küp χargap biy teŋrini haybatlamïyïrmen” (сөгіп, қарғап би тәңіріні
ғайбаттамаймын) (Гаркавец 2002, 134 б.), “yazïχlarïmïznï sürtüp yuvgay-
sen” (жазығымызды сүртіп жуғайсың) (Гаркавец 2002, 118 б.).
3) Құрмалас сөйлем құрамында бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы
болып келу түрі: Džâht bilä baχïp alarnï da ögütlämäχ keräk, nečik yarγu
körgüzsä (Гаркавец, Сапаргалиев 2003, 88 б.) - Ұқыптылықпен қарап,
оларды да жарғының анықтауы бойынша жазалау керек (Гаркавец,
Сапаргалиев 2003, 668 б.); Egär daγïn anïŋkibik ögüznüŋ eyäsi χïlïχïn bil-
mäsä da kimesäni urup naχïs etsä, eyäsi borčlu tigüldür, ne ziyanlï (Гаркавец,
Сапаргалиев 2003, 99 б.) - Егер ондай өгіздің иесі мінезін білмесе, ал ол
біреуді (ұрып) мертіктірсе, иесі зиянын өтеуге міндетті емес (Гаркавец,
Сапаргалиев 2003, 672 б.).
Осы топтамадан байқағанымыздай, -п, -ып, -ип, -уп, -үп тұлғалы
көсемшенің қолданыс аясы ескерткіш тілінде өте кең болған. Жоғарыда
мысалға келтірілген көсемшелер мен негізгі қимылды білдіретін
етістіктердің әрқайсысының лексикалық және грамматикалық
мағыналары сақталған. Көсемше көбінесе пысықтауыштық қызмет,
құрмалас сөйлем құрамында баяндауыштық қызмет атқарған. Өткен шақ
көсемше тұлғасын білдіретін құрмалас сөйлемдер себеп бағыныңқылы
сөйлемнің баяндауышы болып қолданылған.
А. Байтұрсынов еңбектерінен бастап Н. Сауранбаев еңбектеріне
шейін (елуінші жылдар) көсемше жұрнақтары ретінде -а, -е/-й; -ып, -іп,
-п; -ғалы, -гелі, -қалы, -келі қосымшалары аталған. Кейінгі зерттеушілер
көсемшенің жұрнақтарына -ғандай, -ғанша, -мастан, -май, -майынша,
-ысымен (әрқайсысының дыбыстық варианттары бар) жұрнақтарын да
қосады: -ғанша (есімше + қызметтік (функциялық) жұрнақ); -мастан
(болымсыз етіс + есімше + шығыс септік); -ысымен (қимыл есім + тәу.
III жағы + көмектес септік); -майынша (болымсыз етістік + көсемше +
дәнекер қызметтік жұрнақ) (Қазақ грамматикасы 2002, 530 б.).
Армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінде -майын/-мәйін есімше
тұлғансының -мыйын/-мійін нұсқасы қолданылған: «oruč etiy edi 40
kün da 40 kečä, bir nemä yemiyin da ičmiyin” (ораза ұстап, 40 күн, 40 түн
ешнәрсе жемейін де ішпейін) (Гаркавец 2007, 460 б.), “agïrlïχ etmiyin”
(ауырлық етпейін) (Гаркавец 2002, 732 б.), “törägä kelmiyin” (төреге
келмейін) (Гаркавец 2002, 678 б.). Осы дәуірлердің өзінде мезгілдік
мағына беретін -майынча, -мәйинчә тұлғалары ескерткіш тілінде -мынча,
-минче бір буынның түсіп қалуы арқылы жасалады: -майынча>-
Saule TOREBEKOVA
257
Türk Dünyası 43. Sayı
Достарыңызбен бөлісу: |