§5. Тілдер мен мәдениеттердің табиғатын ашып көрсету үииін олорды салыстырудың рөлі Th e sum of hum an w isdom is not contained in any one language, and no single language is capable of expressing all form s and degrees of hum an com prehension. Ezra Pound Тілдер мен мәдениеттер арақатынасы, оларды қатар зерттеу
қажеттігі ешқандай күмән туғызбайды. Алайда осы жерде маңыз-
ды бір әдіснамалық ескерту жасай кеткен жөн.
Мәселен, тілдің, әсіресе мәдениеттің елеулі ерекшеліктері тілдерді,
әсіресе мәдениеттерді қатар қойып, салыстыра зерттеуде ашылады.22
Бір мәдениет деңгейінде мәдени кедергі еш байқалмайтындықтан,
«әсіресе» деп қадап көрсетіп отырмыз. Өйткені тілдік кедергіні анық
байқауға болғанымен, мәдени кедергіні -төл мәдениетті одан өзгеше,
таңғаларлық немесе ұнамсыз, тіпті жаға ұстатарлық басқа мәдениетпен
қатар қойып салыстырғанда ғана анықтауға болады.
Төл мәдениет арқылы адамның дүниетанымы, өмір салты,
діл және т.б. туралы пайымдаулары орнығып қалыптасады. Бір
қызығы, адамдардың басым бөлігі өзге мәдениет өкілдерінің
іс-әрекеті, олардың өз мәдениеттерінің көрсеткіші екенін түсіне
тұрып, өздерін төл мәдениетінің өнімі деп санамайды. Тек өз мә-
дениетінің аясынан шыққанда, яғни басқа дүниетаныммен, көзқа-
распен және т.б. қарсы келгенде ғана өзіндегі қоғамдық сана-
ның ерекшелігін ұғынып, мәдениеттер айырмашылығын немесе
қақтығысын көре алады.23
Сол себепті мәдени кедергі тілдік кедергіге қарағанда анағүр-
лым қауіпті әрі жағымсыз. Мәдени кедергі көрінбейтін әйнек
сияқты, соғылып, маңдайыңды жарғанша байқамайсың. Мәде-
ни қателердің тағы бір қауіптілігі - оның айыбы біршама жеңіл
көрінгенімен, тілдер айырмашылығы сияқты ережелер, сөздіктер
арқылы ажыратылмайды да, тілдік қателерге қарағанда көңілге
ауыр тиеді. Өзге тілде сөйлеуші адам қаншалықты қате жіберетіні
баршамызға белгілі. Мәдени қателерді кешіре салу оңай емес, ең
жағымсыз әсерлер солардан қалады.