Коммерциялық емес акционерлік қоғам Ғумарбек даукеев атындағы алматы энергетика


 Желінің масштабты-аумақтық белгісі бойынша жіктелуі



Pdf көрінісі
бет6/40
Дата30.11.2022
өлшемі3,44 Mb.
#54031
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
1.3 Желінің масштабты-аумақтық белгісі бойынша жіктелуі 
Желінің масштабты-аумақтық белгісі бойынша жіктелуі 1.4-суретте 
келтірілген иерархиямен ұсынылуы мүмкін. 
1.4 сурет - Аймақтық белгі негізіндегі желілердің иерархиясы 
LAN (Local Area Network) жергілікті желі – трафиктің негізгі бөлігі 
шағын аумақта, мекемеде, өнеркәсіптік кәсіпорында және т.б. мекеме ішінде 
тұйықталған желі. LAN түріндегі желілерге бір-бірінен қысқа қашықтықта 
орналасқан бірнеше жергілікті желілердің жиынтығы ретінде құрылған 
желілер де кіруі мүмкін. Мұндай желіде кабельдік жүйе коммуникациялық 
жабдықпен 
бірге 
жергілікті 
телекоммуникациялық 
желі 
ретінде 
қарастырылуы мүмкін. 
MAN мегаполис желі (Metropolitan Area Network, METRO) - қаланың, 
ауылдық ауданның немесе шағын аймақтың аумағын қамтитын желі.
WAN (Wide Area Network) ауқымды аумақтық желі – LAN, MAN типті 
желілерді және басқа сегменитерді, үлкен аймақта, мемлекетте, континент 
аумағында, сондай-ақ әртүрлі континенттерде орналасқан желілерді 
біріктіреді. 
GAN (Global Area Network) ғаламдық желі – бұл барлық мемлекеттер 
мен континенттерді біріктіретін және әлемнің кез-келген жерінде ақпараттық 
ресурстарға қол жетімділікті қамтамасыз ететін ғаламдық желі.


15 
Желінің масштабты-аумақтық белгісі бойынша жіктелуі белгілі бір 
қызығушылықты тудырады, өйткені оларда қолданылатын технологиялар бір-
бірінен айтарлықтай айырмашылықтармен ерекшеленеді. Жергілікті және 
ғаламдық желілердің технологияларындағы айырмашылықтарды ескере 
отырып, соңғы кезге дейін тиісті масштабтағы желілермен айналысатын 
мамандардың түрлі кластары болғанын түсіну қиын емес. Жергілікті және 
ғаламдық желілердің жақындасуы байқалған үрдісі, сондай-ақ оларда 
пайдаланылатын технологиялардың конвергенциясында жағдай біршама 
өзгерді. 
Жергілікті желілер саласындағы мамандар әртүрлі географиялық 
аудандарда орналасқан бірнеше жергілікті желілерді біріктіру қажеттілігіне 
тап болды. Бұл өз кезегінде олардың мамандандыру саласын ғаламдық 
телекоммуникация деңгейіне дейін кеңейту қажеттілігін туындатты. Өз 
кезегінде ғаламдық желінің мамандары ұсынылатын қызметтердің ауқымын 
және сапасын кеңейтуге, өткізу қабілеттілігін арттыруға және деректерді 
тарату жылдамдығын арттыруға тырыса отырып, жергілікті желі 
технологияларының жетістіктеріне өз назарларын аударды.
Желілік интегратор деңгейіндегі маман - бұл жергілікті желілерді 
құрумен, олардың ғаламдық ақпараттық кеңістікке шығуын қамтамасыз 
етуден бастап, әртүрлі континенттерде орналасқан кәсіпорындар желілерін 
біріктірумен және ғаламдық желілерді пайдаланып, ақпаратты қорғау 
бойынша қажетті талаптарды қамтамасыз ететін, әртүрлі деңгейдегі 
міндеттерді шешуге міндетті жаңа формация маманы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет