for improper use is ... [дүрыс ңолданбағаныңыз үшін айыппүл са-
лынады ...]. Алайда судьялар тежегіш-кранмен ойнағандардың
ісін қараған кезде improper анықтамасын қалай түсіндірерін біл-
мей қиналды. Сөйтіп мәтін: Penalty for deliberate misuse is...
[әдейі дұрыспайдаланбағаныңызүшін айыппұл салынады...] болып
өзгертілген.
Орыс тілі жайында әңгіме айта отырып, біз «соңғы уақытқа дей-
ін» деген тіркесті бірнеше рет қолдандың. Шынымен де, соңғы кез
де Ресейде идеологияда, әлеуметтік өмірде және соған сай мәде-
ниетте түбегейлі өзгерістер жасалды. Демек, тіл де бұл өзгерістерге
сай бейімделгені анық.
Хабарландырулардың өзі қызықты әрі мазмунды бола түсті:
олар тым көп (күн өткен сайын жарнама мен хабарландырулар-
дан тұратын газет-журналдардың саны артуда) және олар біздің
өміріміз сияқты түрлене түсуде. Оның ішінде заңсыз қызметтер мен
заттар да ашық түрде ұсынылуда. Оқырманды арамдыцпен, қыл-
мыспен әрі бурмалаумен шошытқым келмейді. Дегенмен мұның
өзі - тіл, мәдениет, әрі мәдениетаралық коммуникация. Тек бей-
күнә, практикалык, тұрғыдан тиімді, жииаз тасымалдауды усынған
хабарландыру жайында айтып өткім келеді:
«Трезвые грузч. 35 р/ч. Автопереезды квартирн., офисные, сей
фы, пианино. Качество».
Комментарий айтудың өзі артық.
Халықпен қарым-қатынас жасаудың түрі өзгеруде. Дамушы, ше-
телдік немесе шетелдіктермен жұмыс істеуге бағытталған мекеме-
лерде - господа (мырзалар) сөзі жиі пайдаланылатын болып жүр.
Жергілікті мекемелерде товарищи (жолдастар) сөзі уважаемые (қүр-
метті) теңеуімен көбірек алмастырылды (төменде келтірілген мысал-
дарда түптік орфографиясы мен пунктуациясы сақталып отыр):
Достарыңызбен бөлісу: