тілін шеттілі ретінде оқыту курсы немесе батыстық үлгіде жазыл-
ған отандық еңбектер бойынша оқытылып келді).
Осылайша, тілді оқытудың тек ақпарат тасымалдау қызметі
ғана шектеулі түрде жүзеге асырылды, тілді меңгерудің төрт әре-
кетінің (айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым) ішінде тек бір
ғана оқылым әрекетіне бағытталды.
Кең етек жайған келеңсіздіктің себептері анық, тамыры те-
реңде еді. Олар елдің өзге мемлекеттермен, олардың халықта-
рымен қарым-қатынас аясының тарылуы, батыс тілдері әлемінен
оқшауланып, бул тілдердің латын мен грек өлі тілдері сияқты
тоқырауы.
Шет тілдерін оқытуды тек белгілі бір
тақырып төңірегінде жаз-
баша мәтіндер арқылы жүзеге асыру - әлдекімнің жазған мәтінін
түсінетіндей дәрежеге ғана жеткізді, алайда бул шынайы түрде
әңгімелесетіндей деңгейге (бунсыз шынайы қарым-қатынас мүм-
кін емес қой) жеткізбеді.
Мемлекетіміздің әлеуметтік өміріндегі түбегейлі өзгерісі,
оның әлемдік аренаға, бірінші кезекте, батыс әлеміне жылдамы-
рақ енуі, тілге өміршеңдік сипат дарытуы, байланыстың ғылыми-
техникалық қуралдарының дамуы - қарым-қатынастың түрін арт-
тырды, тіл оның шынайы құралына айналды.
Сол себептен де, қазіргі уақытта жоғары мектеп деңгейінде
шет тілін түрлі елдер мамандарының арасындағы тілдік қаты-
нас құралы ретінде оқытуды қолданбалы да, арнаулы маман-
дықтар төңірегінде туйықталып қалмау қажеттігін түсінеміз.
Мәселен, физиктерге физикалық мәтіндер, геологтерге геоло-
гиялық мәтіндерді ғана оқыту ретінде қабылдамауымыз керек.
ЖОО маманы - іргелі ғылыми дайындығы бар, өте білімді тұл-
ға. Соған сәйкес, маманның шет тілін меңгеруі - әрі өндіріс-
тің қуралы, әрі мәдениеттің бір бөлігі, әрі білімді ізгілендірудің
(гуманитарландырудың) құралына айналдырды. Мұның бар-
лығы тіл бойынша іргелі және жан-жақты дайындықты қажет
етеді.
Студенттің шет тілін меңгеру деңгейі, оның оқытушымен тіке-
лей қатынас негізінде ғана анықталмайды. Шеттілін тілдік комму
никация құралы ретінде қолдана білу үшін шынайы тілдік ортаны
қалыптастыру, оқытуды шынайы өмірмен байланыста қарастыру,
түрлі жағдаяттарда шет тілін қолдана білу дағдысын орнықты-
ра білуіміз қажет. Ол үшін шетелдік мамандардың қатысуымен
немесе қатысуынсыз өтетін ғылыми дискуссия жүргізу, шетелдік
ғылыми әдебиеттерді талқылау, шет тілінде курстар оқу, студент-
тердің халықаралық конференцияларға қатысуы, аудармашы ре-
тінде жумыс жасауы (ақпаратты қабылдау, оны түсіну және оған
жауап беру) сынды іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен
қатар тілдесудің сыныптан тыс түрлерін қалыптастыру қажет:
клубтар, үйірмелер, шеттілінде оқылатын ашық лекциялар, түрлі
мамандық бойынша білім алатын студенггердің жеке қызығушы-
лықтары бойынша құрылған ғылыми қауымдастықтар және т.б.
Қорыта айтқанда, белгілі бір тақырыптар аясында оқытылатын
жазбаша мәтіндердің шет тілін тілдік қатынас құралы ретінде
меңгерудегі рөлін жоққа шығара алмаймыз.
Сонымен, белгілі бір тақырып төңірегінде тек жазбаша мәтін-
дер арқылы жүргізілген тіл қолданысының шет тілін меңгерудегі
әрекеттердің бірі екенін жоққа шығара алмаймыз. Тіл үйрену-
шінің коммуникативті қабілетін барынша дамыту - шет тілі пәні
оқытушыларының алдындағы негізгі әрі өзекті міндеттердің бірі
саналады. Бұл мәселені шешу үшін, шет тілін меңгертудің төрт
түрлі әрекетін дамытуға арналған жаңа әдістерін меңгеру, тіл үй-
ренушіге шет тілін тиімді үйретуге бағытталған жаңа оқу құрал-
дары қажет. Дегенмен тілді оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерінен
мүлде бас тартуға болмайды, оның ішінен шет тілдерін оқыту
практикасы бойынша тәжірибеден өткен ең тиімді деген әдіс-тә-
сілдерді іріктеп алған дурыс.
Түрлі мәдениет өкілдері арасындағы тілдік коммуникация
құралы санатында, шет тілін оқытудың өзекті мәселесі ретінде
Достарыңызбен бөлісу: