Кокенова Мохидил


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет12/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
КОКЕНОВА ДИССЕР 2021

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ




    1. Психологиялық-педагогикалық диагностика теориясы диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың негіздері ретінде


Дипломдық жұмыста басты ұғым «диагностикалық құзыреттілік» болғандықтан, диагностика ұғымының, педагог-психолог жұмысындағы оның маңызы туралы анықтамадан бастағанымыз жөн. Аталған бөлімде психологиялық-педагогикалық ғылымдағы, білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру негіздері ретінде психологиялық- педагогикалық диагностика теориясының мәнін ашуға назар аударамыз.

Алдымен, «диагноз» сөзінің жалпы түсінігін қарастырайық. «Диагноз» сөзі грек тілінен аударғанда «тану» деген мағынаны білдіреді (гр. diagnostikos – қабілетті тани білу) [17].

Диагностика зерттеу нысандарын түрлендірудің пайдалылығын анықтау мақсатында, оларды танып білу мен жіктеуге бағытталған айрықша қызмет түрін білдіреді [27].

(Диагностиканың ғылыми негіздерін әзірлеуде Л.С. Выготскийдің еңбегі зор).Ол әсіресе, психикалық үдерістер ағымының сапалық ерекшеліктерін анықтау, тұлғаның даму перспективаларын айқындау туралы мәселеге аса мән берді.Л. С. Выготский балаларды педологиялық зерттеудің мынадай кезеңдерін ұсынды.



  1. Ата-аналардың, баланың, тәрбие мекемелерінің мұқият жиналған шағымдары. Баланың даму тарихы.

  2. Даму симптоматологиясы (ғылыми констатциялау, сипаттамасы және белгілерін анықтау).

  3. Педологиялық диагноз (осы симптомдар (белгілер) кешенін ашу себептері және пайда болу механизмдері).

  4. Болжау (даму) сипатын болжау).

  5. Педагогикалық (міндет).

Л. Выготскийдің анықтамасы бойынша:«диагностикалық зерттеу алдын ала анықталған, дайын ұғымдар жүйесін білдіреді, оның көмегімен диагноз анықталады, сол арқылы жеке құбылыс туралы жалпы ұғымды білдіреді... диагноздар сипаты болғанымен, нақты және белгілі бір ұйғарымдар жеткіліксіз, бірақ олар ең бастысы, әдіснамалық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс қойылуы тиіс, яғни шын мәнінде, диагноз болуы шарт».

Диагностика қорытындысы диагноз қою болып табылады. Ю.3.Гильбух «диагноз» терминінің кем дегендеекі мағынасы бар деп санайды:«Біріншіден, диагноз қандай да бір нақты сәтсіздікті жою мақсатында, оның мәнін, себептерін анықтауды білдіреді.

Екіншіден, нысанның жалпы жай-күйін анықтау мақсатында, оны жан -жақты, тұтас зерттеуді диагноз деп айтуға болады... Әдетте, ол нығайтуды қажет ететін қандай да бір әлсіз тұстарын анықтайды» Мұндай тұжырымды тұтас диагноз және сонымен қатар,(алдын алу сипатындағы) диагноз ретінде қарастыруға болады» [50].

Кесте 4 - «диагностика», «педагогикалық диагностика», «психологиялық диагностика», «психологиялық-педагогикалық диагностикасы" түсініктерінің мәні туралы пікірлер.



Автор Ұғым

Ұғым мәні




1

2

3

Б.Т.Лихачев

Диагностик а

Әдістер, тәсілдер, амалдар жиынтығы көмегімен бақыланатын немесе зерттелетін объектінің жағдайы туралы ақпарат алу үдерісі

Н.Н. Никитина, О.М.Железняко ва,

М.А. Петухов



Диагностик а

Оның жай-күйін анықтау мақсатында объектіні жан-жақты тұтас қамтитын ерекше қызмет; оны жою мақсатында

қандай да бір қатердің нақты себептерінің мәнін анықтау, яғни объектіні ішінара тексеру



4 - кестенің жалғасы


1

2

3

К.Ингенкамп

Диагностик а

Тар мағынасында –

оқуүдерісіжәнетанымүдерісінжоспарлаужәнебақылауды құрайтын пән. Кең мағынасында - білім беру мәселелері бойынша кеңес беру шеңберінде барлық диагностикалық

міндеттер.


Л.Н. Горохова

Диагностик а

Объектінің одан әрі жұмыс істеу және даму жолдарын анықтау мақсатында объектінің ішкі жағдайы мен бұл жай- күйдің себептерін анықтауға бағытталған танымның

ерекше әдісі.



И.А.Скопылатов

, О.Ю. Ефремов






Білім беру үдерісі оқушылардың жеке және топтық ерекшеліктерін

Тану және есепке алу, сондай-ақ, оның талаптары, мазмұны, нәтижелілігі



В.С. Аванесова

Педагогика лық диагностик а

Білім беру және оқыту, тәрбиелеу нәтижелерін өлшеу мақсатында қызықтыратын жеке қасиеттерді анықтауға бағытталған педагогтардың және педагогикалық ұжымдардың ерекше қызмет жүйесі.

Диагностикалық қызмет жүйесі білім беру процесінде диагностика нәтижелерін міндетті түрде ізгілікпен қолданатын, диагностикамен айналысатын кадрлар мен мекемелерді, нәтижелер мен нәтижелерді түсіндіруді, диагностика мақсаттары мен әдістерін қалыптастырады.



В.В. Беликова

Педагогика лық диагностик а

Педагогикалық үдеріске қатысушылардың жеке және топтық ерекшеліктерін, заманауи тұлға, қоғам, мемлекет қажеттіліктерінің талаптарына сәйкес білімділік деңгейіне қол жеткізуге бағытталғанолардың оқуын, тәрбиесін, дамуын, білімділігін тану және есепке алу бойынша

танымдық-түрлендіргіш қызмет [28].



Н.М. Борытко

Педагогика

лық диагнос тика



Білім беру үдерісінің сапасын басқаруға бағытталған педагогикалық өзара іс-қимыл субъектілерінің жеке тұлғалық дамуының өзекті және үрдістерін анықтау бойынша қызмет[59].

Осылайша, диагностика әрқашан ғылыми-практикалық әрекетті білдіреді, ал диагноз қою - жекелеген ғылыми білімді пайдалануға негізделген тәжірибелік әрекет.

«Педагогикалық диагностика» ұғымы ғылыми жоба шеңберінде1968 жылы медициналық және психологиялық диагностика бойынша К. Ингенкамппен ұсынылды. Өзінің міндеттерімен, мақсаттарымен және қолдану саласында педагогикалық диагностика дербес болып табылады. Ол психологиялық диагностикадан көбінесе ой образы мен өз әдістерін иемденді.

"Мәні бойынша - бүкіл педагогикалық қызметтің жылы қанша болса, педагогикалық диагностика жылы да сонша», - деп атап өтті. Жоспарлы түрде үйреткен адам, әрқашан өзінің күш-жігерінің нәтижесін анықтауға тырысады. Бұл ғылымға дейінгі қазіргі түсінік болып табылатын әдістердің көмегіменпедагогикалық қызметтің бірнеше мыңжылдықтарында жасалды. Жұмыста «Педагогикалық диагностика» К.Ингенкамп педагогикалық диагностикамәнін анықтай отырып, «педагогикалық диагностика, біріншіден,жеке оқу процесін оңтайландыруға, екіншіден,оқыту нәтижелеріндұрыс анықтауда қоғам мүддесін қамтамасыз етуге және үшіншіден, өңделген өлшемдерді басшылыққа ала отырып, оқушыны бір оқу топтан басқа топқа ауыстыру кезінде, әр түрлі курстар мен оқыту мамандандыруын таңдауда олардыжіберу кезінде аз қателер жасауға бейімделетінін көрсетеді».

К.Ингенкамппен ұсынылған «педагогикалық диагностика» ұғымының алғашқы анықтауынан бастап, осы мәселе бойынша ғалымдардың зерттеулеріндегі педагогикалық диагностика мәнін анықтауда үлкен айырмашылықтар бар екендігін айта кету керек.

А. И. Кочетов: «педагогикалық диагностика - бұл педагогикалық үдеріс барысының нормаларынан ауытқитын немесеқалыпты болып сипатталатын әдістер мен принциптерін тану мен белгілерін орнатуды зерттейтінпедагогиканың кіші бөлімі. Бұл – диагноз қою рәсімі» деп санайды. Педагогикалық диагностика мәні мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің өсуі және білім алушылардың тәрбиелілігі мен білім деңгейіндегі өзгерістернегізінде мектепте оқу-тәрбие процесінің нәтижелілігін зерттеуде жасалады.

Педагогикалық диагностика мәні тәрбиелеудің талап қойылған мақсатына сәйкес(тәрбиелеу объектісі, тәрбиелілік көрсеткіші)кімді тәрбиелеудің, қандай жағдайды (тәрбиелік жағдай), және бұл жағдайда не істеу керек (функцияларды анықтау),қандай құралдармен, жолдармен, әдістермен тәрбиелеу (тәрбиелеу субъектілерініңқызметі)мәнін айқындайды.Тұлғаның объективті тәрбиелік диагностикасы осы қызметті орындау кезіндегі оның қызметі мен нәтижелерін кешенді талдауға негізделеді.

А. И. Кочетов педагогикалық диагностика функцияларының бірінен келесі міндеттерді шығарады:



  • педагогикалық ұжымның тәрбиелік әлеуетін анықтау;

  • мектеп шағын ауданындағы оң және теріс әсерін анықтау және осының негізінде тәрбие жұмысынжақсарту үшін шаралар қабылдау;

  • түрлі санаттағы оқушыларды:қиын, дарынды, үлгермейтін, тәрбиелеу кезінде мектепте сынып ұжымын қалыптастырудың нақты талаптарын орнату;

  • бірыңғай педагогикалық ұстанымдарын жасау, сыныпта балалар туралы объективті ұсыныс негізінде тәрбиелік ықпалдар тиімділігін арттыру;

  • бірыңғай педагогикалық талаптарды жасау;

  • тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің сана-сезіміне және жеке жауапкершілігіне ықпал ететін дамытуды туғызу.

Н.К. Голубев, Б. П. Битинас «Тәрбие диагностикасына кіріспе» атты жұмысында педагогикалық диагностиканың мәнін, функцияларын, объектілерін, сондай-ақ, диагностикалық зерттеулер құрылымын ашады. Олар, ең алдымен,«педагогикалық диагностика оқушының жеке тұлғасының қалыптасу нәтижелеріне, осы нәтижелердің себептерін іздеуге жәнепедагогикалық үдерістің тұтассипаттамасына бағытталған» деп атап өтеді. Авторлар диагностиканың педагогикалық білім құрылымында дербес мәні, тәжірибелік бағыты бар екендігін дұрыс байқай отырып, психологиялық және педагогикалық диагностиканың ерекшеліктерін көрсетеді.

Біздің ойымызша, «педагогикалық диагностикаға» ең дәл анықтаманы В.И.Зверевой берді. «Педагогикалық диагностика -түрлі педагогикалық құбылыстар үдерісін тану және белгілі бір сәтте параметрлер үшін қажеттіні қолдану негізінде олардың жай-күйлерін анықтау». Бұл анықтама педагогикалық диагностика ерекшелігін қызметтің жеке түрі ретінде бөліп қарауға мүмкіндік береді, мәнін, мақсаттары мен міндеттерін ашады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет