Коммерциялық емес акционерлік қоғам Ғумарбек даукеев атындағы алматы энергетика


Декомпозиция принципі бойынша жіктеу



Pdf көрінісі
бет7/40
Дата30.11.2022
өлшемі3,44 Mb.
#54031
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
 
1.4 Декомпозиция принципі бойынша жіктеу 
 
Телекоммуникациялық желілердің жіктелуі. 
Халықаралық электр байланысы одағы «тасымалдау» терминін 
аумақтық бөлінген пункттер арасындағы кеңістікте ақпаратты тасымалдау 
процесі ретінде анықтайды. Сонымен қатар, бұл қызмет көрсетудің басынан 
аяғына дейінгі сапасын, желідегі артық жүктемені болдырмау мақсатында 
ағындарды басқару және т.б. желі функцияларын басқарады. «Тасымалдау» 
терминін «тарату» терминінен ажырату керек, бұл дегеніміз физикалық ортада 
желінің екі шектес пункттері арасына тарату Ақпараттық желіде 
транспорттық (көліктік) функцияны, телекоммуникациялық желі атқарады. 
Ақпаратты оның әртүрлі бөлімдері бойынша тасымалдау кезіндегі желілік 
белсенділік дәрежесі желілік трафиктің сәйкес қарқындылығымен 
анықталады. 
Трафик деп бір уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында 
телекоммуникация желісіне жүктеме жасайтын пайдаланушылық және 
қызметтік ақпараттар ағындарының жиынтығы. Интенсивтік трафиктың 
әртүрлі деңгейі және оның телекоммуникациялық желісінің әртүрлі участкіде
таралуы декомпозициялық транспорттық функцияның негізінде жатыр. 
Декомпозиция өз бетінше функционалдық тапсырмаларды шешетін үш 


16 
сегмент түрін бөліп қарастырады. Олар: көліктік желілер, қатынау желілері 
және тарату желілері.
Көліктік желі (Transport Network, Transmission Media) – бұл баяу трафик 
пен сегменттердің арасындағы ақпараттық алмасу жүзеге асыратын, 
трафиктің 
шоғырлануының 
жоғары 
дәрежесімен 
сипатталатын 
инфрақұрылым. Біздің ойымызша, «көліктік желі» термині аумақтық және 
ғаламдық желілерінде жоғары жылдамдықты сигнал жіберуді жүзеге 
асыратын технологиялық ерекшеліктерін көбірек көрсетеді. Аумақтық 
желілердің (транспорттық) көліктік технологияларында үш буыны бар: 

плезиохронды сандық иерархия
(PDH); 

синхронды сандық иерархия (SDH); 

тығыздалған толқынды мультиплексирлеу (DWDM). 
Алғашқы екі технология иерархия жылдамдықтарына негізделген, 
сондықтан да жалғанған баяу сегменттер арасына ақпаратпен алмасу кезінде 
кез келген қолайлы жылдамдықты цифрлық ағындарды таңдауға болады. 
DWDM технологиясы жоғары жылдамдықты арналарды жасау саласында 
соңғы жетістіктерді ұсынады. Олар енді цифрлық сипатқа ие болмайды, 
өйткені олар ақпаратты тарату үшін арнайы толқынға береді. 
Ескерту: Кейбір авторлар аумақтық транспортық желілерді «бастапқы 
желілер» деп атайды. Бастапқы желілер деп әдетте, салынған желі 
пункттерінде екі нүктенің қосылуы үшін арнайы арналарды ұсынатын желілер 
болып табылды. Соңғылары, өз кезегінде «қосалқы» деп аталды

Уақыт өте 
келе телефон желілері, ЭЕМ желілері, кабельдік теледидар желілері және 
басқалары да қосалқы желілер ретінде құрылды. 
«Көлік» ұғымымен тізбек немесе сақина топологиясы бар, көліктік 
(транспорттық) магистраль деп аталатын кез келген жиі бірлесетін 
магистральдық желіні айтады. Көліктік магистраль осы деңгейге сәйкес 
келетін технологияларды пайдалана отырып, кез келген деңгейде (LAN, MAN, 
WAN) ұйымдастырылуы мүмкін. 
Жалпы жағдайда қатынау желісі (Access Network) деп көлік 
(транспорттық) желісіне жіберілетін ақпараттық ағындардың қалыптасатын 
телекоммуникациялық желі сегментін айтады. Қатынау желілерінің көлік 
желісімен түйіндесуі қатынау тораптарында жүзеге асырылады. Қатынау 
желілері жалпы жағдайда келесі түрлерге бөлінеді: 

сымды қатынау желілері

сымсыз қатынаудың стационардық желілері; 

мобильді қатынау желілері. 
Қатынау желісі бір жағынан желілік аяқталу (NT – Network termination) 
немесе желілік аяқталу құрылғысы (NTU – Network termination Unit) деп 
аталатын құрылғымен аяқталады, ал екінші жағынан – қатынау торабының 
интерфейсі (ANI – Access Node Interface) арқылы аяқталады. Желі учаскесі 
арасында желілік аяқталу, оған қосылатын пайдаланушының терминалдық 
құрылғысы 
мен 
қатынау 
торабының 
интерфейсі 
бар 
терминді 


17 
«абоненттік қатынау желісі» деп атайды. Мысалы, абоненттік розетка мен 
жергілікті телефон станциясының кіріс интерфейсі арасындағы учаскесін 
жатқызуға болады. Қатынау желілері мен көліктік (транспорттық) желілер 
бірлесіп ортақ мәселені шешсе де, ақпаратты басынан соңыңа дейін 
тасымалдау бойынша көліктік (транспорттық) функцияны іске асыру, оларда 
пайдаланылатын телекоммуникациялық технологиялар айтарлықтай бір-
бірінен ерекшеленеді. 
Тарату желісі (Distribution Network) деп телекоммуникациялық желі 
сегментін айтады, ол арқылы көлік (транспорттық) желісінен келетін
шоғырланған ағын қайта бөлінеді және тұтынушыларға жеткізіледі. 
Мұндай желінің классикалық үлгісі кабельдік теледидар операторының 
желісі бола алады (1.5 сурет). 
1.5 сурет – Көлік (транспорттық) желісі және қатынау желісі 
1.6 сурет - Тарату желісі 


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет