ыО.Д. Митрофанова.
Л и н гво д и д акти че ски е
уроки и прогнозы конца
XX века // М атери алы IX
Конгресса М АП РЯЛ . Б р а
тислава, 1999 г. Д оклад ы
и сообщ ение россий ских
учены х. - М осква, 1999.
3 5 2 -3 5 3 бб.
О.Д. Митрофанова орыстьщ «царь (патша)» сөзінің мэдени фо-
нының күрделілігі туралы ңызықты мәліметтер келтіреді. Екі тілді
әзербайжан жазушысы Чингиз Гусейновтың «Фатальный Фатали»
атты тарихи романы алдымен орыс тілінде жазылып, содан кейін
автордың өзі әзербайжан тіліне аударады. Бірақ «орыстілді мәтін-
нің қарсыласуынан» аударма жөнді болмайды. Бұған шығарма
кейіпкері Мирза Фатали Ахундовтың, сондай-ак, автор Чингиз Гу-
сейновтың орыс және азербайжан мәдениетінің тоғысында тәр-
биеленуі ықпал еткен. Ч. Гусейнов өз шығармасын әзербайжан
тіліне аудару идеясынан бас тартады. Автордың өзі мұны былай
түсіндіреді: «Әзербайжан оқырманына бағытталған әзербайжан
халқының шығармасын орыс тілінен аударылған нұсқа ретінде қа-
лай ұсына аламын? Тек түпнұсқаның негізінде басқасын жазу жолы
ғана қалды... бастапқы түпнұсқа негізінде жазылған шығарманың
барлык, сюжеттік-композициялық және концептуалды жүйесі әзер-
байжан тіліне аударған сәттен-ақ орыс тілінің ықпалына түсті. Өйт-
кені алғаш мәтін осы орыс тілінде жазылған болатын, сондықтан
еріксіз түрде шығарма мазмунында орыс және еуропа тіліне тән
реалиялар, материалдар қолданылып, осы халықтар мәдениеті-
не тән кейіпкерлер мен олардың тағдыры басшылыққа алынды.
Тіпті шығыс материалының өзі орыс және еуропа халықтарының
дәстүрі мен рухани дүниетанымы негізінде түсіндірілді».28 Мы-
сал ретінде орыстың «царь» сөзі талданады. Орыс мәтінінде бас-
шылыққа алынған «царь» ұғымына қатысты сыни-ирониялык, қа-
тынас орыс халқының мәдениетінде ешқандай қарама-қайшылык,
тудырмайтын, үйреншікті түрде қолданысқа түскен тілдік фразаны
өзге тілді мәтін мүлде қабылдамады, өзге тілдік жүйеге қарсы бол-
ды. Алайда патшалық биліктің ортақ белгілерін білдіретін жанама
атауларын (мәселен, ханзада) қолдануда тіл ешқандай қарсылық
танытпады және осы лексемаға қатысты сыни қарым-қатынас
мәтін жүйесіне енгізілді. Бұл жердегі басты мәселе неде? Өйт-
100
кені әзербайжан тілінде ақ патшаның бірде-бір жағымсыз бейнесі
жоқ. Мұндай сыни тұрғыдан көзқарастың қалыптасуы әзербайжан
халқының дүниетанымында жоқ, табиғатына тән үйреншікті нәрсе
емес».29 Орыс тіліне қарағанда, әзербайжан тілінде орыс патшасы-
г9Сол ж ерде, 356
б.
на деген сенімділік берік сақталған сияқты. Тілде мәдени ақпарат-
тардың сақталатындығының айқын дәлелі ретінде университетті
басқару жүйесіндегі терминдердің қолданысын алсак, та болады.
Орыс және ағылшын тілдеріндегі университеттің басқару жүйесін-
дегі ректор, декан атауларының өн бойында Еуропаның көптеген
мемлекеттерінде білім беру сол кезеңнің әлеуметтік институты
ретінде саналған монастырь мен шіркеулерде жүргізілген-ді, соған
сәйкес алғашқы білім беру жүйесінің шіркеулік бағытта болғаны ту-
ралы ақпарат сақталған. Содан кейін діни және зайырлы білім беру
жүйесі ретінде екіге бөлініп, соңғысы алдыңғысына қарағанда
кеңінен таралған болатын. Кеңестік Ресейде шіркеулік бағыттағы
білім беру мүлдем жоққа шығарылып, оқытушылар да, студент-
тер де, олардың ата-аналары да осыдан көптеген жүз жылдықтар
бұрын білім берумен тек дінбасылары ғана айналысқанын естен
шығарды.
Англияда жоғарыда айтылған мәселе қаланың архитектурасын
еске түсіреді. Ескірген университеттер әлі күнге дейін XIII, XIV, XV
және кейінгі ғасырларда салынған, әрі монахтардың тұруына, әрі
дуға оқуға арналған арнайы бөлмелері (келья), серуендеуге ар-
налған атақты галереясы (cloisters) бар көне шіркеу ғимараттарын-
да орналасқан. Одан кейінгі жылдары «қызыл кірпішпен» негізі
қаланған жаңа университеттер де осы шіркеу архитектурасының
үлгісінің негізінде салынған болатын.
Дегенмен ағылшын тілінде, әсіресе орыс тілінде университет-
тік білім берудің о бастағы тарихи негізін айқындайтын мәдени
қабаты бар:
Декан - факультет басшысы. Бұл сөз неміс тіліне латын тілінен
келуі мүмкін. /Іатын тілінде decanus тұлғасы бастапцыда «діни қыз-
меткерлердің басшысы, яғни дінбасы», сондай-ак, «он монахтың
басшысы» деген мағынада қолданылған (Ф).
Dean - 1. A head, a chief, or commander of a
division often. 1483.
3. Head often monks in a monastery 1643.
4. Hence, the heart of the chapter in a
collegiate and cathedral church. ME.
5. A presbyter invested with jurisdiction or
precedence (underthe bishop or archdeacon)
over a division archdeanconry.
6. In other essi. uses 1647
Декан - 1. Он адамнан қүралған бөлім командирі не басшысы
(1483).
3. Монастырьдағы он монахтың басшысы (1643).
4. Университеттегі немесе кафедральды шіркеудегі діни қыз-
меткерлердің басшысы.
5. Епископ билігінің (ағылшын шіркеуіндегі епископ немесе
архидиаконға бағынатын жергілікті діни басшы) жекелеген
бөлігін қамтитын аймақ басшысы.
6. Басқа шіркеулік қолданыста (1647).
101
7. The officer or officers in the college of
Oxford and Cambridge appointed to supervise
to conduct and discipline og junior members
1577.
8. The president of a faculty or department of
study in a University; in U.S. the registrar or
secretary of the faculty 1524.
9. The president, chief or senior member of
anybody (The Shorter Oxford).
Достарыңызбен бөлісу: |