Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет46/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Тірек сөздер: поэзия, поэтика, идея өлең, ақындық шеберлік, жаңашылдық, 
шығармашылық 
 
Қазақ әдебиетінің белгілі бір саласы – поэзия. Бастау бұлағы ықылым 
заманнан басталып, бүгінгі күнге дейін құрылымдық өзгеріп, идеялық дамып, 
әр ғасырдың өзінше өрнегі салынып поэзия жасалып келеді. Өзі поэзия деген 
сөз гректің 
poeo 
– шығару, жасау дегенінен шыққан. Сондықтан, адамның ой- 
қиялынан шыққан творчестволық кезеңді көрсететін көркем сөздердің барлығы 
да поэзияға жатады. Поэзияға өлеңмен жазылмаған сөздер де кіреді, себебі 
өлеңмен жазылмаған шығармаларда да адамның творчестволық ой-қиялының 
жемісі. Оған да ой, ақыл, ұғым керек, онда да көркемдік сұлулық бар. 
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы. 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы» деп Абайдың өлеңге қойған талабынан 
поэзияның тілдік һәм құрылымдық мағынасы һәм дыбыстық үйлесуі 


88 
маңызды екенін ұғуға болар[1,89]. Өйткені, өнердің бір түрі саналған өлең де 
мәнерлі һәм мағыналы болуы шарт. 
«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, 
Ол – ақынның білімсіз бишарасы. 
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, 
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы» – дей отырып ұлы Абай сол 
кезеңдегі ақындық өнердің кейін кетіп, той-томалтың ермегіне, тыңдаушы 
жұрттың да сауаты мол, білімі толық болмағанына күйініп айтады[1.89]. Тарихы 
тұрғыдан алғанда, кез келген өнердің арғы тегі халық даналығынан бастау алып 
туындайды: өседі, өркен жайып, дамиды; сөйтіп оның ең құнды шығармалары 
мәңгілік мұра ретінде ғасырлар бойы жасай береді. Әдебиеттану тұрғысынан 
алатын болсақ, қазақ әдебиетінің тамыры сонау ежелгі дәуірге табан тірегенімен, 
оның мұралық байлығын жазып, санап тауысу мүмкін емес. Сондықтан, арғы-
бергі қазақтың тарихында әдебиеттің рөлі ерекше болғанын біле отырып, 
дәуірден дәуір озған сайын әдебиеттің заман айнасына айналып, халық өмірінің 
жарқын үлгісі болғанын байқаймыз. Жоғарыда айтқанымыздай, халық 
мәдениетінің озық үлгісі өлеңмен өрілгендіктен біз ежелгі дәуірден ХХІ ғасырға 
дейінгі аралықта поэзияның, өлеңнің өзгерісін көреміз. 
ХХІ ғасыр поэзиясы дегенде өткен ғасырда туып-өсіп, ақындық шеберлігі 
қалыптасып, өлең өрнегінде ХХІ ғасырда өзгешелік туғызған ақындарды атап 
айтуға болады. Олардың алдыңғы легі Ұлықбек Есдаулет, Есенғали Раушан, 
Несіпбек Айтұлы, Нұрлан Оразалин, Исраил Сапарбай, Ақұштап Бақтыгереева, 
Ханбибі Есенқарақызы, Гүлнар Салықбай, Темірхан Медетбек сынды 
ақындардан басталады. Бұл топтың алды кеңестік кезеңде танылып, шыға 
бастағанымен көпшілігінің поэзия сүрлеуі ХХІ ғасырмен тұспа-тұс 
қалыптасты[2,5]. 
Дегенмен, бүгінгі күні бұл топтағы ақындардың алдыңғы легі 60-70 жасқа 
келіп, тіпті кейбірі дүниеден озды. ХХІ ғасыр поэзиясында өзіндік өрнектерін 
қашап кеткен ақындардың ізін басып орта буын жән жастар бар. Орта буын 
дегенде, дәл қазіргі кезде жастың да жасамыстың да қатарына кірмейтін ақындық 
қолтаңбасы қалыптаып, елге танылған Ақберен Елгезек, Бақытжан Алдияр, 
Қалқаман Сарин, Есболат Айдабосын, Бақыт Беделхан, Мұрат Шаймаран, 
Бекжан Әшірбаев, Бауыржан Бабажанұлы сынды ақындарды атауға болады. Бұл 
қатардағы ақындар поэзиясының шығармалары елге жетіп, көңілге қонып, 
таралды. Әр ақынның өзіндік стилі һәм өрнегі болады десек, бұлардың бір-біріне 
ұқсамас қолтаңбасы қалыптасты. 
Қазіргі қазақ поэзиясының жаңа буыны жастар поэзиясының сөз мәйегі 
мен тілдік қолданысы да, поэтикалық сарыны да түрлену үстінде. Өйткені, бір 
ақынға бір ақын ұқсамаса ғана оның шығармашылығы мойындалары хақ. Жастар 
поэзиясының өкілдеріне Мирас Асан, Мақпал Жұмабай, Мерей Қарт, Ерлан 
Жүніс, Бауыржан Әлқожа, Асылан Тілеген, Жадыра Байбұланова, Сүндет 
Сейітов, Арайлым Мұраталиева және т.б. ақындарды атауға болады. Бірақ, осы 
бір жастар поэзиясының өкілдері дегенде тізімге тоқтау сала алмайсыз. Өйткені, 
уақыт өткен сайын жас ақындар легі өзгеріп, поэзияның түрленуіне, дамуына 
септігін тигізер қаламгерлер көбейіп келеді. 


89 
Солардың бірі де бірегейі, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы 
қалыптасып келе жатқан Жадыра Байбұланованың поэзиясындағы поэтикасын 
зерттеу, зерделеу – қазіргі әдебиеттану міндеті. Заманға ілесе жүрген жаңа поэзия 
өкілдерінің шығармашылығындағы жаңашылдық, идеялық һәм тақырыптық 
ерекшеліктеріне тоқталу, тілдік құрылымын талдау ғылымға ден қойған жас 
ғалымдар қарекеті болмақ. Осы тұрғыдан алғанда, студенттік курстық жұмыс 
ретінде зерттеп-зерделеген «Ж.Байбұланованың поэзиясындағы поэтикасы» 
деген тақырыпта ғылыми мақала жазуды жөн көрдік. 
«Шегініп көрсем аз күнге кері, 
Өмірдің мәнсіз мазмұн, дерегі. 
Тағдырдың маған жазбай кеткенін, 
Өлеңмен өзім жазғым келеді», - деп басталатын жыр шумақтары автор 
шығармашылығының тікелей өмірмен біте қайнасып жатқанын және өмірге 
деген құлшынысты көрсетіп тұр[3]. Сондықтан, поэзиясында өмірдің сыршыл да 
шыншыл келбетін суреттейтін, адамның түрлі образдарын бейнелейтін 
Жадыраның поэзиясы таң ізденістерге, өзгеше байламдарға толы. Сондықтан, 
автор қолтаңбасындағы сезім, махаббат, өмір, табиғат, құштарлық 
тақырыптарында жазылған шығармаларына тоқталып, талдау жасаймыз. 
«Адам іздеймін. 
Тірі адам... 
Жанары да емес, жыласа, жаны жылаған. 
Көздері жалған күлетіндерден жалықтым, 
Ойлары және кіл арам» деп басталатын поэзия шумақтарынан адамшылық 
пен адамгершілік тақырыбының соны үлгілерін байқауға болады. Яғни, 
сезімталдықпен жырлай отырып, адамға тән жалған бетперделіктің бар екен еске 
салып отыр. «Ешкімге сенбе, ешкімге сенбе жүрегім, Көбісі арам, көбісі сараң 
білемін» деген Абайдың ізімен Ж.Байбұланова «Көздері жалған күлетіндерден 
жалықтым, Ойлары және кіл арам» деп өрнектейді. 
«Соншалық биік болуы керек о кісі, 
Соншалық терең – бөлектеп тұрар сонысы. 
Таскереңдерге айтылған сырды қайтейін, 
Тыңдағанменен, естімейді екен көбісі...», - дей отырып, адамшылықтың 
беткі көрінісі ғана сақталып, жаныңды ұғуға тырыспайтын тас керең қоғамның 
қалыптасып келе жатқанын суреттейді. Тас қорғандар мен тас үйлерде тұратын 
мына заманның адамдарының өзі тас кереңге айналып бара жатқанына 
қынжылады. Барлық ақын үлгісінде ізгілік пен жақсылыққа жаны құмар 
ақынның 
осындай 
суыт 
қарым-қатынас, 
адамгершілігі 
төмендіктен 
шаршайтыны, жалығатыны белгілі. Бұл тұрғысынан Жадыра адамгершіліктің 
биік болуын алға тартады. 
Ж.Байбұланованың ең негізгі тақырыбы – махаббат жайында. Өйткені, 
тағдыр жолы тоғыстырған ақынның жары – ол да ақын Мирас Асан. 
Шығармашыл серіктеріне айналып, бірге өнер мен өлең өлкесінде қол ұстасып 
қатар жүрген Мирас пен Жадыра шығармашылығы. Сыршыл сезім мен шынайы 
махаббат үлгісін поэзияда шынайы жырлап әрі отбасылық қарым- 


90 
қатынас иірімдерін өрнектейді. Өмірлік жағдайлар мен махаббаттағы 
ұшырасулар жөнінен де Жадыраның қоржыны мол. 
«Театрға барғанбыз. 
Ең бақытты шығармыз деп барлық осы жаннан біз. 
Көз алдына кіріп келді, 
Бір кездегі арман қыз» деп басталатын «Ромео мен Джульетта қойылымы» 
атты өлеңі ақынның шынайы әрі сезімталдықпен жазылған туындысы. 
«Жиып қойып маңайды, 
Көз астымен сен де оған қарайсың, ол да саған қарайды. 
Қасындағы ер жігітін аядым, 
Мені қойшы, жарайды. 
Менікі – жай бақылап...» деген шумақтармен махаббат хикаясының ең бір 
тәтті де тұщы болатын, жасырын да белгілі тұратын тұсын жырға 
айналдырады[3]. Тағдыр жолы болған соң, адамның о бастағы ғашықтық сезімі 
арналған көңілі жүрек түкпірінде сақталып қалатыны рас. Сол бір сезімдердің 
төңкерісін жасайтын күтпеген кездесулер болып қалатыны тағы бар. Міне 
осындай түсініксіз сезімдердің түйіні көтерілгенде көкірек көзімен көре біліп, 
оны жырға айналдырған Жадыра Байбұланова. 
«Қайран жүрек! 
Қайдағысы еске түсіп жатыр-ақ. 
Тағы өтірік құшақтайсың, 
Бәрін сезем, ақымақ! 
Ең қиыны – жыламау, 
Бірін бірі ұмытпаған екеуге – шыдау әрі шыдамау!», - дей отырып жүрек 
шіркіннің ішкі толқынысын жырға айналдырады. Көңілдің сезімталдығымен 
соны қабылдап, ақылдың сәулесімен түсініп, бойына сабыр жинап ақынға жар 
болу да өзі лирик ақынға оңайға соқпасы анық. 
«Шын сүйгендер қосылмайды» – 
Қойылымның түрі анау! 
Көз алдымда сурет пе? 
Әлде мәңгі жазылмайтын сезім деген қу дерт па? 
Екі ғашық сендер болсаң, мен кіммін, 
Ей, Ромео-Джульетта?!», - деп сезімнің шырғалаң құдығына өзінің назға 
толы сезім шелегін тастап жіберіп, әйелге тән нәзіктікпен туындысын 
тәмамдайды
[3].
Махаббатты түрліше жырлаған ақындар болғанымен мұндай сезім 
толқыныстарын түсінкті әрі суреттей отырып жеткізу, шырмалған сезім 
сиқырларына ой сүңгіту бірінші көп әйел затының қолынан келмейтін, екіншіден 
әйел ақынның жасай алмайтын әрекеті. Сондықтан, осындай саналы әрі жүректі 
қарекеті мен сезімтал поэзиясы Жадыраны әйел ретінде, ақын ретінде 
ерекшелендіретін қасиеті. Тақырыптық ерекшелігі ретінде қарастыруға 
болмағанымен, ақынның идеялық ерекшелігі деуге әбден лайықты бірден-бір 
жырлары осындай. Жадыра Байбұланова – осындай өмірдің иірімдері мен 


91 
сырларын поэзия тілінде, өзінше стилінде өрнектей білген ақын. Дара 
қолтаңбасын солай қалыптастырған ақын. 
Ақынның поэзиясына аса қатты әсер еткені басынан өткен дертке шалдығу 
мен одан айығу кезеңі. Кез келген адам өмірде жеңе бермейтін кеселді ерік-
жігерімен жеңіп шыққан кеселдің де адам ойын сан-саққа жүгіртетіні, көңілін 
қырық құбылтатыны, психологиялық түрлі күй кешетіні анық. Қазақ әдебиетінде 
ондай күй кешіп, тіпті айықпас кеселге ұшырап кітап жазған жазушылардың бірі 
Кемат Нелімбетов. «Үміт үзгім келмейді» туындысы осы бір дертті шақтың алай-
дүлей кезеңдері турасында жазылған шығарма. Сол сияқты, Жадыра 
Байбұланованың көкейіне келген көп ойлардың, түйіндердің біршамасы осы өн-
бойын жаулаған дертке де тікелей байланысты. Бұл – адамның өмірі поэзия 
айналатынының тағы бір көрінісі.
«Сенбес, мейлі, сенерсіз – 
Құрметтім-ау, бір кездері егер сіз: 
Тәнді жалмап, жара қысып, 
Жан дертімен тағы алысып, 
Ауырмаған болсаңыз – 
Кеш қуанып, кеш өкпелеп, 
Сап-сау жүріп, төсекке кеп, 
Таңылмаған болсаңыз – 
Жалған сөзден, өсектерден, 
Дүние, байлық, есептерден, 
Арылмаған болсаңыз – 
Ағындарға кері ілесіп, 
Әлдекімді өліп-өшіп, 
Сағынбаған болсаңыз – 
Бал секілді бүлінбес кей, 
Сәттерімнің бірін кешпей, 
Шын күлмеген болсаңыз – 
Көңіл – бақыт, көңіл – қайғы, 
Мен сүйетін өмір жайлы 
Дым білмеген болсаңыз – 
Түсінбейсіз сіз мені!» деген өлең шумақтарынан ақынның бастан кешкен 
сезімі мен сергелдеңі, өмірі мен көңілі, хәл-жайы мен жан жарасы суреттеледі. 
Оны сезінбеген жанның ақын ретінде, тіпті адам ретінде өзін толық түсіне 
алмайтынын жеткізеді. Поэзияның түйінінде: 
«Сіз үшін жай жылап қалды қыз кемі. 
Өмір деген – жалаң аяқ кешкен жол, 
Өлең – оның қанталаған іздері...» деген оймен қорытындылайды[3]. 
Қараңызшы, шумақталған түрлі ойлардың жетегіне ертіп отырып, жүректің ескі 
естеліктерін шертіп отырып, түкпірдегі түрлі ойларды түртіп отырып, ақын сөзін 
әдемі түйіндейді. 
Қорыта келгенде, әдебиет әлемінің бір тармағы қазіргі жастар поэзиясының 
өкілі 
Жадыра 
Байбұланованың 
қолтаңбасына, 
шығармашылығына, 
поэзиясының поэтикалық қырларының бір парасы 


92 
қаралып, талданып, сарапталды. Ақын өлеңінің идеялық тақырыптық 
ерекшеліктерін шығармашылығын талдау жүргізу арқылы, көркемдік қырларын 
тауып, тануға зерттеу жүргізілді. Поэзиясының жұмыр түйіндері мен шымыр 
шумақтарына зер сала отырып, көңіл пернелерін дөп басатын ізгі ойларына 
тоқталдық. Расымен, поэзияның романтикалық сезімін оқырманға сездіретін 
Жадыра Байбұланова поэзиясы – қазіргі қазақ позэзиясының лирикалық әрі 
көркемдік дамуының көрінісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет