Коммерциялық емес акционерлік қоғам Ғумарбек даукеев атындағы алматы энергетика


 Хабарламаларды, ақпараттарды, сигналдарды тарату принципі



Pdf көрінісі
бет8/40
Дата30.11.2022
өлшемі3,44 Mb.
#54031
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
1.5 Хабарламаларды, ақпараттарды, сигналдарды тарату принципі 
 
1.5.1 Ақпарат, хабарлама және сигнал. 
Ақпарат дегеніміз – бұл тарату, үлестіру, түрлендіру, сақтау немесе 
тікелей пайдалану объектісі болып табылатын мәліметтер. Хабарлама 
ақпаратты ұсыну нысаны болып табылады. 
Жеке алынған хабарламадағы ақпарат саны шамамен анықталады, 
хабарламаның пайда болуының кері ықтималдығы, 
логарифмдік бірліктерде 
есептелінеді: 
),
(
log
)
(
1
log
)
(
a
p
a
p
a
J
k
k




(1) 
мұндағы:
)
(a
p
- хабарлама ықтималдығы 
a

k
- логарифм негізі.
Ақпараттың мәні нөлге тең болғанда 
1
)
(

a
p
, яғни белгілі оқиға туралы 
хабарламада ешқандай ақпарат болмайды.
Логарифм негізі көбіне екіге тең 
2

k
деп қабылданады, сонда 
хабарламада қамтылған ақпарат екілік бірліктермен көрсетіледі. 
Екілік бірлік 
әдетте бит деп аталады - binary digit (екілік сан). 
Барлық мүмкін 
хабарламалардың жиынтығы және олардың пайда болу ықтималдығы 
хабарламалар ансамблін құрайды. Егер ансамбль тек екі а
1
және а
2
хабарламасынан тұрса (мысалы, «иә» және «жоқ» немесе 0 және 1 түрі), олар 
тәуелсіз және тең ықтималды болып табылады, яғни р(а
1
)= р(а
2
)=1/2, онда 
хабарлардың әрқайсысында бір ақпараттың екілік бірлігі болады. 
Хабарламаны тарату принципі 1.7-суретте көрсетілген. 
Электр байланыс жүйесі - хабарды шығу көзінен алушыға дейін 
таратуын қамтамасыз ететін техникалық құралдары мен тарату ортасының 
жиынтығы. 
Байланыс жүйесін сипаттай отырып, ақпарат, хабарлама, сигнал 
ұғымдарын қолданады. Бұл ұғымдар ортақ қасиеттерге ие және жиі 
синонимдер ретінде пайдаланылады, бірақ бұл әрқашан дұрыс бола бермейді. 
Ақпарат - қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар 
(қандай да бір құбылыс, оқиға немесе объектінің жағдайы) туралы мәліметтер 
жиынтығы
.
Ақпараттың келесі түрлерін атап көрсету керек: жеке, арнайы, 
жаппай. Ақпарат сақтау, тарату, түрлендіру объектісі бола алады. 
Хабарлама - ақпаратты (ауызша, жазбаша, телеграф, телевизиялық және 
т. б.) ұсыну нысаны болып табылады; хабарлама үздіксіз және дискретті 
болуы мүмкін.
Сигнал - хабарламаны көрсету, тіркеу және жіберу үшін қызмет ететін 
қандай да бір объектінің уақыт бойынша физикалық күйін өзгерту процесі. 
Сигнал – бұл материалдық хабар тасымалдаушы (электрлік, электромагниттік, 


19 
механикалық, оптикалық, дыбыстық). 
1.7 сурет– Хабарламаны тарату принципі 
Ақпаратты қабылдау кері бағытта жүзеге асырылады. 
Байланыс жүйесінің қарапайым құрылымдық сұлбасы 1.8-суретте 
көрсетілген. 
П
a
бастапқы хабарлама 
)
(t
U
– бастапқы сигнал; 
)
,
(
t
u
S
– модуляцияланған 
сигнал; 
)
(t
n
– бөгеуіл; 
)
(t
Z
– сигнал және бөгеуіл; 
)
(t
U
ПР
– қабылданған бастапқы арна; 
ПР
a
– қабылданған хабарлама. 
1.8 сурет - Байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы. 
Дереккөз арқылы қалыптасатын дискретті хабарламалар - бұл таңбалар 
Ақпарат жіберу жүйесі 
Ақпарат көзі 
Қабылдаушы
Кодер 
Декодер 
Кодтарды 
жіберудегі 
виртуалды канал 
Сигналдарды 
тарату жолы 
Сигналдарды 
анықтау 
Сигналдарды 
қалыптастыру 
қателер 
Ұстап алу 
бөгеуілдер 
Қол жеткізу 


20 
тізбегі (мысалы, мәтін әріптер мен таңбалардан, бастапқы алфавиттен 
теріледі) болып табылады.
Хабарламаны жіберу үшін кодтау көбінесе екілік жүйеде жүргізіледі. 
Хабарлама белгілері көрсетілетін таңбалар екілік алфавит немесе кодтау негізі 
деп аталады. 
Нақты сигнал уақыт функциясы болып табылады және 
кездейсоқтық сипатқа ие. Барлық сигналдар келесі түрлерге бөлінеді: 
1) Детерминирленген сигналдар. 
2) Кездейсоқ сигналдар. 
Детерминирленген сигнал - бірлік шамаға тең болатын уақыттың кез 
келген моментінде белгілі болжап білетін параметрлер мағынасы кездейсоқ 
түрде берілген сигнал түрі. 
Кездейсоқ сигнал деп уақыт функциясын айтамыз, оның мәні алдын 
ала белгісіз және оны кейбір ықтималдылықпен болжай аламыз. 
S(t)=A
0

cos(

0
t+Y
0
). (1.2) 
Белгілі сигналдар сынақтық болып табылады.  
Детерминирленген сигналдардың мәндері уақыттың кез келген 
мезетінде алдын ала белгілі (яғни олар үшін сәйкес математикалық өрнектерді 
таңдауға болады). 
Кездейсоқ сигнал деп, оның лездік мәні кездейсоқ сипатқа ие болған 
сигналды айтамыз. 
Кездейсоқ сигналдардың (процестердің) толық сипаттамасы олардың
n-өлшемді таралу заңы болып табылады. 
n үлкен болған сайын, кездейсоқ сигналдың (процестің) жұмысы туралы 
ақпарат дәлірек болады, яғни n 

∞.
Сигнал параметрлері: 
1) Т
с
– сигнал ұзақтығы; 
2) Д
с
– сигналдың динамикалық диапазоны;
D
с

min


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет