20 Н. Думбадзе.
Белые
ф лаги. Тби ли си , 1974,
212 б.
21
М. Ваняшова.
М әң-
гілікке толы сэт// Театр,
1981, № 6, 45 б.
22 К.
Симонов.
Лирика.
М., 1956, 6 б.
23
М. Ваняшова.
Көрсет.
ш ы ғар., 4 5 -4 6 бб.
87
24 И.
Василина.
БИТЕФ
тосы нсы й лар ы // Театр,
1981, №6,140 6.
25
Н.Ю. Лотман.
«Ром ан
А.С. Пуш кина «Евгений
Онегин». Ком м ентарий».
Л., 1980,158-159 66.
26
Г.А. Антипов,
О.А. Донских, И.Ю. М ор
ковина, Ю.А. Сорокин.
«Текст как явление
культуры»
140-141 66.
әрі салтанаты да бар - күйеуінің үйіне қонак, келген»24 батысеуропа-
лық мәдениет. Соңғы мысалда қара түстің символикасы диахрония
тұрғысынан алғанда, сол ұлттың мәдениетінде ғана көрініс табады;
XIX ғасырдың басында еуропалықтар үшін қара түс тек өлімнің, ңа-
заның символы болған: 1802 жылы шыққан «Еуропа хабаршысын-
да» берілген бал туралы үзіндіде: «Ерлердің бәрі қазаға барып кел-
гендей қара киініп алыпты» делінген; Д.Н. Свербеевтің айтуынша,
«ерлердің де, әйелдердің де қара түсті киім киюі жаман ырым са-
налады, сондықтан ерлер- қоңыр, жасыл, көк фрак киеді»; А. Мюс
се «Исповеди сына века» атты кітабында: «Қазіргі кезде ерлер киіп
жүрген қара костюмнің ырымы тым жаман»,25 - деп жазды.26
Әлемнің мәдени, тілдік (немесе лингвомәдени) картасындағы
ағылшын тілі жасаған әртүрлі түстер гаммасында ақ пен қара түс
аса маңызды рөл атқарады. Осы түстерде ағылшынтілді әлемнің
шынайы, мәдени көрінісі бейнеленген.
Ак, сөзінің номинативті мағынасы - қар мен бор түсі (0.); white - of
the colour of fresh snow or common salt or of the swan's plumage ...
/ Ақ - жаңа жауған қардың, кәдімгі түздың немесе аққу қауырсыны-
ның түсі/ (СОД).
Қара сөзінің номинативті мағынасы - аққа қарама-қайшы,
ыстың, көмірдің түсі (О.); black - opposite to white - colorless from the
absence or complete absorption of all light / қара - аққа қарама-қай-
шы, жарықтың болмауынан не мүлде жоқтығынан түссіз болып
көрінетін түс / (СОД).
Екі түс те шынайы өмірдегі белгілі бір құбылысты бейнелейді.
Мысалы, олар ңара көйлекті сипаттауы мүмкін: a black dress, қара
көйлек қара түсті көйлекті білдіреді, ал white dress ақ көйлек қар-
дың, түздың немесе аққу қауырсынының түсімен түстес көйлек
түсін білдіреді.
Екі мәдениетте де қара түс қазаға қатысты қолданылады (алай-
да кейбір шығыс елдерінде қазаны ак, түс білдіреді), сондықтан
қара көйлек не қазаға киіледі не ресми кештерде киіледі. Егер көр-
кем шығармада баланың қара кигені айтылса, бұл оның жақында-
рының біреуі ңайтыс болғанын білдіреді, себебі орыс мәдениетін-
де жай уақытта балаға қара киім кигізілмейді. Мәселен, балалар
әдебиетінің белгілі кейіпкері Полианна әкесінің ңазасынан кейін
қонаққа қызыл көйлек киіп барғанында, неліктен қара киіп келме-
генін түсіндіруге асығады: / ought to have explained before. Mrs. Gray
told me to at once - about the red gingham dress and why I am not
in black. She said you'd think t'was queer. But there weren't any black
things in the last missionary barrel. Part of the Ladies' Aid wanted to
buy me a black dress but the other part thought the money ought to go
towards the red carpet for the church (E.H. Porter. Polyanna) / Мұны
8 8
ертерек түсіндіруім керек еді. Өткенде миссис Грей маған неге
қара кимей, қызыл көйлек киіп алғансың деді. Олай киінгенімнің
ерсі екенін айтты. Бірақ миссионерлердің жіберген соңғы сәлем-
демесінде қара түсті ештеңе болмады. Әйелдердің көмек көрсету
қоғамындағылардың бір бөлігі маған қара көйлек алмақшы болып
еді, енді бір бөлігі ақшаны шіркеуге қызыл кілем алуға жұмсау ке
рек деп шешті (Э. Портер).
Екі мәдениетте де ақ көйлекті әдетте жас қыздар киеді, бұл -
пәктіктің символы, той көйлегі. Сәнді ақ көйлек кию қалыңдыққа
тән, бул - некелесу символы.
White tablecloth ак, дастарқан секілді қарапайым тіркестердің
барлық мәдени реңктерін түсіну үшін қара дастарқан black tablecloth
деген тіркес жасап көріңізші. Жасанды, естіген құлаққа түрпідей
тиеді! Себебі, екі мәдениетте де қолданыста мұндай тіркес жоқ.
White tablecloth ак, дастарқан салтанатты кештерде, үлкен мереке-
лерде жайылады. Қазіргі ағылшын мәдениетінде ак, дастарқан жаю
дәстүрі қалып барады деуге болады. Орыс мәдениетінде оның мә-
дени таңбалылығы сақталған, атаулы мерекелік кешпен байланыс-
тырылады.
White - black ақ - қара сөздерінің адам деген мағынаны біл-
діретін man сөзімен тіркесі арнайы қарастыруды қажет етеді. White
man тіркесінің әлеуметтік-мәдени шарттылығы оның өзіне тән
семантикасынан көрінеді. White man деген тіркес - ақ нәсілден
шыққан, терісінің түсі ак, адам деген ұғымды ғана бермейді, төмен-
дегі контекске қарағанда, бул америкалык, болуы мүмкін, алайда
антропологиялық турғыдан алғанда, испандықтар мен мексика-
лықтар да «ақ адамдарға» жатқызылады:
And sometimes her husband brought visitors, Spaniards or Mexicans
or occasionally white men (D.H. Lawrence) /Кейде оның күйеуі испан-
дықтарды немесе мексикалыңтарды, ал кейде ақтарды қонаққа
алып келетін (Д.Г. Лоуренс)/.
Өз нәсілін басқалардан артық санайтын ақтардың қоғамын-
да бұл тіркестің адал, әдепті, тәрбиелі деген мағынаға ие болуы,
керісінше, black man тіркесіне әзәзіл, жын, ібіліс деген жағымсыз
мағынаның таңылуы кездейсок, жағдай емес. Үзінділерді салысты-
рып көрейік:
The whitest man that ever lived, a man with a cultured mind and
with all the courage in the world (T Hardy) / Жер бетіндегі адамдар-
дың ішіндегі тектісі, ең білімдісі және ең батылы/ (Т. Гарди).
Sit down and tell me about your sister and Jon. Is it a marriage of
true minds? It certainly is. Young Jon a pretty white man (G. Meredith)
/ Отыр да, маған әпкең мен Джон туралы айт. Бул қалауымен к,о-
сылған неке ме? Эрине. Жас Джон жақсы адам ғой (Дж. Мередит).
89
Rich as Croesus and as wicked as the black man below (J. Meredith)
/ Крёз секілді бай, ібілістей ашулы (Дж. Мередит)/.
Жалпы (сол тілде сөйлейтін ұжымның мәдениеті мен қоғамдық
санасын бейнелейтін) ағылшын тіліне қара түсті жамандықпен, ал
ақты жақсы нәрселермен байланыстыру тән. Тіпті ағылшын тілінің
америкалык, вариантының ықпалымен бул құбылыс британдық ва-
риантында бурынғыдан да үдей түсті.
Сондықтын black сөзімен тіркесетін номинативтіктоптар жағым-
сыз коннотацияға ие болса, white сөзі жағымды мағына беретін тір-
кестерде қолданылады.
Black sheep (сөзбе-сөз: қара қой, «шіріген жұмыртқа» мағына-
сында) black market (қара базар) blackmail (сөзбе-сөз: қара пошта,
бопсалау мағынасында) Black Gehenna (қараңғы тамұқ), black soul
(ңара ниет) деген тіркестердің бәрінде black сөзі жағымсыз мағына-
да қолданылған, black dress (қара киім) black armband (қолына қара
байлау) тіркесінде black сөзі қазаға, өлімге қатысты пайдаланылып
тұр. Керісінше w hite- бейбітшіліктіңтүсі, қалыңдык, көйлегініңтүсі,
бір сөзбен айтқанда, барлық жақсы, таза нәрсенің түсі. Мысалы,
У. Блейктің «The little black boy» /Қара бала/ өлеңін алайық: And I
am black but Oh, my soul is white /Я черный, но душа моя бела (Ауд.
С. Степанова) /Өңім қара болса да, жүрегім а к/.
Тіпті white сөзі жағымсыз мағынадағы зат есіммен тіркескеннің
өзінде, ол сол сөздің жағымсыз мәнін бәсеңдетеді, мысалы: white
lie тіркесі моральдік тұрғыдан ақталған, зияны тимейтін өтірік де-
генді білдіреді (орыс тіліндегі черная зависть - белая зависть
деген тіркестерде де «ақ» сөзі қызғаныш сөзінің жағымсыз мәнін
жұмсартып тұр).
Жалпы орыстіліндегі ақпен қара сөздерініңметафоралықмағы-
насы ағылшын тіліндегі баламасымен мәндес: черная душа (қара
ниет), черная весть (қаралы хабар), черный день (қаралы кун), чер
ный глаз (сук, коз), черный враг (қас душпан). Осы туста мэдениет-
тер айырмашылығына тағы бір мысал келтіре кетейік. Орыстар бір
нәрсені кейінге қалдырса, оны «на черный день» /сөзбе-сөз қара
күнге/ дейді, ал ағылшындар «against a rainy day», яғни жаңбырлы
күн ге дейді.
Қазіргі кезде white man - black man тіркестерінің қолданылу
ерекшелігі көпшілік назарын өзіне күрт бұрды. Ағылшын тілінің
халықаралық тіл ретінде рөлінің артуына орай, сондай-ак, Африка
халықтарының отаршылдықтан шығып, өзіндік санасының өсуімен
байланысты олар ақ-қара ұғымдарына тән метафорикаға жіті көңіл
бөлетін болды.
«Политическая социология английского языка» атты еңбектің
авторы Али Мазруидің көрсетуінше, Африка халқын «ағылшын
тіліндегі нәсілшілдіктің сарқыншағы» алаңдатады. Сөйлеуші black
сөзін жағымсыз, white сөзін жағымды коннотацияда қолдана тұрып,
«қараны жаманмен, ақты жаңсымен байланыстыратын нәсілшілдік
дәстүрдің келмеске кеткенін саналы түрде әлі де түсінбейді».27
Али Мазруи бұл дәстүрді Ібілісті қара, Періштені ақетіп суретте-
ген христиан дінінің таралуымен байланыстырады. Ол Библия мен
классикалык, ағылшын әдебиетінен қара нәсілділердің ар-ұжданы-
на тиетін көптеген мысалдар келтіреді. Ағылшын тіліндегі әдебиет-
терді Африка халықтарыныңтіліне аударуда бүл едәуір қиындықтар
туғызатынын айтады. «Венеция көпесіндегі» Порция өзіне көңілін
білдіруге келген ағылшын, неміс, француз ақсүйектерінен тұратын
күйеу жігіттерді талқылай келіп, солардың қатарындағы Морокко
ханзадасы туралы үзілді-кесілді былай дейді: «If he have condition
of a saint and the complexion od a devil, I had rather he should shrive
me than wife me» / Жүрегі әулиедей таза, жүзі Ібілістей қара болса,
жарындай емес, қызындай қабылдасын/.
Зерттеу авторының пікірінше, қазіргі ағылшын тіліндегі түстерді
білдіретін метафорикаға қатысты тез арада бір шара қолдану ке-
рек. Таяу уақытта ағылшын тілінде сөйлейтін қара нәсілділер саны
жағынан ақ нәсілділерді басып озады. Әлбетте, бул blackmail (қара
сөз) сөзін whitemail (ақ пошта) деп, black market (қара базар тіркесін
white (ақ) не brown market (қоңыр базар) деп өзгерту керек деген
сөз емес. Алайда ағылшын тіліндегі нәсілшілдіктің сарқыншағына
саналы көзбен қарап, тым болмаса ағылшын тілінің африкалык,
вариантына жаңа альтернативті метафораларды енгізу - оның
позициясы мен танымалдылығын нығайта түсер еді. Али Мазруи
африкалыцтарға ағылшын тілін қабылдауда сыни көзбен қарап, бел-
сенді болу керектігін айтып, тілден нәсілшілдікті («Deracialization of
English») аластатуға шақырады.
Әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты, тілдік құбылыс-
тың әлеуметтік-мәдени шарттылығы өткір саяси мәселеге айналып
отыр. Бұл «Political correctness» атты мықты мәдени, идеологиялық
қозғалыстың бас көтеруіне негіз болды.
Сөз тіркестерінің әлеуметтік-мәдени шарттылығына тағы бірне-
ше мысал келтіре кетейік:
He really loved to have white men staying
on the place... And she was fascinated by the
young gentlemen, mining engineers, who
were his guests at times.
He, too, was fascinated by a real gent
leman. But he was an old-time miner with a wife, and if a gentleman
looked at his wife, he felt as if his mine were being looted, the secrets of
it pryed out (D.H. Lawrence).
Достарыңызбен бөлісу: |