DOI Numarası/DOI Number: 10.24155/tdk.2017.13
Көне Және Орта Ғасыр Ескерткіштеріндегі Көсемше Формалары
Türk Dünyası 43. Sayı
252
forms has been offered in Kipchak monuments with the Armenian inscriptions, the
Orkhon monuments and “Divanü Lûgati’t-Türk”. Also alternative forms of an adver-
bial participle in modern Kazakh language has been analysed comparatively. During
the carried-out analysis it is determined semantic coincidence and distinctions of for-
ms of an adverbial participle.
Keywords: Gerunds, ancient Turkic monuments, Kipchak monuments with Arme-
nian inscriptions, morpheme.
Етістік - есімдерден кейінгі орында түрленуші сөз табы. Оның түрлену,
тұлғалану жүйесі, сөйлеудегі қолданыстық қасиеті әрі күрделі, әрі сан
алуан. Сондықтан да етістіктің лексика-грамматикалық категориясы,
таза грамматикалық категориясы бар. Одан басқа таза грамматикалық
категория жасауға негіз болатын ерекше түрлері бар. Солардың бірі ―
көсемше.
Түркі тіл білімінде көсемшенің құрылымы мен шығу тегін, түрлерін,
мағыналық ерекшеліктерін, атқаратын қызметін зерттеп, талдаған
еңбектер баршылық. Атап айтқанда В.В. Радлов, В. Томсен, П.М.
Мелиоранский, Г. Рамстедт, А. Габен, С.Е. Малов, Н.Ф. Катанов, А.Н.
Кононов, А.М. Щербак, В.Г. Кондратьев , Н.Т. Сауранбаев, Ғ. Айдаров,
М. Томанов, А. Ысқақов және т.б. ғалымдардың бұл еңбектерінде
көсемшелердің көне түркі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі түрлі
өзгерістеріне назар аударылып, оның барлығы тілдің даму барысындағы
заңдылық екені көрсетіледі.
Қазақ тіл білімінде де көсемше мәселесі ертеден-ақ қолға алынды.
А. Байтұрсынов көсемше терминін тіл біліміне енгізіп қана қоймай,
«Көсемше дейміз ― екі етістік қосарынан сөйлегенде, алдында
айтылатын етістіктің қысқа түрін. Мәселен, жаза бер, қарап тұр, жүгіріп
келді дегенде алдыңғы сөздер көсемше етістік болады» (Байтұрсынов
1992, 110 б.),- деп көсемшеге алғаш анықтама берді.
Етістіктің көсемше түрі түркі тілінде ерте кезден-ақ қолданыста
болған. Ғ. Айдаров Тоныкөк (VIII ғ.) ескерткіші тіліндегі: а) -а, -е:
баса ― наступая; ә) -ғалы, -қалы: топлакалу ― чтобы, сложить;
б) -ур, -ір: азідір ― услышав (Айдаров 1963, 65 б.) түрлерін атаса,
V-VIII ғасырдағы орхон-енисей ескерткіштерінің тілін зерттеген В.Г.
Кондратьев жоғарыдағы көсемше жұрнақтарынан басқа -ұ/-ү, -ы/-
і түрлерін атайды. Ғалым ескерткіштері тіліндегі -а, -е, -ы, -і және -у,
-ү көсемшелерін мағыналық жағынан салыстырғанда, семантикалық
ерекшеліктің болуы мүмкін емес екенін айтады (Кондратьев 1981, 110
б.). Н.Ф. Катанов бұлардың барлығын бір көсемшенің варианттары
ретінде қарастырған жөн дейді (Катанов 1903). Шындығында, бұлардың
Saule TOREBEKOVA
253
Türk Dünyası 43. Sayı
арасында семантикалық ерекшелік болмауға тиіс, дегенмен ғалымдар
көсемшенің бұл түрінің варианттарын жеке-жеке қарастыруға тырысады.
Оларды жеке қарастыруға себеп болып отырған олардың семантикалық
мағынасы емес, сөз тіркесі құрамындағы басқа да сөздермен тіркесу
жағдайы болу керек.
Армян жазулы қыпшақ ескерткіштері тілінде қолданылған -а, -е
тұлғалы көсемшелерінің беретін мағыналары жағынан қазіргі түркі
тілдерімен сәйкес келеді. Өзінен кейінгі тұрған етістікпен мағыналық
байланысқа түсіп, қимылдың амалын, себебін, мезгілдік мәнін білдіреді.
Көсемшенің басқа түрлеріне қарағанда -а, -е тұлғасы барлық етістіктерге
бірдей жалғанып келе бермейді, сондықтан болар сирек қолданылады.
Мысалы: “čïχara bermäs anï χoluna dušmanlarïnïŋ kendiniŋ” (Гаркавец
2002, 392 б.) - Өз дұшпандарының қолына оны шығара бермес; A egär ki
özgä ištän boldu esä, tölöv bašï üčün bolmaχ keräk yašlarïna körä ol boγul-
gannïŋ, nečik öldürgän kišiniŋ (Гаркавец, Сапаргалиев 2003, 86 б.) - Ал
егер басқа себептен болған болса, оның басы үшін суға кеткеннің жасына
көре, өлтірілген адамның төлемі алынуы керек.
Етістіктің көсемше тұлғалары қосарланған сөздерде қайталанып
келген. Мысалы: «χazaχ tüštü dinsiz artïna χïra-χïra “ (Гаркавец 2002,
553 б.), “bizimkiläri kesä-kesä χuvalïy edilär artlarïndan čaχtürk obozu-
na yuvuχ” (Гаркавец 2002, 554 б.), “ tövä-tövä χaganlarnï sürdülär čïχarï”
(Гаркавец 2002, 1064 б.), “yašïna yašïna kezgäylär alar” (Гаркавец 2002,
55 б.). Қазіргі тілімізде көре-көре, айтып-айтып, көре тұра, біле тұра
т.б. етістіктер құрамында осы формада сақталған. Сөздердің мұндай
аналитикалық формасын жасау — көсемшелердің қосымша қызметі.
Тілдің даму барысында -а тұлғалы көсемше көбіне адвербиализацияға
ұшырап, үстеуге айналған.
Армян жазулы қыпшақ ескерткіштері тілінде -а, -е көсемшесінің -ү,
-у, йу, -йү тұлғалы қысаң және еріндік нұсқалары кездеспейді.
Ал М. Қашқаридың «Сөздігінде» төмендегідей жұрнақтар көсемше
жасайды: -ұ/-ү, -а/-е, -ып/-іп, -ұп/-үп, -ыб/-іб, -ұб/-үб, -бан/-убан, -абен.
Көріп отырғанымыздай, “Сөздікте” қазақ тілінде жоқ -ұ/-ү, -бан/-убан,
-абен көсемше жұрнақтары; -ып/-іптің -ұп/-үп, -ыб/-іб, -ұб/-үб дыбыстық
сыңарлары кездесіп отыр.
Сөздіктегі -ү, -ұ, -у - мен келген көсемшенің барлығы қазақ тіліндегі
-ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге сәйкес келеді. Атқаратын қызметтері де
ып, -іп, -п жұрнақты көсемшемен мағыналас.
Иігітлеріг ішлетү, Жігіттерге (іс) істетіп,
Иығаш иеміш ырғату, Миуа ағашты ырғалтып,
Көне Және Орта Ғасыр Ескерткіштеріндегі Көсемше Формалары
Türk Dünyası 43. Sayı
254
Құлан кеиік авлатұ, Киік-құлан аулатып,
Бедзрем қылып авналым Мейрам қылып ауналым (Егеубаев 1997,
I. 311 б.).
Келтірілген сөйлемдегі көсемшелер құрмалас сөйлемнің құрамында
бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарып тұр, сөйлемнен
келер шақ мағына аңғарылады.
-у жұрнағының шығу жайын ғалым Б. Сағындықов былай түсіндіреді:
«Тұйық етістіктің жұрнағы бірте-бірте көсемшелік мән алған. Орхон-
енисей ескерткіштерінде -у жұрнағы көсемшенің -ып, -іп жұрнақтарының
орнында пайдаланылған,...Ежелгі дәуірде оқиғаның, іс-әрекеттің анық,
дәл, нақты болғанын, қалай өткенін білдіру қажеттігі туған жағдайда
-у тұлғалы көсемшеге -ан, -ен жұрнағы жалғанған. Бұл позициялық
өзгеріс -у тұлғасын -п, -б-ге айналдырып жіберген: олурыпан, сүлепен,
келіпен, тутыпан - олуру, сүлейү, келү, туту” (Сағындықұлы 1994).
Ал басқа ғылыми еңбекте былай берілген: “Деепричастие на (-j) -у/-j/-
i/-u. Очевидно, возникновение этих причастий является результатом
фонетического развития деепричастия на -а (результат аблаута)
(Джамавов 1967, 474 б.). Сондай-ақ, Х.Г. Нигматов та -а/-е мен -у (-ү~йү/-
йү) аралығында семантика-функционалдық айырмашылық жоқтығын
айтады (Нигматов 1989, 142 б.). “Деепричастия с аффиксом -/й/-у, /-й/у
по значению равняется с деепричастиями на -а, -е, а так же -б, -уб, -уб,
-об, -б (Садыков 1987, 57 б.). Сонымен, «Сөздіктегі» -ұ, -ү, -у тұлғалы
көсемше мазмұны жағынан -а, -е, -й, -ып, -іп тұлғалы көсемшелерге
сәйкес келген. Сөйлемде баяндауыш, пысықтауыш қызметін атқарған.
“Түркі сөздігінде” -а, -е тұлғалы көсемше ауыспалы осы шақты
білдіріп, аяқталмаған іс-әрекетті сипаттап, көмекші етістікпен тіркесіп
келеді: ақа тұрұр (ағып тұрар), қақа тұрұр (қағып тұрар) (Егеубаев
1997, I. 103 б.).
-а, -е тұлғалы көсемшелер амалдың білгісін білдіріп, сөйлемде
пысықтауыш қызметін атқарады.
Келсе саңа иолғыра Келсе саған жолыға,
Үдзұн аны одзгұра Оят оны ұйқыдан,
Барсын нерү қадзғұра, Кетсін аулақ қайғыра (Егеубаев 1997, II. 272
б.).
Берілген мысалдардың аудармасына назар аударсақ -а тұлғалы
көсемше қазіргі қазақ тіліміздің -ып, -п тұлғалы көсемшесіне қызметі
жағынан да, мағынасы жағынан да дәлме-дәл келеді, яғни негізгі етістіктің
Saule TOREBEKOVA
255
Türk Dünyası 43. Sayı
алдында қолданылып, қалай? қайтіп? деген сұраққа жауап береді, өткен
шақтық мағынада, бұйрықты сөйлем құрамында жұмсалады.
-ып, -іп, -п тұлғалы көсемше ― көне түркі дәуірінен бері
пайдаланылып келе жатқан ең көп қолданыстағы жұрнақ.
Көне түркі тілінде -п, -пан көсемше тұлғалары тек болымды негізден
жасалады. Бұл ескерткіштерде -п тұлғасына қарағанда -пан тұлғасы
сирек қолданылады.
-бан/-бен дауысты дыбыстардан кейін, -ибан/-ибен дауыссыз
дыбыстардан кейін жалғанады. М. Қашқаридың «Сөздігінде» -абен
тұлғасына бір ғана мысал кездеседі: алтун күмүш булнабан (Егеубаев
1997, II. 153 б.).
В.В. Радлов -абен, -ыбан тұлғасының бірдей мағына беретіндігін айтса,
В. Томсен мен П.М. Мелиоранский екі тұлғаны да бірдей аударады. С.Е.
Малов -пан көсемшесінің семантикалық -п көсемшесінен айырмашылығы
жоқ екенін айтты. Келтірілген мысалдардан байқалатыны: -ыпан мен
-ып көсемшелерінің мағынасы жағынан айырмашылығы жоқ. М.А.
Ахметов: «-ыпан көсемшесі ескерткіштерде айтылған ойға мәнерлілік,
экспресивтік мағына беру үшін қолданылады», - дейді (Ахметов 1978, 42
б.). Жоғарыда айтқанымыздай, Күлтегін ескерткішінде -п көсемшесіне
қарағанда, -пан көсемшесі тек үлкен жазуда 6 рет қолданылған. Мұның
өзі -пан тұлғасының жүйелі түрде қолданылмағандығын көрсетеді. Қалай
дегенмен де, -бан/-пан жұрнағының қолдану өрісі ұзаққа бармағаны
анық. Көне түркі ескерткіштерінің тілінде де -п жұрнағының үстемдігі
байқалса, «Түркі сөздігінде» бан/-пан жұрнағының кездесуі жоқтың
қасы, бірер сөйлем мөлшерінде ғана кездескенін мына мысалдардан
көруге болады: Иал барұпан ергүзү, ― Көктем келіп, еріді (Егеубаев
1997, I. 126 б.), Күнде ышы иүксебен иұқар ашар ― Ісі оңалып, көтерілер
күнде өрлеп,.. (Егеубаев 1997, I. 379 б.).
бан/-пан тұлғалы көсемше армян жазулы қыпшақ ескерткіштері
тілінде мүлдем кездеспейді. Ескерткіш тілінде ең көп қолданыстағы
жұрнақ ― -п, -ып, -ип, -уп, -үп тұлғалы көсемше.
-п, -ып, -ип, -уп, -үп тұлғалы көсемшенің ескерткіш тілінде өнімді
қолданыста болғанын ескеріп, қимыл тәсілінің берілуіне қарай бірнеше
топқа бөлдік:
1) Екінші бір қимылдың, не іс-әрекеттің болу-болмауына себеп
болатын жанама қимылды білдіруі: “maŋa χabär etiŋiz ki men dä barïp
baš endiriyim” (маған хабар етіңіз, мен де барып бас идірейін) (Гаркавец
2002, 270 б.) “boyumnu basïp ayaχïŋ tibinä alïpsen” (мойнымды басып,
аяғыңның түбіне алыпсың) (Гаркавец 2002, 145 б.).
Көне Және Орта Ғасыр Ескерткіштеріндегі Көсемше Формалары
Türk Dünyası 43. Sayı
256
2) Екінші істің орындалу - орындалмауына, болу-болмауына тәсіл-
амал болып келетін қосымша қимылды білдіруі: “kim ki yaχšï etip yaχšï
övrätsä” (кім жақсы етіп, жақсы үйретсе) (Гаркавец 2002, 173 б.), “ sö-
Достарыңызбен бөлісу: |