Конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет14/60
Дата09.03.2017
өлшемі9,39 Mb.
#8612
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60

Ұйымдастыру

Білімді бөлу (бағыттау). 

Топ  құрылымы.  

Жұмысқа бақылау. 

Жұмыс нәтижесіне баға. 

Жұмысты аяқтау.  

Менің  пікірімше,  ойын  араласқан  сабақ  студенттердің  оқуға  деген  ынтасын 

арттырады.  Мысалы,    «Бейнені  есте  сақтау»  (Бейнелік  жады)  ойыны.  Бұл  ойын  түрінде 


94 

студенттерге 10-16 бейне көрсетіледі. 20 секунд ішінде берілген бейнелерді есте сақтап, бір 

минутта оны қағаз бетіне түсіру керек. Әсер етуші материалдарды  сабақ тақырыбына қарай 

өзгертуге болады. Бұл әдістің түрі әсіресе, кәсіптік қазақ тілінен студенттердің терминдерді 

есте сақтауына мол мүмкіндік береді. 

Ойын арқылы сабақтың мазмұны жеңілдеп студенттердің ұғымына жақындай түседі. 

Сөйтіп, студенттердің сабақта үлгеру сапасы артады.  

Суретпен жұмыс та студенттердің жас ерекшеліктеріне байланысты 1 курстан 3курсқа 

дейін күрделеніп, үйренген сөздік қорларына қарай дамып отыруы тиіс. Суретпен жұмысты 

үлестірме  қағаз    түрінде  немесе  үлкен  сюжетті  тақырыпта  сурет  көрсетіп  орындауға  да 

болады.  Суретпен  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем,  әңгіме,  шығарма  жаздыруға  болады.  Осындай 

жұмыстар  студенттердің  өз  ойын  көргендерін  тиянақты  көркем  тілмен  жеткізе  білуге 

үйретеді. [4] 

«Тіл  қаруы-сөз,  сөз  қаруы  –  ой.  Ақылды  ой,  алғыр  сөз  –  адамның  жоғарғы 

қасиеті», деп Ғ. Мустафин айтқандай,  жүйелі тіл жүйелі ойды құрайды, тыңғылықты 

әрекеттен басталады.  

Тіл жұмыстарын дамытуда нәтижеге дара тұлғамен жұмыс барысында әр сабақ сайын 

бір  тақырыпқа  лайық  5-10  мақал-мәтел  жаттап  келу,  ғұлама  адамдардың  сөздерінің 

мағынасын түсініп өмірде қолдана білу, қажет жерін жаттау арқылы, ұтымды сөйлей білуге 

баулуға болады.  

Тәжірибеден байқағаным, бұл бағдарлама  тұлғаның ойлау қабілетін арттыруға, тілін 

байытуға, өз ойын қазақша еркін жеткізуге оңтайлы нәтиже беріп жүр.  

Білімнің  беріктік  принципін  жүзеге  асыруда  сөздікпен  жұмыстың  алатын  орны 

ерекше.    Сөздік  –  сөздерді  байланыстырып  сөйлеуге,  сұхбат  құруға,  сөйлем  құрастыруға 

көмектесетін  басты  құрал.  Сабақта  сөздік  қорын  үнемі  байытып  отыру  –  тіл  дамытудағы 

негізгі мәселе болғандықтан, бұған ерекше мән беріледі. Сөздік қоры бай адам ойын да анық 

жеткізе алады. [5] 

Белгілі  бір  мамандыққа  байланысты  лексиканы  үйрету  сөздік  жұмысы  арқылы 

жеңілірек жүзеге асады. Студенттер сөздікті пайдалану арқылы кәсіби терминдермен диалог 

құрастырып,  өндірістік  тәжірибе  туралы  өз  ойларын  шығарма  түрінде  жазады.  Сөздікпен 

жұмыс  тұлғаның  көру,  есту  қабілетін  арттырып  қана  қоймай,  шығармашылығын  да 

арттыруға септігін тигізеді. 

 Қазақ  тілі,  кәсіптік  қазақ    тілін  оқытуда  студенттердің  білімі  мен  сауаттылық 

дәрежесін  сынау,  байқау  жүргізілетін  жұмыс  түрлерінің  бірі  –  бақылау  жұмысы.  Мысалы, 

диктант  мәтінін  таңдауда  оңың  орфографиялық  ерекшелігімен  бірге  мазмұн  жағынан 

идеялы, тәрбиелік мәні күшті болуы абзал. Мәтін екі түрлі болады: әр түрлі мазмұнды және 

бір түрлі мазмұнды.  

 Бір түрлі мазмұнды диктант белгілі бір сөздердің емлелеріне байланысты жүргізіледі. 

Бұл диктант түрі оқытушы тарапынан жаздырылады.  

 Мәтін  өзгертілген  диктанттардың  бір  түрі  –  шығармашылық  диктант.  Бұл  диктант 

студенттердің  тілін  дамытып,  өз  ойларын  сауатты  жазуға  баулиды.  Сөздік  диктантында 

оқытушы  төмендегі  сөздерді  оқиды,  студенттер  оларды  есте  сақтап  қалуы  тиіс.  Мысалы, 

кәсіби  қазақ  тілі  бойынша  алсақ,  қаржы,  несие,  қор,  зейнетақы,  теңгерім,  тараптар, 

келісімшарт т.б.  Содан соң берілген  уақыт ішінде студенттер есінде қалған сөздерді жазып 

шығуы  керек.    Осындай  бақылау  жұмысының  түрлері  студенттерді  сауатты  жазуға,  ойын 

игеру, терең жеткізуге, тілін шеберлендіруге даярлауда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.  

Студенттердің  ойлау  қабілетін  және  тілді  игергендігін  тексеру  мақсатында  тестті 

пайдалану  тиімді  болып  табылады,  бұл  әрі  уақыт  үнемдейді.  Тест  мазмұнын  қазақ  тілінің 

лексикалық  және  грамматикалық  материалына  лайықтап  жас  ерекшеліктеріне  сай  құраса, 

студенттерді қызықтырып, білуге құштарлығын арттырары сөзсіз.  

Педагог-  ғалым  В.П.Беспалько  білім  стандарты  туралы  ой  тұжырымдамаларында 

оқушылардың  игерген  білім  сапасын  тексеру  мәселелерін  зерттей  келе  тестке  мынадай 

анықтама  берген.  “Белгілі  дәрежедегі  іс  әрекетті  орындауға  арналған  тексеру, 



95 

тапсырмаларын  қамтитын  білімді  игеру  сапасының  нақты  бағасын  анықтау  құралы  тест 

болып табылады”.[6] 

 Тестік  тапсырмаларды  пайдаланып,  нәтижесінде  талдау  жасай  келе  мынадай 

қорытындыға  келдім:  тестік  тапсырмалар  студенттердің  қай  материалды  игеріп,  қай 

материалды  толық  игермей  қалғанын,  қандай  қосымша  түсіндірмелер  қажет  екенін,  жаңа 

материалды  қандай  тәсілмен  түсіндіру  қажет  екеніне  дейін  анықтауға  мүмкіндік  береді. 

Сондықтан да көп жағдайда студенттерге тестік тапсырмалар ұсынған қолайлы.[7]  

«Шығармашылық» сөзінің мәні бір нәрсені «ойлап табу», «шығару», «іздену» дегенге 

сәйкес келеді, яғни, бұрын тәжірибеде болмаған, жаңа нәрсені ойлап табу,  жаңа жетістікке 

қол  жеткізу.  Шығармашылықпен  ойлау  –  баланың  өз  бетінше  ізденуі,  мәселенің  шешімін 

өздігінен, өзгеше шешуі, бұрын алған білімін пайдалана отырып, жаңа әдіс, жаңа жол табуы. 

Студенттерді қазақ тілінде оқыту арқылы өз бетінше жұмыс істеуге бейімдеп, одан әрі қарай 

білімін жетілдіріп, шеберлігін ұштау, өзіндік ой қорыту сияқты қасиеттерді қалыптастырып, 

олардың шығармашылығын дамыту - қазіргі таңдағы қазақ тілі оқытушыларының міндеті.[8] 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Болашақта еңбек етіп, өмір  сүретіндер-бүгінгі  мектеп 

оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан 

ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің 

терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси 

экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай 

білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығар-машылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне 

еніп,  оқытудың  жаңа  технологиясын  шебер  меңгерген  жан  болғанда  ғана  білігі  мен  білімі 

жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. 

Қорыта келгенде, қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін, бәсекеге қабілетті 

мамандар қажет. 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері Ә. Исабаев. (Алматы, «Қазақ университеті»

1993) 

2.Педагогическая технология обучения Ж.А:Караева (Алматы, 1999)



3.Оқытудың негізгі формасы – сабақ. Б.Иманбекова, К. Әбдрейімова, Қ. Мазаржанова.

(Алматы, 2003) 

4.Қазақ тілі ана тілі деңгейінде үйрету құралы Ш.К. Бектұров, А.Ш. Бектұрова (Алматы,

2002) 


5. Қазақ тілі әдістемелік құрал (Алматы, 2002)

6. Оралбаева Н.Н., Жақсылықова К. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту

әдісі. –Алматы, 1996 ж. 

7. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау,

8.2002 ж. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тiлiндегi мектептерде қазақ тiлiн оқыту 

әдiстемесi. –Алматы: Ана тiлi, 1996. –208 б.   



Қ.ЖҰМАДІЛОВТЫҢ «ДАРАБОЗ» РОМАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ 

Ерденова Айнур Жетпісбайқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы, 

Ақмола облысы, Щучинск Жоғары колледжі 

Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды 

көркем  түрде  баяндайтын  романдарды  айтады.  Жазушылар  тарихи  романда  тарихты 

жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді  біртұтас 

көтеруге көңіл бөледі. 


96 

Тарихи  шығрама  сол  өткен  заманның  әлеуметтік-эстетикалық  реконструкциясы  ғана 

емес,  онда  бүгінгі  уақыттың  да  философиялық  концепциясы  жатады.  Тарихи 

шығармалардың  өмір  танытқыштық  мәнін  айтқан  кезде,  онда  бүгінгі  рухани  тіршілігімізге 

қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. 

Ел  бірлігі,  ұлт  бірлігі  70-80  жылдардағы  қазақ  тарихи  романдарының  басты 

тақырыбына  айналды  және  таптық,  революцияшылдық  ағымдағы  әдебиеттен  өзгеше  аңғар 

танытты.  Қазақ  елінің    сан  ғасырлық  тарихын  байлар  мен  кедей  таптардың  қырқысуын 

көрсет  деген тоталитарлық саясаттан бұра тартып, басқаша сарында бағыт алды. Бүкіл қазақ 

даласы  көркем  шығарманың  негізгі  эпикалық    өрісі  болғанда,  сол  даланың  ұлт-азаттық 

идеясын ту етіп көтерген қазақ тарихи қаһармандары оның бас кейіпкеріне айналды. 

Тәуелсіздік  жылдары  Жұмаділов  қаламының  қарымы  тіптен  асқақ  естілді. 

Тәуелсіздіктен  бергі  кезеңде    жазушы  қаламынан  «Дарабоз»  роман  –  дилогия,  «Прометей 

алауы»,  «Қыл  көпір»  романдары  мен  тағы  қанша  әңгіме,  повестер  туды.  Қазіргі  кезде 

біреулер жарапазан айтқандай жалаулатып жүрген ұлттық идеология  туралы алғашқы болып 

айтқан да, жазған  да Жұмаділов болатын. 

90 жылдары қазақ елі  ежелгі  арманы  тәуелсіздікке қол артқанда тарихи роман тың 

серпін  танытып,  бұның  алдындағы  туындыларда  жеріне  жеткізе  қазылмаған,  аршылмаған 

көп-көп жаңалық ақиқаттарды бүкпелемей, сыздықтатпай бар дауыспен, ашық айтып берді. 

Бұл ретте  алдымен ауызға алынатын шығарма – жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» 

роман – дилогиясы. 

Шығармаға «Қаракерей Қабанбай батыр туралы тарихи роман» деген қосалқы ат қойылған. 

Роман  екі  кітаптан  тұрады.  Бірінші  кітабының  аталымы  –  «Толас».  Екіншісі  –  «Шүршіт 

шапқан»,  «Алаш  туы  астында»  және  «Ақырғы  айқас»  дейтін  үш  бөлімнен  бас  құрайды. 

Қаракерей Қабанбай батыр – XVIII ғасырдың маңдай  алды тұлғаларының бірі. Абылай хан 

үкілеуінде    -  дарабозы.  Оның  есімі  фольклор,  қазақ  ауызекі  эпосында  және  талай    тарихи 

көркем  туындыларда    ерекше  бейнеленіп  отыратыны  белгілі.  Мұның  бәрін  «Дарабоз» 

романының авторы мұқият есепке алған. 

Жазушы    шығармасы  құпталып  та,  қай  тұсы  сыналып  та  үлгерді.  Өз  тарапымыздан 

айтсақ,  құпталатын  тұстары  әлдеқайда  басым.  Роман-дилогияның  ұзына  бойына  әдемі 

әуенімен  баурайтын  ән  қайырмасындай  кредосы  бүгін  арытарт-берітартқа  салынып  дау-

дамайлатып  жүрген  ұлттық  идея  түсінігінде  жүрегіңнің  ең  төрінен  орын  алады.  Ол  кредо 

Төле би сөзімен былайша тұжырымдалады: «...Халқымыздың қазақ деген есімі – азат деген 

сөзбен төркіндес. Азаттықтан айрылғаны – қазақтың құрып біткені...». Қазақ ұлттық есіміміз 

үш  жүз  боп  бөлшектенуден  емес,  үш  жүздің  ажырамас  тұтастығынан  тұрады,  дейді  роман. 

Шығарма соңғы нүктесіне дейін сол проблемалы жауапты ойға толы. Халық боп бір жеңнен 

қол,  бір  жағадан  бас  шығармай,  төре,  сұлтандардың  бір  қазақты  үшке  жарып,  ру-руға  

бөлшектеуінің  салдары  Ақтабан  шұбырындыға  әкеліп  соқтырды.  Біртұтастағы  бұзылғанда 

небары  үш  түмен  жоңғардан    қынадай  қырылдық.  Қазақтану  мектебінде    бұдан  ауыр  сын 

болмаса,  Қабдеш романы сол тарихи сынның әртүрлі сабақ салдарын тексереді.[1] 

Жоңғар  халқы  –  бір  әскер,  бір  жұдырық.  Ал  үш  жүзге  бөлшектенген  қазақ  рулары 

тіпті  Аңырақай,  Алакөл  жеңістерінен  кейін  де  етек-жеңін  жия  алмай,  жан-жаққа  сауын 

айтып,  жасақ  жинаумен  әлек.  Бас  кедергі  –төрелердің,  ру  басыларының  бақталастығы. 

Шығарманың  бастапқы  жолдарынан-ақ  оқырман  бас    қатырып  мәңгірткен  сол  кінараттың 

тамырын  ұстағандай  болады.  Әбілмәмбет  хан  өткізіп  отырған  кеңесте  ру,  тайпа 

қошқарларының  арасында  ұйымшылдық  аз,  күдікшілдік  көп.  Қақтығыс  қай    тұста  ұрыс-

керіске  соға  жаздап    бары,  әзер  басылады.  Өйтпеске  амалдары  жоқ.  «Мұндайда  өкпелеген 

ағайын  өзі  ғана  кетпейді,  қазақ  үшін  қасқалдақтың  қанындай  бірер  мың  сарбазды  соңынан 

ерте кетеді. Береке-бірлігі жоқ, бәтуасыз елге хан болған адамның да маңдайының соры бес 

елі». 


Роман бас кейіпкерінің атқаратын міндетін бірден алдына жайып салады. Қазақ жерін 

жаудан  біржолата  аластау  идеясы  күн  тәртібіне  қойылады.  Қандай  да  идеяның  ұйытқысы-  

адам.  Шығарма  сол  ұйыстырғыш  образ  рөлін  талай  қанды  шайқастарда  үздік    қолбасылық 


97 

қабілетін  көрсеткен,  қазақтың  шынайы  тарихының  шын  дарабозы-  Қаракерей  Қабанбай 

батырға  «жүктейді».  Кей  шығарманың  бас  кейіпкері    сюжет  шиеленісінде  біртіндеп 

қалыптасады.  Ал,  роман  –дилогияның  бас  кейіпкері  Қабанбай  жоңғарға  қарсы  соғыстарда 

қырық  жыл  аттан  түспеген  атақты  батыр,  ысылған  оқырман  көзінде  қалыптасқан  кейіпкер. 

Сондықтан автор бас кейіпкерінің бейнесіндегі белгілі сыпаттарға қосымша және бір елеулі  

қасиеттер  қосады.  Солардың  ең  көрнектісі  және  татым  мықтысы-  Дарабоздың  ұлттық  идея 

ұйытқысы  бола  білгендігі.  Бұл  қасиет  оты  образдың  барша  тірлік  –  тынысынан  ұшқындап 

тұрады. Аты-жөні найман руының  белгілі тармағымен қосақтала аталғанымен, бас кейіпкер 

өзін    Алаш  ұлымын,  Қазақ  перзентімен  деп  сезінетіндігімен    сүйсіндіреді.    Қабанбайдың 

қолбасылық,батырлық  үлгілері,  үлкен  саясаткерлігі    осы  ұлттық  рухтан  туындайды.  1748 

жылғы  ұлы  хан  Әбілмәмбеттің  ордасында  Түркістанды,Ташкентті,  ұлы  жүздің  Жетісудай 

жаннат жерін, Алтай, Тарбағатайдың сулы, нулы өңірін жаудан тазарту ісін жүзеге асыру дәл 

осы бас кейіпкердің – Қабанбай батыр басқарған сарбаздардың үлесіне тиеді. [2] 

Романның  жақсы  аталуының  да,  оны  сынап  мінелуінің  де  себептерін  қазақтың 

азаттығы, ұлттық арман- тілегі  жөніндегі  авторлық кредоның жүзеге асуы деңгейінен іздеу 

керек. 

Біріншіден,  әр  автордың  өзіне  ғана  тән  дүниетанымдық  мұнарасы  болады.  Ұлттық  мінез, 



бейне  жасаудың  жолдары  қилы-қилы.  Кей  көркем  сурет  тарихи  фактілермен  санасса,  кей 

тұста  санаспайды.  Іріктелген,  жинақталған  тарихи  шындықпен  бірге  ойдан  қосу  аралас 

жүреді.  Кейде  тарихи  шындық  пен  көркем  шындықтың  қарама-қайшы  келетін  жағдайы  да 

болады. Бір кезде белгілі тарихшы Лев Гумилев Ресейді Батыстан төнген қауіптен Батый хан 

құтқарды, Чуд көлі мұз айдынындағы  тевтондардың  көзін жойған соғыста татар атты әскері 

шешуші рөл атқарды деп жазды. Ал, «Александр Невский» фильмінде татар – монгол ханы 

әжуа,  сайқымазақ  қалыпта  сықақталады.  Ұлы  Отан  соғысының  қарсаңында  туған,  халықты 

патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде бағалы орны бар фильмді қойған өнер иелерін сол үшін 

тарихты бұрмаладың деп сөгуге бола ма? 

«Дарабоз»- көркем туынды. Әбілқайыр ханның рөлін оң бағалайтын тарих ғылымның 

өлшем-  таразасына  Қабдеш  Жұмаділов  романының  сурет  бағамы  сәйкесе  бермеуінде  еш 

оғаштық жоқ. Тәуелсіздік пен демократия жағдайында  әркім өз көзқарасын іркілмей, ашық 

айтуға хұқылы екенін  есепке алмағанның  өзінде де. 

Екіншіден,  «Дарабоз»  романы  Әбілқайыр  ханның  Аңырақай  соғысындағы  ерлігін  жоққа 

шығармайды. Жоққа шығармағанымен, іле-шала Болат  ханның орнына сайламадыңдар деп 

өкпелеп,  ұрыс  даласынан  Кіші  жүз  қолын  бөліп  әкеткендігін  жақсы  мінезге  жатқызбайды. 

Жеңістің жемісін толық тере алмай, қапыда қалғанымызға Әбілқайырды айыпты санайды.  

Үшіншіден,  Әбілқайыр  образы  тақырыбының    астарына  Қазақстанның  Ресейге  өз  еркімен 

қосылу мәселесі қабылданғанын  ұмытпау керек. Қазақ қай елге де құл болмау  керек дейтін 

кредоны  басшылыққа  алған  жазушы:  жолбарыстан  қашып,  арыстанның  аузына  түсу  қалай 

болады? Арыстан асамайды деп кім айтты? - дейді. 

Романда  Ресейдің  сол  кезде  қазаққа  оң  көзімен  қарамаған  фактілері  көптеп 

келтіріледі. Орыс патшасының Әбілқайырды алдап соққанын айта келе, Әбіш Кекілбаевтың 

романында  көрсетілмеген  бір  фактіні  еске  салады.  Әбілқайыр  хан  Еділ-Жайық      арасынан 

қоныс сұраған екен. Патша қоныс бермек түгіл, бұл екі өзеннің маңына бұратана атаулыны 

жуытпауды  шығарған.  Жайықтың  екі  қапталынан  әлденеше  шақырымға    дейін  от  қойып 

өртеп жіберген соң, ол өзеніңе енді қазақ малын  да суара алмайтын болған. Сауда істеп, қару 

алып жырғап жатыр дегені де – құр қауесет. Патша тіпті бұратана халыққа күрек, орақ, балта 

сияқты темір бұйымдар сатуға да тыйым салған, суыққару жасауға падаланады деп. Жай қара 

темірін  қимай  отырған  патшалық  бізге  от  қару  беруші  ме  еді?  –  дейді  романның  орталық 

кейіпкерлерінің бірі Абылай хан. 

Төртіншіден, Ресей өзге жұртты «өз еркімен қосып алуында» қазақтың бірқатар бетке 

шығарының  дүниеқоңыздығын  кеңінен  пайдаланған.  Орыс  отаршыларының  лорд  Керзон  

мақтаған  зымиян    тәсілінің  қазаққа  да  қолданыла  бастағанын  роман  Әбілқайыр    ханның 

күйеу  баласы  Шақшақ  Жәнібектің    мысалында  есте  қаларлықтай    етіп  суреттейді.  Орыс 


98 

патшасынан    тархан  шенін  алғаннан  бері  «сән–салтанатың  ат  тарта  алмайтын  дәрежеге 

жетіпті» деп шенейді. Оның хан кеңесінде ақ патшаға арқа сүйемейінше, жоңғар алдыра қояр 

ма  екен  деп  тәлімсігенін  Төле  би  қатты  түйіліп  сөгеді.  Жасағың  не  күйде? 

«Бәлкім,Әбілқайыр  екеуің  етегінің  астына  барып  тығылған  қатын патшаның  рақымы  түсіп, 

жеріңде  жаудан  тазартып  беретін  шығар?  Орыс  өнерлі  жұрт  қой.  Бірақ  аузыңды  ошақ, 

мұрныңды  мұржа  етіп,    түтін    жұтқаннан  өзге  үйренген  өнерің  бар  ма  сол  елден? 

Тархандығың  ел  қорғайтын  қалқан  болмай,  мойныңа  салған  арқан  болып  жүрмесін!»  деп 

келекелейді. [3] 

«Дарабоз»  роман-дилогиясының  «Түйінінде»  автор  «ұзақ  жыл  архивтің  шаңын 

қаққандығы»  алға  қойған  «міндетіміз  тарих  жасаушылардың  бұрмалаған  фактілерін  орын-

орнына қойып, белгілі бір жүйемен баяндап беру ғана...»  дейді. Бұндағы жүйе  – қай жүйе? 

Біздіңше, кейіпкерлер  қатынасынан туындайтын  сюжеттің айтпағы – елдің елдігін, ұлттың 

ұлттығын сақтау идеясының күні бүгінге дейінгі зәрулігі. Ол жағын автор романында толық, 

жан-жақты  ,  терең  ашып  көрсетсе  де,  авторлық  түйін  сөзіңде,  не  себепті  екені,  бұл  пікірін 

шегіне жеткізбей іркіп қалған. «Абылайдан соң арада тура екі жүз он жыл өткенде, қазақ елі 

тәуелсіз  мемлекет  болып,  жасыл  туы  көк  жүзінде  қайта  желбіреді»  -  деген  қорытындысын 

романның  идеялық-эстетикалық  тұрғысымен  байланыстырып  жалғай  түспей,  қарапайым 

қысыр кеңеске бұрылып кеткен. 

«Дарабоз» роман – дилогиясының дүниеге келуі тағы да сол тәуелсіздік тауқыметінен 

туып  отыр.  Бүгінгі  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  оқыған  кісі,  тәуелсіздікке    қол 

жеткізгенімізден оны қорғау одан да қиын екен қой дегізеді. Сол алаңдаушылық «Дарабоз» 

романының  өңбойынан, өткір, өтімді сөз, ақ жүрек жүйесінен айқын сезіліп отырады. 

Әдебиет  құдыреттілігі  –  көркем  сөздің,  оның  иесінің  жаны  мен  қаны  ұлт  рухынан 

жаратылғанында. Не заман тусын, айтқан сөзі халық сұранысына, халық тілегіне сәйкеседі. 

Сәйкесіп  қана  қоймайды.    Тәуелсіздік    тілегінің  қай  мәселесі  дер  кезінде  шешілмей  жатса, 

жауапкерін тауып айқасады да.  

Жоғарыда талданған ірі тарихи шығарма, Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» роман-дилогиясы 

– тәуелсіздігіміздің кешелі-бүгінгі тауқыметінен туған дүниелер.

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Н.Т.Жұмаділова. Қабдеш Жұмаділов романдарының поэтикасы. – Алматы, 2009.

Б.С.Рақымов. тарихи жырлардың поэтикасы. – Алматы,2000 

2. Ш.Елеукенов. тоқсаныншы жылдардың романдарын қайта парақтағанда. Мақала. «Жұлдыз»

журналы №4. Алматы,2010. 

ОРГАНИЗАЦИЯ ПОДГОТОВКИ СТУДЕНТОВ ПО ОСВОЕНИЮ 

ДОПОЛНИТЕЛЬНЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ПРОГРАММ КАК ФОРМА 

ОБЕСПЕЧЕНИЯ КОНКУРЕНТОСПОСОБНОСТИ ВЫПУСКНИКА 

ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ВУЗА 

Дербенева Галина Викторовна

декан факультета педагогики, менеджмента и информационных технологий в образовании 

филиала федерального государственного бюджетного образовательного учреждения высшего 

образования «Омский государственный педагогический университет» в г.Таре, к.п.н., доцент 

Российская Федерация, Омская область, г.Тара 

В стремительно изменяющихся современных социальных и экономических условиях 

одной  из  основных  целей  системы  высшего  образования  является  подготовка 

конкурентоспособного выпускника. Работодатели предъявляют требования к созданию более 

комфортной  образовательной  среды  в  вузе,  повышению  конкурентоспособности 


99 

выпускников,  изменению  подхода  к  преподаванию  дисциплин,  способствующих 

формированию у студентов профессиональной компетентности.  

Удовлетворение  данных  требований  стало  возможным  благодаря  принятию 

Федерального  закона  «Об  образовании  в  Российской  Федерации»,  Профессионального 

стандарта  педагога  и  переходу  на  новые  Федеральные  государственные  образовательные 

стандарты  высшего  образованию.  Согласно  последнему  документу  выпускник  вуза  должен 

быть  конкурентоспособным  и  востребованным  на  рынке  труда,  что  в  свою  очередь 

подталкивает  высшие  образовательные  учреждения  к  перестройке  и  оптимизации 

содержания основных образовательных программ. 

Анализ 

педагогических, 



психолого-педагогических 

точек 


зрения 

показал, 

конкурентоспособность  может  рассматриваться  как  способность  субъекта  превзойти 

конкурентов  в  заданных  условиях.  Например,  Е.В.  Токарева  констатирует,  что 

конкурентоспособность  личности  представляет  собой  комплексную  способность,  которая 

способствует  непрерывному  конструктивному  преобразованию  личности  в  изменяющихся 

условиях и условиях неопределенности [5]. Также многие авторы определяют, что наиболее 

высоким  потенциалом,  способствующим  формированию  конкурентоспособности  обладает 

студенческая молодежь. 

Поддерживаем  точку  зрения  Куба  Е.А.  и  Ярошенко  С.Н.  в  том,  что  формирование 

конкурентоспособности 

студентов 

предполагает 

развитие 

личности, 

способной 

самостоятельно организовывать деятельность и поведение в меняющихся профессиональных 

условиях, обладающая мотивацией на достижения успеха и высоким уровнем креативности 

[1].  Таким  образом,  высшим  учебным  заведениям  необходимо  организовать  подготовку 

студентов, способствующей формированию конкурентоспособности. 

Например, в Филиале ОмГПУ в г. Таре в учебные планы включены такие дисциплины 

как  «Методы  коррекционно-развивающей  работы  с  обучающимися»,  «Психолого-

педагогические технологии для адресной работы с различными контингентами учащихся» и 

ряд  других,  которые  выстроены  в  соответствии  с  Профессиональным  стандартов  педагога. 

Данные  дисциплины  способствуют  овладению  студентами  дополнительных  компетенций, 

выходящих за рамки освоения одного учебного предмета.  

Формированию 

конкурентоспособности 

выпускника 

педагогического 

вуза  

способствуют  и  основные  образовательные  программы,  предполагающие  получение 



образования  по  двум  профилям.  Например,  в  рамках  направления  подготовки  44.03.05 

Педагогическое  образование  (с  двумя  профилями  подготовки)  в  филиале  реализуются 

следующие  профили:  «Начальное  образование  и  Иностранный  язык  (английский)» 

(выпускники  данного  профиля  имеют  возможность  трудоустроиться  учителем  начальных 

классов и учителем иностранного языка), «Иностранный язык (английский) и Иностранный 

язык  (немецкий)»  (выпускники  данного  профиля  могут  преподавать  два  языка), 

«Информатика и Математика», «Информатика и Экономика», «Русский язык и Литература», 

«Начальное  образование  и  Дошкольное  образование»  (выпускники  имеют  возможность 

трудоустраиваться и  в  дошкольные образовательные  учреждения и  в общеобразовательные 

школы), «Право и История», «История и обществознание». 

Кроме  этого  студенты  за  период  обучения  в  вузе  имеют  возможность  пройти 

обучение  и  получить  второе  высшее  образование  по  совершенно  отличному  профилю  от 

получаемого.  Например,  студент  профиля  «Начальное  образование»  получает  второе 

образование  по  направлению  «Специальное  (дефектологическое)  образование»  (профиль 

«Олигофренопедагогика»)  или  «Психология  образования»  и  т.д.  Можно  выбрать  любое 

направление и любой профиль.  

Также, 

студентам 



предоставлена 

возможность 

пройти 

профессиональную 



переподготовку  по  любой  дополнительной  образовательной  программе.  Например,  в  вузе 

реализуются программы «Дошкольное образование», «Менеджмент организации», «Русский 

язык  и  литература»,  «Иностранный  язык»,  «Логопедия»,  «Государственное  муниципальное 

управление» и ряд других программ.  



100 

Программа  дополнительного  образования  включает  и  курсы  повышения 

квалификации. Студенты активно используют предоставляемую им возможности и проходят 

повышение  квалификации  по  следующим  программам:  «Психолого-педагогическое 

сопровождение  детей  с  ОВЗ  в  учебно-воспитательном  процессе»,  «Психологическое 

консультирование»,  «Школьная медиация: психолого-педагогические и правовые аспекты»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет