Коммуникация



Pdf көрінісі
бет184/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   246
“ Советская  Россия, 
1997,  № 41,  (11479).
52 Независимая  газета, 
02.12.97.
53 В. 
Ганичев.
  Из Англии, 
но не о ней// Завтра, 
1998,  № 37  (250).
223


54D. 
Bolinger.
  Generality, 
Gradience, and the All-or 
none.  Gravenhage,  1962.
This country деп  атайтындары  анық,  өйткені  бұдан  басқа  нұсқа- 
сы жок,, өз елдерін  «бұл  ел» деп атау олардың ұлттык, мінезіне,  бол- 
мысына тән.
Сонда  бүл  ағылшындар  отанын  сүймейді,  ағылшын  тілі  со- 
ның  дәлелі  деген  сөз  бе?  Жарты  әлемді  жаулап  алып,  Мысырдан 
Үндістанға  дейінгі  аумаңтың  барлық  мәдени,  материалдык,  құн- 
дылықтарын өз аралдарына тасыған ағылшындардың отансүйгішті- 
гіне шүбә келтіруге болмас. Олардың отанға деген берік махаббаты- 
на  Британ  музейі дәлел  бола  алады.  Бұл -  әлемдегі  ең үлкен  музей, 
мунда үлкен талғаммен, асқан білімдарлықпен, отанға деген  шексіз 
сүйіспеншілікпен  жиналған  қазынада  сан  жок,,  Ұлықбектің  қолжаз- 
баларын  да,  көне  грек  ғибадатханасын  да  (басқа  музейлердегідей 
тек  ғибадатхананың  кейбір  бағаналары  ғана  емес,  тутас  ғимарат- 
ты),  тіпті  Темза  бойынан  табылған,  Бискай  шығанағында  ерлікпен 
қаза  болған  теңізшілердің  аты  жазылған  Клеопатраның  инелері 
де  сақталған.  Ал  сонда тіл  ше?  Оның дәлелі  ше?  Орыс тіліндегі ро­
дина-матушка,  отчизна,  отечество,  родимая  сторонка,  наша 
страна деген сөздердің ағылшын тіліндегі  баламасы  қайда?
Еш  алан,  болмаңыз,  тілдік  дэлел  бар.  Тек  ағылшындардың  ұлт- 
тык,  мінезін  бейнелейтін  ағылшын  тілі  бул  тұрғыда  «басңа  жолды» 
таңдаған.  Албырт сезімін, тіпті  отанға  деген  сүйіспеншілігін  сөзбен 
ашык,  жеткізу  ағылшындарға  тән  емес.  Оларға  тән  understatement 
«сөз  саптаудағы  ұстамдылык,»,  «ойын  бүгіп  қалушылық»,  «төмен 
бағалаушылық»  махаббат мәселесінде де өз ізін  қалдырған.
Орыс  тілінде  сорпаны  жацсы  көрсеңіз  «я  люблю  суп»,  «я  обо­
жаю  суп»  дей  аласыз.  Осы  уғымның  ағылшынша  дәл  баламасын 
құрбым Джуди  Уоркердің  анасының  аузынан  естідім.  Сорпаны  аса 
жақсы  көретін  ол  кісі  мейрамханада  сорпа  ұсынған даяшыға:  «I  do 
not  dislike  soup»  (Сорпаға  еш  қарсылығым  жоқ)  деп  жауап  берді. 
Эрине,  бұл  жауапқа  қарап,  ағылшындар  «I  adore  soup!»  (Сорпаны 
керемет  жақсы  көрем!)  деп  айтпайды  деуге  болмайды.  Айтатын- 
дары анық, алайда мәселе «бар не мүлде жок,» болуында емес, «аз 
мөлшерде не  көп  мөлшерде» екенінде. Жалпы тілде «бар не мүлде 
жоқ»  деп  қарастыру  дурыс  еместігін  америкалық  лингвист  Дуайт 
Болинжер өз еңбегінде анық көрсеткен.54
Сондықтан  «олар солай  айтады» деп  бір  нәрсені  жоцқа  шыға- 
руға  болмайды,  тілдің  саналуандығы  соншалың,  оны  тұтастай  бір 
ғылыми  қалыпқа  салу мүмкін  емес.  Олай  істегеннің өзінде,  ашыған 
ңамыр секілді  бір жерден тасып  шығары  анық.
Венгр-ағылшын  журналисі  Джорж  Микеш  немесе  Майкс 
understatement  ықпалымен  сүйіктісіне  көңілін  білдіруді  сипаттап, 
оны  дүниежүзілік  (яғни  орыс  тіліндегі)  тілдік  ойлаудағы  oversta­
tement,  «асыра  бағалаушылыцпен» салыстырады:
224


Ағылшындарда  жан  деген  сөз  жоқ.  Оны  understatement, 
«ойын  бүгіп  қалушылық» алмастырады.
Егер  жігіт  қызға  көңілін  білдіргісі  келсе,  тізерлеп  түрып,  otaH 
әлемдегі  ең  сүйкімді,  тартымды,  көрікті  жан  екенін,  тек  бір- 
неше  жүздеген,  мыңдаған  әйелдің  ғана  бойында  кездесетін 
әлдебір  ерекше,  қайталанбас  қасиетін  байқағанын,  бір  минут 
та  онсыз  өмір  сүре  алмайтынын  айтады.  Сөзінің  әсерлілігін 
арттыра түсу үшін шекесіне қару кезеніп, оқататындарда бар. 
Бүл  -   қызуқанды  елдердегі  кәдуілгі  қызға  сөз  айтү  үлгісі.  Ал 
Англияда  жігіт  сүйіктісінің  екі  иығынан  үстап  түрып:  «Білесің 
бе,  саған  қарсы  ешқандай ойым жоқ»,-дейді,  ал  қызға деген 
қумарлықтан есі  кетіп түрса:  «Сен тіпті  маған  қатты үнайсың», 
-  дегенді  қосады.  Қызға  үйленгісі  келгенін:  «Қалай,  шығасың 
ба?» -  деп білдіреді. Ал ыңғайсыз үсыныс жасамақ ойы болса: 
«Ананыңжөні қалай?»-дейді.
«The  English  have  no  soul;  they  have  the 
understatement instead.
If a continental youth wants to declare his 
love  to  a  girl,  he  kneels  down,  tells  her  that 
she  is  the  sweetest,  the  most  charming  and 
ravishing  person  in  the  world,  that  she  has 
something  in  her,  something  peculiar  and 
individual which only a few hundred thousand 
other  women  have  and  that  he  would  be 
unable  to  live  one  more  minute  without  her.
Often,  to  give  a  little  more  emphasis  to  the 
statement, he shoots himself on the spot. This
is  a  normal,  week-day  declaration  of  love  in  the  more  temperamental 
continental  countries.  In  England  the  boy  pets  his  adored  one  on  the 
back  and  says  softly:  „I  don't  object  to  you,  you  know».  If  he  is  quite 
mad  with  passion,  he  may add:  „I  rather fancy you,  in fact».
If he wants to  marry a  girl,  he says:
„I  say... would  you?..»
If he wants to  make an  indecent proposal:
„I  say... what about...»».
Ағылшын тіліне тән understatement, «томен бағалаушылык,» пен 
орыс тілін  көбіне  «жазықты»  қылатын  overstatement,  «асыра  баға- 
лаушылыкда»  көрнекі  мысалдар  ретінде  келесі  функционалды  ба- 
ламаларды  келтіруге болады:
Ағылшын тілінде: / am a bit unwell /Мен  өзімді аса жақсы сезініп 
турған жоқпын/.
Орыс  тілінде:  Чувствую  себя  ужасно:  голова  раскалывает­
ся,  еле  ноги  таскаю,  утром  думала  -   не  встану.../Өзімді жаман 
сезініп  турмын:  басым  сынып,  екі  аяғымды  әрең  суйреп  келдім, 
таңертең тура алмайтын шығармын дегем  .../.
Отанға  деген  сүйіспеншілік,  патриотизмді  жеткізуде  улттық  мі- 
нездің,  болмыстың  көрінуіне  қайта  оралайық.  Ағылшындар  өзінің 
отанға  деген  сүйіспеншілігін  шетелдіктерді,  шетелдік  зат  атаулының 
бәрін жеккөру арқылы, яғни ағылшын тілінің «басқа жолын» қолдану 
арқылы  жеткізеді.  Сондай-ақ foreign  /шетел,  иіетелдік/  foreigner/ 
шетелдік азамат/ сөздерінің жағымсыз коннотациялары бар. Сөздің 
жағымсыз  реңкінің  күштілігі  соншалық,  тіпті  бейтарап  қолданыстағы 
the faculty foreign  languages /Шетел тілдері факультеті/ термино- 
логиялық  тіркесі  қазіргі  ағылшын  тілінен  ығыстырылып,  the  faculty 
modern  languages  /Заманауи  тілдер  факультеті/  деп  алмасты- 
рылған.  Бұл тұрғыдан алғанда, ұлттықмінез өзгешеліктерін бейнелеу- 
дегі  ағылшын,  орыс  тілдерінің  айырмашылықтары  тереңдей  түседі. 
Шетелдіктерге, олардың өмір салтына, мәдениетіне, дүниетанымына
15-264
225


55 P W  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет