Дублиндескрипторлары А) В) С) D) E)
Пәннің атауы Дифференциалды психология (Қ.Жұбанов ат.АӨУ)
Бағдарлама авторы Төлебаева Ж.А. Курсты оқытудың мақсаты: (оқу бағдарламасына сәйкес) студенттердің адам даралығы мәселелері және оның қалыптасуының дифференциалды психологиялық заңдылықтарын ашу және осы құбылыстың адам өмірі мен оның тұлғалық өсу процесіндегі маңызы туралы негізгі білімдері мен ғылыми идеяларын қалыптастыру.
Пәннің қысқаша мазмұны: (негізгі бөлімдері немесе тақырыптар атаулары) Адам даралығын ұйымдастырудың негізгі деңгейлері; жыныс, нейрофизиологиялық, конституциялық және басқа деңгейлерге негізделген айырмашылықтарды қарастыр; адамдарды тәрбиелеу, оқыту және кәсіби бағдарлау үшін дифференциалды психология білімінің маңыздылығын түсіндіру.
Пререквизиттері:Жалпы психология, ЖЖҚ анатомиясы мен физиологиясы, жасерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология
Постреквизиттері:Коррекциялық психология, Еңбек психологиясы, Когнитивті психология.
Оқытудан күтілетін нәтижелер: А. адам даралығын ұйымдастырудың негізгі деңгейлері, гендерлік, нейрофизиологиялық және конституциялық принциптерге негізделген жеке айырмашылықтар туралы жалпы мағлұмат алу; В. зерттеу нысанын анықтау, мақсат қою, зерттеуді орындау жоспарын құру С. зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін жеке айырмашылықтарды талдау критерийлерін дұрыс таңдау; D. алған білімдерін іс-тәжірибе жүзінде пайдалану, зерттеу нәтижелерін талдау және өңдеу; Е.түрлі әлеуметтік жүйелерде зерттеулер жүргізу дағдысын қалыптастыру
Модуль 6.1 Тұлға теориялары және клиникалық психологиядағы зерттеу әдістері, 28 кредит Клиникалық психолог
Дублин дескрипторлары А) В) С) D) E)
Пәннің атауы Клиникалық психологиядағы тұлға теориялары (Қ.Жұбанов ат.АӨУ)
Бағдарлама авторы Измагамбетов А.К. Курсты оқытудың мақсаты: (оқу бағдарламасына сәйкес)клиникалық психологиядағы тұлға теорияларының ерекшеліктерін және оның жалпы психологияның басқа бөлімдерінен айырмашылығын зерттеуге бағытталған. Курста тұлға теорияларының ерекшеліктері, оның негізгі компоненттері, психоанализдегі тұлға теориясы, аналитикалық психология, бихевиоризмдегі тұлға мәселелері, гуманистік психология, сонымен қатар отандық тұлға теориялары қарастырылады. Оқыту нәтижесінде студент клиникалық психологтың практикалық іс-әрекетінде тұлға теориялары бойынша білімін пайдалану қабілеті мен дайындығын көрсетуі керек.