Көмекші сөздер ( Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларына, тіл мамандарына, студенттерге қосымша оқу құралы ретінде)


КӨМЕКШІ СӨЗДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МƏЛІМЕТ



бет2/22
Дата14.12.2022
өлшемі245,77 Kb.
#57120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
К мекші с здер ( аза тілі мен дебиеті о ытушыларына, тіл мама

КӨМЕКШІ СӨЗДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МƏЛІМЕТ

Көмекші сөздердің мағыналық, синтаксистік қызметтерінің ерекше болуы тілші ғалымдарымыздың пікірін өзіне ерте қаратқан болатын. Алғашқы грамматикалардың авторларының өздері де сөздерді топтастырғанда атауыш сөздермен барабар көмекші сөздерді де жеке топ етіп ажыратып алғандығы тіл білімі тарихынан белгілі. Түркі тілін зерттеген ғалымдарымыз да бұл істен шет қалған жоқ. Түркі тілі бойынша жазылған алғашқы Грамматикалардың авторларынан бастап, қазіргі күндегі оқулықтардың барлығында да көмекші сөздерді жеке топ етіп бөліп беру бар1. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Ең алдымен, көмекші сөздердің тілдің сөздік құрамында болсын, сөйлем құрауда болсын қызметінің мол болуында жатыр. Əрине, тіл білімі тарихында көмекші сөздердің барлық тобы бір дəрежеде зерттелінбеген. Мысалы, үстіміздегі ғасырдың отызыншы жылдарына дейін көмекші есімдер жеке топ ретінде бөлініп алынбай, шылаулар құрамында қаралған. Ал, көмекші етістік пен модаль сөздер Қазан төңкерісінен бұрын зерттелінбеген десек те болады. Модаль сөздердің арнайы зерттелуі үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарынан кейін басталынды.


1 Көмекші сөздердің әр тобының зерттеліну тарихын өз алдына бөліп алып көрсетуге болар еді, бірақ авторлардың пікірлері қайталанатын болғандықтан, жұмыстың көлемін кішірейту мақсатында, қосып бердік.
Егер байыптай қарайтын болсақ түркі тілдерінің алғашқы грамматикасын жазған ғалымдар үндіеуропа тілінде сөйлеуші халықтардың өкілі болған. Алғашқы түркі тілін зерттегенде олар түркі тілінің ғылыми жүйесін, өздеріне тəн белгілерін анықтауды мақсат етпеген, тек практикалық мақсат үшін күнделікті өмірге қажетті болған т.б. элементерін анықтауды мақсат еткен. Қазан төңкерісіне дейінгі кезде түркі тілін, тарихын, географиялық ортасын зерттеуде орыс ориенталист ғалымдарының еңбегі мол болғандығы рас. Олар да түркі тілін арнаулы мақсатта зерттеген. Шын мәнісінде Петр І-ден бастап орыстар Сібір, Қазақстан, Орта Азия жеріне көз алартып, жоспарлы түрде басып алу әрекетін бастап жіберген болатын. осы мақсат негізінде олар өздеріміен көршілес түркі тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен таризхын үйренді. Бұл мақсат кей кітаптарда анық байқалады. мысалы, Орыс академиясының мүше-корресподенті О. И. Сенковски «Карманнная книга для русских воинов в турецких походах» (СПб. 1-Л 1828,1829) деп өз кітабына ат беру осыдан. Авторлар өз алдарындағы мақсат үшін қазақ тілнің грамматикасын орыс тілінің грамматикалық жүйесіне сай етіп жасайды да, орыс тілінде бар грамматикалық сөздер мен формалардың қазақ тіліндеі балламасын береді. Салыстырыңыз, «Предлог есть часть речи, поставляемая перед именами, местоименями и причастиями и употребляюаяся падежами, а в тататрском позади речи», - дейді И.Гигагнов (70). Қазіргі күнде көпшілік орыс тілінде жазылған орыс тілінде жазылған грамматикалырында, ғылыми еңбектерінде қоданылып жүрген послелог термині де жоғарыдағы мағынада И.Гигановтың грамматикасындай қолданылған.
И.Гиганов орыс түркітанушшылардың бірі болып саналады. Оның 180 жылы жарық көрген «Грамматикасыда» көмекші сөздер жеке бөліп алынады да, оны екіге бөледі. 1) жай. 2) күрделі деп. Ол орыс тілінің предлогтарына (тақырыбын «в предлогах» деп қойған) татар тіліндегі послелогтар сәйкес келеді деген пікірге сүйене отырып жәй көмекшілілерге септік жалғауларын, жіктік жалғауларын, сыз-сіз сияқты жұрнақтарды да қосады. Ал күрделі көмекші сөздерге қарсы отыру (отуру), бұрын, ілгері, ілік, ана, басқа, ұза, аст, үст, арқа, жақын, ары, бері сияқты сөздерді енгізеді (70). Бұл сөздер мен қосымшалардң орыс тіліндегі баламасы берілген.
И.Гигановтың «Грамматикасынан» сәл кейінірек жарық көрген А.Троянскийдің оқулығында да көмекші сөздерге арнайы орын берілген. Ол көмекші сөздерді послелог деп атамай, «постположения» деп атайды да: «Постположения суть частицы несклоняемые поставляющие позади имен, местоимении и причастии и управляющие их падежам», - деп анықтама береді. (256, 31). А.Троянский бұл терминнің алдында шылаулар, көмекші есімдермен бірге септік жалғауларды, кейбір сөз жасаушы жұрнақтарды да енгізеді. Дегенмен де автор түркітанымда алғаш рет шылаулардың септік жалғаулы сөзбен байланса алатындығын көрсетіп, оларды атау, барыс, шығыс септіктермен тіркесіп келетін сөздер деп топтастырады.
1828 жылы О.Снковскийдің «Карманная книга для русских воинов в турецких походах» кітабының 1-бөлімі, 1829 жылы 2-бөлімі жарық көрді. Ол шығыс тілдерін жетік білген. Сондықтан да өз оқулығында көмекші сөздерге ерекше орын берген. Оқулықтар автор послелог терминін қолданбай, предлог терминін қолданады. «Все предлоги тюрские ставятся после имен» – деп дұрыс көрсеткен (226 74). О.Сенкосвский, И.Гиганов сияқты көмекші сөздерді жай және күрделі деп көрсетеді де, жай көмекшілер әрі қарай бөлінбейді, күрделі предлогтар тәуелдік жалғауын қабылдайды дейді. Жай көмекші сөздерге: 1) атау септікті сөзбен тіркесіп келетін көмекшілер. Оларға сыз (сиз – сизь, вы), безь (биз – мы), мень (мен – я) сияқты жіктік жалғауларын бирясы, учуи, узре, кадар, гиби (как), ашыры сияқты сөздерге енгізген. Барыс септікті сөздермен тіркесіп келетінн көмекшілерге тек, дейін, төре шылауларын енгізген. Ал шығыс септікті сөздермен тіркесіп келетін шылаулардың етюрю, эввель, сонра, бери, башқа сөздерін енгізген. Күрделі шылауларды ерекше бөліп алады да, оның күрделі болуы тәуелдік жалғауын қабылдануынан деп есептейді. Автордың көрсетуінше, бұлар ілік септікті сөздермен байланысты қолданылады да, негізінен, үш септік формасымен келеді (226, 77). Егер О.Сенковскийдің күрделі көмекші сөздерге берген мысалына қазіргі күнгі тіл білімі деңгейінде салыстыратын болсақ, олардың барлығы көмекші есімдер екендігіне көз жеткізуге болады. Олар мыналар: үзерине, үзерінде, үстюне, үстюнде, үстюнден, астын, асытнда, астындан, түбине, дүбинде, түбинен, енюне, енюден, қатшымына, қатмышында, ардына, ардында, артындан ,етссеине, етсеинде, етсеиндсы, ичерисыне, ичерисинде, ичереисинден, ашагына, ашагында, ашагынан, йокуырыына, йокырычындан, йокырысынды ичине, ичинде, янына, янкыдан, аякында, кусусунда т.б. берілген мысалдарға қарап отырып, О.Сенкровский жоғарыдағы сөздердің түрлі септікте қолданылуын оның септеліну үлгісі деп есептемеген, оларды жеке-жеке сөз деп есептеген сияқты. Автордың бұл пікірін қолдаушылар ХХ ғасырда да болған. Мысалы, И.И.Мещанинов «..в тюрских языках послелог управляют определенным падежом и сами могут изменяясь по падежам, образозвывать новые послелоги с новым значением. По существу здесь нет склонения послелога. Каждая его падежная представляют собой самостоятельноый послелог» - деген болатын (166,362). Қазақ тілінің, сондай-ақ, басқа түркі тілдерінің де, фактісінің көрсетуінше жоғарыдағы сөздердің септелетіндігі, әр септік жалғауы форма жеке сөз бола алмайтындығын көрсетеді.
Өз дәуіріне дейін пікірлерді жинақтап қорыта білген сөз дәуірінің шоқтығы биік шығармасының бірі Мырза А.Қазан-Бектің «Общая грамматикасы» болып саналады. Бұл грамматика өз кезінде де, одан кейінгі кезде де түркі тілін зерттеуші ғалымдар тарапынан жоғары бағасын алған. Оқулықта түркі тілдерінің басқа грамматикалық категориясымен бірге көмекші сөздер де арнайы сөз болады. Көмекші сөздерге автор оқулығының VIII-тарауында арнайы тоқталады. Тарау послелог термиінене түсініктеме беруден басталады. «В тюрском языке совершенно нет предлогов, этот род слов означающий отношение может предметами, тюрками полагается позади слова: по-этому мы его называем послелогами, как иные после речами и после положениями», - дейді )106, 356). Проф. Мырза Қазан-Бектің көмекші сөздер туралы айтқан пікірін қысқаша былай көрсетуге болады:
1. Көмекші сөздердің қатарына қосымшаларды да енгізген «Буквы и слоги характеризующие падежи в склонении имен и местоимении суть падежные послелоги (106, 356, 357).
2. көмекші сөздерді морфологиялық белгісіне қарай екіге бөледі де, бір тобын түрленбейтін, қосымша қабылданатын көмекшілер десе, екінші тобын тәуелдік жалғауын, септік жалғауын қабылдайтын көмекшілер деп көрсетеді.
3. Көмекші сөздердің тізімін береді де оларды тұрақты (нағыз) көмекші сөздер деп екіге ажыратады. «Из этих послелогов несклоняемые суть, учуи, иле, биле, бери, дегин, гюре, сиз которые могут называться постоянными послелогами: остальные суть имена и наречия, которые несклоняются только тогда, когда они употребляются как послелоги» (106 358-359). Демек автор түркітанымда алғаш рет көмекші сөз қызметінде қолданылатын зат есім мен үстеулердің бар екеіндігін көрсеткен. Сонымен бірге ол көмекші сөз қызметінде қолданылған зат есімдер қосымша қабылданбайды, өзгермейтін сөз болып есептеледі деп О.Сенковскийдің пікірін қолдайды.
4. «Общая грамматикада» көмекші сөдер тіркесін келген жетекші сөздің тұлғасына да назар аударылған. Мысалы, узре, ашре, сизь дегендер атау септікті сөздерге учук, йле, гиби сияқтылар тәуелдік жалғаулы сөздерге не ілік септікті сөздерге: дек, тек, дегин, гюре, дайру, нисбет сияқты сөзде барыс септікті сөзбен: ұтру, ата, бири, соңра, хали, башқа шығыс септікті сөздермен тікеседі дейді.
5. Көмекші сөздердің құрамында кірме сөздердің бар екендігін көрсетеді. Мысалы, араб тілінен енген эвве, аякдам, гайра, маада, сива сияқты араб сөздері түркі тілдерінде көмекші сөз ретінде қолданылады деген.
6. Демеуліктердің де көмекші сөз екендігін көрсетіп, мысал ретінде сұраулық пен демеулігін көрсетеді.
7. Көмеші сөздердің бір тобы есімдер сияқты сентелетіндігін көрсетеді де, оларға: ара, ард, ашага, аст, орта, уст, ич, ичери, илери, диіире, гаршы, ен, йокгоры, чауре, сияқты сөздерді енгізеді. Бұлар қазіргі кезде көмекші екендігін есімдердің негізгі тобы ретінде алынып жүргені сыр емес.
8. Проф. Мырза А.Қазан-Бек те өзіне дейінгі ғалымдар жіберген кей ғана пікірлерді қайталады. Мысалы, септік жалғаулары мен сыз,-сиз сын есімнің жұрнағын көмекші сөздің қатарына қосты.
Проф. Мырза А.Қазан-Бектен кейінгі еңбектердің ішінде О.Бетлингтің грамматикасы мен орыс министрлік қоғамының мүшелері жариялаған «Алтай тілі грамматикасының» ерекше орны бар. О.Бетлингтің оқулығы түркі тілдеріндегі алғашқы тарихи-салыстырым әдісі қолданылған еңбек болғанымен, көмекші сөздерге көп тоқталынбаған. Оқулықта көмекші сөздерге кішкентай тарау берген. Ал «Алтай тілі грамматикасының» авторлары (В.И. Вербицкий, Макарий-Невский, Н.И. Ильминский) көмекші сөздерді «послелогтар» деп атап, оған 8 беттік материал берген. «Грамматиканың» авторлары түркі тілін жақсы білген, сондықтан түркі сөздерінің орысша баламасын дұрыс көрсетеді. Бірақ олар өзіне дейінгі бар үрдісті ары қарай жалғастырып, септік жалғауларын, кейбір сын есімнің жұрнақтарын көмекші сөздердің қатарына қосады (63, 103-104). Өзінен бұрынғы авторлардан өзгешеліктері де бар. Мысалы, алт, алын (асты, алды) сөздеріне байланысты ескерту жасай отырып, олардың мағынасына түсініктеме береді. «Послеслоги или приставки падежей, исходного и местного отвечают на вопросы куда, где, откуда. Когда для предупреждения неясности нужно, точно обозначать положение предмета, тогда между названием этого предмета и падежными послеслогами вставляют особые имя например іч «внутренность», уст «верх» аст «низ», алын «перед», кійін «задь», йан «бок», «стороно» и др.» - деп жазады 63, 105). Демек олар біздің көмекші есім деп жүргенімізді ерекше қасиетке ие болған зат есім деп есептеген. Бұл бірінші. Екінші, аст, ұст сияқты сөздердң қолданылуында ерекшелік бары ескерілген. Яғни қай кезде заттардың орналасқан орнын арнайы нақты көрсету қажет болса, сол кездерде қолданылатындығы көрсетілген. Үшіншіден, септік жалғауларын ажырата тұрып, оларды есептік көмекші (падежные преслоги) деп атаған. Қазіргі кезде де кей тілшілердің еңбектерінде «Грамматикада» айтылған пікірлерді кездестіруімізге болады. Мысалы, Покровская Л.А. гагауыз тілімен байланысты пікір айта отырып: «В функции послеслогов поступают также так называемые служебные имена, которые передают пространтсвенные отношения между предметами. Эти имена, выражающие пространтсвенные понятия (например, уст, «верх», аст, «низ», он «перед», арт, «зад», «задняя сторона» и т.д.), наряду с использованием служебной функци сохраняют в языке самостоятельное значение, - деп оларды зат есімдердің тобына қосқан (200, 277). Жалпы біз қазіргі кезде көмекші есімдермен тең деп қарайтын ғалымдарға қосылмайтындығымыз анық, бірақ араларында байланыстың бар екендігін де тән алмау дұрыс емес. «Алтай тілі грамматикасында» ерекше зат есімдердің тәуелденіп барып септелінетіндігін де дұрыс емес көрсеткен. Сонымен бірге кей көмекші сөздердің этимологиясына да тоқталады.
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының біреуі М.Терентьевтің оқулығы болса, екіншісі А.Старчевскийдің оқулығы. М.Терентьв те, А.Старчевский де тілдерді салыстырғанда геологиялық жақындығын есепке алған емес, территориялық жақындығын есепке алған. Сондықтан М.Терентьев түркі тілдерінің материалдарымен бірге парсы тілін, А.Старчевский болса тәжік тілінің материалдарын салыстырған. М.Терентьев көмекші сөздерді жеке бөлгенімен, көмекші есім мен шылауларды ажыратпайды, тек дара, күрделі деп екіге бөледі. (256, 16). Ал А.Старчевский болса көмекші сөздерді «послесловие» деп атады да «Послесловие в восточнотюрском языке суть частью несклоняемые слова и частицы» - деп анықтама береді (241, 15). Бірақ А.Старчевскийдің еңбегінде өзіне дейінгі авторлар жіберген қателіктер қайталанып, септік жалғауларында, сын есімнің шырай қосымшаларын да, септеуліктер де көмекші есімдерді бір топқа қосқан. Өзіне дейінгі авторлардан айырмашылығы сол, біздің көмекші есім деп жүргені сөздеріміздің тәуелденіп барып септелтіндігін, оның алдындағы сөздің "зат есімнің» ілік септік формасында қолданылатындығын ашық айтады.
ХІХ ғасырдың аяқ кезінде жазылған және қазақ тілінің материалына негізделген құнды еңбектің бірі – П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматикасы». Автор көмекші сөздерді орыс тіліндегі предлогтармен салыстыра отырып, оларды екі топқа бөледі. Бірінші топқа өздерінің дербес мағыналарын сақтай алған көмекші сөздер «К послеслогам обыкновенно относятся некоторые слова в сущности самостоятельные слова, как например, алд (перед), арка (спина), арт (зад), уст (верх), аст (низ), – дейді. Ал екінші топтағыларға: Другие послеслоги самостоятельного значения не имеют, и присоединяясь исключительно к каким-нибудь падежным формам, ставятся после слова, к которому относятся», - деп анықтама береді (164, 68-69). П.М.Мелиоранский көмекші сөздердің синтаксистік қызметіне көбірек көңіл аударған. Сондықтан да көмекші сөздерге талдау жасағанда көбінше тіркескен сөздермен байланыстырады. Мысалы, жоғары, төмен сөздерін көмекші сөздердің қатарына жатқызады да, оларды барыс септігімен тіркеседі дейді (15, 15). Көмекші сөздердің барыс, жатыс, шығыс септіктермен тіркесетіндігін де көре білген. «Краткая грамматикасының» бірінші бөлімінде біз көмекші есімдер деп жүрген сөздердің ілік септікті сөздермен тіркесіп келетіндігін, өздерінің тәуелденіп барып септелетіндігін де көрсетеді. Мысал ретінде қазақтың арасында, жер үстінде, жер астында сияқты сөздерді келтіреді. П.М.Мелиоранский қазақ тілін жақсы білгенімен өз дәуірінің жіберген кейбір қателерін қайталайды. Мысалы, мұнда, бұрын, ары, бері, жаны, төмен сияқты үстеулерді –ша, -ше жұрнағын көмекші сөздер қатарына қосады.
1897 жылы П.М.Мелиоранскийдің қатысуымен «Грамматика киргизского языка» деген еңбек жарық көреді. Ол кітап 1906 жылы қайта басылады. Кітапта П.М.Мелиоранскийдің ықпалының күшті болғаны соншалықты «Краткая грамматикадағы» көп қағида қайталанады. Соның бірі көмекші сөздерге байланысты бөлімі: «Частицы соответствующие русским предлогам, в киргизком языке ставится после имен, к которым они относятся, и поэтому правильнее назвать их полилогами» - деп анықтама береді де, оларға мына морфемаларды енгізеді: 1. Барыс, жатыс, шығыс септіктерін. 2. Көмектес септігінің (авторлардың терминінше творительный падеж) –менен, -мен, -бен, -пен қосымшасы. 3. Үстеудің –ша, -ше жұрнағын. 4. Сын есімнің –дай, -дей жұрнағын. 5. Сайын сөзін. 6. Ары, бері сөздерін (65, 122-123). Оқулықтың 41-параграфында көмекші сөздерге –сыз, -сіз (аяқсыз, құдайсыз) жұрнағымен бірге қасымда, қасында, орнына (орнуна), сыртында, тысқарысында, ішінде (ишинде), ішіне (ишине), жанында, үшін (ушун), кейін, дейін, сыртта, артынан, артта, басқа, қасына, ортада, ортасында, арасында, үсті (усту), үстінде (устунда), үстіне (устундан), қарсы, қарсымда, турасында, қасымда, тересінде (около), жанында, қасында, соң сияқты сөздерді көмекшілердің қатарына жатқызған. Демек, «Грамматика» авторлары, біріншіден, септік жалғауын, екіншіден, сөз тудырушы жұрнақтарды, үшіншіден, көмекші есімдер мен шылауларды бір грамматикалық қасиетке ие деп, бір топқа топтастырған. Дегенмен де авторлар септік жалғаулары мен көмекші сөздерді білдіретін мағынасында айырмашылықтың бар екендігін байқаған. «Когда нужно точно обозначить положение предмета, тогда между этого предмета в именительном или в родительном падеже и послеслогам вставляется особое имя, например, иш «внутренность», уст «верх», тыс «внешность», жақ «сторона» и др» - дейді (65, 122).
Көмекші сөздерді талдауда П.М.Мелиоранскийдің үлгісін толық сақтаған екінші оқулық та бар. Ол – Н.Остроумовтың «Этимология сартовского языка» (Ташкент, 1910) деген еңбегі. Кітапта көмекші сөздерге өте аз орын берілген. Мұнда да көмекші сөздерге а) септік жалғауларын (шахарія, уайда, багдын), ә) кейбір сөз тудырушы жұрнақтарды (-сыз, -сиз), б) белгілі бір септік жалғаулы сөздермен тіркесіп келетін учун, туғручунда, хусусунда, башқа, сунг, сунгра, нари, бери, в) алды, үсту, ташы, баш, ара сияқты ерекше зат есімдерді енгізеді (193, 102-104).
Сын есімнің -сыз, -сіз, үстеудің –ша, -ше жұрнақтарын көмекші сөздердің құрамында қарау Ж.Денидің «Түркі тілі грамматикасында» да бар (74; 612, 917). Денидің еңбегі Осман түріктерінің соңғы кезде дейін жарық көрген оқулықтары мен ғылыми еңбектерге ықпалын тигізіп келгендігі анық. Ол 1945 жылы түркі тіліне аударылды. Автор өз оқулығында түркі тіліндегі көмекші сөздерді үшке бөледі (74, 558 827). Осы үш түрлі көмекші сөздерге жеке-жеке тоқталып, олардың мағынасын анықтайды. Жалпы кітапта көмекші сөздерге көп орын бергендіктен, әр сөздің мағынасына, тарихи даму жолына, этимологиясына, қолданылуы ерекшелігіне арнайы тоқталған. Мысалы, үшін шылауын талдағанда оның көне түркі тілдерінде де қолданылатындығын, үш және ін морфологияларынан құралатындығын көрсетеді. Кітапта мысалдар көп берілген, кей түркі тілдерімен салыстырылады.
Жоғарыда жұмыстары талданған авторлардың бірде-біреуі көмекші есімді шылау сөздерден бөліп алмағандығы анық байқалынады. Тек кейбір авторлар ғана біздер көмекші есім деп жүрген сөздерді ерекше қасиетке ие зат есімдер деп атап, олардың айырмашылығы бар екендігін көрсетеді, бірақ айырмашылықтарын нақты атамайды, екеуін бөліп ажыратпайды. Көмекші есім шылауды ажырата көрсету акад. В.А.Гордеевскийдің еңбегінен басталынады.
Ол 1928 жылы «Түркі тілінің грамматикасы» деген еңбек жариялайды да, көмекші сөздерге арнайы тоқталады. Автор көмекші сөздерді послелоги – имена, послелоги – частицы және союз деп үшке бөледі (61). Дегенмен де оқулықта көмекші сөздер синтаксистік бағытта зерттелінгендіктен, олардың морфологиялық белгісі ашылмай қалған. «Особым видам сочетания двух имен явяется сочетание существительных с полилогами; последний синтактический является определнными, а этимоогический именами существительнымиғ выполняющими служебную роль «предлогов» ( в дательном местном и исходнос падежах)» - деп анықтама береді (61, 69-70). Егер байыптап қарайтын болсақ, қазіргі кезде кейбір тілшілеріміз көмекші сөздерді зерттегенде осы үш кеңестік септікпен ғана байланыстырып көмекші есімдерді шылаулар тобына қосады. Автор послелоги – имена, послелоги – частицалардың айырмашылығын да көрсеткен. «Есть еще другая категория послелогов – послелогов-частицы (энклитики), отличающиеся от послелогов – имен:
Внутреннее их отличие; между тем как послелоги-имена в значительной степени сохраняют ( в своем значение и в своей изменяемости по падежам) характер существительных, послелоги-частицы (турецкого происхождения) утратили характер имен; только некоторые из них и то лишь весьма слабо отражают первоначальное именно происхождение внешнее отличие – в конструкции; между тем как послелоги-имена, сочетаясь существительными - определенным принимают местоименную приставку 3-го и изменяются по падежам, послелоги-частицы (сочетаясь с неопределенным, дательным и исходным падежами) не изменяются (т.е. не принимают приставок или не склонятются), - дейді. (61, 69-70). Біздіңше, автордың көрсеткен айырмашылықтары дұрыс. Қазіргі түркі тілдерінің барлығында да көмекші есімдер ілік септікті сөздің жетегінде келетіндігі, ол ілік септікті сөздің сөйлемде матаса байланысқан анықтауыш болатындығы анық. Сондай-ақ көмекші есімдер тәуелденіп барып септелетіндігін де анықтауға болады. қалай дегенмен де көпшілік түркі тілдерінде көмекші есімдердің тәуелдене септелі үлгісін барын мойындау керек. Таудың басы, ауылдың маңы, елдің іші сияқты тіркестердің мағына жағынан бір бүтін болуы, сөйлемде атқаратын қызметінде де тұтастықты талап ететіндігін автор ескермеген. Оқулықта ич, ишери, дыш, дышары, уст, аст, илери, арқа, ири, ян, орта, юкары, бери, оте, қаршы, ашаа сияқты сөздерді төл түрік тілінің послелог – именасы; даһиль, тараф, бейін, инд, таһд, эсһа, зарф, һак сияқтылары араб парсы тілінен енген послелог-именалар деп көрсетті. Ал послелог-частицы дегенге пе, ичин, гиби, кадар, узре, горе, догру, каршы, казарен, нисбетле, мебни, рагмен, башқа, сонда, эввель сияқты сөздерді енгізеді. Соңғы топтағы көмекшілерді өздері тіркескен септік жалғуауына қарай атау септігін, шығыс септігін, барыс септігін талап ететіндер деп үш топқа бөлген.
Түркітанымда алғаш рет көмекші есім терминін қолданған проф. Н.К. Дмитриев болатын. ол «Служебные имена в турецком языке» деген арнайы мақала жазып, көмекші есімдер мен шылау сөздердің арасын аша қарауды ұсынады. Бұл автор да өз мақаласын түркі тілдері мен орыс тілдерін салыстырудан бастайды, олардың қолданған терминдеріне шолу жасайды. «В.А. Гордлевский находясь под влиянием учебника Г.Егличка (1985г.) ввел в русскую учебную литературу компромиссный термин и послелоги-имена « в отличие от собственно послелога или, по В.А.Гордлевскому, послелогов-частиц», - дейді (78, 19). Дегенмен де Н.К.Дмитриев 1937 жылы сынаған «послелоги-имена» термиін күні бүгінге дейін кейбір оқулықтарда, ғылыми еңбектерде қолданылып келеді. Мысалы, А.Н.Кононов «послелоги-имена» термиінін қолданып, оның құрамына бой, арқа, кет (кейін), жан, орта, ара, іш, таг, аст сияқты сөздерді енгізеді (125, 31-43). Карачай-малкар тілінің грамматикасының авторлары бұл терминді сәл өзгертіп, «Послеложно-именные слова» деп алып жүр. (64-292). Мәселе тек терминдердің басқа-басқа болуында емес, олардың терминге берген анықтамаларында да айырмашылық байқалынады. Н.К.Дмитриев көмекші есімдерге өзінің басқа еңбектерінде де арнайы тоқталады. Мысалы, «Грамматика кумыкского языка» деген еңбегінде «Служебные имена по своим морфологическим особенностям (склонения, категория принадлежности и т.д.) сходна с обычными существительными, по своей же функции они сходны с послелогами», - деп анықтама береді (75, 184). Екінші бір еңбегінде: «Служебные именаи в башкарском языке можно назвать такие имена которые имеют двойную функцию, первую, прямую, т.е. употребляются по-своему материальному значению и вторую, служебную, т.е. употребляются в ином, более пространновенных соотношении», - дейді (76, 228). Осы В.А.Гордлевский мен Н.К.Дмитриетің еңбектерінен кейін түркітанымда көмекші сөздерді зерттеуде жаңа бағыт анықтала бастады.
Үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарынан бастап түркі тілдерінің төл өкілдерінің өздері бұл мәселеге белсене ат салысты. Мысалы, М.Балақаев 1941 жылы латын әрібінде «Қазақ тілінің кейбір мәселелері» деген кітапша жариялады. Кітапша қазақ тіліндегі көмекші сөздерді талдауға арналған. Бірақ автор көмекші есімдерді шылау сөздерден бөліп алмай, соның құрамында қарайды. Кітапшаның бір ұтымды жері сол-онда шылау сөздердің этимологиясына талдау жасаған. Мысалы, «Арқылы деген сөзге септеу, жіктеу, тәуелдеу қосымшалары қосылмайды. Сондықтан сөз өзгермейтін десек те болады. Тарихи жағынан алғанда, арқылы деген сөз арқа деген зат есім мен –лы деген сын есім тудыратын жұрнақ жалғанып жасалынған» (28, 3-4). М.Балақаев бұл мәселеге басқа еңбектерінде де қайта соғады. Мысалы, 1954 жылы жарық көрген академиялық грамматикада көмекші есімдер туралы арнайы тарау жазып: «Тілімізде көлемдік ұғымы бар бірқатар зат есімдер көбінен көмекшілік қызметте жұмсалынып, өзі қатысты сөзіне, негізінен, көлемдік мағына ұстап, оның орнын, мекенін, айналасын дәлдеп көрсетіп тұрады. Олар мынандай сөздер: алд(ы), арт(ы), аст(ы), үст(і), арқа, жан, ара, орта, тіл: ауыз, жаға, төбе, қарсы, бой», - дейді (140, 239). М.Балақаев – қазақ тілінің синтаксисінің маманы. Сондықтан оның синтаксиске байланысты жазған еңбектерінде де көмекші есімдерге азын аулақ орын берілген. Мысалы, қазақ тілінің сөз тіркесі мен жай сөйлемдер туралы жазған оқулығында көмекші есімдердің сөз тіркесіндегі қызметі туралы пікір айтады. «Көмекші есімдер ілік септігіндегі сөздермен тәуелдік жалғауында тұрып байланысады. Олар сол сөз табымен етістікке бағынып, етістікті сөз тіркесінің құрамында пысықтауыштық қатынаста жұмсалады» (29, 105-106).
Қазақ тіліндегі көмекші есімдердің сыр-сипатын анықтауда А.Ысқақаовтың еңбегі мол. Ол қазақ тілшілерінің ішінде бірінші рет көмекші есімдерге арнайы мақала жазды. Мақала сол кезге дейін жарық көрген мектеп оқулықтарына шолу жасаумен басталады, кей авторларды көмекші есімдердің табиғатын дұрыс түсінбегендігі үшін сынайды. Мақалада автор Н.К.Дмитриевтің пікірін толық қуаттайды (307). А.Ысқақов бұл пікірін кейінірек жарық көрген басқа еңберктерінде ары қарай жалғастырып, толықтыра түскен (39;304). Мысалы, көмекші есімдердің лексикалық мағынасы, түрлену үлгісі туралы, олардың этимологиясы туралы қысқа түсініктемелер берген. Автордың пікірінше, «Көмекші есімдер деп өздеріне тән лексикалық мағыналары бірде сақталып, бірде жартылай сақталып, я әр түрлі дәрежеде солғындап, соған лайық, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз» (304,202) . А.Ысқақовтың бұл кітабының негізінде 1964 жылы қорғаған докторлық диссертациясы жатыр (98) . Сондықтан мұнда көмекші сөздердің жалпы теориясына қатысы бар күрделі мәселелер де сөз болады. Мысалы, сөздерді атауыш, көмекші және одағай деп бөлу принциптері, көмекші сөздердің дамуы мен қалыптасуы, көмекші сөздердің іштей классификация жасау, әрқайсысының өзіндік белгісін анықтау т.б.
Көмекші сөздерді жеке топ ретінде бөліп алу үлгісі қазіргі өзбек тіл білімінде де бар. Өзбек тіл білімінің өкілдерінің барлығы да бірдей көмекші есімді жеке топ ретінде бөліп алу принципін қолдай бермейді. Жоғарыда бір А.Н.Кононовтың көмекші есімдерді послелоги—имена деп атағандығын айтқан болатынбыз. Ол өзінің өзбек тілі туралы жазған соңғы еңбегіндеде де послелоги—имена терминін сақтайды. «Послелоги—имена суть имена существительные, обозначающие, как правильно, пространство (верх, низ, перед, зад, бок, середина, сторона и т.д.), снабженные аффиксам принадлежности 3-го л. (или любого другого лица, если это требуется контекстом) и аффиксом дательного местного и исходного падежа»,—деп анықтама береді. (122, 314). Өзбек тілінде жазылған оқулықтарда да бұл термин аударылып от кӱмакчи термині қолданылады. Дегенмен де өзбек тілшілері де көмекші есім (кумакчи от) терминін де қолданады. Біздің топшылауымызша, от кӱмакчи, кӱмакчи от терминдерінің қолданылуында пәлендей мағыналық реңк беру байқалынбайды. Салыстырыңыз, Ш.Шаабдурахманов кӱмакчи от терминін қолданып, «Кӱмакчи отлар тарихан ë от, ë сифот бӱлгаклар. Бундай кӱмакчи вазифасида кӱлланадиган отлар предмет ëки предмет белгиларини англатмайдилар, балки эгалик әа келишиклар билан турган холда турли грамматик муносабатларни ифодалаш учун ишлатиладилар»,—деп анықтама береді (287). 1966 жылы жарық көрген өзбек тілінің академ грамматикасында (тарауды Т.Л.Рустамов жазған) «От—кумакчилар. Бу хил кумакчилар отлардан кумакчиларга кучган сӱзлар булиб, учинчи шахс эгалик кӱшимчасини, ӱрин-пайт, чиқиш жуналиш келишикларидан бирининг аффиксини қабул қилади: устида (лан, -га), ичида (га, -лан) юзасида (га, -да) кабң»,—деп анықтама береді (280, 375). Р.Т.Рустамов өзбек тіліндегі көмекші сөздерге байланысты жазған монографиялық еңбектің де авторы. Онда ол от—кӱмакчи, ердамчи от, кӱмакчи от, терминдерін де қолданады, бірақ мағыналарындағы айырмашылықтарды көрсетпейді. (210, 109).
Қазақ тіл біліміне қарағанда өзбек тіл білімінде көмекші сөздер толығырақ зерттелген. Оған мысал ретінде А.Н.Кононов, Ш.Ш.Шаабдурахманов, Т.Рустамов, А.Асқарова, Р.Расулов, Б.Садықовтардың жарияланған монографиялық еңбектерін көрсетуімізге болады (125; 287; 211; 17; 207; 213). Қазақ тіл білімінде, қазірше монография көлемінде жарияланған Р.Амировтың еңбегі ғана. Ол да шағын, тек жалғаулық шылаулармен шектелінген (11). Дегенмен өзбек тіл білімінде де көмекші сөздер даулы мәселелердің бірі болып саналады. Өзбек тіл білімінде көмекші сөздерді сӱнг кӱмакчи, ердамчи сỳзлар және кӱмакчи сỳзлар деп түрліше атау кездеседі. Сӱнг кӱмакчи терминін алғаш У.Турсун қолданған болатын. У.Турсун жазған мақала өзбек тіл біліміндегі алғашқы мақала болғандықтан орыс түркітаным өкілдері қолданып жүрген послелог (послеслов) сөзінің тікелей аудармасын алған (258, 27-33). Екінші термин—жәрдемші сөздер термині. Бұл терминді тек өзбек тілшілері ғана емес башқұрт, татар, ұйғыр т.б. тіл өкілдері де қолданады (216; 88; 283). Біздіңше, көмекші сөз термині мен жәрдемші сөз терминдерінің қатар қолданылуы олардың мағыналарының синонимдес мағыналас болуынан болса керек.
Көмекші сөздердің жалпы теориялық мәселесі түркі тілдерінің барлық оқулықтарында сөз болады. Сондай-ақ көмекші сөздерге байланысты теориялық мәселелер жеке монографиялық зерттеулер, диссертациялардың объектілері ретінде де зерттелінді (281; 59; 216; 17; 25; 197; 278; 112; 183; 155; 94; 297). Бұлардың барлығына талдау жасау үшін көлемді еңбек талап етілген болар еді. Олар туралы өз пікірлерімізді жұмысымыздың өн бойында айтып отырамыз. Жалпы теориялық жағынан ерекше талдауды талап ететін жұмыс—Ф.Зейналовтың еңбегі. Жұмыс түркі тілдерінің оғыз тілдері материалына сүйеніп жазылғанмен, онда айтылған пікірлердің жалпы түркі тілдерінің көпшілігіне қатысы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет