Комитетінде тіркеліп 24. 12



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата12.03.2017
өлшемі3,42 Mb.
#9212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

АБАЙ ЖƏНЕ ШЫҒЫС 

Аннотация.  Мақалада  қарастырылған  мəселелер.  Абай  шығармашылығы.  Абайдың  шығыс 

əдебиетімен байланыстары. Абай жəне шығыс философиясы. Абай жəне ислам мəдениеті. 

Тірек сөздер: Абай, ислам, философия, араб халифаты, шығыс. 

 

6


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



И. Жеменей 

АБАЙ И ВОСТОК 

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Творчество Абая. Творческие связи Абая 

с восточной литературой. Абай и восточная философия. Абай и исламская культура. 

Ключевые слова: Абай, ислам, философия, арабскаие халифаты, восток. 

I. Zhemenei 

ABAI AND EAST 

Abstract The issues dealt in this article.Creation of Abai.

 

Abai’s creative connections with eastern 

literature.

 

Abai and Eastern philosophy.

 

Abai and Islamic culture. 

Keywords: islam, philosophy,

 

Arabian caliphates, sharh.

 

 

Абай  шығармаларын  оқыған  ғалымдар 



ақынның шығыс əдебиетінен нəр алғанын айтып 

та,  жазып  та  жүр.  Бірақ  «шығыс»  сөзі  жағра-

фиялық,  философиялық  тұрғыдан  алғанда, 

аумағы  кең  ұғым.  Жағрафиялық  терри-

ториясының  кеңдігіне  қарай  оны  қиыр,  орта 

жəне таяу шығыс деп үш аймаққа бөледі. Ал бұл 

елдердің философиялық дүниетанымы əр басқа. 

Оған  Қытай,  Үндістан,  Жапония,  Иран,  Араб, 

Түркі  жұртының  философиялық  мектептері 

жатады. Сонымен қатар ұлттардың ерекшелігіне 

қарамастан, Ислам философиясы, дүниетанымы 

аты  мұсылман  үмметке  ортақ  философиялық 

мектепті қалыптастырып келеді. 

Қазақ  əдебиетінің  шығыстық  сыры  осы 

исламдық 

мектеп 


аясында 

араб, 


парсы 

əдебиетімен  ұштасып, астасып  жатыр. Оның да 

белгілі  дəрежеде  тарихи-саяси,  ғылыми-мəдени 

себептері  бар.  Біз  бұл  сырдың  тым  тереңіне 

бармай-ақ  түркі,  парсы  жəне  араб  елдерінің 

мəдени-əдеби байланыстарын орта ғасырлардан 

қарастырсақ  та  көп  жайттың  мəніне  қанық 

боламыз.  Қазақ  тарихы  мен  мəдениетіне 

қатысты  шығыс  беттерін  парақтау  үшін  ислам 

тарихына  шолу  жасағанымыз  жөн  болады. 

Өйткені  ислам  тарихы  арқылы  жалпы  оқырман 

ислам дүниесіне жақындай түседі.  

Ислам  тарихында  Мұхаммед  (с.ғ.с) 

пайғамбар  қайтыс  болған  соң,  сахабалар 

кеңесінде (ижмаһ) Əбубəкір (ғ.с) пайғамбардың 

орынбасары  ретінде  мұсылмандардың  тұңғыш 

халифасы  болып  тағайындалды. (632-634) 

Əбубəкірдің  қазасынан  кейін  екінші  халифа 

Омар  (ғ.с), (634-644), үшінші  халифа  Осман 

(ғ.с), (644-656), төртінші халифа Əли (ғ.с) (656-

661)  болып  сайланды.  Аталған  төрт  халифа 

«Рашедин  халифалар» (турашыл  халифалар) 

атауымен  Ислам  тарихында  танылды.  Олардың 

заманында  сол  дəуірдің  екі  ірі  империясы - 

Иран  мен  Рим  күйреп,  Ислам  дінінің  негізгі 

саяси,  философиялық  іргесі  қаланды.  Ұлы  төрт 

халифасын 

қолдап, 


қуаттаған 

мұсылман 

жамағаты  «сұнни»,  ал,  олардың  арасынан  тек 

қана  Əлидің  (ғ.с)  халифалық  мансабын 

мойындап,  қалғандарын  мойындамаған  топқа 

«шийт» (шиға,  яғни  Əлиді  жақтаушылар) 

жамағаты  делінді.  Сол  кезден  мұсылмандар  екі 

мəзһаб  ретінде  тарих  барысында  қалыптаса 

бастап,  кейін  саяси  негіздері  қаланды.  Шийт 

ағымының саяси негіздері XV ғасырда Иранның 

Əзірбайжан 

өлкесінен 

шыққан 

Шейх 


Сафиеддин əулеттері тарапынан Иранның ресми 

мəзһабы  ретінде  жарияланды.  Сол  кезден  күні 

бүгінге  дейін  сұнни  мен  шийттер  арасындағы 

саяси дүниетанымдық айырма екі жақтың қанды 

қақтығыстарына  себеп  болып  жалғасып  келе 

жатыр. Осы орайда ескеретін жайт, XV ғасырға 

дейін  барлық  мұсылман  елдері:  Түркістан, 

Иран,  Араб  жұрты  мемлекеттері  сұнни 

мəзһабты  мұсылман  болатын.  Шейх  Сафи 

əулеттері  Иран  жұртында  «шийттікті»  ресми 

мəзһабы 

деп 


жариялаған 

соң, 


сұнни 

мұсылмандарды  қанға  бөледі.  Олардың  тірі 

қалғандары 

үрейден 


амалсыз 

шийттікті 

қабылдады. Сондықтан XV ғасырға дейін түркі, 

парсы,  араб  мұсылмандары  сұнни  мəзһабында 

болғандары  үшін  бір-бірімен  өте  жақын 

қатынаста  болды.  Бұл  тарихи  тəжірибелер  дін 

мен мəзһаб  бір болса, елдер  арасында ынтымақ 

зор  болатынын  айғақтайды.  Мəселен,  сол 

заманның əлемге танымал болған Хафиз, Сағди, 

шейх  Аттар,  маулана  Руми,  Жəми,  Жүсіп 

Хамадани,  тағы  басқалары  сұнни  мəзһабында 

болғандары  үшін  түркінің  Қ.  Йасауи,  Ж. 

Баласағұн, М. Қашғари, Нəқшбəнд, Атаи, Науаи 

сынды  ақын,  ғалымдарымен  ортақ  исламдық 

дүниетанымда  тоқайласты.  Ислам  елдерінің 

рухани мүддесі бір болды.  

Міне,  осы  ақиқат  тұрғысынан  Орталық 

Азияда XV ғасырға дейігі кезеңде түркі, парсы, 

араб 

халықтары 



мен 

оқымысты 

зиялы 

қауымының 



ынтымақтаса 

ислам 


дінінің 

өркендеуіне 

аянбай 

қызмет 


жасағанын 

саралаймыз.  

Аталған  төрт  (Əбубəкір,  Омар,  Осман, 

Əли)  халифаның  билік  құрған  кезеңі  өзіндік 

сипатымен  ислам  тарихында  бедерленеді. 

Өйткені  олардан  кейінгі  ислам  халифатында 

исламияттың 

рухани 


белестерімен 

бірге 


саясилану қыры да бой көрсете бастады.  

7


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



Саяси  билік  идеологияның  қоғамда  аса 

маңызды  рөл  атқаратындығын  жақсы  біледі. 

Сол үшін олар қашанда мемлекеттік идеология-

ға  əрі  мемлекет  ішіндегі  идеологиялық 

ағымдарға  аса  мəн  береді.  Əрі  идеологиялық 

топтарды  мұқият  бақылап  отырады. Cол  үшін 

«дін»  өзінің  рухани  тазалыққа  ағартушылық 

қайнар 


рөлімен 

бірге 


елдердің 

саяси 


ынтымақтаcуына  да  үлкен  үлес  қосып  келе 

жатқандығы жасырын емес. 

Міне, осылай  ислам  тарихының бастапқы 

«рашедин халифалар» (632-661) дəуірінен кейін 

мұсылмандар халифатынан жаңа саяси ағымдар 

шыға  бастады.  Олардың  алғашқысы  Моавие 

əулеттері  болған.  Олар 661-750 жылдары 

Ұммиие  халифатын  құрды.  Олардың  дəуірінде 

Түркістанға  да  бірнеше  рет  жорық  жасалды. 

Мəселен,  батыс  Түркістандағы  түркештер  араб 

əскеріне  тойтарыс  беріп  жатты.  Бірақ  араб 

халифаты  түркі  даласын  толықтай  өзінің  билік 

шеңберіне ала алған жоқ. Тек қана Моавие ибн 

Əбусофиян 

құрған 

Ұммиие 


династиясы 

халифатының  соңғы  халифасы II Мəрван 

Иранның  батыс  аймағында  ирандық  сардар 

Əбумүслим  Хорасанимен  соғысқанда,  шайқас 

майданында  оның  қолынан  қаза  тапқан  соң, 

халифат  тізгіні  Абдолла  Сəффаһтың  қолына 

тиді.  Сөйтіп,  ол  ирандықтардың  əскери  жəне 

саяси 


көмегінің 

арқасында 

Аббаси 

халифатының 



негізін 

қалады. 


Аббасилер 

Ұммиие  халифаты  құлаған 750 жылдан  бастап 

1258  жылға  дейін  ислам  əлеміне  билік  құрды. 

Олар  өз  кезегінде  Орталық  Азияның  ислам 

дініне  бет  бұруына  байланысты  үлкен  үлес 

қосты.  Өйткені  Аббас  халифаты  түркілердің 

сұрауы бойынша оларға қытай қосынына қарсы 

шайқасуға  келісті.  Сөйтіп,  мұсылман  əскери 

күші  мен  түрік  əскері  бірлесіп,  Қытайдың  Таң 

империясының жаулаушы армиясына қарсы 751 

жылы  Атлақ  қаласы  түбінде  кескілескен 

шайқаста  арабтар  мен  түрік  қосыны  қытай 

əскерін күйретіп, ұлы жеңіске қол жеткізді. Сол 

уақыттан  бастап  түрік  халықтары  ислам  дініне 

ерекше  ықыласпен  əрі  сенімді  көңілмен  бет 

бұра  бастады.  Əсіресе,  қарахандықтар (840-

1212)  билік  құрған  кезеңде,  ислам  дінін 

мемлекеттің  ресми  діні  етіп  жариялаған  соң, 

ислам  діні  түркі  даласында  өркендеп,  гүлдене 

бастады.  Соның  арқасында  ислам  қағидалары 

түркі  мəдениеті  мен  əдебиетінің  өзегіне 

айналды.  

Екінші  жағынан  ислам  дінінің  саяси  рөлі 

Орталық  Азияда  арта  түсті.  Атлақ  шайқасында 

араб 

əскерінің 



қатарында 

хорасандық 

парсылардың  барынша  көп  болуы  алдағы 

уақытта түрік, араб, парсылардың саяси-мəдени 

кеңістігіне  елеулі  əсер  етті.  Үштіктің  мəдени 

өрісіне  парсы  тілі  мен  əдебиетінің  тікелей 

араласуына Саманилер билігінің негізін қалаған 

Исмайылдан (849-907 ж.)  бастап  Самани 

əулеттерінің Мауароннəһрдегі саяси билігі (892-

1005  ж.)  ықпал  жасады.  Сондай-ақ  Шаһ 

Исмайыл  Саманның 893 жылы  Тараз  қаласын 

жаулап  алуы  да  Таразды  Орталық  Азияда 

исламдық  орталыққа  айналдырды.  Өйткені 

Саман  əулеттері  ислам  дінінің  кеңінен 

өрістеуіне  аса  зор  мəн  берді.  Əрі  Самандар 

парсы тілі мен мəдениетіне ерекше көңіл бөлді. 

Саманилердің  саяси  ұстанымы  жойылып  бара 

жатқан  парсы  тілінің  қайта  жандануына  негіз 

болды.  Өйткені  араб  халифаты VII ғ.  екінші 

жартысынан ІХ ғ. екінші жартысына дейін Иран 

жерінде  екі  ғасырға  жуық  саяси-мəдени 

үстемдік  құрып,  парсы  тілінің  Иран  жеріндегі 

қолданыс  аясын  тарылтып  жіберген-ді.  Парсы-

лардың  тілі  мен  ұлттық  рухы  əлсіреп,  ұлттық 

болмысына  ауыр  күн  туған  сол  дəуірде 

саманидтердің  саяси  сахнаға  шығуы  Иранның 

ұлтжанды  ақындарына  шабыт  беріп,  парсы 

тілінде  шығармалар  жазуларына  мол  мүмкіндік 

тудырды.  Солардың  арасынан  Əбілқасым 

Фирдауси (941-1011) «Шаһнаме»  дастанын 

жырлап,  парсы  тілінің  Иран  жұртына,  тіпті 

түрік халықтарының арасына кеңінен таралуына 

жол  ашты.  Шайыр  «Шаһнаме»  шығармасын 

қандай  мақсатта  жырланғанын  өлең  жолдарына 

арқау етіп, былай дейді:  

 

Отыз жылдай тауқымет шегіп, ана тілімді тірілттім,  



Сол арқылы парсыларды өз тіліне жүгінттім.  

Замананың желі менен бораны да жоя алмас, 

Əсем, зəулім сарайды мен сөзден салып, құбылттым. 

 

Міне, 



Мауароннəһр 

мен 


Хорасан 

кеңістігінде  саманидтер  билік  құрған  кезде 

түркі  даласы  ислам  дінінің  əсерінен  араб  тілі 

мен  əдебиетін  қабылдаған-ды.  Ал  Саман 

əулеттерінің  саяси  үстемдігінен  парсы  тілі  де 

түріктердің  тілі  мен  мəдениетіне  етене  жақын 

араласып 

кетті. 


Парсылардың 

ұлттық 


санасының  оянуы  өз  кезегінде  түрік  халық-

тарының  түркілік  санасының  оянуына  септігін 

тигізді. Мəселен, ХІ ғасыр шамасында жазылған 

«Қорқыт  ата  кітабы»  атты  шығарманың 

оқиғаларынан  түріктердің  Алтай,  Орта  Азия, 

Жетісу,  Сыр  бойы,  Сары  дала – «Қыпшақ 

даласы»,  Персия,  Кавказ,  т.б.  кең - байтақ 

аумаққа  билік  жүргізіп  отырғанын  байқаймыз. 

Бірақ  түркі  тіліне  мемлекеттік  мəртебе  беруді 

ойланбаған-ды. 

Соның 

салдарынан 



олар 

түркілер 

билік 

құрған 


өлкелерде 

өзге 


мəдениеттердің 

ықпалында 

ассимиляцияға 

ұшырап  отырған.  Иран  елінің  ұлттық  санасы 

саяси 

билік 


пен 

зиялылар 

арасындағы 

үйлесімділіктің арқасында оянып, бой көтергені 

8


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



қараханидтердің 

дұрыс 


саяси 

бағыт 


қабылдануына оң əсер етті. Содан қараханидтер 

дəуірінде ислам дінімен бірге түркі тілі түркілік 

сананың  екі  тірегі  болып  қаланды.  Соның 

нəтижесінде  Жүсіп  Баласағұн  «Құтты  білік» 

туындысын,  Махмұд  Қашғари  «Диуани  лұғат 

ат-түрік»  атты  еңбегін,  Қожа  Ахмет  Йасауи 

«Хикмет»  атты  шығармасын  түркі  тілінде 

жазып  шықты.  Түркі  тілінде  жазылған  бұл 

туындылар  түркі  тілі  мен  мəдениетінің  қайта 

жанданып,  өрлеуіне  жол  ашты.  Сонымен  қатар 

аталған  авторлар  өз  еңбектерінде  ислам  дінін 

дəріптеп, 

ислам 

қағидаларын 



түркі 

оқырмандарына  үйретуді  мақсат  етті.  Соның 

арқасында  түрік  халықтары  бір  дін,  бір  мəзһаб 

төңірегінде  топтасты.  Түркінің  дін  бірлігіне 

самани  билігі  де  елеулі  үлес  қосты.  Өйткені 

самани  əулеттері  парсы  тілді  болғанымен  діни 

ұстанымда  сұнни  ханафи  мəзһəбда  болды. 

Сонымен  бірге  парсы  тілді  ақындар  да  сұнни 

мəзһабында 

болғандықтан, 

сол 

бағытта 


түркілерді  қуаттап  отырды.  Мəселен,  Рудаки, 

Хафиз  Ширази,  Сағди  Ширази,  Шейх  Аттар 

Нишабури,  Хожа  Əнсари,  Маулана  Руми, 

Əбдірахман  Жами  сияқты  əйгілі  ақындар 

түркінің исламдық идеологиясына орасан əсерін 

тигізді.  

Самани  билігі  Х  ғасырда  түркілердің 

саяси  үстемдігі  жүре  бастағанда  əлсірей  түсті. 

Əсіресе  Жетісу  мен  Қашғар  өлкелерінде 

қарахандардың  билігі (942-1123) күшейіп, 

артынша  Ғазна  мен  Хорасанда  Ғазнауи 

патшалығы (962-1183) нығайды, 

ал 

Хорезмшаһтың  билігі  Хорезмнен  бастап  Иран 



жеріне  дейін  жүріп  жатты.  Осындай  саяси 

жағдайда  самани  билігі  аталған  елдердің  даму 

екпініне  шыдас  бере  алмайтыны  анық  болды. 

Бір  жағынан,  Арал  теңізінің  шығыс  жəне 

солтүстігінде  Оғыз  бірлестігінің  билік  етіп 

жатқандығы  түркілердің,  бөлек-бөлек  болса  да, 

Тұран 

даласына 



толық 

билігін 


жүргізе 

алатынын көрсетті.  

Шығыс  Түркістан,  Ташкент,  Исфиджаб, 

Ферғана,  Самарқан,  Бұхара,  Чағаниян,  Хотан 

уəлаяттарын  өз  билігіне  алған  қарахандар 1008 

жылы  ғазнауилермен  Балх  маңында  соғысты, 

саяси  билікке  қол  жеткізген  селжұқтармен 

(1040-1157)  қақтығысты.  Мəселен,  селжұқ 

билеушісі  Мəлік  Шаһ (1072-1092) Бұхара, 

Самарқан,  Өзкент  сықылды  шаһарларда  өзінің 

саяси билігін орнатып, қарахандарға ауыр соққы 

береді.  Сондай-ақ 1130 жылы  тағы  бір  селжұқ 

билеушісі 

Сұлтан 


Санжар (1118-1157) 

Самарқанды  жаулап  алды.  Сөйтіп  селжұқтар 

қарахандарға  қарсы  жаңа  бір  əскери-саяси  күш 

ретінде бой көрсетті. Сондықтан қарахандықтар 

мүлдем  жойылып  кетпесе  де,  саяси  қуаты 

əлсірей бастағаны байқалды. Көпке ұзамай 1137 

жылы  қарахандар  шығыс  жақтан  келген 

қарақытайлықтардың қысымына түсті. Бұл жаңа 

саяси  күш  Батыс  Түркістанның  ішкі  істеріне 

араласа бастады. Оған, əрине, Қарахан билігінің 

ішкі алауыздықтары себеп болды.  

Селжұқтардың  тарихи  миссиясы  тек  қана 

Орталық Азияның кеңістігімен шектеліп қалған 

жоқ.  Олар 1071 жылы  Византияның  əскери 

күшін  Иранның  Мəлазгерд  мекенінде  тас-

талқанын  шығарып,  жойып  жіберді.  Соның 

арқасында 

Орталық 


Азиядағы 

түріктер 

Византияның, яғни Кіші Азияның билігін қолға 

алуға мүмкіндік алды. Бұл тарихи жаңа бастама 

кейін 1299 жылы  ислам  əлемі  халифатының 

тізгіні  түркілердің  қолына  өтуіне  негіз  қалады. 

Өйткені  сол  жылы  Осман 1923 жылға  дейін 

созылған  Осман  əулетінің  халифатын  құрып, 

ислам дүниесіне елеулі үлес қосты. 

Жоғарыда  атап  көрсеткендей,  түркі 

хандары  ата-баба  топырағында  саяси  билігін 

жүргізе  білсе  де,  өздерінің  шенқұмарлық 

нəпсісінен шыға алмай таққа таласып, бірін-бірі 

жойып  жіберіп  отырды.  Бірақ  та  саяси  тартыс 

қаншама  өршіп  тұрса  да,  мəдени  өмір  ерекше 

қарқынмен XV ғасырдың  табалдырығына  дейін 

өз  өрлеуін  жалғастырып  келді.  Əдебиеттегі 

Əлішер  Науаилар  мен  Əбдірахман  Жəмилер, 

сəулет  өнерінде  Қожа  Ахмет  Йасауи  мен  Тəжі 

Маһəл  кесенелері  түркі  санасының  биік  өрісін 

көрсетеді. 

Шынтуайтына 

келгенде, 

сол 


кезеңдері  мəдениет  пен  əдебиетте  тонның  ішкі 

бауындай исламдық дүниетанымның арнасында 

парсы мен түркі ақындары, өнер иелері, ғұлама 

ғалымдары  бірге  болды.  Олар  исламның 

өркендеуіне,  халықтарының  бақытты  өмір  сүре 

білуіне  атсалысты,  яғни  араб,  парсы,  түрік 

халықтарының 

арасында 

ортақ 

ислам 


мəдениетін құру процесі де жүріп жатты.  

Сол дəуірде түрік халықтарының түркілік 

санасы  оянған  болатын.  Қорқыт  ата,  Жүсіп 

Баласағұн,  Махмұд  Қашғари,  Ахмет  Йасауидің 

шығармалары  соған  дəлел.  Əсіресе  Махмұд 

Қашғари 


түрік 

халықтарының 

исламнан 

бұрынғы  өлең  түрінің  үлгілерін  ұсынды. 

Мысалы, Алып Ер Тоңа туралы жоқтау өлеңін: 

 

Алып Ер Тоңа өлді ме, 



Жалған дүние қалды ма?  

Заман өшін алды ма, 

Енді жүрек жыртылар... – 

 

деп  оқығанда,  түркілердің  саяси  тарихы  мен 



əдебиетінің  түп-тамыры  тереңде  жатқанын 

лезде аңғарылады. Əсіресе, аталған төрт тағанға 

зер салып қарағанда, қазақ əдебиеті ежелгі түркі 

əдебиетінің  нағыз  мұрагері  екеніне  көз 

жеткізесіз. Бұл тоқтамға қанық болу үшін қазақ 

9


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



халқының  ұлы  шайырлары  Д.  Бабатайұлы  мен 

А.  Құнанбайұлының  төрттаған  үлгілеріне  назар 

салсақ та жеткілікті. Абай өлеңінің: 

 

Əбілет басқан елер ме, 



Сөзге жуық келер ме? 

Түзу сөзге сенер ме, 

Түзелмесін білген ер, –  

 

деген  шумағының  өрнегі  Алып  Ер  Тоңаның 



жоқтау  жырының  өрнегімен  ұқсас,  бірін-бірі 

қайталап тұрғандай əсер қалдырады. 

Орта  ғасырларда  түркі  даласы,  анығырақ 

айтқанда,  қыпшақ-қазақ  даласы  саяси  билік 

арасындағы 

талас-тартыстарға 

қарамастан, 

ислам  өркениетіне  өзінің  қомақты  үлесін  қоса 

білді.  Өйткені  Иран  мен  түркі  елінде  саяси 

қақтығыстардың қаншама зардабы мол болса да 

ислам  елдерінің  ғалымдары  мен  ақындарының 

арасындағы  білім  алмасулары  мен  рухани 

қарым-қатынастарының 

емін-еркін 

күйде 

болуының  арқасында  ислам  өркениетінің  Х-ХІІ 



ғасырлары 

Алтын 


дəуірі 

болып, 


тарих 

қойнауында 

өшпес 

рухани-ғылыми 



мұра 

қалдырды.  Яғни,  бұл  кезең  ислам  əлеміндегі 

қайта  өрлеу  дəуірі  болған-ды. «Шығыстану 

ғылымында  көп  заман  бойында  ренессанс  тек 

батыстық,  сол  үшін  буржуазиялық  құбылыс 

болды  дейтін  сарын  болды.  Біз  үшін  ХІV 

ғасырдағы  Италия  ренессансынан 500 жыл 

бұрын  туған  шығыс,  əсіресе,  Орта  Азия 

ренессансының  мəні  зор».  Мəселен,  Тұран 

жерінде  Түркістан,  Тараз,  Баласағұн,  Бұхара, 

Самарқан,  Иранда  Исфаһан,  Нишабур,  Рей, 

Араб 


өлкелерінде 

Бағдат, 


Шам 

жəне 


Мысырдағы 

жоғары 


оқу 

орындарының, 

медреселерінің  есігі  үш  елдің  талапты  дарын 

иелеріне 

айқара 

ашық 


болған. 

Соның 


шарапатынан  əлемдік  математика  ғылымына 

елеулі  үлес  қосқан  математик – Мұхаммед  ибн 

Мұса  ибн  Шəкір,  Абдолла  Хорезми (770-850), 

Түркістанда  дүниеге  келіп,  Араб  елінде  фəни 

дүниемен  қоштасқан,  ислам  философиясының 

негізін  қалаушы,  Аристотельдің  логикасын 

айқындаушы,  Ислам  мен  Батыстың  дүние-

танымына  нақты  үлес  қосқан  біртуар  ғалым – 

Əбу  Нəсір  əл-Фараби (870-940), Түркістан 

топырағында  туылып,  парсы  жұртында  жер-

ленген,  күні  бүгінге  дейін  оның  еңбектері 

ғылыми  ортаның  сұранысына  ие  болып  келе 

жатқан  Əбу  Əли  ибн  Сина (980-1037), тарих, 

математика, астрономия, жағрафия, топография, 

физика,  медицина,  геология,  минерология,  т.б. 

ғылым 


салаларында 

қалам 


тартқан 

энциклопедист  ғалым  Əбу  Райхан  Əл-Бируни 

(973-1048/50),  дəрігер,  математик,  астроном, 

философ,  əдебиетші  Əбу  Бəкір  Мұхаммед  ибн 

Зəкəрия  ибн  Яһия  Рази (865-925/35) сынды 

ойшыл 


ғалымдардың 

зерттеулері 

бүгінгі 

заманның ғылыми-техникалық жəне гуманитар-

лық  ғылымының  асқақтай  өркендеуіне  негіз 

болды.  Сөйтіп,  ислам  əлемінің  ортақ  мақтаны-

шына  əрі  адамзат  рухының  мөлдір  бұлағына 

айналды.  Сондықтан  оларды  ислам  əлеміндегі 

«Алтын  дəуірдің  жемісі»  деуімізге  əбден 

болады. 


Шын  мəнінде,  Орта  ғасырларда  иран, 

араб,  түркі  əдебиеті  ислам  дінінің,  дүние-

танымының  негізінде  бір-бірімен  тығыз  байла-

ныста  болды.  Сол  себептен  түркі,  парсы,  араб 

тілдерінде  бірдей  сөйлей  алатын  да,  жаза 

алатын да хандар мен ғалымдар көп болды. Сол 

дəуірде  үш  тілді  меңгеріп,  оларды  араластыра 

сөйлеген  бұл  дəстүрді  Ибн  Батута  «Алуан  тіл» 

деп  атаған.  Ал,  үш  тілде  жазылған  шығарманы 

«Лəмаат» (түрлі-түсті) деген. Бұл тұста мынаны 

айтқан  жөн:  ирандықтар  мен  түрік  халықтары 

көрші  болғандықтан,  тікелей  қарым-қатынас 

жасады да, араб əдебиеті мен мəдениеті көбіне-

көп  парсы  ғалымдары  дəнекерлігімен  түркі 

зиялыларына жетіп жатты. 

Түркі  тілі  əскери,  қайсарлық  тіл  болып 

саналғандықтан,  түркі  хандары  мен  əмірлері 

билік  құрған  дəуірде  парсы  тілін  кеңсе  тілі 

ретінде  пайдаланды.  Содан  парсы  тілінің  жан-

жақты  өріс  алуына  мүмкіндік  туды.  Араб  тілі 

ислам  дінінің  арқасында  түркі  билеушілері 

арқылы  Үндістан  мен  Орта  Азия  əрі  Осман 

империясының  аумағында  едəуір  дамыды. 

Сөйтіп, орта ғасырларда парсы мен түркі тілінде 

ислам  идеологиясының  негізінде  көптеген 

тарихи-əдеби еңбектер жазылды. 

Олардың  мəдени  ықпалдастық  нəтиже-

лерінің мықты болғандығы соншалық, Шыңғыс 

хан (1155-1227) бастаған жойқын шабуылдар да 

Орталық  Азияда  үштіктің  өріс  алған  əдебиеті 

мен  мəдениетінің  жалынды  ошағын  біржолата 

өшіріп  тастай  алмады.  Үш  тілдің  қайсысы 

болмасын,  бір-бірінің  тарихи  өмірін  жазып 

қалдырды.  Оған  айқын  дəлел – Шыңғыс  хан 

заманынан  бастап  моңғол  тарихымен  қатар 

түрік  халықтарының  тарихын  баяндайтын  Ата 

Мəлік 

Жовейнидің 



«Тарих-и-Жаһангошай» 

(1259), Һамдолла Мұстуфидің «Тарих-е-Гозиде» 

(1330),  Рашидеддин  Фəз-лолланың  «Жəми-ат-

Тауарих»(1372),  Əмір  Темір  дəуірінің  тарихын 

баяндайтын 

Шарафеддин 

Əли 

Иəздидің 



«Зафарнама» (1425), т.б. ғылыми, тарихи еңбек-

тер парсы тілінде жазылғаны. 

Монғолдар  мен  Əмір  Темір,  Шибан 

əулеттері  билік  еткен  заманда  да  үштіктің  тілі 

мен  мəдениеті  бір-бірінен  аражігін  үзбестен 

өмір  сүргенін  тарихи  деректерден  көре  аламыз. 

Сол  себептен  болар,  тараздық  ғалым  Шейх 

Ахмет  Құдайдад  Тарази  түркі,  парсы,  араб 

10


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



əдебиеті  теориясы  хақында 1436-37 жылдары 

«Фонун  əл-бəлағе» (Көркем  сөз  өнері)  атты 

еңбегін  жазды.  Онда  Шейх  Ахмет  Тарази 

түріктердің  жазба  əдебиетін  аруз  өлшемі  мен 

ұйқасы  негізінде  қарастырды.  Демек,  ХV 

ғасырда  үштіктің  əдеби  шығармаларының 

формасы,  яғни  пішіні  бір-біріне  тиісінше 

жақындай  түскен-ді.  Бірақ  бұл  уəзіндік 

өлшеммен  жырлау  түркі  əдебиетінде  араб-

парсының  тілдік  жəне  əдеби  ықпалынан 

қалыптасқандығын 

мойындау 

керек. 

Бұл 


ахуалдан,  яғни  араб-парсының  тілдік  жəне 

əдеби  ықпалынан  оқшауланып,  ежелгі  түрік 

халықтарының 

тілі 


мен 

шығармашылық 

ерекшелігін  бүгінгі  ұрпаққа  барынша  таза 

күйінде  жеткізе  алған - қазақ  халқы.  Оның 

өзіндік  құпиясы – бағы  мен  соры  мол  болған 

көшпелі  өмір.  Түрік  əдебиетін  отырықшы 

аймақтарда  араб-парсы  əдебиетінің  аруздық 

өлшемдері 

бойынша 

қалыптастырған - 

Зəһиреддин  Мұхаммед  Бабыр (1483-1530), 

Əлішер  Науаи (1441-1501) Сəккаки,  Лүтфи, 

Атаи  сынды  ақындар.  Бірақ  қазақ  əдебиеті 

түркінің  поэзиялық  ежелгі  формасын  сақтап 

қалды.  

Шынтуайтына  келгенде,  парсы  мен  түрік 

халықтарының  тарихи-саяси,  мəдени  дүниесі 

бір-бірімен  тонның  ішкі  бауындай  байланысып 

жатыр.  Сондықтан  олардың  тарихын,  саяси 

ахуалын,  мəдени  құндылықтарын  бір-бірінен 

ажыратып,  жекелеп  зерттеу  мүмкін  емес. 

Өйткені  Орталық  Азияның  рухани  əлемінде 

Иранның  Хамадан  қаласының  маңында  туған 

Жүсіп  Хамаданның (1048-1140) ағартушылық 

мектебі  үлкен  ықпал  етті.  Ол  Бағдат  қаласында 

білім  алды.  Түркістан  кеңістігінде  түркі,  парсы 

тілдерінде  шəкірттер  тəрбиеледі.  Ал  Түркістан 

топырағында  туып,  Мысыр  мен  Иранның 

Табриз  қаласында  оқып  жетілгеннен  кейін,  ата 

жұртына қайтып оралған Нəжмеддин Кобраның 

да (1145-1221) түркі,  иран,  араб  тілдері  мен 

мəдениетіне,  исламдық  дүниетанымға  қосқан 

үлесі  айтарлықтай  болды.  Аталған  екі  тұлға 

мəдени-рухани  өміріміздің  ортақ  қазынасы 

іспеттес  деп  білсек,  саяси  тарихтың  беттерінде 

түркінің жеңімпаз сардарлары мың жылға жуық 

Иран  елін  биледі.  Иран  елін  билеген  түрік 

халықтарының  əулеттері:  Ғəзнəвилер (962-

1194),  Хорезмшахтықтар (1097-1231), Жалайыр 

əулеті (1340-1433), Əмір Темір əулеттері (1370-

1506),  Қарақойлылар (1408-1420), Аққойлылар 

(1468-1514), 

Сəфəви 

əулеті (1502-1736), 



Афшарлар (1736-1804), Қажарлар (1795-1907) 

еді.  Есесіне  парсытілдес  Саман  əулеттерінің 

Мауароннəһрді  билеген (892-1005) кезеңі  əрі 

Исмаил  ибн  Саманидың 893 жылы  Тараз 

қаласын жаулап алғаны өлкеде парсы мəдениеті 

мен  тілінің  ықпалының  өшпес  ізін  қалдырды. 

Ежелден  аты  шыққан  Тараз  қаласы  ислам 

əлемінің  мəдени-ғылыми  кеңістігінде  ерекше 

орынға  ие  болды.  Тараздан  шыққан  Шейх 

Ахмет  Құдадад  Тарази,  Махмұд  Бин  Əли  ат-

Тарази,  Əбу  Таһир  ат-Тарази,  Шамс  Тарази 

сынды  ғалымдардың  шыққаны  осыған  дəлел 

бола  алады.  Əрі  парсы  жазбаларынан  ирандық 

ақындардың  жыр  шумақтарына  Тараздың 

аруларын, шеберлерінің жасаған садағын, еңселі 

атты  жауынгерін,  Тараздан  шыққан  сəнді 

киімін,  көрікті  шеберханаларын,  Тараздың 

арғымағын, тағы да басқа сүйікті жандарын өзек 

еткені  түркі  мен  парсы  жұртының  тарихи 

байланысы тереңде жатқанын көрсетеді. Мұның 

барлығы  да  Тараз  шаһары  ислам  əлемінде 

мəдени-ғылыми  сипаттағы  орталықтың  бірі 

болғанын  дəлелдей  түседі.  Жалпы  осындай 

ықпалдастықтың  салдарынан  ортағасырлық 

кезеңде  көптеген  түркі  сөздері  парсы  тіліне 

енді,  керісінше  көптеген  парсы  сөздерін 

түркілер  қабылдады.  Сонымен  қатар  көптеген 

ортақ сөздерге де тоқайласты. 

Мəселен,  қазірдің  өзінде  түркінің  «аға» 

мен  «ханым»  деген  екі  сөзі  парсылардың 

күнделікті  тіршілігінде  кеңінен  қолданылып 

келе  жатыр.  Есесіне  қазақ  тілінде  парсының 

«мырза-əмір  текті» (мыр – «əмір»  сөзінің  қыс-

қартылған  түрі,  за – «зада»  сөзінің  қысқар-

тылған  түрі, «туған»  деген  мағынада),  яғни 

«əмірзада»  сөзінің  қолданылуы  екі  елдің  терең 

мəдени ықпалдастығын көрсетеді . 

Сондай-ақ,  тəжіктердің  тілінде  де,  қазақ 

тілінде  де  көптеген  ортақ  сөздер  қазірге  дейін 

қолданылып  келе  жатыр.  Садреддин  Айнидің 

(1878-1954) «Естеліктер»  кітабынан  алынған 

сөздерді  мысал  етіп  келтірейік:  бөлек,  өгей, 



химше  (қамшы),  руимал  (орамал),  хуржин 

(қоржын),  таңге,  құда,  майда,  ақсақал,  бай, 

саудагер, 

кембағал, 

көрпе, 

қорғашим 

(қорғасын),  ябан  (жапан),  йамақ  (жамау), 

қожайын,  йəнге  (жеңге),  ай,  той.  Тіпті  «той» 

жəне «тойдан кейін» деп аталатын екі тарауына 

қарап  той  сөзі  қалыпты  қолданыстағы  сөзге 

айналғаны  халықтық  салттың  екі  ел  арасында 

қаншалықты жақын екендігінен хабар береді . 

Ал  парсы  жəне  қазақ  тілдерінде  ортақ 

сөздер  мыңдап  саналады.  Оның  көпшілігі  діни 

қиссалар, 

діни 

ағартушылыққа 



арналған 

шығармаларда  ислам  дініне  қатысты  ортақ 

терминдер,  мұсылман  елдерінің  ортақ  рухани 

қазынасы  болып  есептеледі.  Мəселен,  Құдай, 



пайғамбар,  періште,  рух,  намаз,  ораза,  құрбан 

айт,  сахаба,  имам,  мешіт,  тақуа,  жəннат, 

ібіліс,  шайтан,  тозақ,  жын  сынды  сөздер 

мұсылмандардың 

дүниетанымына, 

өмірлік 


философиясына,  психологиялық  ахуалына  əсер 

11


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



етері  хақ.  Тіпті  «крест»  сөзінің  баламасы 

ретінде  енгізілген    парсының  «шармых» – 

қазақша  айтқанда  «төрт  шеге»  сөз  тіркесі  де 

қазақ  тіліне  кіріп  үлгерді.  Осы  сияқты  тағы 

бірталай  сөздер  мұсылман  елдерінің  дін 

бірлігіне  негіз  болды.  Соның  арқасында 

олардың  арасында  рухани-мəдени  байланыстар 

нығая түсті. 

Түрік  халықтарының  парсы  тілі  мен 

əдебиеті, 

жалпы 

алғанда, 



мəдениетімен 

байланысы тек қана Орталық Азия түріктерімен 

шектелмей, 

Иран 


жерінде 

əрі 


Шығыс 

Түркістанда,  Анадолыда  да  тоқайласып  жатты. 

Парсы тілінің жан-жаққа кеңінен қанат жаюына 

Үндістанда  Зəһиреддин  Бабыр  үлес  қосты. 

Анадолы,  яғни  қазіргі  Түркия  жерінде  Осман 

империясы (1299-1922ж.)  билігінің  шарықтау 

шағы  кезінде,  ХVІ-ХVІІ  ғ.  аралығында,  парсы 

тілі  мен  əдебиетінің  дамуына  дəнекер  болды. 

Сондықтан 

түркі 


халықтарымен 

парсы, 


арабтардың  тілдік,  тарихи-саяси,  тарихи-

мəдениет  бағыттарда  ортақ  құндылықтарының 

көбейе 

түсуі 


ислам 

діні 


ортақ 

дін 


болғандығынан  еді.  Шығыс  Түркістанда  да 

Саид  ханның  хандығы  кезінде  араб,  парсы 

елдерінің  классикалық  əдеби  туындылары 

түрік-ұйғыр 

тіліне 

аударылып, 



ислам 

мəдениетінің ортақ тұстары арта түсті. Османлы 

ғалымдары 

да 


белгілі 

дəрежеде 

Иран 

поэзиясының əлемдік руханият сарайына енуіне 



алтын қақпа болды. Олай дейтініміз, 1389 жылы 

Хафиз көз жұмған күннің ертеңіне Шираз халқы 

ұлы ақынмен қоштасса да, оның рухы жылт етіп 

ұшқындай  бастап,  əлемнің  рухани  кеңістігіне 

сəулесін  шаша  бастайды.  Бұл  алғашқы  кезде 

ауыздан - ауызға ілігіп, біртіндеп кең қанат жая 

бастаса,  келе-келе  Осман  империясының  билік 

құруы 


кезінде 

аталмыш 


империяның 

аймақтарында  екі  тілді,  озық  ойлы,  шығыс 

«бұлағының»  кəусар  дəмінен  сусындаған 

зерттеуші  ғалымдар  Хафиз  ғазалдарына  шарх 

(«түсінік») 

жазып, 


əлем 

жұртшылығына 

ұсынған. 

Хафизтану саласындағы елеулі əрі бағалы 

еңбектер – «шархтар».  Бұл  тəсілдер  мұсылман 

елдерінің  ғылымында  еңбектерге  түсінік  жазу 

дəстүрге  айналған  əрі  ғылыми  танымның 

ерекше  жолы  болып  есептелген.  Қасиетті  кітап 

«Құранға» байланысты жазылған тəпсірлер көп. 

Ислам 


ғалымдары 

тəпсірді 

исламтану 

ғылымының  ауқымды  арнасының  бірі  ретінде 

бағалап  отыр.  Белгілі  философ  əл-Фараби  де 

Платонның,  Аристотельдің  еңбектеріне  түсінік 

жазған. «Шарх» кез келген еңбекке байланысты 

жазыла  бермейді.  Ол  əдебиет  не  ғылым  сала-

сындағы 

құнды 


да 

қажетті, 

көпшілік 

сұранысына  ие  болған  туындыға  ғана  арнайы 

жазылады.  

Хафиз «Диуанына» шарх жазған алғашқы 

ғалымдар түріктер болды. Соның ішінде Хафиз 

өлеңдерін  жат  өлең  жолдарынан  тазартып, 

əуелгі  қалпына  келтіруде  түрік  ғалымы  Суди 

елеулі  еңбек  етті.  Оның  жасаған  редакциясы 

кейінірек  Хафиз  өлеңдерінің  канондық  мəтіні 

ретінде Еуропа тілдеріндегі басылымдарға негіз 

болды. 

Судидің  Хафиз  туындыларының  басты 



ерекшелігін  дөп  басып  беруі  зерттеушілердің 

назарын аударып, ілтипатына ие болды. 

Түрік 

тілінде 


хафизтану 

саласына 

жазылған Сорури мен Шəмһи шархтары өзіндік 

салмағы  бар  танымал  еңбек  болса,  Суди 

қаламынан  шыққан  түсінік  толыққанды  еңбек 

болып  табылады.  Қазір  Хафизге  арналған 

ағылшын, француз жəне түрік тіліндегі зерттеу-

лердің  көбі  Суди  шархына  сүйенеді.  Оның 

негізгі  сыры  Судидің  ақын  қолданысындағы 

сөздердің  лексикалық  мағынасына  тоқталып, 

халық  тіліне  барынша  жақындатуында,  яғни 

оның  шархтары  қарапайым,  оқырман  қабыл-

дауына жеңіл болды. Соның арқасында еуропа-

лық елдер арасында кеңінен тарады. 

Ортағасырлық мұсылман мəдениетіне тəн 

сипаттардың  бірі  қолжазба  кітаптың  кеңінен 

таралуы.  Мамандардың  шамалап  есептеулері 

бойынша,  бір  уақытта  болған  араб  қолжазба-

ларының ғана жалпы саны бес миллионға жуық, 

ал  қазір  дүние  жүзінде  алты  жүз  отыз  мыңға 

жуық  араб  қолжазбасы  бары  айтылып  жүр. 

Біздің  заманымызға  дейін  жеткен  парсы 

қолжазбаларының  жалпы  саны  екі  жүз  мыңнан 

кем  емес.  Ал  ортағасырлық  түркі  қолжазбала-

рының  саны  ондаған  мыңға  жетеді.  Мұның  өзі 

түрік халықтары мен араб-парсы елдерінің орта 

ғасырда  саяси-мəдени  байланыстарының  тамы-

ры тереңде болғанын айғақтайды. 

Мауароннəһр  мен  Хорасанда  мұсыл-

мандар  оңды  нəтижелерге  қол  жеткізді.  Саяси 

күштердің  саяси  билікке  таласудағы  қақтығыс-

тары  да  ислам  қоғамындағы  демократиялық 

теңдік жəне мəдени-ғылыми ізденістерге кедергі 

бола  алмады.  ХІІ-ХV  ғасырлар  аралығында 

ислам  дінінің  арқасында  түркі,  парсы,  араб 

елдері  арасында  мықты  рухани - мəдени 

байланыс  орнықты.  Үштіктің  ғалымдары  үш 

елдің  ғылыми  орталық  шаһарларында  білім 

алуға, білімін жетілдіруге жəне ұстаздар алмас-

тыруға  мүмкіндіктері  мол  болды.  Екіншіден, 

араб,  парсы,  түркі  тілдерінде  үш  елдің 

мəдениеті,  тарихы,  əдебиеті  жайында  көптеген 

еңбектер  жазылды.  Сол  жазба  еңбектер  батыс 

ғалымдарының  зерттеу  еңбектері  арқылы 

12


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



əлемдік адамзат өркениетіне өзіндік үлесін қос-

ты. 


Ежелгі  Иранның  Ахемени  əулетінен 

шыққан  ұлы  Дарий  патша  (б.з.б. 521-486 ж.) 

мемлекеттің баянды болуында тіл мен діннің бір 

болуы  керектігін  ұрпағына  өсиет  етіп  кеткен. 

Ал  тілі  мен  діні  бір  болмаған  елдердің  ділі  де 

түрленіп,  алауыздыққа  жол  ашатыны  анық. 

Бұған  мысал  ретінде  түрік  халықтарының  да 

ортағасырлық  тарихынан  ұйғыр  халқының 

ілгерідегі  буддизмге,  зорастризмге,  несториян-

ға, 


даосизмге 

сеніп, 


діни 

нанымдағы 

алауыздықтарға барып, бірін-бірі жеккөріп, ұзақ 

уақыт  бойына  бір-бірімен  қырғиқабақ  күн 

кешкен  немесе  дін  үшін  қырқысып  отырған 

жайларын  айта  аламыз.  Ұйғыр  халқының  түрлі 

діни  ағымдағы  өкілдерінің  өзара  тартысы  да  ел 

ынтымағына  дін  факторының  қаншалықты 

ықпалы  бар  екендігін  дəлелдей  түседі.  Сондай-

ақ  жайнап  гүлденген  Ливан  мемлекетінің  түрлі 

діни  ағымдар  мен  секталардың  көбейіп  кетуі 

салдарынан 

қаншалықты 

зардап 


шегіп 

жатқанын  айтсақ  болады.  Көп  дінді  елдің 

ынтымағын  бұзу  пейілі  отаршыл  күштерге 

қиынға  соқпайтыны  да  айқын.  Бір  елдегі  діни 

ағымдардың,  жасанды  діндер  мен  секталардың 

саны  мен  белсенділігі  артқан  сайын  сол  елдің 

алауыздығы өрши түседі.   

Йасауийа, 

Кобрауийа, 

Нəқшбандийа 

тариқаттарының  арқасында  түркі  елі  исламдық 

сенімдегі  тұтастыққа  қол  жеткізе  білді.  Соның 

игі  нəтижелерінің  салдарынан  қазіргі  уақытқа 

дейін  түркі  əлемінде  діни  секталық  алауыздық 

туындамай,  рухани  ынтымақтастықпен  өмір 

сүріп келе жатыр. Дəл осы тұрғыдан, яғни түрік 

халықтарын  ислам  дінінің  сұнни  ханафия 

мəзһабына  тұтастай  баули  білгендері  үшін 

Йасауи, Кобра, Нақшбанд сынды ұлы мұсылман 

сопыларды  құрмет  тұтып,  олардың  салған 

ынтымақ  жолын  алауыздыққа  алып  баратын 

діни  секталардың  қарқынды  ағымынан  қорғап 

қалу  қазіргі  жəне  ертеңгі  ұрпақтың  міндеті 

болмақ. 


Түркі  тілінің  халық  арасында  кеңінен 

қанат  жайып,  өріс  алуына  Жүсіп  Баласағұн, 

Махмұд  Қашғари,  Қожа  Ахмет  Йасауи  сынды 

ойшылдар  көп  үлес  қосқанымен,  саяси  билік-

тегілер  түркі  тіліне  елдердің  ынтымақ  тірегі 

болуы  үшін  өзіндік  мемлекеттік  концепциясын 

жасай  алмады.  Бұл,  өз  кезегінде  кеңестік 

дəуірде  жасалған  жоспарлы  түрдегі  саяси 

шабуылдардан  қорғана  алмағандықтан,  қазіргі 

түркі  тілдерінің  бір-бірінен  алшақтауына  алып 

келді.  Өйткені  шағатай  тілі  барлық  түрік 

халықтарының  ортақ  əдеби  тілі  ретінде  кеңес 

дəуірі  басталғанша  қолданылғанымен,  мемле-

кеттік  концепциясы  жасалмағандықтан,  түрік 

халықтарының ортақ ынтымақ тірегі болып қала 

алмады.  

Мұсылмандар  арасына  ислам  діні  сүнни 

мəзһəбінің  таралуына  парсы  жəне  түркі  халық-

тарының  ақындары,  сопылары  мен  ғалымдары 

елеулі  үлес  қосты.  Мəселен,  ирандық  шейх 

Жүсіп  Хамадани  сүнни  мəзһəбінің  Ханафия 

фиқһын  ұстанған  ұлы  сопылардың  бірі-тін. 940 

жылы  Сұлтан  Сатұқ  Бұғра  хан  өз  мемлекетінің 

дінін ресми түрде ислам діні деп жария етсе де, 

исламияттың  алға  жылжып  өрістеуі  өте  баяу 

болатын.  Қожа  Ахмет  Йасауи  мен  оның 

ізбасарларының тынымсыз күресінің арқасында 

түркі  əлемі  ислам  дінінің  сүнни  мəзһəбіна  бір 

ауыздан  бекінді.  Сүнни  мəзһəбі  үшін  түркі  мен 

парсы  ақындары  мен  ғалымдары  Жүсіп 

Хамадани,  Қожа  Ахмет  Йасауи,  Нəжмеддин 

Кобра,  Нəқшбəнд,  Əлішер  Науаи,  Əбдірахман 

Жəми,  Абдолла  Əнсари,  Шейх  Аттар,  тағы 

басқа  ислам  дүниесіне  əйгілі  сопылар  тарапы-

нан  ғасырларға  созылған  күрестің  үздіксіз 

жүргізілгендігінің  арқасында  түркі, парсы, араб 

халықтарының  арасында  исламның  сүнни 

мəзһабі  орнықты.  Бұл  саяси  тұрғыдан  да  ел 

ынтымағының  кепілі  болған-ды.  Ислам  дүние-

сінің  ғалымдары  исламиятқа  деген  іңкəрлік 

түйсікпен бəрінің ортақ мүддеге ойысуына негіз 

болды.  Соның  арқасында IX- XV аралығы 

мұсылман  елдері  үшін,  саяси  қайшылықтарға 

қарамастан,  өрлеу  дəуірі  болды. XV ғасыр 

шеңберінде  ислам  əлемінің  ресми  түрде  екі 

мəзһабға (сұнни, шийт) бөлінуі ислам елдерінің 

трагедиясына  айналды.  Бұл  түйін  қазіргі 

уақытқа  дейін  өз  шешімін  таппай,  дертке 

ауысып  бара  жатқандай.  Оның  үстіне  исламға 

қарсы  топтар  мұсылман  елдерінің  ішкі  қайшы-

лықтарын  одан  əрі  тереңдетуге  бар  күшін 

жұмсап келеді. 

Исламның  өрлеу  дəуірінің  тарихына 

қанық, исламның  рухани  биіктігіне  көзі  жеткен 

Абай,  ислам  əлемінде  пайда  болған IX-XV 

ғасырлар  аралығындағы  рухани-мəдени  қай-

нардан  сусындаған  данаға,  ислам  дүниесінің 

ойшыл  ақынына  айналды.  Сол  үшін  де  Абай  -

шығыстың 

исламдық 

кеңістігінің 

рухани 


перзенті.  Абайды  тану  қазақты  танумен  бірге, 

исламды  һəм  түркі,  араб,  парсы  елдерінің 

мəдениеті мен əдебиетін тану іспеттес. Сондай-

ақ  Абай  жолымен  Шəкəрім,  Мəшһүр  Жүсіп, 

Тұрмағамбет  сынды  ойшыл  ақындарымыздың 

шығармаларын  исламдық  дүниетаным  арқылы 

зерделеу  қазақтың 1260 жылдық  соңғы  рухани 

белесін  бедерлей  түседі.  Ғасырлардан  келе 

жатқан  тарихи  белестеріміз  елді  бірлік  пен 

ынтымаққа  жетелейтін  шамшырақтай  сəуле 

шашып,  нұрлы  əлемге  шақырып  тұрғандай 

болып  көрінеді.  Өйткені  Абай  сияқты  ұлы 

13


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



ойшылдар  ел  тарихына  тереңдеп  үңілу  арқылы 

елдің  мыңдаған  жыл  бойында  жинаған  рухани 

қуатынан нəр алып, қоғам өмірінің жаңа белесін 

терең  бейнелеген  шығармалары  елінің  баянды 

өмір  сүруінің  басты  рухани  негіздерінің  бірі 

болып  табылады.  Сондықтан  əр  халықтың 

тарихын,  мəдениетін,  рухани  құндылықтарын 

дұрыс пайымдау, сақтау, дамыту əр кезеңдегі əр 

ұрпақтың міндеті болып қала бермек. 

 

                                                                      * * * 



 

 

Ж. Молдабеков 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет