Көмекші сөздер ( Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларына, тіл мамандарына, студенттерге қосымша оқу құралы ретінде)


КӨМЕКШІ СӨЗДЕРДІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ



бет9/22
Дата14.12.2022
өлшемі245,77 Kb.
#57120
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
К мекші с здер ( аза тілі мен дебиеті о ытушыларына, тіл мама

КӨМЕКШІ СӨЗДЕРДІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

Тарихи грамматика мәселесімен қызыққан авторлардың барлығы дерлік көмекші сөздің бір кездерде толық мағыналы атауыш сөз болғандығын мойындайды. А.Ысқақов қазақ тіліндегі сөздерді даму дәрежесіне қарай 4 сатыға бөледі: 1) дербес сөз 2) көмекші сөз 3)шылау сөз 4) қосымша (304, 175). Атауыш сөзден қосылмаған дейін даму бір үлгіде дамыған деуге болмайды. Себебі кей қосымшалар этнимологиялық жақтан атауыш сөздерге мүлде байланыспай, жеке дыбыстардың қосындысынан да жасалған.(124) Ал көмекші сөздердің барлығы да бір кездерде толық мағыналы сөз болғандығы даусыз. Уақыттың өтуінен байланысты кей көмекші сөздер өздерінің толық мағыналы сыңарынан мүлде ажырап кетуі, олардың тұлғасын және мағынасын (деформация, десамантизацияға ұшырап) сөйлемдегі атқаратын қызметін өзертіп (дефункциялап) өзгерткен болуы ықтимал. Қазіргі түркі тілдерінде кездесетін демеулік шылаулар пікірімізге дәлел бола алады. Ал атауыш (функионалды) көмекшілер болса өздерінің толық мағыналы сыңарымен әлі толық байланысып үзе қоймаған, үзсе де этнимологиялық зерттеулер негізінде ондай байланысын анықтауға болады. Жалпы түркі тілдерінің материалдарының көрсетуінше бір тілде бар көмекші сөздің екінші бір тілде қолданылмауы не бірнеше түркі тілдерінде қолданылып, қалғандарында қолданылмауы да байқалады. Сондықтан да атуыш сөздерден кез келген сөз көмекші сөз қатарына өте ала ма? Атауыш сөздердің көмекші сөз қызметінде қолданылуында қандай жағдайлар керек, қандай заңдылықтар бар? Атауыш сөз бірден көмекші сөз қатарына өтіп кете ала ма? Алғашқы көмекші сөздердің, не көмекші сөз қызметінде қолданыла бастаған сөздердің өзіндік ерекшелігі бар ма деген сияқты қыруар сұрауларға жауап беру керек.


Жоғарыдағы сұрауларға жауап беру тілдің теориялық мәселесіне мән беру деген сөз. Бірақ түркі тілдерінде тіл тарихымен байланысты этимологиялық сөздіктер жасалып, ғылыми еңбектер жазылып жатқанмен, түркі тілдерінің даму заңдылығына арналған нақтылы күрделі еңбек жоқтығын мойындағанымыз жөн. Тіл үздіксіз және баяу біртіндеп дамитын күрделі құбылыс екендігі айтылып жүр. Тіл дамуында оңай байқалатыны – сөздік құрамының дамуы. Себебі қоғамдағы, экономикалық өмірдегі өзгерістер, сөзсіз, жаңа түсінікті, ұғымды өмірге алып келеді. Ал жаңа ұғым,түсінік, өз жолымен, өмір сүру үшін өзінің материалдық жамылғысын – сөзді талап етеді. Жаңа сөздердің пайда болуын біз тек осы талап негізінде деп түсінеміз(189) Тілде басы артық элемент жоқ. Керексіз сөздер, грамматикалық формалар шығарылып тасталынады, қажетті болған нәрселерді жасайды, өмірге әкеледі. Бұл тілдің ең негізгі заңдылығы. Бірақ оны қалай жасайды ол әр тілдің ішкі заңдылығы. Мысалы, қазақ тілінің мемлекеттік статус алумен байланысты бірнеше орыс сөздерінің қазақша баламасын табу мұқтаждығы туды. Нәтижеде даңғыл, ұшақ, ұшаржай, ұжым, хұқық, төраға, жарты сияқты сияқты сөздер жиі қолданыла бастады. Нақ осындай талап тілдің басқа сатысында да бар, оларда да өзгеріс барлығы анық. Олардың сөздік құрамға қарағанда баяу дамитындығы болып жатқан өзгерістерді бірден байқатпайды. Сондай баяу дамитын тіл сатысының бірі-грамматика
Тілдің грамматикалық формаларының дамуы тіл дамуының заңдылықтары негізінде іске асады. Ол, біріншіден, адам ойын нақтылы, дәл беру талабы болса, екіншісі – экономия (үнемдеу) заңдылығы. Жалпы тіл дамуында да, бірнеше заңдылықтардың барлығы анық. (89,90,128, 227, 228,246). Бұл заңдылықтардың барлығы бірдей бір элементтің дамуында әрекетке түспеуі де, бірнешеуінің қатар ықпал жасауы да мүмкін. Дегенмен тілдің коммуникативтік талабы тілдің үздіксіз жетіліп отыруын қажет етеді. Көмекші сөздердің дүниеге келуінде де осы талаптың қызметі мол. Грамматикалық мағына да лексикалық мағына сияхты объектив дүниені бейнелейді. Бірақ адамзат білімінң өмір тәжірибесінің дамуымен бірге өзін қоршаған дүние туралы да көзқарасы өзгеріп, жаңы фактлермен байып отырады. Адам санасындағы өзгеріс оның өмір суру формасы болып саналатын тіліне де ықпал жасайды. Рас, кез келген тілде грамматикалық мағына берудің түрлі жолдарының болуы ықтимал. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де, грамматикалық мағына берудің бірнеше жолы бар. Солардың ең негізгісінің бірі – қосымша арқылы болса , екіншісі- көмекші сөздер арқылы беру. Түркі тілдер синтетикалық тіл болғандықтан да грамматикалық категориясын белгіліп тұратын – қосымшалар. Сонда көмекші сөз неге керек болды деген сұрау туатыны анық. Біздіңше, көмекші сөздер қосымшалар арқылы беру мүмкіндігі болмаған нақтылықты білдіру талабынан туған. Салыстырыңыз, Айымнан қанша қашықтаған сайын соншама ішімнен жақсы көре түсемін (Н.Сералиев)деген мысалымыздағы сайын шылауының мағынасын дәл беретін қазақ тілінде бірде бір қосымша жоқ. Халықты жаңа дінге қаратып жүргенде Құтайба атты кісі Қашқарға шейін келіп халықты исламға көндіргенде, бұлар да ислам болдық депті (Абай) Мысалымыздағы шейін шылауын тастап Қашқарға келіп деп қолдансақта болады, бірақ Абай көздеген мағына шықпайды. Абай тексінде Құтайба Ираннан Орта азияға бастырып кіргенде Қашғарға дейінгі аралықты толық жаулап алғандықтан, өзі басып алған жердегі халықтарды мұсылман дініне енгізгендігін айту мақсаты бар. Егер Қашқарға келгенде дейтін болса, онда осы аралықты қамту мақсаты болмайды. Нақ осындай нақтылық тек септеулік, шылауларда ғана емес, функционалды(атауыш) көмекшілердің мағынасында да бар. Салыстырыңыз, Сол әскер тауды өрлеп талай жүрді. Судың басы бір ғұзар шатқа кірді (Абай) дегенде судың басы тіркесіндегі бас сөзінің мағынасы тек нақтылаумен ғана шектеліп тұр. Сәлден соң төбеміздентағы да оқпан ұшса екен деп өзім тілей бастадым. (Н.Сералиев) деген мысалымызда ұшса екен тіркесі армандау, қалау мағынасын білдіреді. Қалау райдың айтқым келеді, барғың келеді сияхты тіркесімен салыстыруға болады, бірақ бұлар арасында мағыналық айырмашылық бар. Мысалымызда екінші көмекші етістік те бар. Ол –бастадым. Тілей бастадым аналитикалық формалы етістіктің білдіретін мағынасы - амал-әрекеттің басталыну деңгейінде екендігі анық, бірақ түркі тілдерінде бірде-бір қосымша амал әрекеттің орындалу деңгейін білдірмейді. Сондықтан айта бастады, айтуға кірісті, айтып келе жатыр еді дегендер осы амал-әрекеттің басталыну деңгейін білдіру талабы негізінде пайда болған деген пікірге келуімізге толық болады. Көмекші есім мен көмекші етістіктің өздерінің төл мағынасында толық мағыналы сөз ретінде қолданылған кездің өзінде көмекші сөздік мағынасына негіз бар болады. Мысалы, басы, ортасы,етегі деген көмекші есімдердің толық мағыналы зат есім ретінде қолданылған кезде-ақ белгілі бір заттың басталатын не жоғары бөлшегі, орта деңгейі, аяқталатын не бітетін бөлшегі мағынасында қолданылады. Баста етістігі де нақ сондай енді басталған, әлі толық орындау дәрежесіне жетпегендікті білдіреді. Салыстырыңыз, ән бастады, жұмыс бастады, т.б.
Тіл біліміндегі үнемдеу заңдылығы туралы пікір таласы бар болғанымен (51) көмекші сөздің қалыптасуында бұл заңдылықтың аздап қызметі бар. Жалпы көмекші сөздер атауыш, толық мағыналы сөздерден морфологиялық не синтаксистік жолмен дамымағандығы, семантикалық жолмен дамып, қалыптасқандығы анық. Екінші сөзбен айтқанда көмекші сөздің құрамында туынды түбір де, таза күрделі (біріккен, қос сөзді) сөз де жоқ. Бірақ синтаксистік амал тәсілдер толық мағыналы сөздің көмекші сөз қатарына өтуіне жағдай жасағандыған тіл тарихына тиісті материалдар негізінде дәлелдеуге болады. (182,34-35). Себебі айта бастады,таудың басы, ауылға қарай типіндегі тіркестер о баста атауыш сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі болған. Міне, осы тіркестің бірінші сыңары мағына дербестігінен ажырап, көмекші сөздердің қатарына өтіп, бірінші сыңардың мағынасын толықтырып тұратын дәрежеге жеткен. Нақ осы процеске заңдылығы ықпал етеді.
Б.А.Серебренников тілдердің дамуындағы үнемдеу заңдылығын тілдің ішкі заңдылығы деп есептейді де, оның екі түрлі көрінісі бар екендігін көрсетеді. Біріншісі- тіл элементтері санының мейілінше аз болуы, екіншісі-бір түрлі сипатқа ие болады. (228,246-247). Былай қараған адамға көмекші сөздермен берілген мағына тілдегі түрлі қосымшалар арқылы беруге болатын мағынадай көрінеді де(кейбір тілшілер солай деп те есептейді), керісінше, үнемдеуді емес, санын көбейтуге әсер ететіндей болады. Мысалы, қазақ тілінде осы шақтың бір ғана синтетикалық формасы бар. Ал оларға отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістігінң көмегісен нақ осы шақтың мағына білдіретін жаңа форма қосып, санын көбейтіп тұрмыз. Сондай-ак өткен шақты да аналитикалық форма арқылы сан жағынан көбейтеміз. Қазақ тіліндегі кей аналитикалық формалардың білдірген мағыналарын басқа түркітілдерінде бір синтетикалық форма арқылы білдіруге болады. Мысалы,қазақ тіліндегі ген сияқты, ген шығар (келген сияқты, айтқан шығар)формантына өзбек тіліндегі дир қосымшасымен келген өткен шақтық есімшенің мағынасына сәйкес келеді. (Келгандыр, айтгандыр). Бұдан үнемдеу заңдылығы бұзылмайды ма деген заңды сұраудың туатындығы анық. Жоғарыдағы екі мәселеге де нақты тоқталайық. Осы шақтың грамматикалық формасының көбейуі оның мағынаны нақты беру талабынан туған. Қазақ тілінде нақтылы осы шақ пен ауыспалы (жалпы) осы шақты мағына жағынан ажырату тілдік норма деп есептелінеді. Ал өзбек тіліндегі жағдайдың өзгеше болуы өзбек тілінің грамматикалық формасы мен қазақ тілі формасының сәйкес келмеуін, әр тілдің өзіндік ерекшелігінен деп түсінген, оны әр тілдің ішкі заңдылығынан іздеген дұрыс
Үнемдеу заңдылығы да, тілдердің өмір сүруінің негізгі заңдылығы болып табылады. Себебі тіл қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістерге қарай болса солай қарап, бейтарап қала алмайды. Қоғамның дамуына ілееді, соған жете қабыл дәрежеде болмаса да тіл адамзаттың қатынас құралықызметін атқара алмайды. Қоғамда болған әрбір жаңа өзгеріс, жаңа түсінік, жаңа ұғым жеке-жеке сөз не дыбыс талап ететін болса, онда тілде шек болмаған болар еді. Ал тілдік практика мүлде басқаша жол таңдағын. Тіл дамыған кезде оның негізін сақтап пайда болған жаңалықты қамтуы қажет. Бұл--- тілдің дамуындағы негіз болатын ішкі қарама-қайшылықтың бірі. Тілдің негізінің тұрақты болуы тіл арқылы қатынас жасау мүмкіндігінің болуын , адамзаттың өмір тәжірибесін, білімін кейінгі ұрпаққа беру құралы болуы қамтамасыз етсе, біртіндеп өзгеріп отыруы, жаңа түсініктермен байып отыруы қоғаиның талабынан туып отырады. Тілдің дамуын да осы коммуникативтік талаптан туған құбылыс деп есептеген дұрыс. Э.Косериус «Язык далек от того, чтобы функционировать, и не изменяясь «как это бывает с «кодами»; он изменяется, чтобы продолжить функционировать так таковой»,- деп жазғанда осыны ойлаған. (128,156). Тілдік даму тек сандық мөлшердің өзгеруімен шектелінбейді, ішкі құрылысының да өзгеоуіне алып келеді. Тіл дамуындағы үнемдеу заңдылығы осы лексикалық, грамматикалық категорялардың ішкі құрылымының өзгеруімен де іске асып отырады. Бұны көмекші сөздермен байланыстырғанда мынадай болып шығады.
Түркі тілдерінде, сондай-ақ индоевропа тілдерінде де, атауыш сөздер мен көмекші сөздердің дербес қолданыла бастауы көне дәуір жазба ескерткіштерінен байқалынады. Түркі халықтарының ең көне жазба ескерткіштері болып саналатын орхон-енисей жазба ескерткіштеріндегі шылау сөздердің қолданылуы пікірімізге дәлел бола алады. Мысалы, Таңрі йарлыкадукын учун озі кутым бар учун каған олуртум(ҚТМ-9) Ачім қаған бірла лдару йуашыл угур Шынтун йазыка тагі суладіміз (ҚТб-17). Орхон енисей жазба ескерткіштерінде қолданылған көмекші сөздер қандай мақсатта қолданылған деген сұрау туатындығы анық. Біздіңше VI-VIII ғасыр тілінде де көмекшілер қазіргі қазіргі қазақ тіліндегідей қызмет атқарған сияқты. Бұлай жорамал жасауымызға себеп, біріншіден, қоламызда бар жазу тексттері өте көп емес, әрі онда қолданылған көмекші сөздердің саны да аздау, екіншіден, учун, тана,бірла сияқты шылау сөздердің білдіретін мағынасын қазіргі түркі тілдрінде қолданылатын көмекшілердің көбірек екндігі сыр емес. Түркі тілдерінң жазба ескерткіштерін қазірше, толық қамтыған сөздік деп есептелінетін «көне түркі сөздігінде» (Древнетюркский словарь-бұдан кейін КТС) қазіргі қазақ тілінде қолданылатын дейін, шейін, қана, ғой сияқты көптеген септеулік шылаулар қолданылмайды.А.М.Щербак V-ХІІІ ғасырдағы Шығыс Түркістаннан табылған ескерткіштер тіліндегі жалғаулық шыоаулар туралы айта отырып, оларда сабақтастырғыш жалғаулықтан тек кім (ким) қолданылуы өрісінің тар екендігін көрсетеді. (300,195) ал ХІV-ХVІ ғасыр жазба ескерткіштерінің тіліне байланыстыжазған екінші еңбегінде сабақтастырғыш жалғаулықтың сан мөлшерінің өсуі ғасырлар асқан соң байқалынады
Атауыш сөздердің көмекші сөздер қатарына енуі не көмекші сөз қызметінде қолданылуы ұзақ уақытты қамтиды және бір жолмен ғана болатын құбылыс емес. Тіпті әр сөздің көмекш сөз қызметінде қолданылуының өзіндік ерекшелігі бар сияқты. Сондақтан да атауыш сөздердің көмекші сөз қатарына өту жолын толық және жақты білу үшін әрбір көмекші сөздің тарихына жеке-жеке тоқталу керек. Дегенмен де атауыш сөздердің көмекші сөздерге өту жолын көпшілік сөздерде ортақ болатын заңдылықтары да жоқ емес. Ең алдымен, көмекші сөздердің барлығы да тіл тарихының белгілі бір дәуірінде толық мағыналы сөз болған. Екіншіден, көмекші сөздер атауыш сөздердің семантикалық дамуы нәтижесінде пайда болады. Олар грамматикалық жасалынған туынды түбір сөз де, күрделі сөздер де емес. Үшіншіден, атауыш сөздердің көмекші сөз қатарына өтуі бірден бола салмайтын, біртіндеп, ұзақ дәуірді қамтитын процесс екендігі даусыз. Төртіншіден, атауыш сөздердің көмекші сөз қызметінде қолданылуы коммуникативтік талаптың негізінде болады да, ол сөйлем құрамында, сөйлеу процесінде іске асады. Бесіншіден, атауыш сөздер көмекші сөз қызметінде қолданылу үшін өзінің мағына дербестігін әлсіретуі, солғындатуы қажет. Нәтижеде ондай сөздердің қолдану жиілігі өсіп, мағына шеңбері кеңейеді. В.М.Жирмунский сөздердің аналитикалық формасы туралы айта келіп: «Как неоднократно указывались в советском языкознании, словосочетания в результате семантической и грамматической связи между входящими в их состав словами могут развиваться в сторону более и менее тесного лексического или грамматического объединения, с новым значением целого ( лексическим и грамматическим), отличным от значения его частей»,-деген болатын (84,88)
Атауыш сөз өзінің лексикалық мағынасын солғындату үшін, сөзсіз, сөйлем құрамына еніп, екінші бір толық мағыналы сөзбен тіркеске түсуі қажет. Жоғарыда біз аналитикалық форманың түн негізі толық мағыналы екі сөздің бірі екіншісіне (алдыңғысы соңғысына) ықпал жасауы, мағына жағынан оны өзінің мағынасының ыңғайына бағындыруы, тіпті сіңдіріп алуы қажет. Нәтижеде мағына жағынан байланысқа түскен екі атауыш сөздің біреуі өзінің нақтылы лексикалық мағынасын(заттың) дерексіздендіреді де жартылай көмекші сөзге, мағына дербестігін солғындатқан сөзге айнала бастайды. Әрине, кез келген сөз тіркесі мұндай құбылысқа ұшырай бермейді. Ол үшін белгілі бір жағдайлар, шарттар болуы қажет. Көбінесе мұндай грамматикалық жаққа ауытқитын сөздер мағынасы жағынан кең ұғымды білдіретін, соған бейім болатын мағына реңкі бар сөздер болады. « Обычно грамматике и подвергаются слова, имевшие сами по себе более широкое (общее) значение: глаголы «широкой семантики» ,- деген болатын Р.М.Жирмунский ( 84,88). Мағынасы жайылыңқы, «кең семантикалы» сөздер сөздік қордың құрамындағы сөздер болып саналып, көне заманнан бері қолданылып келеді. Мысалы, дене мүше атаулары, қозғалысты, амал-әрекетті, заттың қалпын білдіретін етістіктер т.б.
Сөздердің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағыналарының айырмашылығы туралы сөз болғанда лексикалық мағынаның нақты, грамматикалық мағынаның жалпы, дерексізденген болатындығы туралы әр түрлі пікір барлығы айтылады. Жалпы грамматикалық мағынаның жалпылық қасиетінің молдылығын көпшілік тілшілер айтқан болатын. (286, 9;87,55) . Біздіңше грамматикалық мағына лексикалық мағынаға қарағанда кең түсінікті қамтиды да бірнеше сөздердің мағына құрамында өмір сүре алады. Сондықтан атауыш сөздердің грамматикалық мағына қатарына өтуі осы жалпылық дәрежесінің өсуімен тікелей байланысты болады. Кез келген нақтылы лексикалық мағынасы бар толық мағыналы сөздің көмекші сөз қызметінде қолданылмау сырының бірі осы жалпылаудың жетерлі дәрежеде болмауында, тілдегі барлық сөздердің мағынасында дерексіздену, жалпылау болады. Егер жалпылау, дерексіздену болмаса, біріншіден, сөз мағынасы объективті дүниедегі сөздермен тең болған болар еді, екіншіден, сөз ұғыммен байланыс білдіретін аруақ, балалық, ар, ұят сияқты зат есімдер, есім-экспрессивті т.б. сөздер болған болар еді. Бірақ лексикадағы дерексіздену, жалпылау бір нәрсе емес, айырмашылығы бар. Б.А.Серебренников лексикалық мағынадағы жалпылауды граматикадағы жалпылаумен салыстыра отырып: « Если в процессе образования слова человеческое мышление стремится слечить один признак с другим признаком, то в области грамматики происходит слечение характера функии с элементом релятивности в семантике слова или другими ее элементами, которые могли быть использованы для языкового в выражении отношения»,-деген болатын (230,63). Әрине, сөйлем құрамына енген сөздер өздерінің лексикалық мағынасын сақтайтындығы, сөйлемнің мағынасына ықпал тигізетіндігі анық. Бірақ сонымен бірге сөйлемнің білдіретін мағынасын, айтқан хабарын сол құрамындағы сөздердің мағыналық жиынтығы, қосындысы деп есептеуге де болмайды. Сөйлемнің құрамындағы сөздер өздерінің синтаксистік қызметіне, орналасқан орнына қарай да мағыналық мән қосады. Салыстырыңыз, Атадан балаға өрнекті сөз қалды дегенмен баладан атаға өрнекті сөз қалды деген бірдей емес. Салыстырып қарайтын болсақ, екі сөйлемнің айырмашылығы- ата мен бала сөзінің орын алмасуында. Осы орын алмасу нәтижесінде мағына өзгереді. Бірінші мысалымызда атай амал-әрекеттің басталу көзі, шықпан жері болса, бола сөйлемде амалдың объектісі болып тұр. Екінші сөйлемде ата объекті қызметін атқарып тұр да, бола сол сөздің шыққан көзі, орны болып тұр. Сөйлемде қолданылған қосымшалардың мағынасында да, синтаксистік қызметінде де өзгешелік болған емес. Демек сөйлемнің құрамында қолданылған сөз тек лексикалық мағына ғана қоспастан, қосымша синтаксистік қызмет атқарып, қосымша мағыналық мән үстейді. В.А.Белошейкова орыс тіліндегі сөйлемнің мағынасының құрамын былай анықтайды. « В создании значения предложения участвуют три фактора: 1) грамматическое значение минимальной структтры, схемы предложения ( предикативного минимума) ; 2) грамматические значения дополнительных компонентов расширенной структуры от схемы(номинативного минимума); 3) лексическое наполнение предложения. (38,120)
Сөйлем құрамындағы сөздер лексикалық мағына білдіретін элемент болумен бірге сөйлемнің құрылымдық эленменті болып та есептелінеді. Сондықтан да сөйлем құрамына енген кез келген сөз өзінің дербестігінен біршама ажырап, байланысқа түскен екінші сөзіне тәуелді, сыбайласып қолданылуға мәжбүр болады. Сөйлем құрамындағы сөздердің екінші бір сөзге қаншалықты дәрежеде тәуелді, байланысты болуы оның сөйлемдегі қызметімен тікелей байланысты болады. Бұрын әрі семантикалық, әрі құрылымдық элемент ретінде қолданылған кей сөздердің уақыт өтуімен байланысы тек құрылымдық элемент ретінде қолданылуын осы сөйлемнің семантикалық талабының нәтижесі деп қарауға тиістіміз. Міне, осы әрі мағынаға мұқтаждық, әрі сөйлемнің құрылымдық элементі болу талабы кей сөздердің осындай қызметті атқаруына итермелеген. Нәтижеде құрылымдық элемент негізгі қызметі болып, мағынасы қосалқы элементі болып қалыптасқан сөздер пайда болады. Мысал ретінде қазақ тіліндегі көмекші есімдерді алып қарайық. Алды, арты сияқты көмекші есімдер толық мағыналы сөз (зат есім) ретінде қолданылғанда сөйлемде әрі мағыналық мән білдіретін, әрі құрылымдық сипаты бар сөз ретінде қолданылады. Адасқанның алды-жөн, арты соқпақ. (Абай). Егер бұл сөздер көмекші есім ретінде қолданылса, сөйлемнің жеке мағыналық бөлшегі ретінде қолданылмайды, сөйлемнің құрылымдық элементі ретінде ғана қолданылады. Мысалы, Есіктің алды- ағын су, Ерте тұрды жас сұлу, Ағын сумен бетіңді жу ( Аманжолов). Міне, осы кей сөздердің сөйлемнің құрылымдық элементі болуы өзінің дербес мағыналық солғындауына, стандартты тіркестерде қолданылуы мағынасының жалпы болуына әсер еткен. Мысалы, түркі тілдерінде кеңістік мағына кеңістік септік арқылы беріледі. Бірақ септік жалғауының берген мағынасы тіпті дерексіз, жайылыңқы. Кез келген кеңістік септік жалпы орынды білдіреді де, біреу шыққан орнын ( шығыс септігі) , екіншісі болған орнын ( жатыс септігі), үшіншісі жалпы бағыттық ( барыс септігі) мағынаны білдіреді. Осы кеңістік мағынаны нақты етіп көрсету мақсатында асты, үсті, жағы, қасы, басы, ортасы, арасы, іші сияқты сөздерді қолданады. Бұл сөздердің барлығының лексикалық мағынасының өзінде осы кеңістік мағынамен сыбайлас, соған бейім мағыналық элемент-сема бар. Сөйлемде құрылымдық элемент ретінде бұл сөздерді қолданып, Қаратаудың басынан көш келеді дегенде сөйлем құрылымдық сипаты жағынан кемістік көріп тұрған жоқ. Күнделікті сөйлеу тілімізде Бөгеннен көш келеді, Өгемнен көш келеді, Алматыдан кө келеді деп айта да , жаза да береміз.
Қазіргі жанды түркі тілдерінің материалдарына бағдар салып қарайтын болсақ, түркі тілдерінде көмекші сөздердің пайда болуы барлығында да бір түрлі жолмен болған деп қағида шығаруға, даяр рецепт беруге болмайтын сияқты. Түркі тілдеріндегі көмекші сөздердің өзара тең келмеуі пікірімізге дәлел болады. Мысалы, қазіргі өзбек тілінде қолданылатын сари, доир, мувофик, бараварига, юзасидан, холда, мобайнида, қадар, кура, сингари, асосан, лекин, аммо, чоқ, гуё сияқты шылаулар қазақ тілінде қолданылмайды. Қазіргі қырғыз тілінде қолданылатын чалыш, сөрейдейре, қарата шылаулары, қарақалпақ тілінде де қолданылатын қиби, шекем, лекин, бағда, гә, хәм шылаулары түркімен тіліндегі озал, ялы, қимин, қиби, шәхтли, тайдан т.б. шылаулар қазіргі қазақ тілінде қолданылмайды. Сондай- ақ бір тілдің өз ішіндегі көмекші сөздердің де даму, қалыптасу жолы бір ізді болмаған. Мысалы, толық мағыналы етістіктің көмекші етістікке өту жолы мен толық мағыналы етістіктің шылауға өту жолын бір схемамен көрсетуге болмайды. Қарай сөзі етістіктің көмекші формасында тұр. Осы сөз, осы формада әрі толық мағыналы етістік (Қарай берші қадала), әрі шылау (Ауылға қарай кетті) қызметінде қолданылады. Шылау қызметінде қолданылған кезде ол септік жалғауының біреуімен (барыс септігімен) тіркесіп, сол септіктің мағынасын нақтылайды. Көмекші етістіктер болса екінші бір жетекші етістіктің есімше, көсемше сияқты формаларының біреуінде тұруын талап етіп, сол етістіктің түрлі мағыналарын(шақтық, модальдік, рай не амалдың өту сипаты) жинақтап тұрады. Ал көмекші есімдер болса, мүлде басқа жолмен дамып, мүлде басқа қасиетке ие болады. Көмекші есімдерге негізгі белгі ретінде матаса байланысу схемасы алынады. Дегенмен де көмекші сөздердің жалпы заңдылықтары бар екендігі жоғарыда айтылған болатын.
Атауыш сөздердің көмекші сөздердің қатарына өтуі біртіндеп болатын және ұзақ дәуірге созылатын құбылыс. Бұл процесте тіл дамуының түрлі заңдылықтары қатынасады да тілшілердің алдына шешілуі қиын мәселелер қояды. Бұларды үйреніп анықтау, ең алдымен, теориялық тіл білімі үшін қажет. Сөзсіз бұл жерде сөз мағынасының дамуы, жалқының жалпыға өтуі, деректі де дерексізге өту, дерексіздену жолы мен заңдылықтары, сөздердің лексикалық және грамматикалық ара қатынасының өзгеруі, мағына мен сөз тұлғасының ара қатынасы сияқты жалпы тіл біліміне қатысты болған теориялық мәселелер сөз болуы қажет. Ал бұл қағидаларды жеке тілге байланыстыру үшін оның нақтылы көріністері, берілу жолдары анықталуы қажет болады. Мысалы, жалпы тіл білімінің өкілдері сөздер өз мағына дербестігінен айырылғанда өзінің тұлғасын да өзгертеді, ықшамдайды дейді (181). Егер тіл-тілдердегі сөздердің даму жолын толық мағыналы сөзден қосымшаға қарай дамиды деген қағиданы мойындасақ, онда қосымшалардың тұлғасы өте күрделі болмауын ескерсек, жоғарыдағы пікірге шек келтіруге болмайды. Бұл жерде тек семантикалық заңдылықтар ғана ықпал етеді деу жеткіліксіз, тілдердің дыбыс заңдылықтары да ықпал ететіндігі даусыз. Сонымен бірге атауыш сөзден көмекші сөздерге өткенде ол сөздердің синтаксистік қызметі де өзгереді. Яғни түбір сөзден қосымшаға өту үшін әрі мағынасын, әрі тұлғасын, әрі синтаксистік қызметін өзгертеді. Демек, сөздер бір жақты дамымай, әр жақты дамиды. Тіпті бұл лексикографиялық теория мәселелерін шешуге де себі тиюі мүмкін. (53; 298; 27). Жалпы көмекші сөз дегенде біз көз алдымызға көмекші есім, көмекші етістік, шылау сөздерді келтіреміз. Бұл сөздердің түрлену парадигмасы да, мағыналық деңгейі де, синтаксистік қызметі де бірдей емес, бұлардың түркі танымында зерттелінуі дәрежесі де бір деңгейде емес. Мысалы, септеулік шылаулар басқа көмекші сөздерге қарағанда толығырақ зерттелінген, ал демеуліктер өте аз зерттелінген. Сондықтан көмекші сөздердің жалпы даму жолын анықтау үшін жалпы заңдылықтарды зерттеумен бірге «әр топқа тиісті болған заңдылықтар» туралы да пікір айту керек.
Көмекші сөздердің әр тобының қалыптастуының өзіндік ерекшеліктері бар болғандықтан біз оларға қысқаша тоқталып өтуді жөн көрдік. Талдауды көмекші етістіктерден бастаған дұрыс сияқты. Себебі, біріншіден, көмекші етістіктердің тарихы басқа көмекші сөздерге қарағанда толығырақ зерттелген. Екіншіден, көпшілік ғалымдарымыздың пікірлері өзара қарайлас, бірі екіншісін толықтырып жатады. Үшіншіден, көмекші етістіктердің барлығы өздерінің толық мағынасының артынан қол үзіп кете қоймаған. Тек ескерту ретінде еді, екен, ем, және жазда етістіктерін ғана айтуға болады.
Көмекші етістіктердің қалыптасту, даму жолын анықтау үшін, ең алдымен, мына екі мәселенің басын ашыр алу керек. Бірінші, көне түркі жазба ескерткіштерінде қолданылған көмекші етістіктердің қанша екендігін, мағынасын анықтап алу қажет. Бұлай деуімізге себеп біршама ғалымдарымыз орхон-енесей жазба ескерткіштерінде көмекші етістік (дұрысы етістіктің аналитикалық формасы) қолданылмаған деген тезисті қолдап жүр. Мысалы, Н.Оралбаева С.Е.Маловтың кітабындағы Тедміліг Қара ікалу тукал санап алтумуз деген сөйлемді мысал ретінде ала отырып: Бука, вдвоем споена, сосчитав, получили». Бұл адамдардан С.Е.Малов көсемше мағынасының дербестігін аңғартқанын түсінеміз; өйткені Ғ.Абдурахманов ХІ ғасыр жазба ескерткіштерінде көсемшенің мағынасы мен қызметінде дербестік күшті болғанын айтады. «...Олай болса, бұл кезеңде көсемше мен етістік еркін сөз тіркесі ретінде қолданылған»,-деп есептейді (192, 38). Демек, автор орхон-енисей дәуірінде көмекші етістік әлі қалыптаспаған дейді. Екінші-аналитикалық форма. Екінші аналитикалық форма (көмекші етістік бар жерде аналитикалық форманың болуы ықтимал) жасаушы негізінен, көсемше формасы мен көмекші етістік. Тіл тарихында көмекші етістіктердің мағынасы мен синтаксистік қызметі анық байқалынбаса, көсемшелердің тарихы біршама зерттелінген, мағынасы мен сөйлемдегі қызметін анықтауға арналған еңбектер бар.1 Біздіңше толық мағыналы етістіктің көмекші етістік қызметінде қолданылуында етістіктің көсемше формасының қызметі мол. Үшінші, етістіктің күрделену қызметін анықтап алу қажет. Себебі көмекші етістіктер де бір кезеңдерде толық мағыналы етістік болғандығы, оның көсемше не есімше формасы етістіктермен қабыса байланысып қолданылған болуы мүмкін. Қазіргі түркі тілдерінде де күрделі етістіктер осы үлгіде мағына және тұлға жағынан тұтасып күрделі етістік ретінде қолданылатындығы тіл білімінде сыр емес. Мысалы, сатып алды, барып келді т.б. Егер осы үш мәселенің басы ашылатын болса, онда көмекші етістіктің қалыптасуының негізгі заңдылықтары белгілі болады.
Орхон-енисей жазба ескерткіштерінде көмекші етістіктер қолданылған ба? Әрине, қолданылған.
«Вследствие (твоего) непонимания (своего блага) и вследствие твоей низости мой дядя- каган улетел(т.е умер)» (ҚТБ-24). Умут, Іркін адакына арін тазіп барды; «Великий Иркин бежал с немногими только мужами» (ҚТб-34); «будучи убатыми, остаться лежать на земле и на дороге» ( ҚТО-49); «и остались на жительство в земле Усунбундату» (Том 19) т.б. Орхон-енисей жазба ескерткіштері туралы жазылған грамматикалық өзгерістерде оларда көмекші етістіктің сирек қолданылатыны баса айтылады. Мысалы, орхон-енисей тіліндегі етістікті арнайы зерттеген М.А.Ахметов орхон-енисей жазба ескерткіштерінде бар, бәр, олур, иоры, қал, ал, ыд, эсг, ур, кәе, көр, у, эр, кыл, ит сөздері ғана көмекші етістік қызметінде қолданылғанжығын көрсетеді. (25, 38-43) . Г.Айдаров орхон жазу ескерткіштерінде көмекші етістіктердің қолданған, қолданбағаны туралы ешбір сөз айтпайды (6). Кейінгі жарық көрген еңбегінде е, ерті, ті, те , бол, ол, қол, бер, ыд, кел, олур көмекші етістік қызметінде қолданылатындығын көрсеткен. (6,102). Ал А.М.Щербак Х-ХІІІ ғасырдағы Түркістан ескерткіштерін зерттеген еңбегінде әр мен бел сөздері ғана көмекші етістік қызметінде қолданылғандығын айтады. (300, 162-163).
_________
1 Библиографиялық мәліметтер. Джанмавов Ю.Д. Деепричастие в кумыкском литературном языке, М.., 1967 Киркина Е.И


Орхон-енисей жазба ескерткіштерінде қолданылған көмекші етістіктерді мағынасына мен грамматикалық қасиетіне қарай екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа есім сөздерге тіркескен құранды күрделі етістік (термин Ы. Ысқақовтікі) жасайтын көмекші етістіктерді жатқызуға болады. Олар әр, бол, қыл, ит сияқты көмекші етістіктерді қамтиды. Екінші топтағы көмекші етістіктер етістіктің аналитикалық формасының құрамында қолданлады да, етістіктің түрлі грамматикалық категориясының көрсеткіші болады. Бұлардың саны біршама бар. Олар бир, (бер), бар, олур, оры қал, қол (гал) елт, ыд. қор сияқты көмекші етістіктерді қамтиды. Қолымыздағы бар материалдардың көрсетуінше, кейбір көмекші етістікер әрі етістіктің аналитикалық формасының құрамында қолданылса, әрі құрамды күрделі етістіктер де жасай алады. Мысалы, еді (ерді) көмекші етістігі: “Я был народом составлявщим племенный союз, где теперь мой племенный союз” (КТб- 9). Келтірілген мысалымызда еді көмекші етістігі будун сөзіне тіркесіп, оған шақтық мағына қосып құрамды күрделі етістікке айналдырып тұр. Ал мына мысалдарымызда болса басқаша қасиетке ие. Салыстырыңыз. Акім ара іді оксыз ок турк (іті) анча олулур арміс “Между (этими) двумя (границами) они так обитали (восседали), устраивала “голубых“ тюрков, которые были (тогда) без господина и без родовых представителей” (КТб-3). “И остались на жительство в земле Усынбатту” (Том 19). Келтірілген мысалдарымызда ерті көмекші етістігі олулур және галур етістіктеріне тіркесіп оларға өткен шақтық мағына қосып тұр. Демек шақ категориясының аналитикалық формасы ретінде қолданылып тұр. Орхон-енисей жазу ескерткіштері тіліндегі көмекші етісіктер туралы пікір айтқан Ғалымдардың көпшілігі құрамды етістік жасайтын көмекші етістіктерге көбірек тоқталады. Бұл заңды да сияқты. Себебі жазба ескерткіштер тілінде көмекші етісіктердің аналитикалық формасына қарағанда құрамды күрделі етістік құрамында қолданылуы өте анық байқалынады және жиі қолданылады. Бұның ол кезде өзіндік себебі де жоқ емес сияқты. Біріншіден, мына түркі тілдерінде сөздердің күрделенуі арқылы жаңа сөз жасау тәсілі өте дамыған. Екіншіден, етістіктің грамматикалық формалары болсын, зат есімнің грамматикалық формалары болсын көп мағыналы болған. Сондықтан нақтылы, дәл грамматикалық мағынаны білдіру қажеттілігі туған кезде көмекші сөздерді пайдаланған не сөздердің тіркесін талап еткен . Дұрыс «екі ун кісілігін тезіп барды екі - үш кісікі кашты . Білге қаған » ) дегендегі тезіп барады тіркесін қашты, қашып кетті , қашып барады түрінде аударуға болады . Көне түркі жазба ескерткіштерінде тезіп барады екі толық мағыналы етістіктің тіркесі болуы да мүмкін . Бертім , алп ерін өлүрп балбал қылу бертім « бердім , батырын өлтіріп балбал қыла бердім » ( Біл rе қаған Ха - 9 ) дегендегі қылу бертім аналитикалық форма. Бұл сияқты аналитикалық формалар грамматикалық формаларды грамматикалық мағыналарды қосымшалар арқылы беруге болмайтын жағдайларда ғана не стильдік мақсатпен қолданған . Бунга қазғанып қаным қаған ыт йыл онынч ай алты отузка уча барды . ( Білге қаған — Ха - 10 ) дегендегі уча барды ( кайтыс болды , өлді ) соңғы пікірімізге дәлел бола алады .
Орхон - енисей жазу ескерткіштерінде аналитикалық форма екі түрлі қызмет атқарған . Бірі етістіктің шақ категориясының мағынасын білдіруі . Мысалы , Кул тігін бір қырк ж- ша жур «Куль— Тегину шел ( тогда ) тридцать первый год » (КТб-42 ) . Кул тігін жок ареар , коп олмари артiгiз « Если бы не был Куль - Тегина , все бы вы погибли (КТб-50). Бiлга чур тapдуш будунут , иті ажу олуртым « Бильгя Кули — чур управлял народом тapдуш » (Кули - чуру 114) . Отукан жыш олуpcap бангу ил тута олуртачи сан « Когда же ты , находясь з Отдюкэнской стране , у тебя совсем нет горя » ( КТМ 8 ) т.б. Орхон жазуындағы қолданылған екінші бір топ аналитикалық формалар амалдың ену сипатын білдірген . Мысалы , Олури жолта колтағы артiгiз « Будучи убитыми , остаться лежать на земле и на дороге » ( КТб-49 ) . Турк будун ан та жоқ болу барлық арті « Имя тюркского народа начало клониться к упадку » (Огнин - 3).
Орхон - енисей жазба ескерткіштерінде етістіктің шақ категориясы, негізінен, қосымшалар арқылы берілген. Тек еді, ерміш сияқты толымсыз көмекші етістіктер ғана шақтық мағына беруде қолданылған . Ал амалдың өту сипаты болса, түбір сөздердің тіркесуі арқылы берілген. Соңғы грамматикалық категорияның қажеттілігі, атауыш (толық мағыналы) етістіктердің көмекші етістіктерге өтуіне бірден бір себепші болған сияқты. Амалдың өту сипатына қатысты болған мағыналық реңк қазіргі түркі тілдерінде де, көпшілік жағдайда, етістіктің аналитикалық формалары аркылы беріледі. (192; 305). VI — VIII ғасырларда болса амалдың өту сипатын білдіру тек аналитикалық форманың үлесіне тиген. Қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын мала, -меле; ыңқыра , іңкіре ; кыла , -кіле сияқты амалдың өту сипатын білдіретін қосымшалар ол кездерде қолданылмаған . (18 ) . Кете бастады , жатып қалды , кетіп барады сияқты тіркестер сирек болса да қолданылған. Мысалы, «На краю гор Этло- кен. Я перезимовал. От врагов я был свободен » ( Могон гуру - 19 ) адрылмыс « оплакивала удалившегося от меня покойника..» (Ихе—Асхет— Екінші ескерткіш - 2 ) . Қазіргі қазақ тілінде қолданылатын айтты , қойды , ұрды , жіберді сияқты тіркестердің де арғы тегі осы дәуірден басталған сияқты. Сонымен бірге жоғарыдағы мағыналы көсемше формасы толық мағыналы етістіктердің қабыса байланысуы арқылы да берілетін болған. Мысалы, « Переправились через реку Иртыш » ( КТб-37). «Три корлука, с злыми намерениями бежали» (Могон — туру — П).
Жоғарыдағы айтылған пікірлерден мынадай қорытынды шығаруға болады. Қазіргі күнде көмекші етістік делініп жүрген сөздер бір кездерде толық мағыналы етістік болған. Уақыт өтуімен байланысты олар өздерінің лексикалық мағынасын солғындатып, мағына дербестігін жоғалтып, грамматикалық мағына білдіру үшін де қолданыла бастаған . Бұл сол кездегі мағынаны дәл беру талабынан, коммуникативтік мұқтаждықтан туған . Әрине, алғашқы кездерде олар толық мағыналы екі етістіктің қатар қолданылуын пайдаланған. Біздіңше, амалдың өту сипаты мағынасында қол данылу үшін толық мағыналы екі етістік араларына сөз салмай іргелесе қолданылуы қажет болған сияқты. Қолымызда бар материалдардың көрсетуінше, іргелес қолданылған екі етістіктің байланысу тәсілі еркін яғни кез келген формада болгандығын көрсетеді. Бұлай кез келген формада байланысу XII — XIV ғасыр ескерткіштерінде де кездеседі.
Салыстырыңыз :




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет