Кокенова Мохидил


Білім беру ортасы біліктілік тәсілін іске асыру факторы



бет14/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

2.2 Білім беру ортасы біліктілік тәсілін іске асыру факторы

ретінде


Бұл бөлімде біз білім беру ортасын білікті тәсілді іске асырудың факторы ретінде қарастырамыз. Маңызды рөлді заманауи талаптарға сәйкесетін оқыту нәтижесіне қол жеткізуде білім беру ортасы алады. Оның құрылымы мен оқыту нәтижесіне ықпал ету деңгейін қарастырып көрелік.

Көптеген заманауи ғалымдар орта адамның дамуына шешуші ықпал көрсетеді деген пікірді ұстанады, өз кезегінде адамның қызметі барынша жайлылықты қамтамасыз ету масқсатында сол немесе өзге компоненттің өзгерісіне бағытталған. Тұлғаның даму ортасы мен тұқымқуалаушылық факторына ықпал деңгейі туралы көптеген диаметралық қарама- қайшы пікірлер бар, оның үстіне, ғалымдар ешқайсысы адамға ортаның сол немесе өзгеше деңгейде ықпал ететіндігін жоққа шығармайды.

Білім беру ортасын зерттеулердің көптеген мөлшеріне қарамастан, әскери ЖОО практикаға бағытталған білім беру ортасын жобалау мәселелерін, педагогикалық талап пен педагогикалық технологиядан тұратын (контекстік, проблемалық, жобалық) квазикәсіби қызметтің болашақ офицерлерінің сәйкес міндетті жүзеге асыру мәселелерін зерттейтін жұмыстың жеткіліксіз тұстары бар.

Қазақстандық ғалымдар атап өткендей, маманның білікті тұлғасын қалыптастыру мақсатында өзгерісті әлемнің кейпін сезетін, кез келген күтпеген жағдайларға қарсы тұруға дайын және оған тырысу мен күту мүмкіндігін, қызығушылығын есепке ала отырып, позитивті инновациялық қызметпен жауап беруге дайын маманның қалыптасуының көптеген вариативті, тұлғалық-кәсіби бағдарларын ұсынатын ЖОО жаңа білім беру ортасын құру қажет.



Бүгінгі таңда психологиялық-педагогикалық ғылымда білім беру ортасын түсінудің үш тәсілі бар.

В. И. Панов білім беру ортасының негізгі моделдерін бір жүйеге келтірді. Ол білім беру ортасының моделін әзірлеуге экопсихологиялық көзқарас ұсынды. Адамның оқыту барысындағы психикалық дамуын "адам - қоршаған орта" жүйесінің мәнмәтінінде қарастыру қажет деген түсінік моделдің негізін қалаушы болып табылады. Автор беру ортасы деп әрбір дараға тән табиғи қабілеттері және жастық әлеуметтену талаптарына сәйкес оқушылардың әлі де көрінбей жатқан қызығушылықтары мен қабілеттері, сондай- ақ, қазірдің өзінде көрінген қызығушылықтары мен қабілеттерін ашу үшін мүмкіндік туғызатын педагогикалық және психологиялық шарттар мен әсерлердің жүйесін түсінеді.

В. А. Ясвин білім беру ортасының экологиялық-тұлғалық моделін ұсынды. Оның айтуынша, "білім беру ортасы" - бұл берілген үлгі бойынша тұлғаны қалыптастыру ықпалдары мен жағдайлары жүйесі, сондай-ақ әлеуметтік және кеңістіктік-заттық айналасында болатын оның дамуы үшін мүмкіндіктері. Оның пікірінше, білім беру ортасы дамыту әсеріне ие болуы үшін, ол білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің (оқушы мен педагог) өзін-өзі дамытуы үшін мүмкіндіктер кешенін қамтамасыз етуі тиіс. В. А. Ясвиннің пікірі бойынша, бұл кешен үш құрылымдық компонентін қамтиды:


  • кеңістік-пәндік –сабақ және қосалқы қызмет үшін үй-жайлар, ғимарат, жалпы алғанда, іргелес аумағы және т. б.;

  • әлеуметтік – білім беру қызметінің барлық субъектілерінің (оқушы, педагог, ата- аналар, әкімшілер және т. б.) қарым-қатынас сипаты;

  • психодидактикалық - білім беру процесін құру психологиялық мақсаттарына негізделген оқытудың мазмұны мен әдістері.

Адамның кейбір азды- көпті белгіленген (осы қоғамда қалыптасқан) идеал, үлгінемесе ең болмағанда, номиналды нормативтер ретінде қалыптасу шарттары мен әсер ету, сондай-ақ әлеуметтік және кеңістіктік-заттық қоршаған ортада болатын оның дамуы үшін мүмкіндіктер жүйесі.

Осылайша, «орта» және «білім» ұғымдардың қарастырған кезде авторлар Т. В. Цыганкова, С. А. Кокшаров, М. Н. Лебедева білім беру ортасын тар және кең аспектілерде нақтылайды, авторлық ұжымның пікірінше, білім беру ортасы сыртқы кеңістіктің бір бөлігі бола отырып, ақпараттық ресурстармен толтырылған, оқу процесін қамтамасыз етуге бағытталған (тар аспектіде) білім беру технологиялары, үлгілері, стандарттарды қамтиды және адамға оны қоршаған әлемде қарама-қайшы тұрады, білім және құндылық қатынас, практикалық дағдылары мен икемдері жүйесі ретінде жұмыс істейді және білім беру мекемесінде адамның тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби дамуының нәтижесі бола отырып, оқыту процесінде қалыптасады;қойылған мақсатқа жетуге және оларды саналы таңдау бостандығына кепілдік беретін білім беру процесіне қатысушылардың қойылған мақсатқа арнайы құрастырылған әдіснамалық, дидактикалық, психологиялық, интеллектуалды, ақпараттық және практикалық іс-әрекеттері, операциялары, тәсілдері, қадамдарының жиынтығы.

В. И. Слободчиков білім беру ортасының антропологиялық-психологиялық моделін ұсынды. Айта кететіні, базалық ұғымдар ретінде Слободчиковта да, Рубцовта да білім беру үрдісінің субъектілерінің бірлескен қызметі айтылады. Автор білім беру ортасының салыстырмалылығы және жанамалығын, оның бастапқыдан белгілінбегендігін атап өткен.

Қанықтық (ресурстық әлеуеті) және біріктіру (оны ұйымдастыру тәсілі) білім беру ортасының негізгі параметрлері ретінде қарастыруды ұсынады. Ол білім беру ортасын ұйымдастырудың үш қағидатын ұсынды: біркелкілік, алуан түрлілік мен баламалылық.

В. И. Слободчиковтың пайымдауынша, білім беру ортасы ықпалдар мен жағдайлар жиынтығы ретінде емес, білім беру кеңістігінің әсер етуінің, білім беруді басқару, білім беру орындары және оқушының өзінің жүйелік өнімі болып табылатын динамикалық білімдібілдіреді [33].

Т. В. Менг білім беру ортасын «түрлі коммуникативтік механизмдермен біртұтас байланысты және тұлғаның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын игеру, тұтыну және тарату процестерінде көкейтестіге айналатын құндылық бағдарын, қарым-қатынастар мен мінез- құлық тәсілдеріне жағдаяттық әсер ететін көп өлшемді әлеуметтік-педагогикалық құбылыс»ретінде қарауды ұсынады. [14]. Педагогикалық ұжымның міндеті оларға дұрыс құндылық бағдарларын беру, студенттің мінез-құлқындағы кез келген өзгерістерге сақтықпен қарау, ынталандыру және мәжбүрлеу шараларын сауатты қолдану болып табылады.

В.Т.Лисовскийдің анықтамасы бойынша, әлеуметтік орта дегеніміз тұлға өмір сүретін және оның санасы мен мінез құлқына қандай да бір әсер келтіретін, жеке тұлғасы бар қоғамдық шарттардың, факторлардың, қарым-қатынастардың және т.б. қосындысы.

Автор белгілеп кеткен оқу ортасындағы субъект-субъекттік қарым-қатынастарды орнату қажеттігі біліктіліктік тәсіл қағидаларына сәйкес келетінін атап өту қажет. Ол жоғарғы оқу орындық оқу ортасын белгілі бір жеке тұлғаның қалыптасуын және оның кәсіби білім мен біліктілігін игеруді анықтауда маңызды рөл айқарады. Сонымен қатар, оқу ортасы көп жағдайда болашақ маманның жеке тұлғасына үлкен әсерді анықтайды.

Автор оқу ортасының келесі функцияларын анықтайды:


  • Дүниетанымдық көзқарастар, идеалдарды таңдаудың таңдау еркіндігін ұсынады;

  • Студенттің ішкі потенциалын дамытады және кәсіби тұлғаның дамуына септігін тигізеді;

  • Әлеуметтік шарттарға, қоғамның орнатымдарына бейімделген, динамикалық; Маманның кәсіби дайындығы кезінде жеке компоненттердің дамуын анықтап,

  • макросоциумның бір бөлігі ретінде қарастырылады; бұрынғвға төзімді және басқа мәдениеттермен диалог режимінде қарым-қатынас жасауға қабілетті».

Жоғарғы оқу орнының оқу ортасындағы шарттарды анықтаудағы біздің жұмысымыздың бағдары болып А.К.Вишняков-Вишневецкийдің зерттеуі болды. Оқушылардың жеке құзыреттерінің дамуына әсер ететін оқу ортасының шарттары белгіленген:

Шарттардың бірінші тобы – жоғарғы оқу орнындағы оқу процессінің суъекттерінің өзара қарым-қатынасы – субъектілердің бір-біріне қажеттілік есебі; оқытушылардың көмекші, консультант, тютор функцияларын іске асыруы; бір-біріне деген құрметтік қарым-қатынас атмосферасын қалыптастыру; оқытушының студенттерге кәсіби және ғылыми орталықтармен, мәдени орталықтармен қарым-қатынас үшін шарттар құру;

Шарттардың екінші тобы – субъекттердің оқу ортасының базалық сипаттамаларымен өзара қарым-қатынасы – жайдарлық, нұсқалық, жасампаздық, технологиялылық, мәдени бағдарлылық және оқу ортасының тұрақтылылығы;

Шарттардың үшінші тобы – оқу процессінің субъектерінің жеке және кәсіби дамуы үшін жоғарғы оқу орын қорларын қолдануы – профессор-ұзтаздар құрамының тұрақтылылығы мен кәсібилігі,жоғарғы оқу орнының серіктестік қарым-қатынастарын құруы, жоғарғы оқу орнының материалды-техникалық қоры.[19].

А.И. Артюхин оқу ортасын дамып келе жатқан кеңістік-уақыттық, әлеуметтік-мәдени, қызметтік, коммуникативтік, ақпараттық және т.б. факторлардың континуумы ретінде қарастырады. Бұл өзара қарым-қатынас іскерлік және тұлғалар арасындағы байланыс айналасында, ғылыми-педагогикалық мектептердің шығармашылық құрылымында, құрал- кеңістік және ақпараттық ортада пайда болатын жағдайлар түрінде көрсетіледі. Автор жоғарғы оқу орындық оқу ортасын бір кәсіби әлеуметтену механизмінің қажет компоненті, коллизия көзі, студенттерге өмір жағдайына кіруді қамтамасыз ететін өмірлік-кәсіби жағдайлар, маманның кәсіби тәртібі мен ойлауы ретінде айшықтайды.

Адамның жоғары оқу орнын жеке-мағыналы түрде қабылдауын негізге ала отырып, автор оқу ортасына тән функцияларды белгіледі:

Ықпалдастық ( адамға көптеген факторлардың әсерін ықпал еткізіп, осы жоғарғы оқу орнына тән кәсіби және адамгершілік құндылыққа сәйкес келетін және студент бойында осы оқу процессіне тән қасиеттердің пайда болуына көмек беретін оқу ортасы);

Бейімделген (субъекттің оқу процессіне толықтай кіру шарттарын қамтамасыз етеді, нормативті және басқа да дағдарыстарды болдырмай, оқу ортасының құндылықтары мен нормаларын үйренуге көмек береді, сонымен қатар, ортаны жаңа шарттар мен қызмет мақсаттарына қарай өзгертуге мүмкіндік береді);

Әлеуметтік-мәдени (атадан-балаға мәдени және әлеуметтік құндылықтардың жетуі мен меңгерілуін, адамның мәдениетке құндылық-мағыналы бағдарына кіруін сипаттайды);

Кәсіби-жеке даму және индивидтің жеке дамуы ( өмірлік жағдайлардың түрлілігі).

И.А. Ильин өз зерттеуінде адамның ішкі дүниесін және дүниетанымдық мәдениетін нығайту үшін ,өзінің рухани әлемін пайда болдыру өнері болуы керек екенін айтқан.

«Әлемдік мағынадағы жоғарғы құндылықтарды өз өміріндегі құндылықтармен байланыстыра білудің өзі жеке тұлға болып қалыптасу және дамудағы ең жоғарғы көрсеткіш».

Педагогикалық процесстің субъекттік-бағдарлық түрдегі оқу ортасын қарастыра отырып, С.М.Головлева, В.В. Юдин келесі компоненттерден тұратын оқу ортасының құрылымын ұсынады:

Материалдық: мекемелер, жабдықтар, мазмұн тасушылар, инфрақұрылым.

Қоғамдық: қарым-қатынас стилі, әлеуметтік тапсырыс, басқару жүйесі, сыртқы ортамен қатынас.

Рухани: құндылықтар, дәстүрлер.

Е.Ю.Васильеваның ойы бойынша, оқу ортасы белгілі бір қасиеттерге ие: жоғарғы оқу орнының оқу ортасы компоненттердің толық жиынтығын ұсынады.Жоғары оқу орнының оқу ортасының педагогикалық потенциалын қарастыра отырып, Е.Ю.Васильева оның жеке қасиетттерін анықтайды:


  • Жоғары оқу орнының оқу ортасының сапасын жақсарту мақсатын шығару және дәлелдеу қабілеттілігі;

  • Оқу ортасы және оның субъектілерінің сапа деңгейін дұрыс анықтау қабілеттілігі;

  • Оқу қызметкерлері, студенттер және оқытушылардың жеке дамуын қадағалау үшін өте жақсы деңгейдегі шарттарды қамтамасыз ету қабілеттілігі;

  • Оқу ортасының субъектілерінің тырысуларын біріктіруге, олардың байланысын тиімдірек қылуға қабілетттілігі;

  • Жоғарғы оқу орныны сапасының бағалау нәтижесі аясында ғылыми талдау жүргізе алуға қабілеттілігі;

Өлшенетін сипаттамаларды басқарылатынға өзгерту және басқару бағдарламасын қалыптастыру және т.б. қабілеттілігі. Оқу ортасының көрсетілген қасиеттерінің болуы оқуға деген көзқарастар консервациясынан қашуға мүмкіндік береді.

Келтірілген анықтамаларға сүйене отырып жоғары оқу орны ортасының заманауи зерттеушілері(Н.А. Морозова, М.Э.Жуковская) жеке тұлғаның яғни жеке тұлғаның әлеуметтену процессіне көп мөлшерлі және шешуші әсер әлеуметтік және мәдениет ортасын сипаттайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет