158
қабылдаушы арақатынасынан алып түсіндіруге болады. «Айтушы ойын өзі үшін
айтпайды. Өзге үшін айтады» деген ғалымның пайымдауы ойдың әсерлі болуы
тыңдаушының қаншалықты түсініп, қабылдауына, оның өзі ой арқылы берілген
ақпараттың қабылдаушыға қаншалықты таныстығына да байланысты деген
пікірлермен қабысады.
Тілді таңдап қолдану сөздің ішкі мәнінің тереңдігін, қиялдың кеңдігін,
пікір байлығын танытатын шешендік сөйлеуді білдірсе, тілді талғап қолдану
тілдің лексикалық құрамын, сөйлем құрылысын орнымен жұмсауды көрсетеді.
Бұл жөнінде А.Байтұрсынұлы: «Біз қазақ тіліндегі сөздердің бәрін білгеніміз
қазақ тілін қолдану болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға
сәйкес келетін сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз.
Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ пайдаланбайды. Әркім әр сөзді
өзінше қолданады, өзінше тұтынады», – деген болатын [4].
Қазақ халқы қашан да болсын атау беруге, санадағы ұғым-түсініктерді
сыртқы ортаға білдіруде ерекше көңіл бөлген, әрі аз сөзбен терең мағыналы ой
жеткізе білген. Осы тұрғыдан келгенде, жазушы Жанайдар Мусиннің «Туған
үйдің түтіні» романының аталуында өзіндік сыры бар сияқты. Ұлтымыз үшін
«түтін»
мәні мен мағынасы ерекше ұғым. Қазақ халқының санасында сан түрлі
ассоциациялар пайда болатыны сөзсіз. «Туған үйдің түтіні» романындағы
«түтін»
концептісін зерттеп, оның танымдық сипаты мен қызметін таныту
барысында қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы еңбектеріне, сондай-ақ
қазіргі белгілі ғалымдардың еңбектеріне сүйенуді жөн көрдік.
«Түтін»
концептісін когнитивтік тұрғыдан талдау кезінде, ұлтымыздың
танымында
от, отбасы, Отан, тіршілік, өмір, ел, ауыл, туған жер
мағынасында
танылады. Романда қарапайым қазақ әйелінің жарқын бейнесі аса шеберлікпен
суреттеледі. Басты кейіпкер Бәтіш апайдың жалғыз тұяғы, көзінің қарашығындай
аялап өсірген бауыр еті баласын сағына күткендігі, әрі үміт отын сөндірмей, қара
шаңырағының түтінін ақтық демі қалғанша баласы үшін түтетіп отырғандығын
көреміз. Осы орайда, бір ғана «түтіннің» халқымыз үшін жай ғана сөз емес,
керісінше, оның астарында мол мағына мен түсінік жатқандығын байқадық. Ол
үшін концептіге қарапайым түсінік беруден бастап, оның тұрақты тіркестер,
мақал-мәтелдер мен бейнелі сөздер арқылы берілудегі мағынасын талдап
түсіндірудің мәні зор.
«Айналайын, Әзтайжан, өзіңді тосуға да тағатым жетпей кетіп
қалғаныма ренжи көрме. Азамат ұлым арып-ашып келе жатқанда туған үйінен
түтін түтемеуі жаман ырым екен. Жаным түршігіп, ормандағы баспанама
тарттым. Нұрашым келген күні ақ түйенің қарны жарылады. Бәтіш апаңның
бары шашылады. Бас сүйіншісі өзіңдікі әз жүректі абзал ұлым Әзтайым...
Бәтіш апаң»
[5, 65].
Достарыңызбен бөлісу: