Комитетінде тіркеліп 24. 12



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата12.03.2017
өлшемі3,42 Mb.
#9212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

АБАЙ МЕН АДАМТАНУ 

Аннотация.  Мақалада  қарастырылған  мəселелер.  Абайдың  философиялық  көзқарасы. 

Абайдың антропологиясы. Абайдың шығармашылық даралығы.  

Тірек сөздер: Абайтану, көзқарас, антропология, мораль, философия. 

Ж. Молдабеков 

АБАЙ И АНТРОПОЛОГИЯ 

Аннотация. 

Вопросы,  рассматриваемые  в  статье.

  Философский  взгляд  Абая.  Антропология 

Абая. Творческий талант Абая. 

Ключевые слова: Абаеведение, 

мировозрение, антропология, мораль, философия

Zh. Moldabekov 

ABAI AND ANTROPOLOGY 

Abstract. The issues dealt in this article. Philosophical view.  Antropology of Abai. Creative talent 

of Abai. 

Keywords: Abai studying,

 

view, anthropology, morality, philosophy. 

 

Абайтану — Абай мұрасының төте жолы, 

адам  мен  дүние  мəселесіне  барып  тірелетін 

философиялық  көзқарас.  Кең  мағынада  абай-

танудың  «өз  заманындағы  қоғамдық  мəселе-

лерге, ақьндық, көркемдік, эстетикалық мəселе-

лерге,  тəрбиелік,  ұстаздық,  педагогикалық 

мəселелерге,  əсіресе  адам  мен  адамгершілік, 

ұждан,  мораль  философиясына  төтелей  қаты-

насы  бар».  М.  Əуезов  ескерткен  Абайдың 

осындай  мұралары  əр  қырынан  талдануда. 

Десек  те,  абайтануды  өмірдің  ұлы  ақиқатымен 

ұштастырарлық  ізденістер  үнемі  жаңарып 

тұрмаса  əрі  абайтанудағы  ақиқатты  əр  қауым-

ның  құлағына  құйып,  санасына  сіңірмесе,  онда 

ұлттық  мəдениетте  жалғастық  баяулап,  дəстү-

ріміздің тұтастығына нұқсан келмек. 

Абай шығармасы арқылы қазақ халқының 

XIX  ғ.  екінші  жартысындағы  тағдыры  мен 

тауқыметін терең, толығырақ тани аламыз. Абай 

жырлаған  қоғамдық-əлеуметтік  орта  өзгеше. 

Бірақ  оның  адамгершілік  ақиқатын  көрсетудегі 

шеберлігі  əрқашан  маңызды.  Өйткені  өзінің 

көзқарасы, дүниетанымы, мақсат-мүддесі жағы-

нан Абай бұл ортадан мүлде басқа. 

Қазіргі  зерттеушілер  Абайды  жаңа  орта-

ның  үлкен  азаматы,  ақылгөй  данасы,  тəлімгер 

ұстазы  ретінде  көрсетуге  аса  назар  аударуда. 

Егеменді елге мұндай тұлғаның бейнесін жасау, 

жаңа  орта  тұлғасы  қалай  қалыптасатынын 

көрсету — үлкен  мəселе,  өрнек,  үлгі.  Тұлғалар 

қашанда болмасын көптеген буындардың заман-

дасы əрі тіректері. 

Абай  тұлғасымен  табысу.  Абай - өз 

заманының  ұлы  тұлғасы.  Тұлға  ұмтылысы 

халық тағдыры тұйыққа тірелгенде көш бастай-

ды,  тың  бастамаға  себепкер  болады.  Осы  ретте 

тұлғасы  бар  ел  тиянақтылыққа  ұмтылады, 

туралықты калайды. 

XIX  ғ.  қазақ  халқының  тағдырын,  рухани 

байлығын  отар  саясаты  мен  іштей  жіктелу, 

қазақ  мемлекетінің  жойылуы  мен  халық 

санасындағы  мемлекеттік  ойлау  жүйесінің 

өшуін  азғындатты,  алалады.  Заман  тапшылы-

ғында,  болмыс  тартысында  жəне  ішкі  рухани 

қайшылықта  көпшілік  əбден  жалтаққа  ұшы-

рады, бағдарынан ауытқып, бос сенделуге ұрын-

ды.  Елдің  тіршілік  тынысы  тарылды,  халық 

ынтымағы  шайқалды.  Дүрбелеңі  əрқалай  осын-

дай кезде халық жарасымдылығы мен жасампаз-

дығын  демейтін  табан  тірескен,  белді  төрешіл 

іс-əрекетке  мұқтаждық  көбейді.  Елдің  ойымен 

де,  беделімен  де  топтастыратын  зерделі  тұл-

ғаларға деген үміт пен сенім көп көңілінен орын 

алды.  Қазақ  сахарасында XIX ғ.  идеясы  мен 

ізденіс  шоқтығы  биік  жұлдыздардың  сап 

құрғандығы да осыдан шығар. 

Абайдың  азаматтық  көзқарасы  мен 

идеялық  бағдарламасына  ықпал  еткен  ныса-

налар  аз  емес.  Ол  халық  болмысын  адамның 

кісілігімен,  қабілет-қасиетімен,  құдіретімен, 

тағдырымен  түсінісуге  күш  салды.  Бір  жағы, 

14


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



халқының  өмірін,  өнерін,  бірлестік  рухын 

ізгілік-əлеуметтік  өлшеммен  саралады.  Көңілі 

құлазыған  көпті  көрген  Абай  «соқтықпалы 

соқпақсыз  жерде»  ерте  есейді.  Сор  заманның 

зор  қыспағында  жəне  арпалысы  мол  мақсатта 

тез ширады. 

Абай  ұлылығы — оның  тұлғалық 

даралығында,  өмірге  деген  рухани-əлеуметтік 

жауапкершілігінде,  адам  болмысында  үлкен 

қозғалыс  тудырар  өнерінде. Ал  ұлылық  жаңару 

жетістігінде  екені  мəлім.  Əйтсе  де  жаңару 

ұмтылыс  серпілісінен  басталатынын  ескерген 

абзал.  Онсыз  тарихтың  да,  тұлғаның  да 

тағылымын түсіну екіталай. 

Ақын  өмір  сүрген  дəуір — қазақ  өзін-өзі 

ұғынуға  ұмтылса  да  өз  тағдырын  өзі  айқындау 

мүмкіндігіне  қолы  жетпей,  əрі-сəрі  абдырап 

қалған  кез.  Жалпы  Ресейде,  сондай-ақ  қазақ 

жерінде - үлкен алыс-жұлыстар, ірі араздық пен 

партиялардың табан тіресінің асқынған кезі. Бұл 

əлеуметтік  жіктелу  мен  мүліктік  теңсіздік  ел 

билеудегі  саясатты,  дін  таратудағы  харекетті 

тұғырықта  тұншықтырды.  Халқымыз  бағдарын 

таңдау  құқығынан  айырылып,  жұртымыз  өз 

елінің  шынайы  қожайыны  екендігін  сезіне 

бермеді. 

Оның 

үстіне, 


заман 

тозғанда, 

тарылғанда  елдің  ұсқыны  кетті,  рухани 

жұтаңдық  пен  рухани  тəуелділік  тамырлай 

түсті. «Елдегі  еркек  босқа  селтек  құрып  елін 

қармады.  Елде  жақсы  қалмады».  Аумалы-

төкпелі заманда «ел билеген адам жоқ, ел билей 

алмаған  билер  жоқ».  Елі  бұзық  табанымен 

тозды,  құр  жүгіріп  тарпылды.  Өзінен  шыққан 

жақсылар  кесепатты  түзей  алмай  зорықты, 

борышын  түгел  бере  алмай  көп  пысыққа 

молықты, көрінгенге обықты. 

Не  керек,  аққа  тартқан,  жөнге  қайтқан, 

ақыл  айтқан  өлең  де  жоқ. «Бір  кісі  мыңға,  жөн 

кісі  сұмға  əлі  жетер  заман  жоқ».  Мұндай 

қағынған  кезде  ел  жоғын,  халық  жоғын,  адам 

жоғын  іздестірушілер  некен-саяқ  қана  болды, 

дарындыларды  елеп,  көзге  алушылар  шамалан-

ды,  зиялылар  жаманға  жүзін  сарғайтты.  Себебі 

адам  болмысын  күштілердің  сөзіне  бас 

изейтіндер де, əлсіздердің бейшара үнін салғырт 

тыңдайтындар  да  босаңсытты,  екіжүзділік 

тұсады.  Екі  қасиет  те  орнықсыз  шала  ұғымнан 

мағына  тапқызды,  теріс  пиғылға  жығылды, 

жақындарды  жау  етті.  Ел  азаматын,  пенде  елін 

аңдыған  кез  туды.  Осындай  көмексіз  қалған 

кезде  қан  бұзылды,  көмекей  тарылды.  Ұрпақ 

өзгерсе  де  қазақ  даласындағы  əділетсіздік 

əлсіремеді.  Тіпті  дөрекі  тұл  мен  кертартпа 

қатыгез  уақыт  өз  талабын  көлденең  тартты: 

«Замана замандасқа жағын дейді, тағдырға көн, 

бүгінге  бағын  дейді».  Сайып  келгенде,  зары 

тиылмас 

сорлылар 

бар 

əділетсіздікке, 



ақталмаған  үміт  азабына  іштей  тұншығып 

көндікті. Əйтеуір, жарқын сезімге емес, мылқау 

дүниеде  көрген  қоқысқа,  калдыққа  көмілді.  Ел 

бұзылса, шайтан өрнек табадының керісі келді. 

Таршылық  пен  тапшылықта  налыс  пен 

үміт  қатар  тайталасты,  бірде  адасқан  арман 

ұлғайды.  Жүретін  запыран  кернеген  көңілі 

ашықтарда ұлыстың ұлы мұратын аңсар, ұлтты, 

салт-дəстүрді мархабаттар сезім оянды. 

Абай  тұлғасы  қазақтың  əлжуаздықтан 

арылып,  жетексіз  дүниенің  ыңғай-ырқына 

сабылып,  дөрекі  қылықтарға  бірде  ұрынып, 

бірде 

бұрылып, 



діңкесі 

жұқаланғанда 

қалыптасты,  ондағы  əлеуметтік  тартыс  пен 

үлкен  мақсатқа  икемдейтін  ығы-жығы  дүмпуде 

қатайды,  ішқұса  болып  жүргендерді  алаңдатты. 

Тұлғалар  болса,  адал  касиетті,  адалдықпен 

хақиғатқа  жол  бастауды  бойдан  жоғалта 

қоймады.  Абай  тұлғасы — жан  мен  тəн 

саулығының,  зерде  мен  парасат  шоқтығының 

зəулім  бейнесі,  тəңір  берген,  салт-дəстүрге 

иленген 

қабілет-қасиеттердің 

тұтастығы. 

Тұлғаның тірегі - рух пен ерік, ырқы - сана мен 

сенімге  серік,  шешімі - жетістік  пен  үмітке 

берік.  Бəрі - өркениеттің  нышандары.  Абайдың 

көздегені  де  осы  өркениет  талабынан  туында-

ғандай.  Дəлірек  айтсақ,  қазақ  қауымының  əзіне 

адамгершілік  жолын  салу,  еркіндікке  бойлаған 

қуатын  дөп  көрсету,  ел-жұртты  топтастыратын 

тəсілдермен  табыстыру - Абай  сана-сезімін 

сомдаған  ірі-ірі  ұйытқылар  десек,  онымыз 

артықшылық емес шығар. 

Абай  тұлғасы - еңбек  пен  ерлікте, 

ұмтылыс пен төзімділікте жол тапқан, елдің де, 

намыстың да жүгін артқан нардың беделі. Өзін-

өзі  көрсететін,  өзгеге  танытатын  мығым  күш, 

адамдықты  сыйлатқызатын,  халықпен  сиысты-

ратын, қауымдықты қолдайтын үлгі-өнеге. Абай 

келбеті  жүрек  жырында,  адам  жарасымды-

лығына  Жетелейтін  сүйіспеншілікте,  ынтымақ-

ықыласқа  жақындатқызатын  кең  пейіл  үмітте 

марқайды.  Ол  қазағының  жан  азабын  толғады, 

еті  тірі  алаштың  тіліне,  діліне  қуат  берем  деп 

арпалысты.  Тектіні,  естіні,  ерлерді,  өнерпазды 

топтап, тыным таппады. 

Абай  тұлғасы  пендешілік  пен  тобырға 

қарсы күресте адамды жатсындыратьш қаулаған 

қылықтармен  тіресуде  шынықты.  Бұл  күресте 

əркім  өзінше  жеңіске  жетті.  Күресушілер  езі 

үйреніп  тұйықталған  нəпсінің  құлы,  əлжуаз-

дықтың  тұтқыны  болып  қалатынына,  ал  жаңа 

талапқа  əлсіз  тобыр  тіршілікке  жат  көзбен 

алаңдап, даландаудан өктемдікке ауытқитынына 

күдіктенбеді.  Абай  ақ  жолға  жанын  садаға 

еткендей. 

Абай - ыстық  жүрек,  қайсар  ерік,  терең 

парасат  теңдігін  тапқан  ерекше  тұлға.  Абай 

15


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



қасиеті  ел  құдіретіне  сенгенде  əрі  кенгенде 

тұтанды,  тураланды,  ал  болмысы  қазақ 

халқының  үш  бірдей  өлшемінде - тартыста, 

шегіністе,  шабуылда  шынықты.  Əлгі  тартыс, 

шегініс,  шабуыл  қазақ  əрекетінде  үш  бірдей 

күшті - жағымды,  теріс - жағымсыз  жəне 

бейтарап 

күшті 


қалыптастырды. 

Қазақ 


бойындағы  жəне  Абай  мінезіндегі  осы  үш 

бірдей күштің арасалмағы бір-біріне сəйкес келе 

бермеді.  Жанды  жаралар  опасыздар  мен 

данғазаларға  қаны  қарайған  Абайда  əр  күштің 

анағұрлым  белсенді,  айқын,  қарқынды  болғаны 

даусыз.  Қарқын  тұрмыстағы  сырты  бүтін,  іші 

түтін  қарекеттен  ғана  қуат  алған  жоқ.  Оның 

қозғаушы  күші - ішкі  рухани  қайшылықта. 

Осыдан  Абай-индивид  пен  Абай  тұлғаның 

қалыптасуы,  дамуы  бірде  қабаттасты,  бірде 

кезектесті,  біртіндеп  рухани  күштің  үстемдігі 

орнады.  Дұшпаннан  көрген  қорлығы  жүрегіне 

сары  су  ұялатты.  Дегенмен  барлық  жағдай  да 

мінез-құлықтағы бір қалыпты жоймады. Өз ары 

мен  парызының  алдындағы  жауапкершілікті 

ұмытпады. 

Айтпағымыз,  заман  тынысы — Абай 

тынысы.  Абай  көк  пен  жердің  кереметін 

көкірегіне 

құндақтағанша, 

жаратылыспен 

жақындасар жолды мерейлегенше көп есітерлік 

өз  сөзін  айтқан  жоқ.  Жасынан  алғыр,  ойдан 

жырақ  өссе  де,  халық  өнерін  ұйып  тыңдаса  да, 

ол  көпке  не  айтарын  ұққанша  өлең  жазуға 

асықпағаны  мəлім.  Жастық  шақтағы  өзімен-өзі 

болған, ғұмырының. сақтық қорын жинаған кезі 

Абайдың  жайлы,  жұғымды  уақыты  еді.  Бірақ 

есерсоқтардан  етек  бастыны  көп  көрген,  ерге 

ерік  бермеген  не  оған  ермеген  жұртты  көрген 

жас  Абай  ерте  оянды,  əр  саққа  ой  жүгіртті. 

Іштей жүдеген жұрт шындық тəркіне ермеді, ал 

парасатты  ой  ерікке  тыныштық  бермеді. 

Əнтектік  пен  əпендінің  əңгірінен  көңіл  əркез 

қамықты, жанына қайғы батты. Сол бұлыңғырда 

«заман  түзелмей,  адам  түзелмейді»  деген 

тоқтамға  келді.  Тоқтам  деңгейінен  өзін-өзі 

іздеді,  берекесіз  болмысқа  басын  батыл  бұрды. 

Бірақ үлкен үмітке үлкен сүйеніш керек еді. 

Абайдың 


басынан 

қанағаттанарлық 

жағымды  да,  қиналтарлық  теріс  те  қарекеттер 

кезеңі  өтті.  Өмірінде  қарама-қарсы  күштердің 

шатысуына  əлденеше  себептер  ұйытқы  болды. 

Былықтың  бастамасын  Абай  бірде  қазақтың  ат 

жалындай  үкілі  шағын  тобы  мен  кейде  көптің 

аражік  тұңғиығынан  көрсе,  енді  бірде  қазақтың 

ескі өмір салты мен ол туралы дəрменсіз ойдың 

алшақтығынан  тапты.  Дəрменсіздікті  жіктелген 

заманның  берекесіздігі  үйді,  ол  білімсіздікте 

əрдайым күйді. Қазақ дүниесіндегі білместіктен 

заман  түзелмейді  деген  солақайлық  көңілді 

қожыратты.  Шалағайлыкта  келісімсіз  көз-

қарастың 

кереғарлығы 

күшейді. 

Өйткені 


жіктелген  заман  үш  бағытта  бүлінді,  іркіліп 

кездейсоқтыққа ілінді. 

Заттарды мүлікше иемденуге бейімделген 

қазақ  адамның  қарым-қатынастарын  заттық 

қатынастарға  балады  əрі  тұрмыс-салттың  əлеу-

меттік  деңгейін  мүліктік  байлықпен  бағалауды 

дағдыға айналдырды. Оның үстіне адам денесін 

«менікі»  деп,  өз  меншігіндегі  мүліктердің 

өлшем  құнымен  бағалады.  Заттық  мазмұндағы 

«менікі»  рухани-əлеуметтік  келбетті — «мені» 

ығыстырды. Ақыры, бағытын таппаған, əруақты 

аттаған, үлкен мұратқа  ұмтыла қоймаған тобыр 

қауымдық  ұйымның  қадірін  қандық,  жерлестік 

белгімен  шектеді.  Тұқым  қуалаушылық  пен 

биологиялық  фактор  рулық  қатынастың  негізін 

құрастырды, өркениетті үйір-үйірге келтеледі. 

Тарихтың  осы  əлеуметтік  дерттерін  бір-

бірінен  бөлежара  қарау  жөнсіз.  Əйтсе  де,  адам 

дене  қозғалысы  мен  дене  еңбегіне  берілген 

кезде  бірде  заттық  қатынасты  қоғамдық 

қатынасқа  ұластырады,  бірде  эмоционалды 

ойлану қызметіне бейтарап қарап, кейде ойлану 

қабілетін саналы емес, инстинкті мінез-құлыққа 

бағындырады.  Адамның  дене  құрылымы, 

денелік  қозғалу  қабілеті  оның  психикалық 

өміріне біржақты басым ықпал етеді. 

Көргенге  қызығу,  əуесқойлық  ұғымды 

талдауға  ырық  бермейді.  Талайлар  орта 

оқиғасын  ішкі  асаулыққа  біржақты  көндіріп 

бақты.  Байқаған  адам  біледі,  сезіне  білген  дəл 

қабылдайды  деген  қағида  бар.  Ол  желік-

кендердің  бəріне  бірдей  телінсе,  мұндайда  ескі 

өмір ескерусіз қалады да, адам болмысы туралы 

бірсарындылық  орнығады,  сайып  келгенде, 

өмірлік ой жүдеулігі жойылады. Мұның бəрі де, 

Абай  айтпақшы,  егінге,  саудаға,  өнерге, 

ғылымға  күрме  мен  кедергі,  іштегі  кедергі 

көзқарас  тарлығына  бейімдейді,  өзі  тəуелді 

ұлық-болыстарға бас июге мəжбүр етеді. 

Оның  үстіне  дүние  мен  нəпсіге  бой 

ұрғандар - сүрінумен  аяғын  көп  шалдырғандар. 

Нəпсіге аптыққандар шынның жүзін араздықтан 

көре  алмайды,  жақсы,  тиімді  сəттерді  уыстан 

шығарады. Ал ес-дерті мен жан-сезімі қиналған 

жайда  «бір  күндік  өмірін  бар  малына  сатып 

алмақ» бетінен қайтпайды. Еліктеп ерегесушілік 

делебені  қоздырады,  тек  ой  мен  істі  оздыра 

алмайды.  Онсыз  елдік  көңіл  жайлауына 

қонбайды,  елдіктің  тозу  себеп-заңдылықтарын 

түсіндіру қиындайды, ойға келмейді. 

Жұрттық, 

қауымдық 

сана 

мүліктік 



қатынастың  шеңберінен  шықпайды.  Тыныс 

тарыққан  кезде  «дүниеге  дос  ақиретке  бірдей 

болмас.  Екеуі  тап  бірдей  орныға  алмас»  деген 

Абай  сөзінің  ақтығына  күдіктенуші  табылмас. 

Тыныс  тарылғанда  «сұм  дүние  тонап  жатыр. 

16


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



Ісің  бар  ма,  баяғы  күш,  баяғы  түсің  бар  ма?» 

деген Абай сұрағы есіңе түседі. Өйткені зорлық, 

сұмдық, пасықтық жұрт жігерін жасытқаны бар 

емес пе!? 

Бұл,  бір  жағы,  парыз  бен  қарызды 

айқындауға  демеулік,  бір  жағы,  өмірден  өзін 

іздеудің,  өзгеге  қарсы  қоюдың  бастамасы. 

Екеуінің 

де 

алғышарттары 



қилы-қилы. 

Солардың  қатарында  табиғаттағы  заттық 

ұқсастықтан  рухани,  ішкі  тұтастыққа  өту 

мəселесі  немесе  өтеуге  мұрша  бермейтін 

өкінішті  орағыта  білу.  Мысалы,  туған  жер, 

туған ел қадірі адамның асқақ ой, ыстық жүрек, 

қайсар  жігер  қуатында  шымырланса,  тура 

шындық  пен  тумалық  сезім  адам  бойында 

жұпталмақ. Онда əлеуметтік-психикалық өлшем 

- «Менді»  дараламақ.  Содан  «менікі»  деген 

мүліктік  бағдар  «мен»  деген  əлеуметтік  талғам 

мен талдау барысында толастайды. «Менікі» тек 

оқиғалық,  біртекті  заттық  өлшеммен  ғана 

анықталады.  Мұндай  сыңар-жақтылық  адам 

қызметін  келте  бағалайды.  Соны  дəл  түсінген 

Абай: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес. Ол бірақ 

қайтып  келіп,  ойнап-күлмес. «Мені»  мен 

«менікінің»  айырылғанын, «Өлді»  деп  ат 

қойыпты  өңкей  білмес», - дейді.  Абай  үшін 

«Мен»  өлмейді.  Өйткені  ол - рухы  өрлейтін, 

өнерсізге  ермейтін,  біртума  азаматтық.  Жүрек 

санасын 


қозғайтын, 

көңіл 


рахаты 

мен 


парасаттан  озбайтын  күй. «Мен»  мақтан 

мінездің  жұлыны  емес  немесе  кейіптің,  оқшау 

көрінісі ғана емес, адам ғұмырының əлеуметтік 

əрекет-ісінің шоқтығы. Оның негізі - адал еңбек, 

ақ жүрек, арлы ақыл. Онда - кісінің қайраты мен 

айбаты,  таңдаған  жолдың  дұрыс  бағдары. 

Осыны ескерген Абай: «Өмір жолы - тар соқпақ, 

бір  иген  жақ.  Иілтіп,  екі  басын  ұстаған  хақ. 

Имек  жолда  тиянақ,  тегістік  жоқ.  Құлап  кетпе, 

тура  шық,  көзіңе  бақ»  деп  өмірден  түйгенін 

ағынан  жарыла  айтады.  Бұл  құбыжық  талаптан 

сақтанудың амалындай. 

«Мен» адамның өзінен жақсылы-жаманды 

қайрат-күш  алады,  ортадан  қорған  не  қорлық 

табады. «Иə, адам баласын заман өсіреді, кімде-

кім  жаман  болса  замандасының  бəрі  виноват». 

Абай  замандастар  кінəлі  дегенде,  талантты 

танымаған,  ақыл-парасат  дарымаған,  арын 

сатқан, жалтақ харекетсіз билігін немесе бассыз, 

басқарусыз  қалған  тобырды  айтады.  Тобыр - 

кісімсінген  білімсіз  көп,  сөз  танырлық  кісісі 

тым  аз-ақ. «Мал  үшін  тілін  безеп,  жанын 

жалдап, мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап» 

күнін  көруші  жат  мінезділер.  Соңғылар  не 

керек, «терең ой, терең ғылым іздемейді. Өтірік 

пен өсекті жүндей сабап», əйтеуір дөрекі сөзбен 

ісін,  бөтен  идеямен  ойын  қақтайды.  Елін 

танымай,  жеке  үйін  ғана  танығандар  өз 

шаруасын  да  ұқпады.  Абайдың  сескенгені  де, 

сақтанғаны  да — осы.  Өйткені  тобырдан  үміт, 

уағда күткендер көп нəрседен  ғапіл, бос қалды. 

Топырлағандардың 

қысымы 

мен 


кегіне 

ұшырағандар  бірде  қазымырлыққа  салынып, 

қолындағысының  қадірін  білмеді.  Жиі-жиі 

ұшқалақтыққа ұшырады. Бірде көзін май басып 

ілгері  ұмтылмады,  ұмтылғанды  көре  алмады. 

Қайтсе  де  көзінің  ұшынан  ақыл  құрастырмақ 

пиғылдан  қайтпады.  Ондайда  «жақсылық  ұзақ 

тұрмайды,  жамандық  əркез  тозбайды»  деген 

даналық ұмыт қалады. Қалай болғанда да, өзіне 

келер ұят өздігінен сұранып тұрады. 

Абай  қайраты - əулие  тұтарлық  қасиет. 

Адамның  мінез-құлқы  мен  əлеуметтік  айтыс-

тартыстың, қиюы кеткен кезеңде «түзетпек едім 

заманды,  өзімді  тым-ақ  зор  тұтып»  деген 

үмітінен 

көп 


уақыт 

жұбаныш 


тапты. 

Жұбанышты  тобырдың  жаратылысынан  емес, 

ағартушылық  дəстүрден  іздестірді.  Алғашқыда 

білімдінің жолы тар, өз көзін жоғалтуға əлсіздік 

жар.  Мүлікке  құныққан  керенаудың  сүйреуінде 

күйзелді елі мен ары. Қиянатшылдың кекірігіне 

көндіккендер ескі əдетіне қарысып сөзге ермеді, 

қорадағыдан  арғыны  көрмеді.  Ондай  надан-

дарды  «жұртым  деуге  арлымын,  өзге  жұрттан 

ұялып»  дейді  жарлы  Абай.  Жаны  жабырқаулы 

Абай  өз  рөлімен  беттесіп,  белдесе  алмай, 

күштілердің  иықтауынан  ажарын  тоздырды. 

Оны  қажытқан  иықтылар  ғана  емес,  жауапсыз 

қалған  сұрақтар,  шешімін  таппаған  мəселелер. 

Расында,  азаматының  қорланғанына  көндіккен 

дүрмек  топқа  не  айтып,  қандай  үміт  арту 

тұрарлық? 

Сондай-ақ 

менмен 

тобырдың 



дүрлігіне 

тартылса 

да, 

оның 


миқұлақ 

қылықтарына  көндіге  алмады.  Күтпеген  қысым 

халыққа  күш  берді,  қорланғандар  кегіне  ерді. 

Ағаттыққа деген ұмтылыс бостандық идеясына  

үйлеспеді.  Жаны  ашымасты  көргенде  жүрек 

сыздайды, «бір  қайғыны  ойласаң,  жүз  қайғыны 

қозғайды»,  деп  күйзелісін  білдірді.  Абай 

рухында  күйзеліс  пен  үміт  шегіністе  күрмелді, 

тартыста 

түрленді. 

Елдегі 

тобырдың 



жұғымсыздығы  ердің  белінен  тартты,  көпшіл 

жұрттың  жағымды  қылықтары  мен  салттары 

қазақ  рухын  көтермеледі.  Тобырдың  басты 

апатынан  құтылу — көкейкесті  міндет,  ал 

зерделі  көпшіл  адамды  қалыптастыру — 

түбегейлі  жауапты  меже.  Абай  тобырға  қарсы 

амалды,  көпшілдікке  лайық  қамалды  пайдалы 

қайырымнан — ағартушылық  істен,  демокра-

тиялық  жаңарудан  тапты.  Қайырымды  пайда 

дегеніміз — тектінің  нұсқасын  танып  сыйласу, 

көңіл қаруын сайлау, көптің қамын ойлау, оның 

мүддесіне орай қызмет ету. 

Абайдың  түсінігінше,  қиындығын  біреу 

көтеріп,  қызығын  бөтен  көретін  заманда 

17


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



тəрбиеге көнетін жалпы тобыр емес, жеке адам, 

оның  жалқы  касиеттері.  Осыны  ұққан  сəт  пен 

жағдайда,  адам  түзелмей,  заман  түзелмейді, 

өзін-өзі  өзгерту  жолдары  іріктелінбейді  деген 

тұжырым  дүниетанымын  жаңартты.  Оның 

кепілдігі — тобырдан  тұлғаға  өту,  жалаң 

жалпыдан  жекелікті  жинақтау,  мінез  шірігінен 

рух  шыңына  көтерілу.  Бұл  тоқтауды  тасыр 

ұқпас,  көңіл  көзі  ұғар,  оған  ақыл,  қайрат, 

жүректі бірдей ұстағандар тұрар. 

Абай  сенімі  осында.  Сенімді  өмірде 

сергіту үшін не керек? Ақыл керек, мінез керек, 

іс  керек,  адамшылықты  сақтайтын  ұят-намыс 

керек, көңіл  күйді  өсірер  жүрек  тəрбиесі  керек. 

Барға  ынсап,  жарастыққа  қанағат  керек, 

тəрбиешіге  бостандық,  ұмтылушыға  бапкер 

керек. «Керек» - мінез-құлық  пен  өмір-салттың 

жаңа  бағытына  үміткер  ұмтылыс.  Ол - адам 

мұратының,  халық  мүддесінің,  туған  ел 

ертеңінің басты бағдарламасы. 

Қазіргі  өтпелі  кезеңде  өмірдің  осындай 

тіректерінің  нарқын  түсіріп  алғандаймыз. 

Ескінің  сарқыншағында  бір-бірімен  іліккен, 

шағылысқан  зұлматтар - адамды  адамдықтан 

алшақтататын  үлкен  дерт.  Іріткіден  алдымен 

жүрек ауырады. Ал қатыгез жүректе шын пейіл 

болмайтыны  бар.  Қатаң  жүрек  ешкімді  ақпейіл 

деп  мақтамайды.  Тек  «ауру  жүрек  ақырын 

соғады  жай,  өз  дертін  тығып  ішке,  білдіре 

алмай».  Оның  көрсетері  «ызалы  жүрек,  долы 

қол,  улы  сия,  ащы  тіл».  Мұндай  берекесіз  күй 

адал  жүргеннің  «өмірін  бүлдірмеген,  күнде 

ұрламаған», 

тіпті 


назарын 

жұбанышсыз 

тоздырған,  ажарын  қайғыдан  аздырған.  Оның 

ақыры  əйгілі - іштей  құсаланған  жан  аяқты 

шалыс  басады,  кəсіпқордан  түңіледі,  жанбай 

жатып сөнеді. 

Өмір  тіректерін  жүрек  ісі  сақтайды, 

жүректі  кісі  иемденеді.  Өйткені  «рақымдылық, 

мейірбандылық,  əрбір  түрлі  адам  баласын  өз 

бауырым деп іш тарту» - жүрек ісі. Ал «көнгіш, 

уағдаға  тұрғыш,  бойын  жаманшылықтан  тез 

жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, 

əділетті  ақыл  мойындаған  нəрсеге,  қиын  да 

болса  мойындау» - жүректі  кісінің,  қайсарлы 

жанның əрекеті. Бұл - Абай ұғымы. 

Сайып  келгенде,  шын  жүрек - күллі 

адамға  ортақ.  Себебі  ол  миды  оятар  көңіл  көзі, 

ынта мен ырысқа қайырымды, махаббатқа толы, 

сөз  бен  сезімді  жақындатар  алып  күш.  Жүрек 

ыстығы  адалдық  пен  адамдықты  жатсынбайды, 

татулықпен  тілдестіреді,  тіл  тапқызады.  Иə, 

Абай — жүректі.  Күрмеуі  көп  күрделі  іске, 

сұрары  көп  жауапты  əрекетке  төзімділік  тапты. 

Осы 


есеп 

нүктелерінен 

адамтанудың, 

қазақтанудың 

өлшемдерін 

айқындады. 

Өлшемнің  есебі  адамның  өздігінен  түзелуінен 

басталмақ.  Содан  болар,  Абай  Сократтың 

«өзіңді өзің таны» қағидасынан қалт кетпеді. Өз 

қадірін  өзі  білмеген,  сөздің  парқын  қош  етпей, 

бос  етеді.  Адам  өзін  қадірлеу  үшін  өзін 

билейтін, өзгеге  көмектесе  алатын  бостандыққа 

қол  жеткізуі  шарт.  Мұндай  бостандық  адамды 

тоздырмайтын  сара  да,  дана  жол.  Бостандықта 

«адамзат  тірлікті  дəулет  деп  білмек,  ақыл 

таппақ,  мал  таппақ,  адал  жүрмек»,  адам 

даналықты  құндылықтың  жоғары  түрі  деп 

қабылдайды. 

Даналық - бостандықтағы 

тұлғаларға  тəн,  тынымсыз  тірлік.  Ол – рухани 

түсіністік, 

рухани-əлеуметтік 

беріктестік, 

əлеуметтік-мəдени  жетістік,  шығармашылық 

келбеттің  құралы.  Қысқасы,  даналық - өнерді 

өркендетпек,  өркениетті  өмірлік  мəселемен 

ұштастыратын  қабілет-қасиет  шоқтығы,  адам 

өмірін  марқайтатын  өзара  мүдделіліктің  алпыс 

екі тамыры. 

Абай  тұлғасы - оның  даналығында.  Абай 

даналығы - жүрек  үнінде,  парасатты  сөзінде, 

сүйіспеншілік  үмітінде;  қарсыласынан  асып 

түсетін  білімдарлық,  сезімталдық,  еріктілік 

икемділігінде;  қазақты  қор  қылатын  кесел-

дерден  сақтандыратын  талап,  махаббат,  ұғым 

сияқты  рухтың  ең  мықты  қайнар  көзінде,  қуат 

аймағында;  тұтастық  пен  тыныштықты  тура-

лайтын,  татулықты  тəрбиелейтін  тоқтамында; 

шығыс  пен  батыс  мəдениетін  үйлестіретін 

шеберлігінде. 

Абайдың білім туралы айтқаны көп, қилы-

қилы.  Дегенмен  ойының  тоғысар  нұсқасы 

ескерулі. Білімнің ерекшелігі неде? 

Білім – көрген-есіткеннің мəн-жайын білу, 

танымақ  нəрсенің  бағытын  түсіну,  əрекетті 

жүзеге асырудың тəсілдерін табу əрі тарату.  

          Білім – құбылысты  тану,  адамның  өзін 

таныту,  адамды  тіршілікпен  табыстыратын 

тəсілдерге  үйрену  жəне  оларды  меңгеруге 

үйрету. Білім - «қайрат пен ақыл, мұнсыз барар 

едің, қай жаққа?». 

Ақыл - парасат  пен  табиғат  жарасым-

дылығынан,  қимыл  мен  іс-əрекет  үйлесім-

ділігінен  ұшқырланса,  бұл  тұрар  шындық, 

үйренер  үлгі.  Білім - ақыл  ісі,  ғылымды 

көбейтудің  кұралы,  өнер  қажеті.  Ақыл  ісі - 

дүниедегі пайдалы мен залалды білетұғын, сөзін 

ұғатұғын  қасиет.  Əр  нəрсенің  өлшеуін  білу - 

үлкен  іс,  құнды  бағдар,  ескерулі  өнеге.  Осы 

бағыттағы  Абай  түсінігі  шығыс  пен  батыс 

ойшылдарының  көзқарасымен  үндес.  Абай 

ойлары мынадай тұжырымдардың жалғасындай: 

«Білім  дегеніміз - күш,  күш  дегеніміз - білім» 

(Ф.  Бэкон), «Білім - мақсат  емес,  қару» (Л. 

Толстой), «Тек  білімді  ғана  жарықтың  түнекті 

қуаты  секілді,  надандықты  құртады» (Ежелгі 

18


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



үнді нақылы), «Білім мен даналық - адам көркі» 

(Ə. Науаи). 

Адамды  ойлай  білуге  үйрету,  Т.  Эдисон 

айтпақшы,  өркениеттің  аса  маңызды  міндеті. 

Бұл - ақылдының үлкен арманы мен ардағы. Тек 

ол  үшін  «білгенге  жол  бос,  болсайшы  қол  бос, 

талаптың дəмін татуға» дерлік жағдай мен талап 

болса  демекпіз.  Талаптыны  ақылменен  таныр. 

Ақылы бар кісіге «иман парыз, əрбір иманы бар 

кісіге ғибадат парыз екен» [28-сөз]. 

Білім - ғылым  үшін,  парыз - намыс  үшін 

керек. «Ғылымды  іздеп,  дүниені  көздеп,  екі 

жаққа  үңіл.  Қайырылып  өзіңе,  көп  ізде  жөнін». 

Ғылымның  міндеті - тапқанын  терең  талдау, 

толық  сипаттылықты  қазақтанудың  түңлігіне 

көтермек  болды.  Ойы  сайрап,  білгені  жетіп 

тұрса  да,  дегеніне  дəрмені  жетпеді,  болмысы 

аяғынан  тартты.  Абай  білімі  өмірдің  сала 

саласынан  арқау  тауып,  ойын  болашаққа 

ұзартса 


да, 

Абай 


болмысы 

қаптаған 

қазақшылықтың  былығынан  кеудесін  көтере 

алмады.  Жасы  келген  сайын  Абайдың  рухани 

дамуы  мен  əлеуметтік  рөлінің  қайшылығы 

анағұрлым  шиеленісті.  Қордалы  мəселелердің 

шешімі  табылмай  немесе  ол  тыңдаушысын 

таппаған сайын, Абай амалсыздан өзінің, өзінің 

ғана  емес,  сауатсыз  халқының  əлсіздігін 

мойындауға мəжбүр болды. 

«Адам 

деген 


даңқым 

бар» 


деп 

шабыттанып, «Атымды адам қойған соң, қайтіп 

надан  болайын?»  деген  берік  сеніммен  өмір 

тартысына  бір  кезде  батыл  енген  Абай, 

«соқтықпалы,  соқпақсыз  жерде  өсіп,  мыңмен 

жалғыз  алысып»  қажиды,  үміті  бек  тарылады. 

Тұлғалардың  жаны - жұмбақ,  дүниесі - алуан 

қырлы.  Оның  үстіне,  Абай  идеясын  жүйелі 

түрде  жүзеге  асыратын  əлеуметтік  күш,  ортақ 

маңызды  мүдде  пісіп-жетілмеген  еді.  Осы 

шындықты толық түсінбесе де, Абай оның түп-

тамырын  өзінше  пайымдады. «Халқым  надан 

болған  соң,  қайда  барып  оңайын»  деп  бір 

күңіренсе,  енді  бірде  «Таппадым  көмек  өзіме, 

көп  наданмен  адасып»  деп,  сүйенетін  де, 

сүйсінетін  де  тіректің  табылмағанына  қатты 

налиды. Үмітінен үзілген өмір тұлсыз қалды. 

_____________________ 



 

 

                                                                      * * * 



 

К. Жанатайұлы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет