Коммуникация



Pdf көрінісі
бет212/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

15А.  Мустайоки.
  IX Меж­
дународный  Конгресс 
МАПРЯЛ,  Братислав, 
1999.
16 
3.  Трестерова.
  Не­
которые особенности 
русского менталитета 
и  их отражение  в 
некоторых особеннос­
тях русского языка //
IX  Международный 
Конгресс МАПРЯЛ. Рус­
ский язык, литература 
и  культура  на  рубеже 
веков. Т.  2.  Братислава, 
1999,179 б.
261


Демек, ағылшын тілінде I (мен) жіктеу есімдігінің бас әріппен жа- 
зылуынан  жеке тұлға  өзінің іс-әрекетіне  қатысты  барлық жауапкер- 
шілікті  өз  мойнына  алатынын  көреміз.  Орыс  тілінде  адамға  қатыс- 
ты  іс-әрекеттің де,  жауапкершіліктің де  жақтык, формасы  жок,,  жеке 
тұлға  қоғамға,  табиғатқа,  апатты  жағдайлар  мен  тылсым  күштерге 
сіңіп  кеткен.
Енді лексикаға  назар аударайық.
§ 3.  Саяси әдеп немесе тілдік такт
Батыс  идеологиясының,  әсіресе  ағылшынтілді  өкілдің  жеке 
тулғаға  деген  өзіндік  ерекшелігін  орыс  халқының  дүниетанымы 
мен  рухани  әлеміне  қарсы  қоя  отырып  салыстырайық.  Салыстыру 
нәтижесінде ағылшын тілінде жоғары мәдениеттілік  пен тілдік  қол- 
даныстың  өзара  байланысы  негізінде  «саяси  әдеп»  (политическая 
корректность) уғымы  қалыптасты.
Бұл  үрдіс жиырма  жыл  бұрын  «ағылшын  тілінің үстемдік етуі  мен 
оны жоюды талап еткен» африкалықтардың көтерілісі негізінде қалып- 
тасқан болатын (Али  Мазруйдіңжоғарыда  берілген еңбегін қараңыз).
Саяси  әдеп  жеке  тұлғаның  намысына  тиетін,  сезіміне  кері  эсер 
ететін  тілдік  бірліктерді  тілдік  қолданыстан  ығыстырып  шығаруға 
бағытталды. Тілдік жүйедегі мундай тілдік бірліктердің орнын  бейта- 
рап  немесе жағымды  бағалауыштық мәнді  иеленетін  эвфемизмдер- 
мен алмастырып, қолданысқа енгізді. Жалпы лингвистика тарихында 
бул  мәселе  алғаш  рет Америка лингвистикасынан  бастау алады.  Бұл 
мәселеде  америкалыцтар  біраз  нәрсеге  қол  жеткізді.  Ағылшын  тілін 
халықаралық  және  мәдениетаралық  тіл  ретінде  түрлі  ұлт  өкілдері 
мен нәсілдері қолданады. Осы себепке байланысты түрлі ұлт өкілдері 
ағылшын  тіліне  өз  талаптарын  қоя  бастады.  АҚШ-тың  тұрғындары 
түрлі  мәдениет өкілдерінен тұратындықтан, ерекше мемлекет ретін- 
де саналады. Сондықтан Америкада халықаралық, мәдениетаралык, 
және ултаралык, мәселелер ерекше назар аудартады. Сонымен қатар 
бұл  мемлекетте туған  жерінен  бақыт таба  алмай,  сол  бақытты  іздеп 
келгендер  шоғырланған.  Осы  себептен  де  ешкімге  тәуелсіз  емін-ер- 
кін  өмір  сүрсем  деген  жеке  тұлғаның  арманы  бұл  елде  шарыңтау 
шегіне  жетті.  Яғни  индивидуализм  негізі  -   мемлекеттің  идеология- 
сының, экономикасының, саяси және мәдени өмірінің негізгі тірегіне 
айналды. Тілдегі  мәдениеттіліктің  негізі  адамды  ренжітуге  жол  бер- 
мейтін, оның намысына тимейтін, адамның өмірі мен денсаулығына 
жағымды  эсер  етуі  сынды  әрекеттерден  тұрады.  Мундағы  идеяның
262


өзі  жақсы  нәрсе,  әрқашан  қолдауға  турарлық  мәселе.  Алайда  саяси 
әдеп терминінің өзі  «саяси»  сөзінің салдарынан  сәтсіз  шыққан.  Өйт- 
кені саясат сөзінің өзі белгілі  бір саяси  себептерге орай,  рационалды 
таңдауды  (яғни  шынайы  емес)  талап  етеді,  бұл  шынайылык,  турғы- 
сынан алғанда адамға деген жақсы қарым-қатынасты, тілдік тактика- 
ны ұстану талпынысына  қарама-қайшы.
Тілдік такт (linguistic takt)17 термині де  сәтті  шықпады.  Олай дей- 
тініміз, «саяси әдеп» ұғымы өзгетілдерде термин сөз ретінде қалып- 
тасты. Оны дамудың кемеліне жеткен  кезде өзгерту мүмкін  емес.17


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет