п Л.С. Бархударов.
Двенадцать названий
и двенадцать вещ ей //
Русский язы к за
рубежом, 1969, № 4,
79-80 бб.
Орыс тіліндегі
«дом» сөзі өзге тілдерге оңай аударылады. Мәсе-
лен, ағылшын тілінде
«house» түрінде айтылады. Дегенмен ағыл-
шын тіліндегі
«house» сөзіне қарағанда, орыс тіліндегі
дом сөзінің
мағынасы кең, бұл сөздің семантикасына «адамның өмір суруі мен
жумыс істеуіне арналған кез келген құрылыс нысандары» деген
ұғым енеді:
наше министерство -
это высокий серый дом на углу
(біздің министрлік - бурышта турған сур уй); наш факультет пе
реехал в новый дом, следующий за кинотеатром «Литва» (біздің
факультет «Литва» кинотеатрынан кейінгі турған жаңа үйге
көшіп кетті) және т.б. Мұндай мәнмәтіндер жүйесінде
house сөзін
қолдануға болмайды, себебі
house - бул үй, ал сіздің жұмыс істей-
тін орныңыз -
building. Адамның өмір сүруіне арналған көпқабатты
үйдің өзі
house емес, block offlates деп аталады.
Берілген сөздер семантикасындағы ерекшелікті Л.С.Бархударов
былайша сипаттайды: «Орыс тіліндегі дом сөзінің баламасы ретін-
де ағылшын тіліндегі
house бірлігін алуға болады; алайда бұл сөз-
дер екі мағынада қолданылғанда ғана бір-бірімен сәйкес келеді:
«ғимарат, құрылыс» мағынасында (каменный дом -
a stone house)
жэне «династия» мағынасында (Дом Романовых -
the House of
Romanovs). Қалған мағыналык, қолданыстарда бұл екі сөз бір-біріне
балама бола алмайды. Сонымен қатар орыс тіліндегі
дом сөзінің
«домашний очаг» (отбасы -ош ақ қасы), «адамныңтұрақты мекені»
деген мағыналары бар, дәл осы мағынада ағылшын тіліндегі
home
сөзімен сәйкес келеді. Сондай-ак, орыс тіліндегі үй деген сөздің
«мекеме» мағынасындағы қолданысы тағы бар және бұл мағына-
да ағылшын тілінде нақты қандай мекеме екеніне байланысты әр
кезде әртүрлі аударылады, салыстырыңыз: детский дом -
children's
home немесе
orphanage; торговый центр -
commercial firm; сума-
шедший дом (ауызекі) -
lunatic asylum; исправительный дом -
reformatory және т. б.
Байқағанымыздай, орыс тіліндегі дом сөзі мен ағылшын тіліндегі
house сөзі бір заттың екі жапсарлас қанаты деуге келмейді; бұл сөз-
дердіңәрқайсысы (бізтек қарапайым қолданысын ғана қарастырдык,)
бүтін бір семантикалык, жүйені өн бойында сақтайды, тек жекеленген
жағдайда ғана өзге тілдің мағыналыц жүйесімен сәйкес келеді.11
Дом және
house сөздері сөйлеу тілінде
функционалды қолда-
нысы жағынан да ерекшеленеді. Орыс тілінде
дом сөзі кез келген
мекенжайдың міндетті компонентін құрайды. Ағылшын тілінде дәл
осы мәнмәтінде оның ешқандай баламасы жоқ және соған сәйкес
аудармасы да берілмейді, орыс тіліндегі сияқты көше атауынан
кейін емес, жай ғана нөмірді көше атауының алдына жазасыз.
Орыс тіліндегі
дом сөзінің кең қолданысқа ие болуы, соған сәй-
кес
house сөзіне қарағанда сөз семантикасының да кең болуы, осы
(56
сөздің тіркесу ерекшелігі (орыс тіліндегі мекенжайдың құрамында
бар болуы, ағылшын тілінде бұл сөздің мүлдем қолданылмауы) -
шеттілін үйрену мен оқытуда біраз қиындықтар туғызады.
Дом және
house сөздерінің мағыналык, тұрғыдан кейбір сөй-
леу жағдаяттарында бір-біріне сәйкес келуі және олардың бір тіл-
ден екінші тілге аударылуы жеңіл болғанымен, осы зат, құбылыс
туралы үғым-түсініктің қалыптасуындағы мәдени ерекшеліктердің
бар екенін ескеруіміз қажет. Дом сөзімен таңбаланатын ұғымның
ағылшын тіліндегі
house бірлігінің білдіретін мазмұны - екі түрлі
халықтың ұлттық дүниетанымын, улттық мәдениетін айқындайды.
Ағылшын тілінде берілген
That morning she had a headache and
stayed upstairs сөйлемін түсіну әрі ағылшын тіліне дұрыс аудару
үшін осы тілдегі
house сөзінің білдіретін уғым-түсінігін жақсы мең-
геруіміз қажет. Бұл сөйлемнің орыстіліндегі сөзбе-сөз аудармасы:
В
то утро она имела головную боль и осталась наверху (Сол таңда
оның басы ауыргандықтан, жоғарыда қалды). Ал дұрысында, сөй-
лемнің мәнін ашатын аудармасы төмендегідей болады:
В то утро
у нее болела голова и она не вышла к завтраку (Сол таңда оның
басы ауырғандықтан, таңғы ас ішуге келмеді).
Себебі а-ғылшын халқының дәстүрлі деп есептейтін үйінің жоға-
ры қабатында тек жатын бөлмелер ғана орналасады, ал бірінші
қабатында қонакүй, асүй, демалыс бөлмелері болады. Мұндағы
upstairs (баспалдақпен жоғары көтерілу) және
downstairs (баспал-
дақпен төмен түсу) ұғымы ағылшындардың өмір сүру салтын, бөл-
мелердің орналасу тәртібін білдіреді. Яғни
house сөзімен таңбала-
натын зат, нәрселердің барлығын білдіреді, осылайша орыс тіліндегі
«үй» сөзінің білдіретін ұғымынан елеулі айырмашылығы бар екенін
көрсетеді. Мейлі
house, мейлі дом лексемасы болсын, білдіретін екі
сөздің ұғымдық мазмұны ғасырлар бойы қалыптасқан халыцтың
өмір сүру салтымен, халықтың географиялық орналасу жағдайымен,
климатымен, түрлі факторлармен тығыз байланыста анықталады.
Мәселен, үй салумен айналысатын қурылыс фирмасы ұсынған
«Русский дом с мансардой» архитектуралык, жобасының жарнама-
сына назар аударайык,:
Ең бастысы, ұжымдық өмірдің көрінісін
Достарыңызбен бөлісу: