Пәннің міндеттері:
- сойыс малдарын дайындау, тасымалдау мен етті қайта өңдеу кәсіпорындарында малды күтіп-сақтау және союға дайындау ережелерін;
- ет өндіру кәсіпорындары құрылымы, сойыс малын өңдеу технологиясы мен гигиенасын және мал союды;
- сау мал, сондай-ақ түрліше жұқпалы, инвазиялық және жұқпайтын аурулармен ауырған мал ағзалары мен ұшасын сараптап, тиісті ветеринариялық санитариялық бағасын беру тәсілдерін;
- ветеринарлық қызметтің тағамдық аурулардың алдын алу шараларын;
- лажсыздан сойылған мал еттерін және дұрыс сақталмағандықтан өзгерістерге ұшыраған ет пен балық өнімдерін пайдалану жолдары мен залалсыздандыру әдістерін;
- ет өнімдерін дайындаудың технологиясы мен гигиенасы негіздерін игеруді және дайын өнімдерді сараптауды;
- балық өнімдерін өңдеудің технологиясы мен гигиенасы негізін және ветеринариялық санитариялық ережесін;
- Қазақстанға шеттен әкелінген малды, ет өнімдері мен балық өнімдерін ветеринариялық санитариялық қадағалау мен оларды сараптауды;
- экспортталған ет өнімдерін және балық өнімдерін ветеринариялық санитариялық қадағалау мен оларды сараптауды;
- ет және балық өнімдерін зиянды экологиялық факторлардан қорғау проблемаларын;
Басқа пәндермен байланысы:
Достарыңызбен бөлісу: |