Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет56/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

бір теңгелік күмісті - 
күміс ақша мағынасында 
жұмсалған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: 
Күміс ақша. 
Күмістен жасалған 
ұсақ, майда тиын, – деп көрсетілген [6, 309]. 


128 
– Отырып алтын, күміс ортасында, Тоймайтын несі, дейтін, мал мен 
баққа?! Бір күні соң демін алып, Отырып, Бір күн ой жібереді әрбір жаққа 
(Ахмет Байтұрсынұлы «Қайыршы мен Қыдыр»). 
– Қанша алтынды күміспен 
салса дағы, Бір кішкентай сүйекті аудармады 
(Абай Құнанбаев «Ескендір»). 
Бұл қолданыстардағы күміс сөзінің мағынасы Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінде көрсетілмеген. Бұл сөйлемдерде күміс сөзі метонимияланып, байлық, 
қазына мағынасында жұмсалған. Демек, біз күміс сөзінің қазіргі қазақ тілінің 
түсіндірмелі сөздігінде көрсетілмеген 
заттың құны, байлық, қазынасы 
мағынасын анықтадық. 
Қазақ әдеби тілінің сөздігінде бұған дейінгі түсіндірме сөздігінде 
көрсетілмеген жаңа мағынасы бар: Күміс сөзінің мағынасында 
күмістен 
жасалған 
деген мағынасы көрсетілген [7, 483-484]. 
Қазақ 
халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс 
ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені 
күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық 
болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, 
таңғажайып емдік қасиеті қазіргі медицинада дәлелденген. Сондықтан да қазақ 
тілінің мәдени кеңістігінде 
күмістен жасалған деген мағынада жұмсалатын 
метонимиялық қолданыстар көптеп кездеседі: 
– Малдырып саф алтынға 
үзеңгіңді, тағаңды шын күмістен қақпадым ба? 
.. 
Соқтырған шын күмістен 
тағаларды Суырып аяғымнан олжаланар 
(Ахмет Байтұрсынұлы 
«Ат»). Бұл қолданыстағы күміс таға – күмістен жасалған деген мәнде жұмсалған. 
– Күміс жүген айшықты ер, зерлі жабу Мұрапаға ап қалған ел өнері 
(Есенғали 
Раушанов «Қол шебер»). 
– Сол өнер талай жерді аралатты, Жорғаны күміс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет