Кокенова Мохидил


Білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық (методологиялық) тәсілдері



бет11/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

1.3 Білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық (методологиялық) тәсілдері


Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің ғылыми-әдістемелік мәнін түсіндіруді біздің зерттеу пәнімізге сәйкес тәсілдерді анықтаудан бастаймыз.

Соған байланысты бұл бөлімде біз болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыпастыру мәселесін зерттеу әдіснамасын талдауға тырысамыз. Тараудың мақсатқа жетуі және ойын жүзеге асыруы зерттеудің әдіснамалық және түсініктік-категориялық аппаратын жасауға мүмкіндік береді. Дипломдық жұмыслық зерттеу мәселесінің әдіснамасын анықтаудың мақсаты бар концепцияларды жалпылау және жүйелеу, педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді зерттеу тәсілдері және соның негізінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеудің оңтайлы тәсілдері мен жолдарын бөлу. Бұл бөлімде диагностикалық құзыреттілікті зерттеудің методологиялық негіздемелері анықталатын болады.

Зерттеу әдістемесін анықтай отырып, біз ғылымның дамуы тек оны жаңа білімдермен толықтырғанда ғана мүмкін екендігін және оның дұрыс таңдалуы алынған білімдердің объективтілігіне байланысты екендігі жайлы фактіні есепке алдық. Белгілі болғандай, әдістеме үдерістер мен құбылыстарды зерттеудің кең мүмкіндіктерін ұсынады, соған байланысты педагогикалық кадрларды даярлауға қатысты мәселелерді шешу біз зерттеп отырған әдістемені жасаумен тікелей байланысты.

Ғылымтану әдебиеттерінде «әдіснама» үш аспектіде қарастырылады: әдістер жайлы ғылым, зерттеу жүргізудегі бірізділік, әдістер жиынтығы. Белгілі авторлардың бірнеше анықтамасын мысал ретінде келтіреміз.

Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл танымның ұстанымдары, әдістері, формалары мен үдерістері және педагогикалық шынайылықты қайта құру жайлы ілім. Оны зерттеушілер В.И.Загвязинский, Р. Атаханов біріншіден, теориялық және тәжірибелік қызметті ұйымдастыру және құру әдістері мен принциптері жүйесі ретінде; екіншіден, танымның ғылыми әдісі ретінде; үшіншіден, ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы ретінде ұсынады.

Нақ осындай түсіндірме бізге келесідей қорытындыға келуге мүмкіндік береді, көптеген авторлардың пікірінше, әдістеме – сол немесе басқа ғылым мен тәжірибе саласында зерттеу жүргізу үшін ұсынылған әдістер, әдістемелер мен моделдер жиынтығы. Одан басқа, түрлі авторлардың әдістемеге берген анықтамасын талдай отырып, біз бұл түсінік «әдіс», «әдістеме» ұғымдарымен өзара терең байланысты екендігіне көз жеткіздік.

«Әдіснама», «әдіс» және «әдістеме» ұғымдары біздің зерттеу үдерісімізде де өзара тығыз байланысты, сонымен қатар олар бүтін және бөліктер ретінде де арақатынаста болады, яғни әдіснама білім беру жүйесіндегі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеудің негізін құрайды.

Әдіснамалық тәсілдерді қолдану зерттелуші психологиялық-педагогикалық құбылыс пен үдерісті ғылыми талдаудың негізі болып табылады.

Жалпы ғылыми түсінікте «тәсіл» сөзі әлдекімге ықпал ету немесе бірнәрсені зерттеу, істі жүргізу үшін қолданылатын әдістер, тәсілдер жиынтығы деген мағына білдіреді.

Білім беру жүйесіндегі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің әдіснамалық негізі ретінде келесідей тәсілдер ұсынылады: жүйелік, тұлғалық-әрекеттік және құзыреттілік.

Жоғарыда аталған тәсілдердің мәні мен өзара байланысының ерекшелігін толығырақ қарастырып өтеміз.

Біздің зерттеу жұмысымыз мәселесінің ерекшелігі сонда-болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісі білім беру жүйесінде қарастырылады. білім беру жүйесі өскелең ұрпақпен жұмыс жасайтын, жалпы педагогикалық үдерісте тұлғаны тәрбиелейтін және оқытатын маман даярлайды.

Жалпы алғанда, жүйелік тәсіл ғылым таным әдіснамасының бағыты ретінде анықталады, оның негізінде нысанды жүйе ретінде қарастыру жатыр: өзара байланысты элементтердің бүтін кешені; өзара әрекет ететін объектілердің жиынтығы;мәндер мен қатынастардың жиынтығы.

Ш.Т. Таубаеваның пікірінше, педагогикаға – элементтері өзара тығыз байланысқан және жиынтығы жақсы құрылымданған жүйе ретінде қатынас жасауды ұсынады. Мұндай тәсіл, дәстүрлі пәндік тәсілге қарағанда сапалырақ және заманауи деп белгілейді Таубаева Ш.Т. [40].

Білім беру жүйесінде болашақ педагог-писхологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіне жүйелік тәсіл тұрғысынан келу болашақ педагог-психологты кәсіби даярлаудың бүтін, өзара байланысты үдерісі ретінде жүзеге асырылады, оның барлық элементтері маманның диагностикалық құзыреттілігінің қалыптасуына барынша ықпал етуі қажет. Бұл позиция тұрғысында диагностикалық құзыреттілік компоненттерден, деңгейлерден, көрсеткіштерден, жүйе құрайтын факторлар мен олардың арасындағы өзара қатынастан, жиынтықтарды бір бүтінге топтастыратын жүйе ретінде қарастырылады.

Жүйелік тәсіл тұрғысында диагностикалық құзыреттілік белгілері келесідей болып саналады: өзіндік даму мақсатымен түрлі диагностикалық құзыреттіліктің болуы; әрекеттерді вариативтік басқару; нәтижелерді өзіндік бақылау және өзіндік бағалау.

Білім беру жүйесіндегі педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын анықтау үшін, біз, жүйелік тәсіл жағдайынан келіп шығып, болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін кәсіби қызмет құрылымында қалыптастыруды қарастырдық, мұнда диагностикалық құзыреттілік жүйе құраушы элемент рөлінде болады, себебі ол кәсіби қызмет жүйесі ішінде ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар білім беру жүйесіндегі педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің теориялық құраушысы болып ғылыми білімдер жүйесін, кәсіби-тұлғалық сапа мен жалпы мәдени сауаттылық қалыптастыру табылады.

Білім беру жүйесіндегі педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің тәжірибелік құраушысы білімнің барлық кешенін өзектендіреді және жүзеге асуына ықпал етеді, сонымен қатар келесідей біліктер қалыптастырады: психодиагностикалық ақпаратты талдау, білім беру үдерісін диагностикалау нәтижелеру, психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша эмпирикалық және тәжірибелік материалдарды талдау және анықтау, диагостиканың адекватты формаларын, әдістерімен құралдарын қолдануда мақсатты шешімдер қабылдау және т.б.

Жүйелік тәсілді қолдану бізге сол үдерістің жүйелік ерекшеліктерін, және оның мазмұндық өзгешелігін есепке ала отырып, білім беру жүйесіндегі педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін анықтауға мүмкіндік берді. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін зерттеуде жүйелік тәсіл ғылыми танымның жалпы бағытын қамтамасыз етеді.

Тұлғалық-әрекеттік тәсілді талдауға тоқталамыз.

Тұлғалық-әрекеттік тәсіл оқыту түрлерін әрекеттің кейбір элементіретінде қарастырады, қандай да бір материалдық немесе басқа да нәтижелер алуға ғана емес, білім алушылардың өзгеруіне және олардың дамуына бағдарланған. Тұлғалық-әрекеттік тәсіл білім алушы тұлғасын, оның әрекет барысындағы жеке қабілеттерінің дамуын білім беру жүйесінің орталығына қояды. Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіндегі тұлғалық-әрекеттік тәсілдің қызметіне кіреді:



  1. Болашақ педагог-психологтарды психологиялық-педагогикалық диагостиканың пайда болу тарихы жайлы, диагностикалық процедуралар мақсатымен, оларды өзіндік даму мақсатында қолдану мүмкіндіктерімен, диагностикалық зерттеуді құрастыру мен жүргізудің этикалық принциптерімен, мектептің және т.б. оқу тәрбие үдерістерінде диагностика жасаудың әдістері жайлы ақпараттар кешенімен қамтамасыз ету;

  2. Диагностикалық қызметке қатысты құндылықтық қатынас қалыптастыру;

  3. Диагностика нәтижелерін адекватты қабылдау және бағалауды, өз уақытында шешім қабылдауды қамтамасыз ететін интеллектуалды мүмкіндіктер кешенін дамыту;

  4. Оқытуды ұйымдастыруда болашақ педагог-психологтарды өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі көрсете білуіне бағыттау;

  5. Оқыту барысында қажетті диагностикалық құзыреттіліктерді меңгеруге ықпал ететін жоғары оқу орнының ақпараттық-білімдік ортасының мүмкіндіктерін қолдану.

Тұлғалық-әрекеттік тәсіл ұсынады, біріншіден, оқытудың барлық жағдайларында білім алушылардың тұлғалық көрінісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның тұлғалық өзін-өзі жетілдіруі мен тұлғалық өсуіне жағдай жасау. Екіншіден, бұл тәсіл студенттің өзінің белсенділігін, оның оқу әрекетіне дегендаярлығын, педагогпен серіктестік, сенімді субъект-субъектілік қатынастар есебінен диагностикалық міндеттерді шешуге дайындығынқалыптастырады. Үшіншіден, тұлғалық-әрекеттік тәсіл оқытуға студент позициясы тұрғысынан ішкі және сыртқы мотивтердің бірлігін болжайды: сыртқы мотив жетістік болып табылады, ал ішкі мотив – танымдық мотив. Төртіншіден, бұл тәсіл білім алушылардың оқу міндеттерін қабылдауын және оны басқа білім алушылармен серіктестікте шешуден қанағаттануын білдіреді.

Оқытудағы тұлғалық-әрекеттік тәсіл жалпы алғанда, бұл үдерісте білім берудің негізгі міндеттері қойылады және шешіледі дегенді білдіреді: ішкі қорды белсендіру арқылы үйлесімді, адамгершілік кемелденген, әлеуметтік белсенді, кәсіби құзыретті және өзін-өзі жетілдіретін тұлға қалыптасуына жағдай жасау. Бұл тәсілдің «тұлғалық» компоненті барлық білім беру оқушының өткен тәжірибесін, оның субъекті-субъектілік өзара қатынастағы тұлғалық ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылады дегенді білдіреді. Оқыту білім алушының тұлғасына, оның мотивтері, құндылықтық бағдары, мақсаттары, қызығушылықтары, болашағы және т.б. орай «өзгереді»; оның барлығын қабылдай отырып онымен біргесалыстырылады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде бұл тәсіл жүзеге асырылуы қажет:


  • жеке өзіндік білім алу маршрутын анықтау үшін жағдай жасау;

  • оқушылардың жеке ерекшеліктеріне бағдарлану;

  • студенттердің танымдық қызметін белсендіретін оқытудың әдістерін, формалары мен құралдарын қолдану.

Бұл тәсіл білім беру үдерісін кезең-кезеңімен ұйымдастыруды жүзеге асыру мүмкіндігін береді, ол оқытудың берік мотивациясы негізінде әрбір студенттің табысқа және жоғары нәтижегежетуіне мүмкіндік береді, диагностикалық қызметтің тиімді қалыптасуына ықпал етеді.

Жұмысымызда тұлғалық-әрекеттік тәсілді қолданудың мақсаты өзін-өзі жүзеге асыруына болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қосу. Дегенмен әрекеттерді және оған кіретін операцияларды анықтау, педагог-психологтың диагностикалық қызметті жүзеге асыруына мүмкіндік береді, бірақ диагностикалық қызметті құзыреттілік деңгейінде меңгеруді қамтамасыз етпейді, ол үшін құзыреттілік тәсіл қолданылады.

Құзыреттілік тәсіл – жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарын жасаудағы жетекші әдіснамалық тәсіл, ол білім беруді мемлекет пен қоғамның дамуындағы стратегиялық ресурс ретінде қарастырады және жоғары педагогикалық білім берудің мазмұндық және процессуалды тараптарын ұйымдастыруда принципалды жаңа әдіснамалық тәсілдерді қолдануды ұсынады.

Бұл жоғары мектептің білім беру мазмұн анықтау, таңдау және құрылымдау бойынша барлық жұмыс оқытудың құзыреттілік тәсілі идеяларына негізделген дегенді білдіреді.

Зерттеушілер В.А. Болотов және В.В. Сериков маманның кәсіби біліміне деген құзыреттілік тәсілді білім алу жағдайын бақылаумен, берілген үлгі бойынша білім беру өнімін жасаумен байланыстырады. Авторлар бұл тәсіл бойынша келесідей компоненттерді бөледі: қызметтің пәні және ерекшеліктері; түсініктік білімі; қызметтің апробацияланған әдістерінің жиыны; белгілі қиындықтар болғанда танымдық және басқа да қызметті орындау тәжірибесі; рефлексивті қызметі.

Құзыреттілік тәсіл Қазақстандық білім беру жүйесіне заңнамалық деңгейде енгеніне және құзыреттілік тәсіл мәселесі бойынша ірі ғылыми-теориялық бірқатар зерттеулердің барына қарамастан, оның кілттік түсінігінің мәнін сипаттайтын түсініктік аппараты әлі толық тұрақталмаған.

Зерттеушілер Ш.Т. Таубаева, К.М. Арынгазин еңбектерінде білім беру моделі құзыреттілігінің дәстүрліден (білімдік) ерекшелігіне негізгі басымдық беріледі, оны үлкен прагматикалық бағыттылығы мен тәжірибеге бағдарланғандығымен, кәсіби қызметтің түрлі, стандартты емес жағдайларында оларды жедел қолдана білу қабілеті және дайындығына қажетті мақсат тұжырымдаудан бастап пәндік білім, білік, дағдыны жинақтаумен қорытындылайды. [40].

Ю.Г. Татурдың пікірінше, жоғары білімі бар маман үшін базалық немесе кілттік құзыреттіліктерді бөлу, заманауи маманның өкілеттік шеңберін (қызметтері, міндеттері) құру критериінен келіп шығады. Ең алдымен, оның кәсіби қызметтері жайлы, сосын ізінше, кәсіби саладағы құзыреттілігі жайды сөз болады. Дәл осы сала бойынша одан «табысты қызметтер» күтеді.

Сонымен, құзыреттілік тәсіл тұрғысынан білім беру нәтижесі оқушының меңгерген ақпараттарының көлемі емес, түлектің өз тәжірибесіндегі оқу үдерісінде игергендері негізінде қызметтің түрлі салаларында өз бетінше тиімді әрекет ету қабілеті.

Болашақ педагог-психологтарды диагностикалық қызметке даярлауда құзыреттілік тәсіл тәжірибелік-бағдарлық негіздерді бейнелейді. Болжанған әдіснамалық тәсілдің ерекшелігі сол – оқытудың нәтижелеріне сүйене отырып, білім берудің жаңа моделін жасауда оқушылардың және білім берудің барлық жүйесінің өзіндік дамуын реттейді.

Диагностикалық қызметті ұйымдастырудың заманауи көзқарастары тұрғысынан құзыретті маманды диагностикалық қызметті орындауға деген жоғары мотивациясы, ниеті және диагностикалық гипотезалар ұсына білуі, міндеттер қоя алуы, олардың шешілу барысын және нәтижесін талдай білуі, ақпаратпен жұмыс істей алуы ерекшелеп тұруы қажет. білім беру жағдайындағы болашақ педагог-психолотардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру арқылы болашақ түлекті даярлау сапасы мәселесіне жаңаша келуге мүмкіндік береді.

Біздің зерттеуімізге сәйкес құзыреттілік тәсіл диагностикалық және кәсіби компоненттердің бірілігі ретінде қарастырылады. Диагностиклық компонент дегеніміз диагностикалық қызметке даярлық, психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша білімін толықтыру қажеттілігі, диагностикалық қызметке деген қатынас, психологиялық- педагогикалық диагностика негізін білу, тәжірибелік міндеттерді шешуде білімдерді өзектендіру, диагностикалау мақсаттарын анықтау, өзіндік тәрбие жұмыстарының нәтижелерін талдай білу және т.б. Кәсіби компонент деп жалпы педагогикалық бағыттың білімдері мен біліктерінің жиынтығын, бұл білімдерді кәсіби қызметте қолдана білу қабілеті деп түсіндіріледі.

Сонымен, зерттелген мәселе бойынша теориялық-әдіснамалық тәсілдерді талдау, бізге білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің шешімін іздеу мынадай тәсілдердің жиынтығын қолданғанда тиімдірек болатындығына сенуге мүмкіндік берді: жүйелік, тұлғалық- әрекеттік және құзыреттілік.

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру өзіндік күрделі ұйымдастырылған үдеріс екендігін түсіну, бізге зерттеу жұмысымызда жүйелік тәсілді қолданудың қажеттілі жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.



  1. тарау бойынша қорытынды

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі білім беру саласы мамандарының диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің зерделену деңгейі анықталды. Зерттеудің бірінші міндеті жүзеге асырылды: болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігінің мәні, мазмұны және құрылымы ашылды, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіндегі білім беру ортасының орны көрсетілді.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге жасалған теориялық-әдістемелік шолу айғақтағандай, білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады және оның шешімі психологиялық-педагогикалық білімді кеңінен қолдануды талап етеді.

«Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі» түсінігі келесідей нақтыланды, рефлексивті қабілеттері мен адекватты өзін-өзі бағалауының болуы кіреді. "Зерттеу барысында түрлі авторлардың пікірін қарастыра отырып, біз болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды жоғары оқу орнының оқу- білім беру үдерісінде кіріктірілген жүйелі сапалары, тұлғаның өзіндік іс-әрекетті орындауға, диагностикалық әідістермен жұмыс жасау үшін білік, ниет және білім, міндеттер қоюға, олардың шешімдері барысы мен нәтижелерін талдауға, өз іс-әрекетіне үнемі мақсатты түрде түзетулер енгізіп отыруға түрткі болатын үдеріс" деп қарастырамыз. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудағы білім беру ортасының рөлі өзекті болды.

Білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мынадай тәсілдердің жиынтығын қолданғанда өнімдірек болады: жүйелік, тұлғалық-әрекеттік және құзыреттілік.

Сонымен, педагог-психологтың кәсіби қызмет мамзұнын талдау келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді, қазіргі таңда оның кәсіби қызметінің жеткілікті нақты саласы қалыптасқан – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, униеверситтеттік білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқыту үдерісінде барлық алғышарттар бар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет