Конфликтілік ситуация және оны басқару



бет2/8
Дата09.11.2022
өлшемі23,49 Kb.
#48869
1   2   3   4   5   6   7   8
Конфликтінің негізі-қарсы тұру, яғни принциптерімен мотивтерінің бағыт-бағдарының, мінезінің белсенді сәйкес келмеуі.
Конфликтінің мақсаты – адамның өз позициясын, әрекетін көрсету, дәлелдеу, өзін-өзі бекіту, нақтылау, яғни қайшылық туу кезінде «Мен кінәлі емеспін, менікі дұрыс, кінәлі басқа адам»-дейді.
Конфликтінің субьектілері: коммуникация жүйесіндегі «адам-адам», «адам-топ», «топ-топ» қатынасында болады.
Конфликтінің тақырыбы: қарсылас жақтардың не үшін, қандай жағдайда қайшылықты туу әрекетін білуі.
Конфликтінің дамуы: интеллектуальды процесс, яғни ойлау процестерінен тұрады: проблеманың пайда болуы, оны шешу жолдары, тиісті шешім қабылдау т.б.
Сөйтіп, конфликтінің болуы жақсы не жаман ба, оң не теріс пе? Оның негізгі функциясы қандай:
Функциональды конфликт – ұжымдағы іс-әрекеттің эффективті болуына әкеледі.
Дисфункциональды конфликт – топтың ынтымақтастығын төмендетеді.
Барлық еңбек ұжымдарында жиі конфликтілік ситуация болып тұрады. Оны дұрыс басқара алу үшін негізгі себептерін білу керек. Конфликтінің бірнеше түрлері бар: тұлға ішілік, тұлға аралық, тұлға мен топ арасындағы, топ аралық және әлеуметтік.
1.Жеке тұлға ішілік конфликт – бұл жағдай жеке адамның ішкі психологиялық құбылыстарының (қажеттілік, мотив, сезім, рухани құндылықтарының т.б.) сәйкес келмеуі, адамның әр түрлі міндеттерді атқаруы – қызметкер, жанұя басшысы, ата-ана. Мыс., қызметкер мезгілінде жұмыстан кейін үйінде болуы керек, бірақ басшы тапсырмаға қарай жұмыста болғанын қалайды. Немесе цех бастығы мастерге белгілі бір детальды өңдеуді тапсырса, техника қауіпсіздігінің бастығы оған осы уақытта құрал-жабдықтардың техникасын қадағалауды тапсырды. Бұл жағдайда жеке тұлға ішкілік конфликт өндірісте жұмыстың көптігінен не жұмыстың жоқтығынан жұмыс орнында болмауынан туындайды.
2.Тұлға аралық конфликт – бұл кең таралған. Өндірісте әр түрлі көрінеді. Көптеген басшылар мінездің келіспеушілігінен дейді, яғни мақсат, қызығушылық, мінез, көзқарас, өзін-өзі ұстай алуының әр түрлілігінен, адамдардың бірімен-бірі келісуі қиын. Бұнда обьективті себептер: шектеулі шикізат көзі үшін күрес; материалдық құралдар; өндіріс көлемі, құрал-жабдықты пайдалану мерзімі; жұмысшы күші. Әрқайсысы өзіне қажет деп есептейді. Басшы мен қарамағындағылар арасындағы конфликтінің мәні – орындаушы адам-басшы көп талаптар қояды, ал басшы-қарамағындағы адам-барлық күшін жұмсағысы келмейді-деп ойлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет