Кокенова Мохидил



бет3/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
КОКЕНОВА ДИССЕР 2021

КІРІСПЕ



Зерттеудің өзектілігі.Біздің қоғамымыздың өмірлік барлық салаларында, оның ішінде білім беру саласында жүзеге асырылатын жаңғырту қазіргі әлемнің жаһандық-тарихи үдерістеріне байланысты. Осыған сәйкес, әлемдік халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби білім беру сапасының жоғары деңгейіне жетуге жаңа әлеуметтік талаптар қойылып отыр. Базалық білім берудің негізгі құрамдас бөлігін, кәсіби іс-әрекетте нәтижелілік, икемділік, мақсатқа бағыттылық, жүйелілікті қамтамасыз ететін құралдарды еркін меңгерген, стандартты емес кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті және шығармашылық әлеуетін іске асыруға дайын және қабілетті білікті маман даярлау қажет.

Адами капиталдың сапасы мен бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ерекше маңыздылығын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Н.Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» [1] ұлттың жоспарында атап өтті, сондай-ақ білім беру аймағындағы негізгі құжаттарда да көрсетілген: Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»[2], Қазақстан Республикасының үздіксіз кәсіби педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасы [3] және т.б.

Сонымен қатар, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы жоғары білімді мамандарды даярлауды, оның ішінде психологиялық-педагогикалық білім беру сапасын арттыруды көздейді [4].

Қазіргі жаңартылған білім беру жүйесі білім беру ортасын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін, оның жеке тұлғаның дамуына әсерін, сәйкесінше, осы ортада тиімді жұмыс істеуге мамандар даярлауды қамтамасыз етудің өзектілігін көрсетті. Осылайша, диагностикалық құзыреттілік психологиялық- педагогикалық кадрлардың негізгі дағдысын білім беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін әмбебап құрал ретінде ұсынады.

Болашақ мамандарды даярлауда диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың өзектілігі болашақ білім беру қызметінде психологиялық-педагогикалық міндеттерді кәсіби сауатты шешу қажеттілігіне, оны жетілдірудің оңтайлы жолдарын іздеуге байланысты.

Білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруды жан-жақты зерттеуде туындаған белгілі бір мәселелерге қарамастан, толық түрде арнайы қарастыру пәні бола алмады. Бұл педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігіндегі объективті түрде артып отырған қажеттілік пен оны ЖОО оқу үдерісінде қалыптастыру тетіктерін жеткілікті түрде жетілдірілмеуі арасындағы қайшылықтың пайда болуына, сонымен қатар мынадай нақты қайшылықтардың туындауына әкелді:



  • болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігіне қойылатын жоғары талаптар мен теориялық-тәжірибелік білімнің университеттің білім беру ортасына экстраполяциялаудың төмен деңгейі;

  • үздіксіз даму тәртібінде қызмет атқаратын инновациялық мектептердегі қарқынды жүріп жатқан білім беру мен диагностикалық негізде инновациялық, тәжірибелік- эксперименталды іс-шараларға болашақ педагог-психологтардың дайындау деңгейі;

  • болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың объективті қажеттілігі мен университеттің білім беру жүйесі жағдайында осы үдерістің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі.

Бұл қайшылықтардың анықтайтын ғылыми мәселесі: білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінің теориялық-әдістемелік негіздемесі. Бұл мәселені түсіну, оның өзектілігі мен ғылыми-теориялық тұрғыда зерттеудің жетіспеушілігі және жоғары дәрежелі тәжірибелік маңызы бар«білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын таңдауға ықпал етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет