Крахмал мен гликогеннің шала гидролизденуі нәтижесінде алынатын өнім болап табылады.
Ячмень солодында, басқа да дәнді дақылдар құрамында болады. Томаттарда, кейбір жемістердің нектарында да табылған.
Лактоза
Глюкоза +Галактоза
Құрамындағы а-глюкозаның аномерлік атомы гликозидтік байланыс түзуге қатыспайтындықтан, оның гидроксильдік тобы бом карбонильдік топқа өте алады. Сондықтан лактоза тотықсыздандырғыш қантқа жатады.
Сүттің құрамында болады, ол сүттегі бағалы қоректік бөлік.
Лактоза тәттілігі сахарозадан екі есе кем, сахарозамен салыстырғанда суда нашар ериді.
Полисахаридтер
Күрделі көмірсулар, олар гликозидтік байланыстармен жалғасқан 1000 дейін, тіпті одан да көп моносахаридтерден құралады.
Полисахаридтерге жататындар: крахмал, гликоген, целлюлоза, инулин, гемицеллюлоза, пентозандар, т.б.
Кейбір полисахаридтер мукополисахаридтер деп аталады, олар аминосахаридтер мен урон қышқылынан тұрады. Оларға: гиалурон қышқылы, хитин, лигнин, гепарин, т.б. жатады.
Гомополисахаридтер құрамында бір түрдің моносахаридтері бар заттар. Мысалы, крахмал мен гликоген тек қана глюкоза молекуларынан тұрады.
Гетерополисахаридтер әр түрлі моносахаридтерден және олардың туындыларынан құралатын биополимерлер. Мысалы, камеди.
Крахмал (С6Н10О5)n
Өсімдіктердің негізгі қоры болатын көмірсу және адамға азық-түлік, малға жемшөп болатын аса маңызды полисахарид.
Екі бөліктен тұрады: амилоза мен амилопектиннен тұрады
Амилопектин крахмал дәнінің сыртқы қабығын құрайды. Амилопектин құрылымы тармақталған, мұнда негізгі тізбек а(1→4) байланысы арқылы жалғасқан глюкоза қалдықтарынан тұрады.
Амилоза құрылымы тармақталмаған созылыңқы келеді, мұнда глюкоза молекуласының қалдықтары (1000-4000) а(1→4) байланысы арқылы жалғасқан.
Крахмал ақ ұнтақ, суда ерімейді, ісінеді, ыстық суға салса клейстер береді.
Амилоза суда ериді, иодпен әсер еткенде көк түске боялады. Амилопектин суда ерімейді, иодпен әсер еткенде күлгін түске енбейді.