Әлеуметтік лингвистика - тіл білімінің бір саласы ретінде
тілдік құбылыстар мен тілдік бірліктердің, әлеуметтік факторлар
және ықпалдастығын зерттейді. Біріншіден, тілдік коммуникация
шарттарымен (мезгіл, мекен, мақсат, тілдесушілер), екіншіден,
тілдік ұжымның салт-дәстүрлері, ырым-жоралғылары сынды мә-
дени факторларымен, қоғамдық өмірімен байланысты қарасты-
рады.
Лингвоелтану - әлеуметтік лингвистиканың дидактикалық ба-
ламасы, шет тілдерін оқытуда ана тілі өкілінің (сөйлерменінің) қо-
ғамдық және мәдени өмірінің жинақтық формасымен байланыс-
та алып қарастырады.
Е.М. Верещагин мен В.Г. Костамаров сынды ғалымдар Ресей
тіл білімінде лингвоелтану саласының негізін қалады. Тілші ға-
лымдар лингвоелтану саласының шет тілдерін оқыту маңызды
аспектілердің бірі екенін айқындай келе, мынадай пікір білдіреді:
«Екі улттың мәдениеті ешқашан бір-бірімен толык, сәйкес келмей-
ді. Бұның себебі, әрбір мәдениеттің өзіне ғана тән ұлттық және