Коммуникация


Төрт  сауалнамада  да  (2017  жылы  да)  Ресей  студенттерінің  сана-



Pdf көрінісі
бет134/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

Төрт  сауалнамада  да  (2017  жылы  да)  Ресей  студенттерінің  сана- 
сындағы  АҚШ  әлемін  сипаттайтын  төмендегі  алты  сөз  өз  позиция- 
сын жоғалтпаған:
1.  Hollywood-3 орын (1998-4орын, 1995-1 орын, 1992-5 орын).
2.  New York -  4 орын  (1998 -  1 орын,  1995 -  4 орын,  1992 -  8 орын).
3.  Statue of Liberty-4орын (1998-2 орын, 1995-2орын, 1992-5орын).
4.  skyscrapers- 6  орын (1998-8 орын, 1995-8 орын, 1992-4 орын).
5.  freedom -  7 орын (1998 -  6 орын,  1995 -  7 орын,  1992 -  2 орын).
6.  White house- 8  орын (1998-10 орын, 1995-9 орын, 1992 -1 0  орын).
Бұл сөздердің арасында АҚШ-тың әлеуметтік өмірінің характерис- 
тикасын танытатыны, тек біреуі  ғана  немесе  ол туралы  қазіргі  ресей- 
лік жастардың дүниетанымының көрінісін  әйлгілейтін -  freedom сөзі. 
Қалғандары -  АҚШ-тың ұлттык, символы -  skyscrapers пен  жене атау- 
лар:  Hollywood, New York, Statue of Liberty,  White house.
Соңғы  сауалнамада  қолданылу  жиілігі  жағынан  алдыңғы  орынға 
шыққан  сөздер  назарға  бірден  ілігеді.  Өйткені  дәл  осы  сөздер  қазіргі 
қоғамды  бағалауға  негіз  бола  алады.  Бұған  дейінгі  сауалнамаларда, 
1992  жылы  -   smile,  1995 
жылы 
-   Hollywood,  1998 
жылы 
-   New  York 
сөздері  бірінші  орыннан  көрінсе,  2017  жылы  бұл  сөздердің  орнын 
fastfood сөзі  басқан-  Әлемнің  тілдік  картинасын  бейнелеуде  дәл  осы 
асығыс  дайындалып,  асығыс  желінетін,  аты  да  затымен  үйлесіп  тур- 
ған  (жылдам  дайындалатын  тағам)  арзанқол  тағам  -   2017  жылы  ре- 
сейлік  жастардың,  Мәскеу  мемлекеттік  университеті  студенттерінің 
дүниетанымында АҚШ сөзімен бірге ойға оралатын ең көп таралған сөз 
болып отыр. 1998 жылы қолданылу жиілігі жағынан 9 орыннан көрінген 
алғашқы  тағам  -   hamburgers  (гамбургер)  болған  еді.  1995  жылы  ол 
тағам түрі «АҚШ-тың қазіргі өмірі» тобында 8 орынға табан тіреді- 2017 
жылы бірінші орынға табан тіреген fastfood сөзімен бірге, burgers сөзі 5 
орынды  иеленген.  АҚШ-тың соңғы  екі  президенту тиісінше  2  (қазіргі -  
Трамп пен оның алдындағы -  Обама) 9 орынды иеленген.
2017  жылдың сауалнамасы  бойынша,  ресейлік жастардың түсіні- 
гінде  Американы  және  америкалықтарды  жиі  кейіптейтін  сөздердің 
қатары  төмендегідей  (цолданылу жиілігіне  орай):  Democracy,  cinema 
industry,  modem technologies,  Entertainment industry,  music.
Ресей  студенттерінің Американы  және  америкалықтарды  сипат- 
тауындағы  өзгерістер  АҚШ  өміріндегі  ерекшеліктерді  ғана  көрсетіп 
ңоймайды,  сонымен  қатар  Ресей  өміріндегі,  Ресей  БАҚ-тарындағы 
мұхиттың  аржағындағы  адамдардың  мәдениеті,  өмір  сүру  салты, 
құндылықтар  жүйесі  т-т-  туралы  ақпараттардың,  оны  ресейліктердің


қабылдау деңгейінің, беретін бағасыныңқаншалықты өзгергендігінен 
хабар бергендей-
Қайталану  жиілігі  жағынан  үздіктердің  қатарынан  орын  алған 
modern  technologies  сөзі  (8  орында)  біз  күткендегіден  төмен  орынға 
жайғасыпты.  Жаңа  технологиялардың  қоғамды  түбегейлі  өзгерткен, 
әсіресе  жастар  өмірін  түбірімен  басқа  арнаға  бұрған  зор  ықпалын 
қалай жоққа  шығарамыз.
Жас  буын  жиі  ауызға  алған  келесі  үш  сөздің  мән-мағынасы  бір, 
сол себепті де оларды бір айдарға жатқызуға болады -  entertainment 
industry  (көңіл  көтеру  индустриясы),  music  (музыка)  және  cinema 
industry (кино индустриясы).
Мұны  түсіндіріп  жатудың өзі  артық,  себебі  2017  жылдың  соңын- 
дағы  жиі  кездескен  сөздер  мен  сөз  тіркестері  тізімінде  «ғайыптан 
пайда  болған»  осы төрт сөздің қазіргі  әлемнің,  сондай-ақ Ресей  өмі- 
рінде  жаңа  технология  заманында  дамудың  жаңа  мүмкіндіктеріне 
ие  болған  көңіл  көтеру  индустриясының  кең  тараған  өнімі  музыка 
мен  кино  сияқты  жаңа  технологиялардай  (әсіресе  жастар  өмірінде) 
орасан  рөлі барлығын бағамдауға болады.
Демек, тіл -т іл   иелерінің санасындағы  әлем  картинасының көне, 
дәстүрлі  компоненттері  ретінде  де,  жаңа  әрі  дамушы  компонент 
ретінде  де  көрініс  таба  отырып,  мәдениет  айнасы  рөлін  ойнауды 
жалғастыра түсуде.
Көрнекі құрал ретінде 2017 жылғы сауалнама нәтижесін әрі қарай 
сабақтай түссек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет