13
1 – тарату жүйесі (көліктік жүйе); 2 - бастапқы (транспорттық) желінің желілік торабы;
3 - желілік станция; 4 – интерфейстер - ортақ функционалдық және конструктивтік
сипаттамаларымен, алмасу хаттамаларымен және т. б. талаптарымен анықталатын өзара
әрекеттесетін екі жүйенің (құрылғылардың) арасындағы шекара; 5 - қосалқы желінің А түйіні
– қосалқы желіні бір-бірімен байланыстыратын техникалық құралдар жиынтығы; 6 – қосалқы
желінің Б түйіні; 7 – қосалқы желінің А станциясы - қосалқы желінің желілері мен арналарын
байланыстыруын қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені; 8 - қосалқы желінің Б
станциясы; 9 - А
желісінің абоненттік терминалы; 10 - Б желісінің абоненттік терминалы; 11 -
абонеттік тарату жолы.
1.3 сурет - Бастапқы және қосалқы желілерінің өзара байланысуы
Байланыс желісінің тиесілігіне қарай келесі түрге бөлінеді:
Жалпы қолданыстағы байланыс желілері - барлық жеке және заңды
тұлғалардың қолдануы үшін ашық ҚР өзара байланысты байланыс желісі.
Ведомстволық байланыс желілері (корпоративтік) - тиісті мемлекеттік
органдардың және уәкілеттігіне сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының басқару және ұйымдастыру мақсаттарын жүзеге
асыруды
14
қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар мемлекеттік өндірістік кәсіпорындардың
(Газпром, Энергетикалық жүйелер) өндірістік және басқару мақсаттарын жүзеге
асыруды қамтамасыз ету үшін жасалады және қызмет етеді, олардың
жүргізуінде болады және олармен қолданылады. Корпоративтік
байланыс желісі
де ортақ қолданатын байланыс желілері сияқты құрылады. Олар бастапқы және
қосалқы желілерден тұрады.
Салынған байланыс желісі - қолданыстағы желіге параллель салынатын,
әдетте, тарату мен коммутацияның жаңа әдістерін (мысалы, сандық) пайдалана
отырып, әртүрлі иерархиялық деңгейлердегі бар желімен байланысқан желілік
құрылым.
Достарыңызбен бөлісу: