Коммуникация



Pdf көрінісі
бет136/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   246
§1.  Мәселенің қойылуы
Тіл  мен  адам  ажырамас  бірлікте.  Әлемде  адамзаттан тыс тіл  бол- 
майтыны  секілді,  адам  да  тілсіз  өмір  сүре  алмайды.  Адамды  тілсіз 
зерттеп  білуге  болмайтыны  сияқты, тілді де адамсыз меңгеру мүмкін 
емес. Тіл  адамның қоршаған ортасын, сол ортада  қалыптасқан мәде- 
ниетті  бейнелейді,  мәдениетті  сақтап,  ұрпақтан-үрпаққа,  әкеден  ба- 
лаға жеткізеді. Тіл -таным  қүралы,  адам оның көмегімен әлемді, мә- 
дениетті танып,  біледі.  Сондай-ақ тіл  -  мәдениет  қуралы,  ол  адамды 
түлға  ретінде  қалыптастырады, оның іс-әрекетін,  өмір салтын, дүние-
танымын,  үлттық  мінезін,  ділін,  идеология- 
сын  анықтайды.  Тіл  -   айнымас  қатал  ұстаз, 
ол  өзінде  қалыптасқан  идеяларды,  пікір- 
лерді,  мәдени  қабылдау  модельдері  мен 
іс-әрекеттерді таңудан танбайды.
Белгілі  бір  тұрғыдан  алғанда,  адам  -  
өз  ана  тілінің  құлы,  нәресте  шағынан  ата- 
анасы  сөйлейтін  тілдің  ықпалына  түсіп,  өз 
еркінен,  қалауынан  тыс  түскен  ұжымның 
тілімен  бірге  мәдениетін де  бойына  сіңірү- 
ге  мәжбүр болады.
Ұлттық  мәдениет  пен  түлғаның  арақа- 
тынасы  жайында  әртүрлі  ғылым  саласы 
өкілдерінің, атап айтқанда, психологтердің, 
мәдениеттанушылардың,  әлеуметтанушы- 
лардың  жазған  еңбектері  жетерлік.  Солар- 
дың ішінде шет тілін оқытатын оқытушылар
Шб


үшін  классикаға  айналған  Е.М.  Верещагин  мен  В.Г.  Костомаровтың 
«Тіл  мен  мәдениет»  кітабында:  «Адам  орыс,  неміс,  жапон және т.б. 
болып тумайды, тек белгілі бір үлт қауымында  өмір сүру барысында 
сол ұлт өкілі болып  қалыптасады.  Баланы  қоршаған  ортаның ұлттық 
мәдениеті оныңтәрбиесіне де  ықпал  етеді»,1-  делінген.
Алайда  адам  тәрбиесінде,  оның  тұлға  ретінде  қалыптасуында 
мәдениетпен  ажырамас  бірліктегі  тілдің  айырыңша  рөл  атқараты- 
нын  ұмытпайық.  Е.М.  Верещагин  мен  В.Г.  Костомаров  келтірген 
кеңестік  кезеңнің  танымал  психологі  Б.Г.  Ананьевтің  «Тұлға  -   мә- 
дениет  өнімі»  деген  белгілі  афоризмін  «Тұлға  -  тіл  мен  мәдениет 
өнімі» деп толықтыра  кеткенді жөн  көрдік.
Адам шыр етіп дүние есігін ашқан алғашқы сәттен-ақ болашақана 
тіліндегі дыбыстарды естиді. Тіл оны  қоршаған ортамен таныстырып, 
оған  дейін-ақ,  онсыз  да  «салынып  қойған»  көріністерді,  бейнелерді 
таңа бастайды. Тілді меңгерумен  қатар, ол енді  қоршаған орта, өз мү- 
шесі болып саналатын  қоғам, ондағы мәдениет, құндылықтар жүйесі, 
мораль, іс-әрекет және т.б. жайындағы ақпаратқа  қанығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет