орыстілді адам Я (Мен) жіктеу есімдігінің бас әріппен жазылуын
қалай ңабылдайды? Меніңше, ешқашан қабылдай алмас. Өйт-
кені орыс халқының ұлттык, ділі мен ұлттык, мінез-құлңында өзіңді
үнемі көрсетіп отыру әдепсіз, ерсі болып көрінеді. Орыс
тілінде бас
әріппен жіктеу есімдігінің екінші формасы Вы (Сіз) ғана жазылады.
Оның өзінде Вы есімдігі жеке адамға қатысты қолданылғанда ғана.
Осы қолданыс арқылы өзіңе емес, өзге адамға, өзің сыйлайтын
адамға деген құрметіңді көрсетесің. Жіктеу есімдігінің екінші жақ
формасының бас әріппен жазылуы сіздің сол адамға деген құр-
метіңізді екі еселей түседі.
Орыс тілінің синтаксистік жүйесіндегі жақсыз сөйлемдердің
қолданысы туралы көп жазылған болатын. Орыс тілі граммати-
касындағы осы ерекшеліктен орыс халқының бейтаныс нәрсе ал-
дындағы қорқынышын, адам өмірі алдын ала жазылған тағдырға
тәуелді (фатализм) екенін, ақылға сыймайтын дүниелер (иррацио-
налдыц), логикасыздық, қоршаған ортаны тану мүмкіндігін жоққа
шығаратын (агноцистік) көзқарасты байқаймыз. Мумкін, бұл ай-
тылған пікірлердің дұрыс жағы да бар шығар. Мәселен, Еуропа ха-
лықтарының ертегілері «Бірде король өз баңшасында ағаш өсірді»
десе, орыс халқының ертегісі «Бірде корольдік бақшада ағаш көк-
теді» деп басталады. Әдетте тілдегі жақсыз құрылымдардың көп-
тігі мен түрлілігі (светает, мне хорошо, штормило) адамзат бала-
сының болмысты соңына дейін танып түсіну мүмкін еместігін
бейнелеуінде қолданылады15.
Айталық, солдата ранило миной, крышу сорвало ветром (мина
солдатты жаралады, жел шатырды жұлып кетті) сияцты жақсыз
құрылымдар соғыста орын алатын қайғылы оқиғалар мен сұрапыл
апатты құбылысты суреттеуде қолданылған16. Орыс тілінің мұндай
синтаксистік ңұрылымға деген қызығушылығы орыс халқының ұлт-
тық ділінде жатқан болар. Жоғарыда берілген мысалдар жеке ин-
дивидтің белсенді әрекетін көрсетпеуге, болған оқиғаға қатысты өз
мойнына жауапкершілікті алғысы келмейтінін көрсетеді.
Орыс тілінде жақсыз сөйлемдер мен соған сәйкес түзілетін син-
таксистік модельдер қолданылатын жерде ағылшын тілінде жіктеу
есімдігі қолданылады:
покурить бы (темекі шексек) - I feel like smoking;
думается, что (ойланарлық...) - I think;
есть охота (қарын ашты) - I am hungry;
холодает (суытты) - It's getting cold;
мне холодно (маған суық) - I am cold (тоңдым);
мне не спится (ұйқым келмеді) - I don't feel like sleeping;
тебя ранило (сені жаралады) - are you wounded.
Достарыңызбен бөлісу: