жаман емес),
to have a comfortable income (жақсы табысы бар),
to
have money (ақшасы болу),
to get money (ақшасы болу),
to save
money (ақша жинау),
to be well-off (ауқатты болу) және т.б. «Кедей»
үғымы болса, бар болғаны бірнеше сөз бен сөз тіркесі арқылы
беріледі:
a poor man (кедей адам),
to be to poor (кедей болу),
have
no money (ақшасы болмау),
to be in financial dificullties (қаржы қиын-
дығына тап болу),
want of money (ақша керек болу), о
man without
money (ақшасыз адам).
XIX-XX ғасырларда «бай» мен «кедей» ұғымдарының сөзбен
берілуі сан жағынан салыстырғанда тең
келгенімен, сөздерді таңдау
бойынша едәуір айырмашылықтар бар екенін көрсетіп отыр. XIX ға-
сырларда бай ұғымын білдіретін
fortune сөзі әртүрлі сөздермен тір-
кесіп келіп, кең қолданыста болды:
a man of fortune (ауқатты адам),
a good fortune (жақсы жағдай),
large fortune (үлкен байлық),
a man
with fortune (ауқатты адам),
splendid fortune (асып-тасыған байлық),
tolerable fortune (үлкен байлыққа),
to give fortune (байлығын беру).
XX ғасырдағы әдеби шығармаларды қарағанымызда бірде-бір
байлықты білдіретін
fortune сөзін кездестіре алмадық. XIX ғасыр-
да байлық, әл-ауқат
(fortune) сөзі алдымен жер иелену, қожалығы
болу, көп ақшасы болу дегенді білдірген. Сөйлеушінің сөзді өзінің
әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес қолданатыны белгілі. Сондықтан
fortune сөзі бар сөз тіркестерінің қазіргі ағылшын тілінде өте сирек
қолданылуының себебі - сөйлеушілердің ол арқылы өз әлеуметтік
тәжірибесін көрсете алмауында болса керек.
Rich (бай) сын есімімен тіркесетін сөз тіркестері XIX ғасырда қол-
даныс аясы жағынан екінші орында тұрса
(fortune (байлық)) XX ға-
сырда алдыға шықты.
Сонымен қатар ағылшын романдарында жиі кездесетін
income
сөзімен тіркесетін сөз, сөз тіркестері қазіргі кезде қолданыстан ығыс-
тырылып, оның орнын
means (кіріс, байлық) сөзі басқан. XX ғасырда
байлықұғымы өзгерді, бұрын ол жер, қожалык, көрсеткіші болса, енді
банкте есепшотының болуымен өлшенеді. Сондықтан қазіргі роман-
дарда кейіпкердің материалдық жағдайын суреттегенде, yo/nt
account
(банктегі жалпы есепшот),
good investment (жацсы инвестиция),
modest annuity (жылсайынғы кіріс) секілді тіркестерді қолданады.
Ұғымның мазмұны өзгерді, қоғамдық сана өзгерді, соған сәйкес
ұғымның тіл арқылы бейнеленуі де өзгерді. Адамдардың байлыққа
деген қатынасының өзгергені де назардан тыс қалмады. XIX ғасыр-
да бай болу адамға мәртебе, құрмет, атақ әкелді және айналасын-
дағылардың қызығушылығы мен цызғанышын тудырса, XX ғасырда
адамдар байлықтың қайдан, қалай келіп жатқанын, кейбіреулердіц
дәулетті өмір сүруі үшін белгілі бір топ жоқшылықта өмір сүруге
мәжбүр екенін анық аңғаратын болды. Тіпті адамдарды банктегі
есепшотына қарап қарсы алатын Англияның өзінде бай адам ха-
лыңтың алдында ақталуға тырысады:
Anyway, what's wrong with
being rich. It's a quality, it's attractive. Rich people are nicer, they're less
nervy (I. Murdoch)/ Қалай айтсаңыз да, бай болғанның несі жаман?
Ол сый-құрметке бөлейді, жұрттың назарын бұрады. Байлар жайлы
келеді, олар кикілжіңге көп бара бермейді (А.Мёрдок)/.
Достарыңызбен бөлісу: