Конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет47/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық 
жинағы. І том. Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1977 
2.
Абдрахманов С. Жиырмасыншы ғасыр жырлайды: Қазақ поэзиясының 
антологиясы. Т 1. – Алматы: Раритет, 2007. – 520 бет. – «Алтын қор» 
кітапханасы. 
3.
Ж.Байбұланова 
өлең 
шумақтары 
https://cloud.mail.ru/public/5kFR/r1c9SY2gy 
ӘОЖ 8 372.8: 811.512.122 
Мамыт Амангелді Алтыбайұлы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 
Шымкент, Қазақстан 
amangeldi_65 @ bk.ru 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ФОЛЬКЛОР ТЕОРИЯСЫ 
 
Аннотация: Халықтың рухани болмысын фольклорлық мұралары арқылы танып 
білеміз. Кез келген ұлттың өзіндік өмір сүру салты, шаруашылық кәсібі, ғасырлар бойына 
қалыптасқан наным-сенімі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Соның негізінде халық 
шығармашылығы қалыптасып, дамиды. Әдебиет – сөз өнері. Оның теориялық ұғым- 
түсініктері фольклор мұраларын толық танып білуге мүмкіндік бермесі анық. Сол себептен 
де Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Әдебиет танытқыш» (1926 ж.) еңбегінде «Ауыз әдебиеті» 
атты жеке тарау беріп, ұлттық фольклор теориясына қатысты мәселерді тұңғыш арнайы 
қарастырды. Өкінішке орай, кеңес идеологиясының салдары, еуроцентристік көзқарас қазақ 
фольклорының теориясын қалыптастыруға кері әсерін тигізді. 
Тірек сөздер: Фольклор, ауыз әдебиеті, халық шығармашылығы, теория, жанр, салт- 
дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенім, термин сөз, ұғым, түсінік. 
 
Кез келген ұлттың рухани құндылықтары халық шығармашылығының 
тұнығынан бастау алатыны даусыз ақиқат. Мыңдаған жылдар көшпелі ғұмыр 
кешкен қазақ елінің фольклорлық мұраларына ғана тән өзіндік көркемдік бітімі 
мен қалыптасқан жанрлық түрлері бар. Ауыз әдебиеті үлгілерінің шығу, даму, 
қалыптасу, кемелдену кезеңдері сол халықтың тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық 
кәсібі, наным-сенімі, әдет-ғұрпымен тікелей байланысты. Кешегі келмеске 
кеткен кеңестік жүйе тұсында фольклорды зерттеу барысында осы мәселе көп 
жағдайда ескеріле бермеді. Керісінше орыс фольклорын зерттеудегі теориялық 


93 
түсініктер ұлтымыздың халықтық мұраларын тануда басты айқындауыш болды. 
Соның салдарынан бізде бар да өзгеде жоқ кейбір жанрлық түрлер тіпті зерттеу 
нысанасынан шет қалды. Мысалы этнографиялық әңгімелер, шежіре сияқты ұлт 
руханияты мен тарихи танымына қатысты мұралар тыңғылықты ғылыми 
зерделенбеді. Тәуелсіздіктің отыз жылында да бұл тұрғыдан кейбір мәселелердің 
орны ойсырап тұр. Осы орайда, Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық фольклор 
теориясына қосқан еңбегін айрықша атап өтуіміз керек [1]. 
Фольклор туралы ұғым-түсінік ұлттың өмір сүру салты мен рухани 
болмысынан туындауы шарт. Халықтың тұрмыс-тіршілігінен, әдет-ғұрпынан, 
наным-сенімінен бейхабар зерттеуші ғасырлар бойы ауызша қалыптасқан 
рухани мұраларды танып білуден тым алыс болатыны айдай анық. Сөз өнерінің 
теориясына байланысты ұғым-түсінік пен қағидалар да фольклорды зерделеуге 
толық мүмкіндік бермейтінін уақыт дәлелдеп келеді. Сондықтан ұлттық 
фольклор мұраларын түбегейлі тану үшін оның өзіне ғана тиесілі теориясы 
болуы міндетті. 
Халық ауыз әдебиеті мұраларының жанрлық түрлері, көркемдік болмыс- 
бітімі, құрылысы мен орындалатын орны, әлеуметтік сипаты, қоғамдық қызметі 
деген мәселелердің барлығы осы фольклордың теориялық негізін 
қалыптастырады. Өткен ғасырдың жиырма-отызыншы жылдары халықтық 
мұраларымызды жинау біршама қолға алынды. Алайда, оны ғылыми тұрғыдан 
зерделеу ақсап жатты. Халық туындыларының мазмұнын кеңес заманының 
алғашқы кезеңінде коммунистік идеологияға сай өзгерту әрекеті болғанына да 
тарих куә. 
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» (1926 ж.) кітабы – қазақ 
сөз өнері теориясына қатысты алғаш арнайы жазылған еңбек. Теориялық ұғым- 
түсініктер мен термин сөздердерді қамтыған бұл еңбек әр қайсысы өз алдына 
ғылыми жүйеленген он бес тараудан тұрады. Мұның ішінде бізге қажеті «Ауыз 
әдебиеті» деп айдарланған он төртінші тарау. Ғалым ұлттық фольклор 
теориясына байланысты байыпты байламдар, тұжырымды түйіндер жасаған. 
Жоғарыда атап өткеніміздей Ахмет Байтұрсынов қазақ ауыз әдебиеті мұраларын 
әлеуметтік сипатына, атқаратын қызметіне қатысты үлкен екі топқа бөледі. 
Бұлайша жіктеу себебіне қысқаша тоқталып өтеді: «Қазақ ауыз әдебиеті 
жұмсалатын орнына қарай әуелі екі салаға бөлінеді: 1. Сауықтама, 2. Сарындама. 
Сауықтама саласына барша сауық үшін айтылатын сөздер кіреді. 
Сарындама саласына жұрттағы келе жатқан салт-сарынымен айтылатын 
сөздер кіреді. Ол салалардың әрқайсысы тарауға, тараулары тармаққа, бұтаққа 
бөлінеді. 
Сауықтама екі тарау болады: Ермектеме. 2. Зауықтама» [1,232]. 
Ермектеме деген терминге былайша түсінік береді: «Ермектеме деп ермек 
үшін сөйленетін сөздер айтылады. Мәселен, ертегі, ертексімек, аңыз әңгіме, 
өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш сияқты сөздер» [1,232]. Онан әрі 
осы топқа кіретін жанрлық түрлерге ғылыми анықтама, мәтіндерден мысалдар 
келтіреді. Мысалы: «Ертегі – қиялмен қисынын келтіріп, қызықты 


94 
ету мақсатпен шығарған әңгімелер. ...Ертеде шыққан әңгіме екендігін ертегі 
деген аты да көрсетіп тұр. 
Ертегілер өтірік болғанымен мағынасыз болмайды. Көбінесе ішкергі 
астарлы мағынасымен өнегелі келеді. Жақсылық, жамандық, достық, қастық, 
арамдық, адалдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық, қулық, аңқаулық, 
тағысын тағы сондай жақтан өнеге болу, тәлім-тәрбие беру мақсатымен 
шығарған әңгімелер екендігі сезіледі. Бірақ ертегі дүниедегі қалыптың 
жағдайына қарамай, бәрінен қиял бетімен өтеді Сондықтан ертегіде жаны жоқтар 
жанды болады, тілі жоқтар тілді болады», - деп жанрға біршама сипаттама береді 
[1,233]. Сондай-ақ, қазақ етегілерінің тиянақты жиналмай жатқанына алаңдап, 
бұл жанр елдің өткенін танып білуге аса қажет екендігіне баса назар аудартады: 
«Ертегі – халықтың ескіден қалған жұрнақтарының қордасы. Ол қорда қазірде 
шашылып, төгіліп, жылдан-жылға азайып, жоғалып барады. Ғылымды жұрттар 
бұрынғы адамның тұрмысын, қалпын жорамалдап, аз да болса білу үшін жердің 
астынан қазып, тұтынған нәрселерінің жұрнағын табуға қанша еңбек қылады. 
Біздей тарихы жоқ халыққа ертегіге қарап, ертеде болған аталарымыздың өткен 
тіршіліктерін жорамалдауға болады. Сондықтан елде тұрған адамдар ертегілерді 
жинап, жоғалмасына қам қылу борышым деп білуі керек» [1,233]. 
Ахмет Байтұрсынұлының «Ертегісімек» деп атаған жанрлық түрі де ерекше 
көңіл бөлуге тұрарлық: «Ертегісімек деп ертегіге ұқсас, бірақ ертегіден көрі 
әдемірек, шынға бейімірек, тұрмысқа жақынырақ, дүниеде болуға ықтималы 
молырақ түрде шығарған әңгіме айтылады. 
Мәселен, «Алдар көсе», «Жиренше шешен», «Қожа-насыр», «Атымтай 
жомарт» сияқты адамдар турасындағы әңгімелер. Мұнда да өтірік көп. Бірақ 
өтірігі қисынды, шынға ұқсас» [1,234]. 
Әрі қарай «Өтірік» өлеңді ермектеме түрі ретінде қарастырады. Оның 
өзіндік ерекшелігіне тоқталады. 
Осы топқа жататын келесі жанр «Жұмбақ» деп көрсетеді де мынадай 
ғылыми анықтама жасайды: «Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан: яғни қолдың 
ішіне бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып таптырмайды. Ойда бүгіп айтпай 
қойып, сол нәрсеге ұқсас нәрселерді сипаттап айтып, ұқсастығы бойынша 
таптырады. Жұмбақ зейінді ұстартуға пайдасы бар нәрсе. Жұмбақтың негізі 
тәріздеу, яғни нәрсенің сипатын тәріздеп айту» [1,234]. 
Ермектеме түріне жатқызылған жаңылтпаш жанры туралы түсінік беріп, 
мысал келтіреді: «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-
қйта шапшаң айтқанда, я тіл келмейтін, я басқа сөз қылып бұрып кететін 
сөздердің басын құрап, келістірген шығарма – жаңылтпаш деп аталады. 
Жаңылтпаш көбінесе жаңылғанда ерсі мағыналы сөздер алынады» [1,235]. 
Зауықтама деп көңіл көтеру үшін айтылатын жанрлық түрлердің тобын 
атағанын ескертеді. Біздің ойымызша, фольклорлық туындылардың арнайы саз 
аспабымен орындалып, белігілі бір мақаммен орындалуына байланысты 
іріктелген болуы керек. Оларға батырлық эпос, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт 
өлең, үміт өлең, толғау, терме сияқты өлең-жырларды жатқызады. Барлық 


95 
жанрлық түрлерге ғылыми түсінік беріледі. Батырлық жырлардың көркемдік- 
поэтикалық сипатына мынадай тұжырым жасайды: «Батырлар әңгімесінің құны 
қандай деген мәселеге келсек, мұнда айтуы тиіс: бұрынғы жаугершілік заманда 
халық тән есебінде болған да, батырлар жан есебінде болған. Сондықтан 
батырлар турасындағы әңгіме – халықтың жаны, рухы турасындағы әңгіме. 
Батырлары қандай болса, халықтың рух жағы да сондай болған. Ертек жырдағы 
батырлар сипатына қарасақ, ол жырлар халықтың рухы нағыз көтерілген 
шағында шыққандығын байқаймыз. Ошақ басы, үй ішінің қамы сияқты өмірдің 
ұсақ мақсат жағымен азаматтары есептеспей ұлы мақсат, ұлы мұратпен болып, 
жұрт үшін, көп үшін құрбан қылмайтын нәрсесі болмағанын көреміз» [1,236]. 
Тарихи жыр жанры ауыз әдебиетінің зауықтама түріне жатқызылады. Бұл 
қатардағы өлең үлгілеріне тарихта болған оқиғалар арқау болатынын жазады. 
«Орақ-Мамай», «Абылай», Кенесары, Наурызбай», «Ер Назар», «Бекет» 
жырларын атап өтеді. 
Әрі қарай «Айтыс өлеңі» деген жанрлық түрді атайды. «Айтыс екі балуан 
күрескені сияқты, екі ойыншы ұтысқаны сияқты, екі батыр жекпе-жек ұрысқаны 
сияқты, екі ақынның бірін-бірі сөз жүзінде аңдып, бірінің-бірі қапысын тауып 
жеңу үшін айтатын өлеңдері. Ақындар әдісін сөз арқылы жұмсап, бірін-бірі 
сөзбен шаншып, жеңеді. Әрқайсысы сөзбен шаншуға қолайлы, осал оңтай жерін 
іздейді. Басында, ісінде, жұртында, ұлтында болған осалдық, кемшіліктерді 
айтып, сөзбен ұялтып, яки сөзбен қамап, жан-жағын бөгеп тоқтатады. Сондықтан 
ақындар бірінің жайын бірі білмейтін болса, әркімнен әдейі сұрастырып, 
мағлұмат жинайды» - деп жанрдың ерекшелігіне тоқталады [1,238]. 
Сонан соң зауықтама түріне «Үгіт өлең» деген жанрды қосады. Мұндай 
өлеңдер ақыл айтқан, жол көрсеткен, жөн сілтеген мағынасында болып келеді 
деп, жыр шумақтарынан мысал келтіреді. 
«Үміт өлең» деп айдарланған келесі жанрлық түрді де осы топқа жатқызады. 
«Біреуден үміттене, бір нәрсе дәмете айтқан ақындардың өлеңдері үміт өлең 
табына жатады. Мәселен, мақтау өлең, құттықтау өлең. Ескі ақындар мақтауды, 
құттықтауды, сұрауды кәсіп қылған. Байды, биді, ханды, төрені, мырзаны 
мақтап, тойын бастап, баласын құттықтап, шапан кию, ат міну – әйтеуір нәрсе 
алу мақсатпен айтатын ақындар көп болған», - деп жазады [1,240]. Шернияз, 
Орынбай ақындардың осы жанрға қатысты өлең жолдарынан үзінді береді. 
«Толғау», «Терме» жанрларын осы зауықтамаға жатқызады. Оның 
алғашқысын: «Толғау (яки мұңды өлең) деп көңілдің неше түрлі күйін шешетін 
өлеңдер айтылады. Мәселен, ғашықтық, сағыныш қайғы, күйініш, кейістік, 
кіжініс, өкпе, наз сияқты көңіл-күйлерін білдіретін өлеңдер», - деп сипаттайды 
да, екіншісіне: «Терме деп ат қойылуының мәнісі: бұл түрлі шығармалар бір 
нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай, көп нәрсені теріп сөз қылып өтеді», - деп 
ғылыми түсінік береді [1,244]. 
Ауыз әдебиетінің екінші үлкен саласы «Сарындама» (сарын сөз) деп атап 
көрсетеді де оны іштей үшке бөледі: 1. Салт сөзі, 2. Ғұрып сөзі, 3. Қалып сөзі. 


96 
Салт сөзіне мысалдар, ділмар сөз, тақпақ, мақал деген түрлерді жатқызады. Ал, 
ғұрып сөзіне тойбастар, жар-жар, беташар, жоқтау, жарапазан, бата сынды 
өлеңдерді атап, түрлеріне қарай түсінік беріп, мәтіндерден мысал келтіреді. 
Қалып сөзіне жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жырын атайды. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ фольклорын атқаратын қызметіне қарай екіге 
бөліп, түрлі жанрларға жіктеу арқылы осы мәселеге теориялық ұғым- 
түсініктердің алғашқы нұсларын жасап, термин сөздер ұсынды. Ал одан соң 
зерттеушілер Халел Досмұхамедұлы фольклорлық мұраларды 47 жанрлық түрге 
бөлді [1]. Ал, Мұхтар Әуезов халық шығармашылығын жанрлық сипатына 
қатысты үлкен 4 топқа жіктеді [2]. 
Кейінгі жылдары М.Ғабдулин [3], Б.Уахатов [4], Р.Бердібаев [5], 
С.Қасқабасов[6], Ш.Ыбыраев[7] тағы басқа фольклортанушы ғалымдардың 
еңбектерінде жекеленген жанрлардың табиғаты, шығу тарихы, көркемдік кестесі 
арнайы зерттеулермен жалғасты. Кеңес дәіуірінде жарық көрген «Қазақ тарихи 
жырларының мәселелері», «Қазақ фольклористикасының тарихы», 
«Қазақ фольклорының типологиясы» сынды ұжымдық монографиялар қазақ 
фольклорының теориясына тың серпін алып келді. Дей тұрғанмен кеңестік 
идеология тұсауындағы тар шеңбер, социализмнің сұр шинелі ішіне жасырынған 
орыстандыру саясатынан туған еуроцентристік түсінік қазақ фольклор 
теориясының адымын кең аштырмады. Ұлттық фольклор теориясының негізін 
қалаған Ахмет Байтұрсынұлының сауықтама мен сарындама термині алыста 
қалып қойды. Ежелгі және орта ғасырларда қан сөлсіз қалып қойған еуропа 
елдерінің фольклорлық үлгілерін зерделеу нәтижесінде қалыптасқан теориялық 
ұғым-түсініктер кешегі күнге дейін көшпелі өмір сүрген қазақ ауыз әдебиетін 
зерттеуге негіз етіп алынды. Фольклор әр халықтың рухани болмысы дейтін 
болсақ, ұлттың көркемдік әлемін тану осы ауыз әдебиеті мұраларын ғылыми 
зерделеуден басталары айдай анық. 
Қалай болғанда да Ахмет Байтұрсынұлы қазақ фольклорының теориясына 
қатысты алғаш рет арнайы ой қозғап, тұңғыш тамызық салды. Жазба әдебиетке 
қарағанда халықтық мұралардың жанрлық ерекшелігі, көркемдік болмыс-бітімі 
бөлек екендігіне баса назар аудартты. Алғашқы теориялық түсініктер мен термин 
сөздерді ұсынды. Бұл мәселе сол жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы 
жылдар аяғында жалғасын тауып, теориялық ұғым-түсініктер түрінде дамуы 
керек еді. Өкінішке орай, олай болмады. Кеңестік идеология ұлттық таным-
түсініктің қайнар көзі фольклор екенін біліп, оны зерттеуді қасаң қағидалармен 
тұсап тастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет