Қандағы қанттың мөлшеріндегі ауытқу көмірсу алмасуының бұзылғандығын көрсетеді.
Қандағы қанттың мөлшеріндегі ауытқу көмірсу алмасуының бұзылғандығын көрсетеді.
Гипергликемия – қандағы қант деңгейінің артуы. Бұл қанға қант қажетті мөлшерінен артық енгенде немесе жасушаның қантты пайдалануы төмендегенде пайда болады.
Гипогликемия – қандағы қанттың деңгейінің шамасы 50мг%-дан төмендегенде пайда болады. Инсулин синтезі артқанда немесе инсулинге антогонист гормондардың түзілуі тежелгенде, демек гликоген синтезі артқан кезде байқалады.
Азық құрамында көмірсудың жетіспеушілігі зиян және ол ағзадағы нәруыз бен майлардың энергиясын қарқынды пайдалануға әкеледі. Олардың ыдыруы нәтижесінде адам ағзасына зиянды заттар саны артады.
1) Гидроксо топ, құрылымдық (структуралық) формуласы -ОН
2) Карбониль топ, құрылымдық (структуралық) формуласы -НС=О
Тағам құрамындағы көмірсулардың көп болуы зиян, ол семіздікке әкеледі. Қантты мөлшерден тыс көп қабылдау ішек микрофлорасы функциясына кері әсер етіп, холестериннің алмасуын бұзады және қан сары суында оның мөлшерінің көбеюіне әкеледі.