болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындауда диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың негізі ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика теориялары талданып, қорытындыланды;
психологиялық-педагогикалық қызмет мамандарының диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері анықталды;
«диагностикалық құзыреттілік» түсінігі және оның мазмұны нақтыланды;
болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үлгісі жасалды;
болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруда білім беру ортасының әлеуеті мен рөлі анықталды;