Конференция материалдары


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: ҚОСТАНАЙ-ОМБЫ КЕЗЕҢІ



Pdf көрінісі
бет19/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: ҚОСТАНАЙ-ОМБЫ КЕЗЕҢІ 
 
Орынбор мұғалімдік мектебін 1895 жылы тамадаған А.Байтұрсынұлы 
алдымен Ақтөбе уезі Бестамақ болысындағы Арынғазиев мектебінде, одан соң 
Қостанай уезі Аманқарағай болысының Әулиекөл болыстық мектебінде бірнеше 
жыл ұстаздық ете келе Қостанай қаласына ауысады. М. Әуезовтің 
«…Қостанай уезіндегі Әулиекөл деген жерде екінші рет оқытушы болған. 
Әулиекөлден үшінші рет ауысып барған школы Қостанай қаласы…» (Әуезов, 
1991: 18) деген ақпараты – осы ауыс-түйіске байланысты жазылған болса керек. 
Бірақ ұстаздың қай жылы Қостанайға ауысқанын нақты айту қиын. 1902 жылы 
арналған «Адрес-календарь Тургайской области на 1902 год» атты 
статистикалық анықтамалықтағы деректерден оның Қостанай уезі Меңдіқара 
болысының №4 аулында орналасқан «Орынбаев (Урунбаев) мектебінде» және 
Қостанай педагогикалық сыныбында мұғалім болып қызмет атқарғанын көреміз 
(Адрес-календарь, 1902: 76; 80). Аталмыш оқу мекемелері туралы, яғни Қостанай 
педагогикалық сыныбы мен Орынбаев мектептері туралы ақпарат 
Ахметтанушыларға бұрын-соңды белгісіз болып келді. 
Қостанай педагогикалық сыныбының ашылу оқиғасының қысқаша тарихы 
мынадай: 1892 жылдан бастап Торғай облысы көлемінде тез көбейіп жатқан 
бастауыш мектептерді мұғалімдермен қамтамасыз ету мақсатында облыстық 
әкімшілік 1894 жылы Қостанай қаласынан екі жылдық Педагогикалық класс ашу 
мәселесін көтереді (Васильев, 1896: 157-158). 1897 жылы аталмыш 
Педагогикалық класс Ы.Алтынсаринның басшылығымен 1884 жылы Троицк 
қаласынан Қостанай уезінің жаңа орталығы Новониколаевскіге көшірілген 2 
сыныптық орыс-қазақ мектебі жанынан ашылады. Сыныптың ашылуы туралы 


21 
«Тургайская газета» 1897 жылдың №108 санында арнайы хабарлама жазады. 
Онда Орынбор мұғалімдер мектебіне бөлінген 17 стипендияны Қостанайдағы 
Педагогикалық курсқа ауыстыру мәселесі көтеріледі (ТОВ, 1897: №108). 1902 
жылдың анықтамалық ақпаратында Педагогикалық сыныптың меңгерушісі 
болып М.Н.Греховодов деген ұстаз қызмет атқарғандығы тіркелген. Сонымен 
қатар сыныпта дін сабағын жүргізушіден бөлек, екі мұғалім қызмет атқарған. Бірі 
– Василий Иванович Гурылев, екіншісі - А.Байтұрсынұлы (Адрес- календарь, 
1902: 76). Қостанай Педагогикалық сыныбының айтулы түлектері ретінде 
С.Көбеев, М.Дулатұлын атауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет