А.В. Павловская.
Как
делать бизнес в России.
Путеводитель для д е л о
вых лю дей. (В печати).
Біздің «заңға бағынбайтынымыздың» тағы бір дәлелі (Оксана
Ксензенконың материалдарынан):
АҚШ, Монтана штаты, 1991-1992.
Асхана есіктерінде дәстүрлі Exit, Entrance жазулары ілінген. Exit
жазуы жазылған есіктен орыс және украин (ол кезде әлі бір елдің
азаматтары болатын) студенттері емін-еркін кіріп жүреді. Америка-
лықтар Entrance жазуы бар есікте ұзын-сонар кезекте тұрады.
Орыстардың жазба тыйымдарға деген «бунтарлық» қарым-қа-
тынасына, немістердің ресми нұсқаулықтарға деген үнсіз бас июін
қарама-қарсы қоюға болады. Бұл тіпті мәдениеттердің әртектілігі
емес, қайшылығы (контраст). «Германия тыйым салынған жазбала-
рынан, рұқсат беретін тақтайшалары көп бірден-бір ел болуы керек:
мұнда темекі тартуға, көгалды басуға, т.б. жасауға болады. Басқа
елдерде тыйым салатын жазулар мұнда керісінше рұқсат етеді. Бұл
елде рұқсат етілмегеннің бәрі тыйым деген ой туындайды. Револю-
цияға дейінгі Ресейде ұзақуақыт бойы ереуілдеген неміс пролетар-
лары туралы әзіл әңгіме тараған еді. Унтер-ден-Линден көшесінде
ұйымдасқан саппен келе жатқан олар «Өтуге болмайды» деген
жазуға дейін келіп, аңтарылып қалыпты. Осымен революция аяқта-
лып, «барлығы ың-шыңсыз үйлеріне тарасқан екен».4
Немістермен салыстырғанда, бізде революцияның оңай жүзеге
асатынының себебін осыдан іздеген абзал.
Қорыта келгенде, дәл осы тақырыпқа «халықаралык, анекдот»:
Неміс, француз және орыс үшеуі көпірден секіреді.
Неміс ақшаларын құтқару үшін секіреді.
Француз сүйіктісін қутқару үшін секіреді.
Орыс көпірде «Көпірден секіруге болмайды» деген жазу болған-
дықтан секіреді.
316
Қорытынды
Тіл - жалпы әлемді көрсететін экран ғана емес, сонымен қатар адамның дүние-
танымдық әлемін бейнелейтін айна да. Бүл жағдайда әлем дегеніміз - адамды қор-
шаған шынайылық. Тіл айналасында бір мезетте адамның өзі, оның өмір сүру салты,
оның мінез-қүлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, жер-жаьандағы мәдениет пен құн-
дылықтар жүйесі. Тіл айна ретінде екі әлемді де: адамнан тыс, яғни оны қоршаған
әлемді және адамның ішкі әлемін, яғни өзі жасаған әлемін танытады.
Тіл - адамның ішкі-сыртцы жан дүниесі тоғысқан сиқырлы айна. Ол - бейтарап,
немқұрайлы емес, әділетті.
Сонымен қатар тіл -түлғаны ңалыптастырушы қару әрі құрал. Біз ата-бабамыздан
ұрпақтан-ұрпаққа жеткен тіл арқылы, әрі сол тілде жинақталған мәдениет арқылы
өркендедік. Біз ана тілімізді, төл мәдениетімізді, туған жеріміз бен туу уақытымыз-
ды таңдай алмаймыз. Біз адамдар әлеміне енеміз, ал тіл бізге дүние туралы (әлем
бейнесі), адамдар туралы, олардың құндылықтар жүйесі мен күн көрү амалдары
туралы түсінігін таңа отырып, өз жұмысын біртіндеп жүзеге асыра бастайды. Бізде
бәрібір таңдау жоқ. Біз тіліміздің тутқынымыз. Қарсыласудан пайда жоқ, тіл - шебер
әрі тәжірибелі маман; «адам жанының инженері» - өзіне табынушы миллиондарды
қалыптастырды, әлі үздіксіз қалыптастыра бермек.
Осы бір баға жетпес байлыққа ие бола отырып, ішкі-сыртқы алып әлемді өз дү-
ние танымына сіңіріп, адам ең басты мәселе - өзге жандармен қарым-қатынасца,
коммуникацияға түседі. Өйткені адам қоғамдық қүбылыс және көпшілік арасында
өмір сүреді. Алып әрі шағын әлемдегі бүгінгі
және болашак, өміріміз - қаншалықты дүрыс,
тиімді әрі жақсы қарым-қатынас жасай ала-
тындығымызға тікелей тәуелді. Егер бул кітап
осы мәселеде адамдарға титімдей болсын
пайдасын тигізе алса, егер ол араздықты,
келіспеушілікті, түсініспеушілікті болдырмауға
кішкентай болса да ықпал еткен болса, демек
кітап шығаруға бірнеше ағашты бекер шығын-
дамағанымыз.
Ағайындар!
Шыдамдылық танытайық,
«бөтен», өзге мәдениетті құрметтейік. Бүл
өмірімізді жеңілдетеді, тыныш өмір сүретін
боламыз.
Мәдениетаралық коммуникацияның фор-
муласы - орыс тіліндегі үш «Т»-ға (Терпение,
Терпимость, Толерантность//Төзім, Төзімділік
және Толеранттылық//) негізделеді.
317
|