Коммуникация



Pdf көрінісі
бет60/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

Аудармасы:  Үстел  -  жазық беті  бар,  әдетте төрт  аяқты, үстіне 
зат қоюға арналған жиьаз.
Үстел -  үстіне зат қоюға арналған,  бір  немесе  бірнеше аяққа  ор- 
натылған кең жазық беті тақтайдан  (ағаштан, мрамордан) жасалған 
үй  жиьазының  бір  түрі.  Круглый стол  (Дөңгелек  үстел).  Письмен­
ный  стол  (Жазу  үстелі).  Обеденный  стол  (Түскі  ас  үстелі).  Лом­
берный  стол  (Ломбер  үстелі).  Кухонный  стол  (Асүй  үстелі).  Туа­
летный стол  (Бонна тын  у стел).  (У.).
Немесе  ағылшын тілінің сөздіктерінде:
Table  -   article  of  furniture  consisting  of 
flat top of wood  or marble etc. And one  more 
usu.  Vertical  supports  esp.  one  on  which 
meals are  laidout, articles of use or ornament 
kept,  work done,  or games played  (COD).
Table  -   a  flat  surface,  usually  supported 
by four legs, used for putting things on  (CIDE).
Түрлі  мәдениет  өкілдерінің  тілінде  бұл  зат  әртүрлі  дыбыстар 
кешенімен  дыбысталып  (стол,  der  tisch,  a  table,  la  table),  бір  ғана 
затты  таңбалағанымен,  мағыналык,  жағынан  баламалары  әртүрлі 
болады.  Бұл,  әсіресе,  бір-бірімен  туыстығы  жоқ  халықтардың  төл 
мәдениетінен  байқалады.  Мәселен, Түркменстанда  үстел  сөзі  жер- 
ге төселетін дастарқан  немесе  клеенканың бір бөлігі деген  мағына- 
ны  білдіреді,  ал  еуропалық  қонақтарға  ерекше  сый-құрмет  корсе­
ту  белгісі  ретінде  біздің түсінігімізде  үстел  қойылады.  Бүл  жердегі 
мәселе,  бір-бірімен  туыстығы  жоқ  үлттық  мәдениеттегі  ерек- 
шеліктер  туралы  емес.  Швейцар  күйеуімен  Парижде  түрган 
орыстың  атақты  кино  актрисасы  Елена  Сафонова  бір-бірімен 
жақын туыстас деген еуропа мәдениетіндегі ерекшеліктерді бы­
лой сипаттайды: әңгіме өзге мәдениетте емес.  Кез келген тілде 
үстел  сөзін  айтқан  кезде,  менің  көз  алдыма  үстінде  шәйнек пен 
шыныаяқтары  бар,  төрт  аяқты,  ағаш  үстелдің  бейнесі  келеді. 
Ал француздар  үстел сөзін айтқанда,  үстінде гүлі бар,  бір аяқты 
шыны  үстелдің  бейнесін  көз  алдарына  келтіреді.  Француздарды 
бүл үшін кінәлай алмайсыз, олар да мені осы түсінігім үиіін кінәлай 
алмайды.  Олар  нашар  адамдар  емес,  өйткені  «олардың  улттық 
дүниетанымы басқа».9
Бұл  қарапайым, бірақ нақты, дәл  байқалған  иллюстрациялар зат, 
ұғым  және  сөз  арасындағы  қатынасты  көрсетеді.  Бұл  қатынастарды 
былайша сипаттауға болады: зат пен сөздің, яғни сол затты таңбалай- 
тын  сөз  бен  заттың арасында  уғым  жатыр,  ал  ұғым сол  тілде  сөйле- 
уші ужымның көзқарасымен, мәдениетімен тығыз байланысты. «Тіл- 
дердің әртүрлілігі -  бір және сол заттың әртүрлі таңбалануы емес, сол 
зат не  құбылыс туралы дүниетанымның әртүрлігінен  көрінеді... Тіл -  
иероглифтер жүйесі, адам сол  иероглифтер арқылы  қоршаған ортаға 
деген өзіндік көзқарасын, өзіндік ой-қиялын  бекітеді».10
9 А ргум енты   и  факты, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет