «Моно  қалаларды  дамыту» 

бағдарламасы  оң  əсер  етті.  Өйткені

қаланың  еңсесін  тіктеп,  өсіп-өркендеуіне 

қыруар қаржы бөлініп, көптеген нысандар 

қайта  қалпына  келтіріліп  жатыр.  Өткен 

жылы  Жаңатас  қаласында  жарамсыз 111 

үйдің  62-і  бұзылып,  тегістелді.  Ал,  биыл 

29 үйді бұзуға қаржы бөлініп, оның біразы 

қазіргі  таңда  жермен-жексен  болды. 

Алдағы  уақытта  қалған 20 үй  бұзылып, 

қаланың  қораш  көрінісі  біржола  ретке 

келтіріледі. 

Жөндеуге  жарамды  үйлердің  біразы 

күрделі 

жөндеуден 

өтіп, 

халықтың 



пайдалануына  беріліп  жатыр.  Қаладағы 

аялдамалардың  да  барлығы  заманауи 

талаптарға  сай  жаңартылған.  Біркелкі 

бағытта  салынған  аялдамалар  шағын 

қалаға əр беріп тұр.

–  Жаңатас  қаласында  бас-аяғы 

32  аялдама  бар.  Соның  барлығының 

сыртқы  келбетін  жаңа  талаптарға 

сəйкес  жаңартып,  пайдалануға  бердік. 

Бұдан бөлек Əулиеата жəне Жібек жолы 

көшесіне шамамен 25 миллион теңгедей 

қаржы бөліп, жарық бердік. Қазіргі таңда 

қос  көшемен  қала  тұрғындары  түнде 

емін-еркін  жүруіне  болады, – дейді 

Жаңатас  қаласының  əкімі  Дəуренбек 

Шалбаев. 

Сондай-ақ, 

қалада 2013 жылы 

«Еңбек  Ерлері»  аллеясы  пайдалануға  

берілген.  Оның  құрылысына 45 миллион 

теңге  қаржы  жұмсалыпты.  Бұдан  бөлек 

кіре  беріс  қақпасын  салуға 15 миллион 

теңге  қарастырылған. «Еңбек  Ерлері» 

аллеясындағы  монументте  үш  бірдей 

тұлғаның  мүсіні  кескінделген.  Аталған 

азаматтардың  барлығы  дерлік  ауданнан 

сол  кездегі  Кеңес  үкіметіне  дейін  еңбек 

етіп,  аты  шыққан  азаматтар.  Аллея 

бүгінде  Жаңатас  жастарының  демалатын 

сүйікті  орнына  айналған.  Ал,  аға  буын 

өкілдері  аллеяның  аз  ғана  уақыт  ішінде 

ашылғанына  риза.  Өйткені,  орталық 

алаңның  іргесіндегі  бұл  жер  бұрын  биік 

төбешік қана болатын. 

Дəуренбек  Əсембайұлы  келер  жылы 

пайдалануға 

берілетін 

нысандардың 

бар  екенін  де  айтып  қалды.  Оның  бірі – 

қалада  көп  жылдан  бері  қараусыз  жатқан 

саябақ  екен.  Əкімнің  айтуынша,  аталған 

саябақтың  құрылысына  өткен  жылы 25 

миллион  теңге  қаржы  бөлініп,  саябақтың 

сырты  толық  қоршалыпты.  Сондай-ақ, 

ол  биылғы  жылы  саябақтың  құрылысына 

85  миллион  теңге  қаржы  бөлініп,  қыруар 

жұмыс атқарылғанын тілге тиек етті. «Алла 

қаласа алдағы жылы құрылыс жұмыстары 

толық  бітіп,  халықтың  пайдалануына 

беріледі», – дейді қала əкімі.

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРАТАУДЫҢ 

ҚОЙНАУЫ САРҚЫЛМАЙДЫ

Аудан 


өнеркəсібін 

дамытуда 

«Қазфосфат»  ЖШС  Қаратау  тау-кен 

өңдеу  кешені  үлкен  үлес  қосып  отыр. 

Осы  кешенге  қарасты  «Көксу»  кенішінде 

арнайы  болдық.  Ары-бері  фосфор  кенін 

тасыған 

алып 


БелАЗдар 

тынымсыз 

еңбек  етуде.  Мұнда  қопару  жұмыстарына 

дайындық жүріп жатыр екен.



–  Жоспар  бойынша  біз  фосфор  кенін 

130 метр тереңдікке дейін қазып аламыз. 

Қазіргі таңда аталған кенді шамамен 30-

35 метрге дейін қаздық. Алдағы уақытта 

жұмысшылар 100 метр  қазып,  пайдалы 

қазбаны  молынан  игеретін  болады. 

Сондықтан  да,  бізде  анау  айтқандай 

мəселе  жоқ.  Өйткені,  өндірген  өнім 

күнделікті  тұрып  қалып,  қолды  байлап 

отырған  жоқ.  Мəселен,  минералды 

тыңайтқыш  Түркіменстан,  Өзбекстан, 

Ресей 

сияқты 

мемлекеттерге 

жөнелтіліп, жұмысымызды жандандырып 

отыр.  Алайда,  жұмыс  болғаннан  кейін 

бірлі-жарым  мəселе  болмай  тұрмайды 

ғой.  Əйтсе  де,  біз  оларды  дер  кезінде 

шешіп, 

жұмыстың 

жүруіне 

кедергі 

келтіріп  отырған  жоқпыз,  –  дейді  Көксу 

кенішінің басшысы Əбдіқали Мақұлов. 

Кеніште 3 ауысыммен 378 адам жұмыс 

істейді.  Олардың  орташа  жалақысы 

100  мың  теңгенің  көлемінде.  Аталған 

жұмысшылар  фабриканың  сұранысына 

қарай  күніне 4 500 тоннадан  бастап, 6 

мың 300 тоннаға  дейін  кен  шығарады 

екен.  Күніге  осылай  өнімді  еңбек  етіп 

жатқан  жұмысшылардың  өндіріп  жатқан 

кені  қашан  таусылады?  Өйткені, «судың 

да сұрауы бар» дегендей фосфор кенінің 

де  бір  күні  сарқылуы  мүмкін  қой.  Біздің 

бұл  сауалымызға  кеніш  басшысы  «Бұл 

жердің қоры шөбереміздің баласына дейін 

жетеді», – деп  қысқа  жауап  берді.  Лəйім 

солай болсын!

Жалпы,  кеніштің  жұмысының  тоқтап 

қалмай, алға қарай жылжуына  техниканың 

жеткілікті  болуы  маңызды. «Қаратау» 

ТКӨК  «Көксу»  кенішінде  өздеріне  қажетті 

техника жылда жаңартылып отырады екен. 

2014 жылы  кеніш 6 млн. АҚШ долларына 

жаңа  техника  мен  жабдықтар  сатып 

алынған. Мəселен, биыл екі 130 тонналық 

БелАЗ,  бір  шынжыр  табанды  бульдозер 

Т-3501,  бір  КамАЗ  базасына  орнатылған 

бұрғылау  қондырғысы,  екі  СБШ-250  МН 

бұрғылау қондырғысы, бес жеңіл автокөлік 

алыныпты.  Сондай-ақ,  жарылғыш  заттар 

жəне  жанармай  таситын  екі  КамАЗ  жəне 

де бір электровоз кеніш игілігіне беріліпті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет