Кокенова Мохидил


Педагог-психологтың кәсіби қызметінің мазмұны диагностикалық құзыреттілікті жасаудың негізі ретінде



бет10/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
КОКЕНОВА ДИССЕР 2021

Педагог-психологтың кәсіби қызметінің мазмұны диагностикалық құзыреттілікті жасаудың негізі ретінде

Білім берудегі құндылықтық-мақсаттық бағдардың өзгеруі, когнитивтілігі білім беру үдерісіне қызығушылық танытқан түрлі субъектілердің талаптары мен қызығушылықтарына жауап беретін, бәсекеге қабілетті, құзыретті маман даярлауда жоғары кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру қажеттігін ескертеді.Жоғары мектеп түлегінің пәндік-білімдік моделінің орнына оқытудың өмір әрекетімен байланысын қамтамасыз ететін, құзыреттілік модел келеді. «Біліктіден» бастап «құзыреттіге» дейінгі кәсіби оқыту тәсілінің өзгеру үдерісі басталған [25].

Білім беру жүйесінде өзара қатынас пен өзара әрекетті тиімді ұйымдастыруға қабілетті маманға деген қажеттілік айқындалып келеді, соған байланысты жоғары оқу орындарында психологиялық-педагогикалық кадрларды даярлау үдерісі, бұл саланың қызмет дағдылары мен сапаларын меңгерген, осы сала мамандарына деген тапсырысты анықтайды, ол жоғары білім беру жүйесінде студенттерді сәйкес мамандықтарға даярлауда жаңашылықты талап етеді.

Заманауи педагог-психолог – бұл жоғары психологиялық-педагогикалық білім алғанмаман, ол білім беру үдерісін психологиялық қамтамасыз етуге, тұлғалық даму мен тиімді әлеуметтенуді қамсыздандыруға, білім алушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғауға, олардың дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алуғабағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырушы. Оның кәсіби деңгейі педагогика мен психологияның ғылыми негіздерінен, түрлі психологиялық техникаларды меңгеруінен, өзінің кәсіби құзыреттілігінің шегін ұғынуы мен ұсынысы және оларды жүзеге асыру мен салдары үшін жауапкершілігін түсінуінен, психологиялық-педагогикалық мәдениет пен тұлғаның жетілуінен тұрады.

Педагог-психологтарды даярлау 1990 жылдан бері Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында жүзеге асырылып келеді. Педагог-психолог лауазымы білім беру ұйымына ресми түрде 1999 жылы енгізілген және сол күннен бері әрбір мектепке дейінгі, орта, орта және кәсіби білім беру ұйымдары үшін міндетті болып табылады.

Н.О. Перепелкина өзінің еңбегінде педагог-психологтың қызметіндегі психодиагностиканың маңызды рөлін ерекше атап өтеді. Психодиагностика әдістері, нақты әдістемелер және тесттік процедуралар, психологиялық зерттеуді жүргізудің кәсіби- этикалық принциптері, психодиагностика әдістері мен әдістемелерін таңдауға, оларды ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын талаптар, тұлға аралық және топ аралық өзара қатынастың психологиялық механизмдері педагог-психологтың диагностикалық қызметінде маңызды болып табылады.[47].

Педагог-психолог жоғары оқу орнын аяқтай отырып өз пәніне қатысты тек біліммен ғана қамданып қоймай, сонымен бірге жеткілікті тұлғалық сапалар мен құзыреттіліктер жиынтығын меңгеруі қажет[37].

Зерттеуші А.Ж. Сапаргалиева педагог-психологты көмекші кәсіп маманы ретінде кәсіби даярлауды жетілдіруге арналған дипломдық жұмыслық зерттеу жұмысында атап өткендей, педагог-психологты кәсіби даярлау мәселесі толық айқындалмады және қазіргі күні оның ғылыми негіздерін анықтау талап етіледі. Сонымен қоса оның зерттеуінде педагог- психологтың көмекші кәсіп маманы ретіндегі кәсіби қызметінің келесідей түрлерін бөлген: психодиагностикалық, түзетуші-дамытушы, кеңес беруші, алдын алушы, бағалаушы, болжаушы, әдістемелік, басқарушы. Көріп отырғанымыздай, психодиагностикалық қызмет алғашқы, басқа қызмет түрлерін бастаушы ретінде көрсетілген. Оның жасаған педагог- психолог көмекші кәсіп маманы ретіндегі кәсіби даярлау моделінде процессуалдық компонент технологиялық іскерліктермен ұсынылған, олардың бірі – тұлғаны және білім беру үдерісін диагностикалау іскерлігі. Жұмыстағы маманның диагностикалық құзыреттілігі жайлы айтылмаса да, дегенмен, автор болашақ педагог-психологты кәсіби даярлаудың диагностикалық құраушыларын басым орынға қояды[33].

Зерттеушілер М.Р. Битянова, А.Г. Шмелев және т.б. психодиагностикалық қызметті жүзеге асыруда бірінші орынға мынадай кәсіби маңызды сапаларды қояды: психодиагностика негіздерін білу, психодиагностикалық жұмыс біліктері мен дағдылары (психологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу білігі мен дағдылары, психологиялық диагностика әдістері мен әдістемелерін меңгеру, мәліметтерді математикалық өңдеу, балаға, ұжымға психологиялық қорытынды жасау және т.б.), мәліметтерді баяндауда нақтылық,объективтілік, мәліметтерде өңдеуде асқан дәлдік[48],[49].

Г.О. Абдуллаева педагог-психолог қызметін білім берудің түрлі салаларында – мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, арнайы түзету орталықтарында, колледждерде және т.б. жұмыс істейтін маман ретінде сипаттайды. Ол қызмет білім алушылардың психологиялық саулығын сақтау мен тұлғалық дамуына бағытталған. Оның сенімінше, педагог-психолог өзінің кәсіби қызметінде қатысушылардың тұлғалық дамуы үдерісінде пайда болған қиындықтарды психопрофилактикалық, психодиагностикалық, психокоррекциялық, кеңес беру және түзету жұмыстарының көмегімен анықтайды. Ол қатысушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға тұлғалық, кәсіби және басқа да мәселелерді шешуде көмек көрсетеді. Психологиялық-педагогикалық диагностика негізінде қатысушылардың белгілі бір жас категориясынан басқасына ауысуында оқуға дайындығын анықтайды және тұлғаның психологиялық даму деңгейіне сай оқытудың немесе білім беру бағдарламасының әдістерін, формаларын және құралдарын таңдайды. Ол барлық педагогикалық ұжйыммен тығыз жұмыс жасайды, қатысушылардың тұлғалық жеке ерекшеліктерін, жасерекшеліктерін есепке ала отырып, оқу қызметінің диагностикалық, түзетуші, дамытушы бағдарламаларын жоспарлайды және жасайды.

Білім беру мекемесінде педагог-психологтың кәсіби міндеттерін білікті орындауы үшін келесідей жалпы педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруі тиіс: басқарушылық, әдістемелік, аналитикалық, коммуникативтік.

Айта кету шарт, диагностикалық құзыреттілік педагог-психологтың негізгі құзыреттіліктері жүйесіндегі құраушы және байланыстырушы болып саналады.



Соған сәйкес, біз диагностикалық құзыреттілікті бастапқы, маманның зерттеушілік қызметін қаматамасыз етуші ретінде анықтаймыз. Ол ары қарайғы басқарушылық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, коммуникативтік, аналитикалық қызмет түрлерінің негізі болады. Яғни, болашақ педагог-психологтың кәсіби қызметі құрылымында диагностикалық құзыреттілік өзге құзыреттілік түрлерін игеруші болады, себебі оның құраушылары құзыреттіліктерге икемделе отырып (ал тұлға құзыреттіліктерін көптеген авторлар, негізінде, адамның біліміне, білігіне, дағдысына, тәжірибесіне, құндылықтары мен бейімділіктеріне негізделген мүмкіндіктер ретінде қарастырады) болашақ маманның кәсіби қалыптасуын қамтамасыз етеді.



Сурет 1 - Педагог-психологтың кәсіби құзыреттіліктері жүйесіндегі диагностикалық құзыреттілік.

Осылайша, педагог-психологтың кәсіби қызмет мазмұнын талдау арқылы, қазіргі таңда оның кәсіби қызметініңнақты саласы қалыптасқан деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, олардың нәтижелеріоның пәні ретінде ұсынылады; білім алушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту мақсатында, тұлғалық-бағдарланған білім беру арқылы, психиканың тұлғалық және когнитивті салаларын зерттеу. Педагог-психолог жұмысының табыстылығы оның жоғары оқу орнында, теориялық және практикалық қызметтерден тұратын, кәсіби дайындығымен тікелей байланысты. Оқыту үдерісінде білім беру жүйесіндегі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті барлық алғышарттар қамтылған. Ол педагог-психологты даярлауда қалыптасқан қиындықтарды оңтайлы шешу әдістерін табуға мүмкіндік бере отырып, Қазақстан Республикасының заманауи білім беру ұйымдарындағы оның статусы мен рөлін арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет