Дипломдық жұмыс құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, нысаны, пәні, зерттеу мақсаты мен міндеттері, зерттеудің болжамы құрылып, ғылыми жаңалығы, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын негізгі ережелері, зерттеу әдістері мен базасы, кезеңдері сипатталды.
«Білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-тәжірибелік алғышарттары мен әдістемелік негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде қазіргі кезеңдегі болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін шешуге бағытталған ғылыми зерттеуді жүргізудің өзектілігі анықталды. Психология мен педагогикада болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесінің деңгейі зерттелді. Білім беру ортасында болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша тәжірибеге талдау жасалды. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерінің мазмұны ашылды. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру негіздерін зерттеуге әр тұрғыдан келу талданды, оның негізінде мәселені шешуге жетекші әдіснамалық бағыттар анықталып, зерттеу нысаны көзделді.
«Білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері» екінші бөлімінде зерттеу міндеттерін шешуде пайдаланылған негізгі ережелер мен құзыреттілік әлеуеті зерттелді. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінің үлгісі құрылып, ғылыми негізделді.
Үшінші бөлімде болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс ұсынылды.
Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейін бағалаудың диагностикалық құралдары жасалды. Диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасалып, нәтижелері ұсынылды.
Қорытындыда болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі бойынша болашақтағы зерттелуі түсіндіріліп, қорытындылар жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |