Көмірсулар. Көмірсу алмасуы



бет4/7
Дата25.11.2023
өлшемі3,51 Mb.
#126250
1   2   3   4   5   6   7

Мальтоза

  • Мальтоза
  • Глюкоза + Глюкоза
  • Крахмал мен гликогеннің шала гидролизденуі нәтижесінде алынатын өнім болап табылады.
  • Ячмень солодында, басқа да дәнді дақылдар құрамында болады. Томаттарда, кейбір жемістердің нектарында да табылған.
  • Лактоза
  • Глюкоза +Галактоза
  • Құрамындағы а-глюкозаның аномерлік атомы гликозидтік байланыс түзуге қатыспайтындықтан, оның гидроксильдік тобы бом карбонильдік топқа өте алады. Сондықтан лактоза тотықсыздандырғыш қантқа жатады.
  • Сүттің құрамында болады, ол сүттегі бағалы қоректік бөлік.
  • Лактоза тәттілігі сахарозадан екі есе кем, сахарозамен салыстырғанда суда нашар ериді.

Полисахаридтер

  • Күрделі көмірсулар, олар гликозидтік байланыстармен жалғасқан 1000 дейін, тіпті одан да көп моносахаридтерден құралады.
  • Полисахаридтерге жататындар: крахмал, гликоген, целлюлоза, инулин, гемицеллюлоза, пентозандар, т.б.
  • Кейбір полисахаридтер мукополисахаридтер деп аталады, олар аминосахаридтер мен урон қышқылынан тұрады. Оларға: гиалурон қышқылы, хитин, лигнин, гепарин, т.б. жатады.
  • Гомополисахаридтер құрамында бір түрдің моносахаридтері бар заттар. Мысалы, крахмал мен гликоген тек қана глюкоза молекуларынан тұрады.
  • Гетерополисахаридтер әр түрлі моносахаридтерден және олардың туындыларынан құралатын биополимерлер. Мысалы, камеди.

Крахмал (С6Н10О5)n

  • Өсімдіктердің негізгі қоры болатын көмірсу және адамға азық-түлік, малға жемшөп болатын аса маңызды полисахарид.
  • Екі бөліктен тұрады: амилоза мен амилопектиннен тұрады
  • Амилопектин крахмал дәнінің сыртқы қабығын құрайды. Амилопектин құрылымы тармақталған, мұнда негізгі тізбек а(1→4) байланысы арқылы жалғасқан глюкоза қалдықтарынан тұрады.
  • Амилоза құрылымы тармақталмаған созылыңқы келеді, мұнда глюкоза молекуласының қалдықтары (1000-4000) а(1→4) байланысы арқылы жалғасқан.
  • Крахмал ақ ұнтақ, суда ерімейді, ісінеді, ыстық суға салса клейстер береді.
  • Амилоза суда ериді, иодпен әсер еткенде көк түске боялады. Амилопектин суда ерімейді, иодпен әсер еткенде күлгін түске енбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет