Әдебиеттер
1
Кҥнслҽмова Т.К Жеткіншектердегі ҿзіндік бағалау, ҿзіндік реттелу жҽне эго кҥйдің
белсендірілуі мен агрессиялықтан ҿзара байланысын психологиялық-педагогикалық
тренинг негізінде зерттеу . Канд. дис. авторефераты. Алматы, 2002.
2
Айдарбеков Қ.А. Развитие диалогическии сруктуры самосознания у подростков в системе
внутрисемейных взаимодействии Автореф. канд. Дисс. Алматы, 2003.
3
Шужебаева А.И Психологияеские-педагогические исследования трудностей в общении
детей в условиях семейного воспитания Автореф. канд. дис. Алматы, 2004
4
Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина. М.: 1999.
5
Овчарова Р.В. Практическая психология образования. М., «Академия». 2003.
ҼОЖ 2-266:049.35: 26-47
ҦРПАҚ ТӘРБИЕСІ – МӘҢГІЛІК НӘРСЕ
Нҧрымбетов М., Бюлегенова Б.Б., Тлеубердиев М.М.
М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Современная молодежная политика содержит активный инновационный и производительный
аспекты, отражающие трудовой и творческий потенциал молодежи. В целом молодое поколение лучше
адаптируется к нынешним условиям и глубже входит в современную политическую систему. Современное
молодое поколение в большой своей части настроено весьма патриотично, верит в будущее.
Summary
The contemporary youth politics keep active innovation and creative aspects, they will perfect work and
creative potential of youth. Whole young generation more adaptive to present condition and will deeper to the
modern politics system. The contemporary young generations for the most part tune up more patriotic and believe
in future.
Еліміздің тҽуелсіз мемлекет ретінде тҧғырын тіктегеніне 20 жыл. Бҧл – тҽуелсіз еліміздің
тҿл тарихындағы осы кҥнге дейінгі ең атаулы оқиға. Ата-бабаларымыздың аманаты –
азаттығымызға қол жеткізіп, егеменді ел болғанымызға, етек-жеңімізді жинап, ҽлемнің азулы
елдерімен терезесі тең мемлекет...
Егемен елдің негізгі мақсаты мен міндеті ҧрпақ тҽрбиелеумен астасады, ҿйткені ертеңгі
жемісті тҽрбие алған ҧрпақпен тығыз байланысты. Ҧрпақ тҽрбиесі – мҽңгілік нҽрсе. Халықтың
ҧрпақ тҽрбиелеудегі тҽжірибелері сол халықтың ой-тілегімен ҧштасып келгендіктен озық
ҥлгілерінің мҽңгі сақталып, ҥнемі жетілдіріп, ҧрпақтарға жалғасып отырылуына ғҧламалар мен
ойшылдар ерекше мҽн берген. Қазақ халқының ҧрпақтар қамын ойлаған, жастарды жан-жақты
салауаттылық пен парасаттылыққа тҽрбиелеудегі тҽжірибесі ерекше. Оның озық ҥлгілері
инабаттылық, парасаттылық тҥрінде қалыптасқан.
Біздің ҧлтымыз мемлекеттік тҧғыры, оның адами болмысы мен болашағы осындай терең
тамырлы, ҿміршең қағидалардан бастама алғанда ғана қазіргі ҧрпақтың ҿркениет қҧндылықтарын
жоғалтпай, болашаққа нық адымдай алады
Тҽрбиенің алға тартар талабы бҥкіл адамзатқа ортақ. Жастарды тҽрбиелей отырып, біз
қоғамның дамуын жандандыра тҥсеміз. «Тҽуелсіздік қҧрдастары» - мемлекет болашағы.
Ҥстіміздегі жыл Тҽуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойымен ерекшеленеді. Осы жылдар ішінде
біздің еліміз тҥбегейлі ҽлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жҥргізу арқылы таңқаларлық
нҽтижелерге қол жеткізді. Мерейтой тек жҥріп ҿткен жолдарды саралау ғана емес, ең бастысы –
жаңа кеңістіктер мен жаңа басымдықтарды анықтау жолындағы ең маңызды сҽт болмақ.
Қазіргі таңда білім берудің ҽлеуметтік қҧрылымы маңызды элементтердің біріне айналып
отыр. Дҥние жҥзінде білімнің рҿлі артып, ҽр елдің ҿзіндік білім беру жҥйесі тағайындалған.
Қазақстан Республикасындағы ҥлкен ҿзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-
134
шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тҧжырымдамасы Қазақстан
Республикасының білім беру жҥйесін жетілдірудегі маңызды қҧжат екендігі сҿзсіз.
Қазақстан Республикасындағы демократиялық қайта қҧрылулар қоғамдық ҿмірдің барлық
салаларына, оның ішінде ҿскелең ҧрпақтың тҽрбие процестеріне де ҿз ықпалын тигізді. Қазіргі
мемлекеттік саясаттың негізін тҽрбиенің нақты мақсаты ме міндеттерін айқындау, жеке тҧлғаның
ҿзін-ҿзі анықтауын қамтамасыз ету мақсатында тҽрбие кеңістігін ҥлгілеу, балалардың рухани-
адамгершілігін қалыптастырып, оларды дербес ҿмір сҥруге даярлау қҧрайды.
«Елді
жаңғырту
стратегиясын
іске
асырудың
табыстылығы,
ең
алдымен,
қазақстандықтардың біліміне, ҽлеуметтік жҽне дене болмысы, кҿңіл-кҥйлеріне байланысты» деп
атап ҿтті.
Жаңа ақпараттық технологияларды іздестіруге жҽне оларды қолдануға бағытталған.
«Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген ҧлы ақын Абай
сҿзі барлық уақытта ҿз мҽнін жойған емес.
Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, ҿзгеруіне ҿз ҥлесін қосады.
Бҥкіл ҿмір барысында іргелі қажеттіліктерді ҿтейтін, ашық жҥйе ретіндегі ҧлттық ойлауды
қалыптастыратын тағылымды тҽрбиеге тҽуелді біліді қалыптастыру керек. Патриотизмнің қайнар
кҿзі, ҧлттар мен ҧлыстардың бейбіт қатар ҿмір сҥруінің кепілі болатын ҧлттық тҽрбие қоғамның
ҽлеуметтік рухани қҧралы болып табылады.
Патриоттық тҽрбие – жастармен жҥріп жатқан қазіргі жҧмыстардың басым бағыттарының
бірі. Қазақстан қоғамында патриоттық тҽрбие деген ҧғым – Отанға деген, ҿзінің халқына деген
махаббат, адалдық, азаматтық жҽне қоғам игілігі ҥшін қызмет ету деген сияқты тҥсініктер ретінде
қалыптасқан.
Қоғам тҧтастығы, жастар арасындағы ынтымақтастықтың таяу болашағы, елдің
интеллектуалдық жҽне еңбек ҽлеуетінің дамуы мен ҧдайы ҿндірілуі жҽне мемлекеттің нығаюы
талпынысы тек осында ғана болғандықтан жас азаматтар мен ҿскелең ҧрпақтың қҧрылуы ҥшін
патриоттық тҽрбиенің маңызы ҿте зор екені ақиқат.
Ҿскелең ҧрпақты тҽрбиелеудегі ҿмірлік бағыттар мен идеологиялық қҧндылықтары туралы
мҽселе қазіргі кезде ҽрбір білім беру мекемелері ҥшін ең ҿзекті мҽселелердің бірі болып отыр.
Тҽрбие жҧмысының мақсаты қашанда қоғамның объективті қажеттілігінен туындайды. Ал
қазіргі Қазақстанның ҽлеуметтік қызметі – қҧндылықтар жҥйесі мен идеялар ҿзгерістермен
ерекшеленеді. Қоғам жоғарғы оқу орындарының алдына ҿз кҽсібін жетік білетін жҽне ҽлеуметтік
қоғамдық қызметке толық араласа алатын жас мамандарды дайындау міндетін қойып отыр.
Осыған байланысты жоғарғы оқу орындарындағы тҽрбие жҧмыстарының мақсаты – білімгерлерге
ҿзінің қалаған мамандығына деген сҥйіспеншілікті қалыптастыру мен адами қҧндылықтарды
қҧрметтей білетін, креативті ҧрпақ тҽрбиелеу.
Осы тҧста, ҧлттық дҽстҥрлер мен қазақ мҽдениетінің ошағы болып саналатын оңтҥстік
ҿңіріндегі іргелі, кҿпсалалы оқу орнының бірі – М. Ҽуезов атындағы Оңтҥстік Қазақстан
мемлекеттік университетінде болашақ білікті жас мамандарды тҽрбиелеу мҽселесі алдыңғы
қатарда тҧр. Себебі, Оқу, ғылым мен тҽрбие жҧмысы – ҥздіксіз процесс, білім берудің негізгі
формасы. Тек айына екі рет қана патриот болуға болмайды. Патриоттық тҽрбиеге бірізділік
тҧрғысынан қарау қажет, мысалы білім алушы студент жастар ҿздерінің ҧлы Отаны туралы тек
білім алып, жан-жақты спорттық сияқты байқауларда сайысып қана қоймай, сондай-ақ қарым-
қатынас жасайтын, ғашық болатын, нағыз патриотқа айналатын патриоттық бірлестіктер мен
клубтарда неғҧрлым кҿп шоғырлануы қажет.
Қазіргі кезде патриоттық рухты, сананы тҽрбиелеу, табиғатты мҽдениетті аялайтын
гуманистік ҧстанымға сҥйеніп, білімді, рухани-адамгершілік қуаты мол, дені де, жаны да сау,
ҽлеуметтік белсенді, ҽр уақытта ізгілікке ҧмтылатын, жасампаз тҧлғаны қалыптастырудың негізгі
қайнар кҿзі болып отырған университеттің жастар ісі жҿніндегі комитеті белсенді жҧмыс істейді.
Сонымен қатар басқа білім беру мекемелерінен ерекшелігі достық пен ынтымақты,
ҧлтаралық бірлікті қолдаған, елімізде мекендейтін ҽртҥрлі 132-ге жуық ҧлт ҿкілдерінен қҧралған
«Студенттік Ассамблея».
Бҥгінгі ҿскелең талап тҧрғысынан келер болсақ, қазақстандық потриатизмді қалыптастыру
ҥрдісінде ҽрбір адамның мҥдделік сезімі факторына ерекше назар аударған жҿн. Ол ҥшін ҽрбір
адамда, бҥтіндей қоғамдық орта мҥдделік сезімді ояту қажет, патриоттық қасиетті қалыптастыру
деген сонда ғана шындыққа айналады.
135
Патриоттық тҽрбие адамгершілік тҽрбиесінің бір бҿлімі бола тҧра, рухани, қоғамдық –
саяси, толеранттық, азаматтық, эстетикалық жҽне т. б. гуманитарлық тҽрбиенің басқа да
жақтарымен тығыз байланысты.
Дҽлел ретінде 2000-нан астам белсенділері бар «Қазақстан студенттерінің Альянсы»
республикалық студенттер қозғалысы, қҧрамында 8000-ға жуық студент мҥше «Нҧр Отан» ХДП-
ның «Жас Отан» жастар қанаты, студент жастарының бойында ораторлық қасиетті шыңдайтын
«Ақиқат» пікір-сайыс орталығының жҧмысы, «Ауыл жастарының Одағы», ҿз университетіміз ҿз
қолымызбен деген ҧранмен жҧмыс істеп келе жатқан «Студенттік қҧрылыс отряды»,
кҿгалдандыру мен жасыл-желекпен абаттандыру бойынша «Жасыл ел жасақтарының» белсенді
жҧмысын ерекше атап ҿткен жҿн.
М. Ҽуезов атындағы ОҚМУ-дың басты перспективалық, стратегиялық жоспарларының
негізі – Қазақстанның жарқын болашағын жасайтан білімді-білікті, интеллектуалды жас
мамандарды дайындауда жоғарыда кҿрсетілген оқыта тҽрбиелеудің барлық механизмдері арқылы
жҥзеге асыру болып табылады.
Жас азаматтарды патриоттыққа тҽрбиелеудің ерекшелігі – Қазақстан жастарын тҽрбиелеу
жҥйесіндегі осы бағыттың орнын анықтайды. Бҧл ерекшелікті білу, сондай-ақ тҽрбиелеу
жҧмысының практикасында оны есепке ала білу. Білім жҥйесінде патриоттық тҽрбиені жҥзеге
асыруға жҽне анық жоспарлауға мҥмкіндік береді. Тҽрбиелеуге кешенді тҧрғыдан маңызды қарау
принципімен қатар жҥреді.
Сонымен бірге бар кҥш жастардың ҽлеуметтік талаптарына, жастардың ҿздерінің керек
екендіктерін, қоғам ҥшін бағалылығын тҥсінуіне бағытталуы керек. Жастар шығармашылығы мен
белсенділігіне деген ҽлеуметтік тапсырыс патриотизмнің қҧндылығын меңгеруге ҥлкен жағымды
серпін береді, оның тиімділігін оқу, тҽрбие, ҿзін-ҿзі тҽрбиелеу мен ҿзін-ҿзі жетілдіру процестеріне
ықпал етуін кенеттен арттырады.
Кешенділік, оның барлық жақтары мен бағыттарының ҿзара байланысы – бҧл жҧмыстың ең
маңызды қағидасы болып табылады. Сондықтан оқыта тҽрбиелеу саясаты тҽрбиелеу мен
оқытудың ҧйымдастырылуы жҽне реттеу патриоттық тҽрбиесімен біртҧтас блокта, тығыз
байланысты болу керек.
Қазақстанда 100-ден астам ҧлттар мен ҧлыстар тҧрады. «Алтауы ала болса, ауыздағы кетеді,
тҿртеуі тҥгел болса, тҿбедегі келеді» дегендей, ҿзге мемлекеттерде соғыс ҿрті ҿршіп тҧрған шақта
ауызбірлігі мықты, ынтымақты, Қазақстан мемлекетінде нҽсілі, ҧлты, діні бҿлек ҽр тҥрлі ҧлт
ҿкілдері қоян-қолтық ҿмір сҥріп жатыр. Ҧлтаралық келісімді арттыру мақсатында Қазақстан
халқы Ассамблеясы қҧрылып, ол достық пен бірліктің асқақ ҥлгісін танытып келеді. Ал дінаралық
алауыздықты болдырмау жолында қҧрылған Қазақстан Мҧсылмандары діни басқармасы
қҧрылтайлар ҿткізіп, ҿзекті мҽселелерді талқылап отырады.
Қазіргі Қазақстанның жастары – жаңа тҽуелсіз мемлекетте туып-ҿскен, қанатын кеңге
жайып, ҿркендеуге ҧмтылған ҧрпақ. «Ерім деп еңірейтін ел болмаса, елім деп еңірейтін ер қайдан
болсын» демекші, Елбасымыз бен ел ағалары келешектің тҧтқасын ҧстар жас толқынға барынша
қамқорлық жасап, қолдау танытуда.
Жастар саясатын жаңарту мемлекеттің тікелей қатысуымен ғана жҥзеге асуы мҥмкін. Осы
арада Қазақстан Республикасының болашағы ҥдесінде балалар мен жастардың ҽлеуетін дамытып,
қызметін іске асыруға жауап беретін «Балалар мен жастар ісі жҿніндегі агенттік» қҧру қажеттігі
айқын кҿрінеді. Дербес мемлекеттік органның қҧрылуы мынадай міндеттер тізімін іске асырады:
жастар страдегиясын, мемлекеттік жастар саясатының іс-шаралары мен тетіктерін, балалармен
жҽне жастармен жҧмыс жҿніндегі ішкі саясатты ҽзірлеу мен жҥзеге асыру, бюджеттік
бағдарламаны қалыптастыру жҽне осы жобаны іске асыруға бҿлінген қаржы-қаражатты бақылау.
Сондай-ақ Агенттіктің міндеттеріне тҿмендегілерді жатқызуға болады: «Нҧр Отан» партиясының
аясында «Жас Отан» жастар қанаты ҧйымдарының, сондай-ақ жастар мен мемлекеттік
ҧйымдардың іс-ҽрекетін ҥйлестіру мен бақылау.
Мемлекеттік жастар саясаты жастардың жасампаз жҽне шығармашылық ҽлеуетін барынша
ашуға мҥмкіндік береді. Ал жастардың бірыңғай ҿкілетті органы Балалар мен жастар ісі жҿніндегі
агенттіктің шеңберінде озық қоғам қҧрып, Қазақстан Республикасын дҥние жҥзі қоғамдастығында
алдыңғы орынға шығаруға мҥмкіндік туғызады. Сондықтан еліміздің ҽлеуметтік-экономикалық
дамуының нақты жағдайын ескере отырып, мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру қажет.
Осындай жағдайда ғана Қазақстан Республикасы жастар саясатының даму стратегиясын жасауға
мҥмкіндік бар. Президентімізжаңа Жолдауында да ҧлттық қасиеттерімізді, ҧлттық
қауіпсіздігімізді, ҧлтаралық келісім мен татулықты сақтап, нығайта тҥсуге айрықша мҽн берді.
136
Бҥкіл ҽлем адамгершілік қҧндылықтарға негізделген жаңа білім беру бағдарламаларын
іздестіруде. Мҽселен, Жапонияда білім беру жҥйесінде адамгершілігі жоғары тҧлғаны тҽрбиелеуге
бағытталған мораль курсы бар. Францияда кҿркемҿнер арқылы тҽрбиелеу тҧжырымдамасы іске
асырылып келеді. Литваның мектептеріндегі оқу жоспарына рухани білім беру курсы негізгі пҽн
ретінде енгізілген. Ал Финляндияда адамгершілік қарым-қатынас пен рухани даму, азаматтық
этика сабақтары оқытылады.
Біздің еліміз этносаралық жҽне дінаралық тҿзімділіктің ҥлгісі ретінде бҥгінгі кҥні ҽлемдегі
ҿркениеттер арасындағы ҥн қатысулардың кҿшбасшысы болуға ҽбден лайықты. Қазіргі Қазақстан
тарихындағы қоғамдық ҿмірдің барлық саласында еліміздің тҧңғыш Президенті Нҧрсҧлтан
Ҽбішҧлы Назарбаевтың қосқан ҥлесі, атқарған маңызды рҿлі бірден байқалып тҧрады. Ол ҿз
халқының да, шетел халықтарының да алдында Қазақстанның мҥддесін қорғайтын, нағыз ҧлттық
кҿшбасшы ретінде танылды. Ҽлем танып, мойындаған Н.Назарбаев мҧндай беделге мол ішкі
қайраты, керемет ерік-жігері, табандылығы мен даналығының арқасында қол жеткізді.
Елбасының ҽлемдік тыныштық пен тҧрақтылықты сақтау мақсатымен жасаған
бастамаларының бҽрі тҽуелсіздігіміздің діңгегіне айналды. ЕҚЫҦ-ға тҿрағалық Қазақстанның оң
имиджін ілгерлетудің қуатты бір қҧралы болуы тиіс.
Жаңа білімнің тізгінін ҧстайтын еркін елдің ертеңгі шығармашыл кемеңгерлерін тҽрбиелеу
бесіктен, баланың нҽрестелік шағынан басталып, ҥздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны
белгілі.
Ҧрпақ тҽрбиесі – маңызды ҽлеуметтік-педагогикалық қҧбылыс. Себебі адамның
болашақтағы барлық саналы ҿмірі оның бала кҥнінде алған тҽрбиесіне байланысты.
Әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа
ҽлемдегі жаңа Қазақстан» - атты Жолдауы//Егемен Қазақстан. – 2007. – 1наурыз. - №55.
2.
Ҥкімет жаршысы. – 1999. - №8.
3.
Егеменді Қазақстан. – 1998. – 26тамыз, қыркҥйек.
4.
ОҚО ҽкімі Ҿ.Шҿкеев. Елбасы Жолдауы – экономика мен халықтың жағдайын жаңарту
жолындағы жаңа серпін//Оңтҥстік Қазақстан. – 2007. – 15наурыз. - №41.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТЕН ТЫС МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ
ТАРИХНАМАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ
Омар Е.О., Сапарова Ю.А.
М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье освещены состояние изученности становление и развитие внешкольных учреждений
Казахстана в постсоветского периода.
Summary
The and development of historical research level at Kazakhstans out of school organizations
Адамзат қоғамының даму сатысы сан – қилы уақиғалардың тарихи куҽсі. Куҽлікке
жҥгінсек сол даму кезеңдердің белгілі бір тҧстарында ҽлі ақиқаттың ақтаңдақтары алдымыздан
жиі кездесіп, ҿз шешімінің ҽділ табылуын сҧранады. Сондай сҧраныстағы тарих беттерінің бірі
Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің Кеңестік дҽуірдегі ҿткен жолдары .
Қазақстандағы мектептен - тыс мекемелердің, қалыптасу тарихының Кеңестік қҧрылым
кезеңіндегі қызмет кҿрсету жолдары қазыналы. Ол қазына қазақ елінің тарихи тҽжірбиелерінің
негізгі бір бҿлігі болып табылады. Ал бҧл қазыналы тҽжірбиеде ҽлі ашылмаған бағалы беттердің
бҧл кҥндерде елеуге тҧрарлық қортындылары бар.
Қазақстандағы мектептен – тыс мекемелер жҧмысының қалыптасу, даму, мҽселелерін
зерттеушілер оның жаппай кҿпшілікті жҧмыс тҽжірбиесіндегі тҽрбие мҥмкіндіктерін анықтау оны
жҥзеге асыру жолдарын кҿрсетуде орындаған жҧмыстарда бір қатар мҽн-мазмҧндық сипаттамалар
бар. Енді мҽселенің тарихы зерделенуіне арнайы жазылған Л.К. Ибрашева, Н.Н. Сагитова, А.П.
Романовтардың еңбектерін ой-талдаудан ҿткізіп кҿрелік.
137
Авторлар Республикадағы мектептен-тыс мекемелердің Кеңестік дҽуірдегі қалыптасуы мен
дамуы мен жҽне жетілдіру тарихының ғылыми негізін жасауға салалық тҧрғыдан іздену
жҧмыстарын жҥргізген Қазақстандық алғашқы ғалымдар. Авторлар Республикадағы қалыптасқан
ерекшелік жағдайға сай мектептен тыс мекемелердің пайда болу, қалану, даму жолдарын,
кезеңдерін айыра отырып, осы мекемелер қызметтеріне сипаттама береді жҽне оған жетерлік
деректермен фактілерді ғылыми еңбектерге пайдаланған. Ғалымдар мҥмкіндігінше кҿтерілген
мҽселелерді қамтуға қажетті тарихи қҧжаттарды талдаған. Мектептен тыс мекемелер жҧмыс
тҥрлеріне, мазмҧндарына талдау сипаты берілген.
Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер қызметінің қалыптасу проблемасын кезеңге бҿлу
мҽселесіне, ҽсіресе ізденуші Н.М. Сагитова айрықша мҽн берген. Бҧл кездейсоқ жҽйт емес.Ҿйткені
тарихтың негізгі ҿлшеуіші-уақыт. Осы орайда ізденуші нақтылы -тарихи амал талаптауы шын
мҽнінде белгілі бір тарихи оқиғалар ҿткен кезеңдерді хронологиялық ҿз шегінде айқын анықтап
алуды қажет ететіне ережесін дҧрыс басшылыққа алған. Алайда зерттеуші кҿтерілген проблеманы
зерттеуде ҿзіндік ҥлес қосқанымен, еңбек дерлік ескі қоғамдық-саяси идеология ҧстанған
қағидалар негізіне сҥйеніп жҽне оның талаптануына сай жҥргізілгендіктен жалпы сол кездерде
жазылған барлық еңбектерге тҽн ортақ кемшіліктерді жіберген. Атап айтқанда: мектептен тыс
мекемелер дамуына ықпал еткен факторлар мен олардың арасындағы байланыс дҽйекті
негізделінбеген. Мектептен тыс мекемелер ҽлеуметтік-мҽдени кешенді формадағы қҧрылым
болғандықтан оның функциясында перманенттік жҽне кҿркемҿнер шығармашылығы қызметін
ҧйымдастыру жҧмыстары жататыны дауссыз дҥние. Міне жҧмыстың осы негізгі бағыттары
автордың назарынан тыс қалған. Ҽсіресе кезеңдегі мектептен тыс мекемелердің типтері олардың
сипаты, даралық амалдары ашылмаған. Ал мҧндай жағдай қҧбылыстың шынайы болмысын
кҿрсетуде дҽрменсіз.
Ізденуші Л.К.Ибрашева коммунистік тҽрбие ісіне асатын ҿнегелі жҧмыс тҥрлерін кҿрсету
мен қатар жҧмыстың негізгі міндеттерінің біріне мектептен тыс мекемелер кадрларын даярлау
мҽселесін кҿтергенімен кадрлар даярлаудың ҧйымдастыру формалары мен тҥрлерін кҿрсету, ҥзік
ара сандық фактілерді келтіру мен ғана шектелген. Кадрларды даярлаудың сапалық жолдары оқу
бағдарламалары мен жоспарларына,кадр даярлаудың негізін қалаушы заңдылықтар, педагогиклық
принциптерге тҥсініктермен талдаулар жҥргізілмеген. Ал мектептен тыс мекемелердегі ең
басымдықтағы кҿпшілікті жҧмыс формасы кҿркемҿнер шығармашылығын ҧйымдастырудың
педагогикалық проблемалары еңбекте кездеспейді. Автор мектептен тыс мекемелер типтерін
сипаттауды тіпті назардан тыс қалдырған. Хронологиялық шектеулі кезең жҧмыс мазмҧндарын,
формаларын жан-жақты талдап ҧйымщдастыру принципімен мектептен тыс мекемелерге тҽн
педагогикалық жҧмыс ерекшелігін ашуға мҥмкіндік бермеген.
Кеңестер ҥкіметінің педагогикалық қҧбылыс ретінде ерекше мҽн берген мектептен тыс
мекемелердің ең алғаш типі балалар клубын ҧйымдастыру мҽселесі А.П. Романовтың еңбегінде
қаралған. Жҧмыста балалар клубының пайда болу тарихы біршама ашылған деуге болады. Алайда
еңбектің бҧл бҿлігі тікелей тек Ресей (Октябрь революциясына дейін) жҽне жалпы кеңестер Одағы
тҽжірибесі (дені РСФСР тҽжірибесі) негізінде жазылғандықтан балалар клубының Қазақстандағы
пайда болу, қалану, даму ерекшеліктері назардан тыс қалған. Еңбек жалпылама сипатта
орындалған. Сол себептенде еңбекте, яғни тақырып нысанасы мен жҧмыс мазмҧны бір-біріне
қайшы балалар клубының рҿлі, функциясы туралы партиялық нҧсқаулар мен кеңестік ғалымдар,
қайраткерлер пікірлері баяндалады. Клуб табиғаты ерекшелігі оның полифункционалдық
мҥмкіндігі партиялық анықтама аясында негізделуімен шектелген. Клуб туралы пікірталастар
талданбаған. Нҽтижеде клубқа тҽн мҽн-мағына ашылмаған. Автор балалар мен жасҿспірімдердің
клуб типтес мекемелерін классификациялауда лайықты нҽтижеге жете алмаған. Олардың пайда
болу, даму эволюциясын кҿрсетуде тарихи қателіктер жіберген. Мҽселен аудандық, қалалық
пионерлер мен оқушылар ҥйлерінің Ҧлы Отан соғысы жеңісінен соң дҥниеге келгені ескерілмей
оны жиырмасыншы жылдардың жемісіне қосып жіберген.
Автор алпысыншы, жетпісінші жылдарда Қазақстанда мектеп ішінде ҧйымдастырылған
балалардың ерікті бірлестіктері негізінде дҥниеге келген «ынтызарлар клубын» жиырмасыншы
жылдардағы балалар клуб мекемесінің қайтадан пайда болған жаңа ҥлгісі ретінде кҿрсетіп қателік
жібереді. Яғни автордың клуб термині туралы тҥсінігінің жоқ екендігі байқалады. Мектеп ішінен
ҧйымдастырылған оқушылардың ҽртҥрлі салалық қызығушылығы негізінде пайда болған
«ынтызарлар клубы» (ҽуесқойлар бірлестіктері), клубтық жҧмыстың бір ғана мҽселеге арналған,
педагогикалық жетекшілігі мен қҧрылымдық жасалуы жетілген бҧхаралық формасы болып
табылатынын автордың шатастырғаны, яғни тҥсінбеушілік жібергені оның мҽселенің теориялық
138
практикалық білімдер жҥйесінен бейхабарлығын кҿрсетеді. Автордың негізгі мақсаты орта
мектептегі ынтызарлық клуб тҽрбиесі жҧмысының педагогикалық мҽселесін кҿтеру болғандықтан
оған қатыстылығы бар жалпы педагогикалық клубтық жҧмыс формаларының тиімді тҥрлерінің
тҽрбиеге ықпалын насихаттау міндеттері мен ғана шектелген.
Сайып келгенде жоғарыда аты аталған авторлар республикадағы мектептен тыс меемелер
қалануы мен дамуының жекеленген тарихи кезеңдерін ғана қарастыруымен шектелгендіктен бір
жҥйелік зерттеу міндеттеріне сай метептен тыс мекемелер жҧмысының бағыттарын, ерекшелік
сипаттарын олардың пайда болу, даму себептері мен салдарларын ашып кҿрсетуде жҽне олардың
арасындағы сабақтастық заңдылқтарды негіздеуде қажетті нҽтижеге жете алмаған. Мектептен тыс
мекемелердегі белгіл бір жҧмыс саласына қатысты «дамытушы,ҥйретуші, қалыптастырушы,
тҽрбиелеуші» мҥмкіндіктерді, оларды жҥзеге асырушы жҧмыс тҥрлері мен формалары жеке
қарастырылмаған.
Кеңестік қҧрылым дҽуірінің ҽр тҥрлі тарихи даму кезеңдерінде мектеп пен балалар ҧйымы
қозғалысының ҿзара байланысының қалыптасуына, оқу-тҽрбие жҧмыс формаларын талдауға, балалар
мен жасҿспірімдерге жҥргізілетін тҽрбие тҥрлерінің жеке салалық қызметіндегі мектеп, пионер ҧйымы
т.б.салалар жҧмысының даму тарихы, олардағы тҽрбие факторларының ҿзара ықпалдау мҽселелеріне
арналған еңбектерде бар. Айталық Қазақстан оқушыларының ҽлеуметтік азаматтық кҿзқарасының
қалыптасуына пионер ҧйымының жасалған ықпалын ашуға арналған (Ш.Ҽділханов),оқушыларды
қоғамдық еңбекке тҽрбиелеу оқыту жҧмысындағы мектептің, отбасы жҽне еңбек ҧжымдары бірлесіп
жҥргізген ҧзақ жылдардағы тҽжірибелердің тарихи қалану мҽселесіне арналған (К.Ш.Қожахметова),
балалар лагері мен пионер ҧйымы саяси ағарту жҧмысына балалардың қамтылу шамасының тарихи
динамикасын кҿрсетуге арналған (А.Бегимов) еңбктер бар.Алайда бҧл еңбектерде мектептен тыс
мекемелелер арнайы зерттеу нысанына алынбаған. Еңбектерде мектептен тыс мекемелелер балалар
тҽрбиесін, оған жетекшілікті жҥзеге асыруға жҽрдем, идеологиялық ҽсер жасаушы жанама кҿптеген
факторлардың бірі ретінде (Ш.А.Ҽділханов) ғана сипатталумен шектелген.Еңбек тҽрбиесі формалары
мен ҽдістерін жетілдірудегі тек мектептен тыс мекемелердің ерекше мамандандырылған (бір
профильді) жас натуралистер мен техниктер стансалар жҧмысының шығармашылық дамуға жасалған
(К.Ж. Қожахметова) кҿмектік рҿлін ашу міндеті ғана мақсатқа алынған. Ал лагердің ең негізгі
ҿлкетанушылар функциясы мен оның жҧмыс формалары, ықпал ҽдістері олардың еңбек тҽрбиесіндегі
(А.Бегимов) педагогикалық мҥмкіндіктері ашылмай еңбек жҽне демалыс лагерлерінің саны мен оларға
дені қала балаларының қамтылу шамасын кҿрсету сияқты мҽліметтермен шектелген еңбекті мектептен
тыс мекемелердің тарихи педагогикалық мҽнін ашуға арналған еңбек деуге болмайды. Жоғарыдағы
аталған авторлар еңбектерінде балалар ҧйымының кейбір дара салалық жҧмыстарын ҧйымдастыру
тҽжірибелерін талдауда оның мектептен тыс мекекмелердің кейбір типтері (пионер ҥйлері сарайы)
арасында байланыстардың болғандығын мҽлімдеумен шектеу жасалған.
Тҧтастай алғанда Қазақстан тарихында мектептен тыс мекемелердің ҿз бетінше яғни дербес
педагогикалық жҥйе ретінде жҥргізген, ҽрбір типтерінің даралық-салалық тҽлім-тҽрбие іс-ҽрекеттерінің
педагогикалық негізін жасауға арналған зрттеулердің ҽлі де кемшін тартып жатқанын аңғаруға
болады.Сондай -ақ мектептен тыс мекемелердің қалыптасу, даму жолдарына арналған еңбектер
коммунистік идеологиялық ҧйғарым анықтап берген ізбен, яғни кестік идеологияның директивтік
тапсырыстарын басшылыққа алу негізінде орындалғанын атаған жҿн. Сондықтанда Қазақстандағы
балалар мен жасҿспірімдерге арналған мектептен-тыс мекемелердің кеңестік кезеңдердегі
тарихнамасындағы ақдаңдақтар ҿзінің ақиқат ашылуын қажеттілікке қоюы дҧрыс. Қҧбылыстың тарихи
базасының тарихи шындық негізінде толымды жасалуы оның ғылыми мҽйегінің ірге талы, оның берік
қалануының алғы шарты.Тарихи тҽжірибені талдау оның ҽлі кҥнге дейін жасампаздық кҥш-қуатын,
ҿркениетті қҧндылықтарын таным қайнарына айналдыру сол мақсат ҥдесіне оларды сақтау ҥшін ғана
керек емес. Кез-келген мҽсленің ықтималды шешілуінің бірден-бір сара жолы қашанда тарихи
мҽселелердің дҧрыс шешілуіне байланысты. Тарихи тҽжірибелерді қайтадан зерделеу арқылы қоғам
дамуының ҽртҥрлі кезеңдеріндегі оқиғалардың дҧрыс жауаптарын туып, жіберілген қателіктер мен
прогрессивті қҧндылықтар ара жігін ашып беру арқылы ғана бҥгінгі ҥрдістердің қалану, даму алуына
оң ықпал жасауымыз мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |