Коммерциялық емес акционерлік қоғам Ғумарбек даукеев атындағы алматы энергетика


 Телекоммуникациялық жүйелер мен желілерді құру принциптері



Pdf көрінісі
бет4/40
Дата30.11.2022
өлшемі3,44 Mb.
#54031
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Телекоммуникациялық жүйелер мен желілерді құру принциптері 
 
1.1 Телекоммуникациялық жүйелер мен желілерді құру негіздері. 
Телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялардың негізгі 
ұғымдары мен анықтамалары. Хабарламалар мен сигналдар. 
Мультисервистік 
платформа 
негізінде 
желілік 
қызметтерді 
қалыптастыруда ақпараттық және телекоммуникациялық компоненттердің 
үзілмейтін 
байланысын 
көрсете 
отырып, 
техникалық 
әдебиетте 
«инфокоммуникация», «инфокоммуникациялық желі» сияқты интегралдаушы 
ұғымдар пайдаланылады. Қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникациялық 
және ақпараттық технологиялар бір-бірінен оза отырып, барлық жаңа және жаңа 
желілік тұжырымдамаларды қалыптастырып, байланыс желілерін құру 
идеологиясын үнемі өзгертіп отырады. Олардың әртүрлілігіне қарамастан, 
желілерді зерттеу мен зерттеуде тәжірибе көрсетіп отырғандай, желі екі 
аспектіде жүзеге асырылады: телекоммуникациялық желілер және ақпараттық 
желілер. 
«Телекоммуникация» ұғымы екі немесе одан да көп аумақтық қашықтықта 
алыс орналасқан пункттер арасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құралдар.
Халықаралық электр байланысы одағының телекоммуникацияны 
стандарттау жөніндегі секторы І.110, 112 ұсыныстарында «телекоммуникация» 
терминін бір ортада (мыста, оптикалық талшықта, эфирде) немесе орталар 
жиынынында сигналдарды жіберу арқылы алыс қашықтыққа ақпаратты 
тасымалдауды қамтамасыз ететін құралдардың жиынтығы ретінде қарастырады. 
«Телекоммуникация құралдары» жалпы ұғымымен анықталатын құралдарға
әдетте, келесілер жатады: 
- байланыс жолы; 
- желілік аппаратура (ортаны түйіндестіру құрылғысы, тарату жүйесі); 
- коммуникациялық 
құрылғылар (бірнеше байланыс жолдарының 
қиылысу нүктелерінде ақпараттар ағынын қайта бөлу құрылғылары); 
- сигналдау және синхрондау функцияларын қамтамасыз ететін жабдық. 
Осы ұғымдарды негізге ала отырып, телекоммуникациялық желі 
(Telecommunication Network) - бұл көптеген аумақтық қашықтағы объектілер 
арасында ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың
жиынтығы. Алыстағы объектілер ретінде желінің соңғы жүйелері де, жекелеген 
жергілікті желілер де және аумақтық желілер де бола алады (1.1 сурет). 
Қызмет көрсету сапасы телекоммуникациялық желінің пайдалану 
нормаларына (ақпаратты жеткізу жылдамдығы, сигналдарды өткізу жолағы, 
қателер ықтималдығы және т.б.) және пайдаланушылардың талаптарына сәйкес 
дәрежесін анықтайтын көрсеткіштер жиынтығымен анықталады.


10 
1.1 сурет - Телекоммуникациялық желі 
Телекоммуникациялық желінің ақырғы нүктесі пайдаланушының 
құрылғысы қосылатын телекоммуникациялық ажыратқыш (желілік интерфейс) 
немесе желінің түйісуін қамтамасыз ететін ақырғы желілік жабдық (желіаралық 
интерфейс) болады.
Телекоммуникациялық желінің негізгі міндеті ақпаратты кеңістікте 
сапалы тасымалдау болып табылады, атап айтқанда: талап етілетін жіберу 
ортасы, өткізу жолағының берілген ені, сигнал беру сапасы, беру жылдамдығы 
және т.б. Ағылшын тіліндегі әдебиетте, дәл осы аспектіні көрсете отырып, 
телекоммуникациялық желі Carrier Network (тасымалдаушы желі) деп аталады.
Телекоммуникациялық желі - бұл маршрутизациялауға, коммутациялауға, 
жазбаша мәтінді, бейнелер мен дыбыстарды немесе соңғы жабдықтар 
арасындағы радио, сымдық, оптикалық немесе басқа да электромагниттік 
жүйелер арқылы кез келген түрдегі хабарларды, сигналдарды жіберу 
және/немесе қабылдауға арналған телекоммуникация мен құрылыстардың 
техникалық құралдар жиынтығы. 
Бастапқы байланыс желісі (БЖ) – желілік тораптар, желілік станциялар, 
бастапқы желiнiң шеткi құрылғылары мен оларды қосатын тарату желiлерiнiң 
негiзiнде құрылған типтік физикалық тiзбектердiң, типтік тарату арналары мен 
желілік трактiлердiң жиынтығы. Ауылдық аудан немесе қала аумағымен 
шектелген желінің бір бөлігі жергілікті бастапқы желі деп аталады. Аймақ 
аумағын қамтитын және осы аймақтың ішінде әртүрлі жергілікті желілердің 
арналарын өзара қосылуын қамтамасыз ететін бөлік ішкі аймақтық бастапқы 
желіні құрайды. Елдің барлық аумағында әртүрлі зоналық желілердің 
арналарын өзара қосатын желінің бір бөлігі магистральдық бастапқы желіні 
құрайды. ӨБЖ-ның (өзара байланысқан желі) бастапқы желісін құру принципі 
1.2-суретте көрсетілген. БЖ құрылымына желілік тораптар (түйіндер), желілік 


11 
станциялар және тарату желілері кіреді. 
1.2 сурет – Бастапқы желіні құру принципі 
Желілік торап (түйін) – бастапқы желiнiң желілік станцияларының 
қосылысын, типтік желілік трактiлердiң, типтік тарату арналары мен үлгiлiк 
нақты тiзбектердiң құрылуы мен қайта таратылуын, сондай-ақ оларды туынды 
желiлер мен жекелеген пайдаланушыларға берудi қамтамасыз ететiн 
техникалық құралдар кешені.
Желілік станция – типік нақты тiзбектердiң, типтік тарату арналары мен 
желілік трактілердiң туынды желiлерiнiң құрылуы мен берiлуiн, сондай-ақ 
олардың транзитін қамтамасыз ететiн техникалық құралдар кешенi. 
Магистралды тораптар мен станциялар арасындағы байланысты 
ұйымдастыру үшін транспортық желілер салынып жатыр.
Транспорттық 
желі 

магистральдық 
тораптарды, 
қалааралық 
станцияларды қамтитын, сондай-ақ олардың арналары мен тораптарын (ұлттық, 
халықаралық) қосатын бастапқы байланыс желісінің бөлігі. 
Тарату арнасы – жиiлiк жолағында немесе осы тарату желiсiне тән тарату 
жылдамдығымен телекоммуникациялық сигналдардың желiлiк станциялар
желiлiк тораптар арасында немесе желiлiк станция мен желiлiк торап арасында, 
сондай-ақ желілiк станция немесе желілiк торап пен бастапқы желiнiң шеткi 
құрылғысы арасында берiлуiн қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен 
тарату ортасының кешенi. Арналар аналогтық, сандық және аралас (аналогтық-
сандық) болып бөлінеді.
Параметрлері қабылданған нормаларға сәйкес келетін тарату арнасы 
типтік деп аталады. Мысалы, бұл арналар: 300...3400 Гц жиілік жолағы бар 
тоналдық жиілік немесе 64 Кбит/с тарату жылдамдығымен тарататын негізгі 
цифрлық арна. 
Топтық арна, топтық трактілер тиісті тарату жүйелерінің көмегімен 
ұйымдастырылады. 
Тарату жүйесi – бастапқы желiнiң желiлiк трактісін, типтік топтық 
трактiсi мен тарату арналарын құруды қамтамасыз ететiн техникалық құралдар 
кешенi. Тарату жүйесі аналогтық, цифрлық, сымды (электрлік және оптикалық) 


12 
және радиорелелік болып бөлінеді.
Топтық трактi – тоналды жиiлiк арналарының немесе негізгi цифрлық 
арналардың нормаланған санының телекоммуникация (электр байланысы) 
сигналдарын жиілiк жолағында немесе осы топтық трактiге сәйкес тарату 
жылдамдығымен таратуға арналған техникалық құралдар кешені.
Параметрлері 
мен құрылымы қабылданған нормаларға сәйкес келетін топтық тракт типтік деп 
аталады. Мысалы, бұл 60...108 кГц жиілік жолағы бар бастапқы аналогтық тракт 
немесе 2048 Кбит/с жылдамдығы бар бастапқы цифрлық тракт. 
Тарату жүйесінің сызықтық трактісі - жиілік жолағында немесе осы 
тарату жүйесіне сәйкес жылдамдықпен электр байланысы сигналдарын 
таратуды қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені. Сызықтық тракт 
радиорелелік, кабельдік (оптикалық немесе электрлік), тарату жүйесінің түрі 
бойынша - аналогтық немесе цифрлық деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет