Коммуникация



Pdf көрінісі
бет37/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

«Меңгеретін  тіл  әлемі»  («Мир  изучаемого  языка»)  пән  ретін- 
де  шет  тілін  оқыту  мәселесімен  тығыз  байланысты,  яғни  шет  тілі 
жүйесіндегі  тілдік  құрылымдар  мен  тілдік  бірліктердің  негізінде 
жатқан  әлеуметтік-мәдени  фактілерді  зерттеуге  бағытталған.
Басқаша айтқанда, «Меңгеретін тіл әлемі» атты  пәнніңғылыми 
негіздемесінде  әлемнің  тілдік  бейнесінде  көрініс  табатын  қоғам- 
ның әлеуметтік-мәдени  бейнесі  жатыр.
Ана  тілі  өкілінің  қоршаған  ортасы  мен  әлемінің  бейнесі  тек 
тілде  ғана  көрініс  таппайды,  сонымен  қатар  сол  тілдік  жүйені  әрі 
мінез-құлқы  мен  дүниетанымын,  сөйлесудегі  тілдік  бірліктердің 
қолданылу ерекшелігін  қалыптастыруға  негіз  болады.  Сол себепті, 
оқытылатын  шет  тілінің  тілдік  әлемін  білмей  тұрып,  оны  тілдік 
қатынас  құралы  ретінде  оқыту  мүмкін  емес.  Тілді  әрі  мәдениетті 
сақтаушы, әрі ұрпақтан-ұрпаққа мәдениетті жеткізуші  қор ретінде, 
сондай-ақ өлі тіл  ретінде де  оқытуға  болады.
Ал  тілдің  өміршеңдігі  сол  тілді  қолданушылардың  әлемінде 
өмір  сүруімен  өлшенеді  және  сол  тілді  қоғам  өмірімен  байланыс- 
тырмай  зерттеу  (түрлі  ғылыми  мектептерде  қолданылып  жүрген 
аялық  білім  жүйесі,  вертикальді  контекст  т.б.)  тірі  тілді  өлі  тілге 
айналдыратыны  анық,  білім  алушыны  тілді  қарым-қатынас  қура- 
лы  ретінде  қолдану  мүмкіндігінен  айырады.  Жасанды  тілдердің 
сәтсіздікке  ушырауының  себебі  -   жоғарыда  аталған  мәселелер- 
мен  тығыз  байланысты  болар.  Кеңінен  таралған  эсперанто  тілінің 
өзі  қазіргі тілдік қолданыстан  біртіндеп  шыға  бастады. Оның себе- 
бі  -   осы  тіл  иелері  мәдениетінің тілден  көрініс  таппауынан  болар 
деген  ойдамыз.
Лингвоелтану  және  лингвомәдениеттану  ғылымының  өзара  қа- 
рым-қатынасы туралы орыс тілін шеттілі ретінде оқытудың маманы, 
лингвомәдениеттану идеясын үздіксіз дамытып кележатқан профес­
сор  В.В.Воробьев  былай дейді:  «Лингвомәдениеттану»  және  «линг-
.48


воелтану»  ұғымдарының  арақатынасы  бүгінгі  күні  күрделі,  өзекті 
мәселеге  айналды,  «тіл  мен  мәдениет»  мәселесіне  деген  ықылас 
күн  санап  өсіп  келе жатқандықтан,  бул  саланы  теориялық түрғыдан 
тереңірек ұғыну үшін  оның  қайнар  көздерін,  негізгі  параметрлерін, 
зерттеу  әдістерін,  терминологиялық  базасындағы  негізгі  ұғымдар- 
ды толықтыру қажеттігі туындады». Лингвомәдениеттану пәніне де­
ген ынта орыс тілін  шет тілі ретінде оқытудың дәстүрлі лингвоелтану 
аспектісінің орнын  баса алмайды, ал  әдістемелік идеялар  «Тіл  және 
мәдениет»  мәселесінің  кейбір лингвоәдіснамалық  қүндылықтарын 
қайта  қарау қажеттіліктерімен  байланысты.20
Тіл  тасымалдаушының  әлемін  зерттеу  -   сөйлеу  тілінің  қолда- 
ныс  ерекшелігін  түсінуге,  тілдік  бірліктердің  семантикалық  жүгін, 
сөйлеу  тіліндегі  тілдік  бірліктердің  саяси,  мәдени,  тарихи  және 
тағы  басқа  коннотациясын  айқындауға  бағытталған.  Әсіресе  тіл- 
дік  реалийлерге  көп  көңіл  бөлінеді,  реалияны  тереңірек  білу  сол 
тілде  сөйлейтін  адамның  күнделікті  өмір  сүру  салтына  сәйкес 
келетін  қүбылыстар  мен  фактілерді  түсінуге  мүмкіндік  береді. 
Коммуниканттардың  арасында  сөйлесу  жүзеге  асуы  үшін  (тыңда- 
лым, жазылым,  сөйлесім,  оқылым  әрекетінде)  реалияны танүдың 
«өзара  коды»  (shared  code)  мен  «өзара  білімі»  жатыр.  Оған дәлел 
ретінде  В.Колыхаловтың «Сибирские Афины»  журналында жария- 
ланған  очеркінен  мысал  келтірейік:
«Н поселковой конторе тянулись все ниточки-веревочки кол- 
готной  спецпереселенческой  жизни.  Александровская  контора 
бурения  приняла  его  в  свой  боевитый  штат  охотно.  Специаль­
ность  при  молодом  человеке,  из  местных,  да  вдобавок  россий­
ский немец  ссылных кровей.
Текла необыденная работа,  бурлило  дело,  озаренное светом 
тех  первоцелинных лет,  который  и  до  нынешних  дней  играет 
бликами на пристоллах гордой биографии...
Но  станочники-вахтовики  из  Томска,  Новосибирска,  Юрги  -  
профессионалы  железного  дела,  люди  точного  мастерства, 
потому что высокой точности  обработки деталей на  «расхля­
банной»  станочной  флотилии  можно  добиваться  только  при 
условии задатков лесковского умельца левши».21
Очерктен  алынған  осы  бір  қысқаша  үзіндіде  берілген  (автор- 
дың тыңдаушыға  эсер  ету  қызметіне  бағытталған  көркем  шығар- 
масы  емес)  тілдік  фактілерді  түсіну  үшін,  оның  шынайы  әлеумет- 
тік-мәдени  фонын  білуіміз  қажет.  Олай  болмаған  жағдайда,  бізге 
мәтінді  өз  деңгейінде  түсініп,  оны  санада  қорыту  үлкен  қиындық 
туғызып, тілдесудің толық жүзеге  аспауына  алып  келеді.
Мәтіндегі  спецпереселенскую  жизнь  үғымын  қалай  түсінуге 
болады,  контора  бурения  дегеніміз  нені  білдіреді,  контора  бу-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет