Өндірістік және өндірістік емес конфликтілер: 1. Шикізат көздерін бөлу- өте үлкен деген ұйымдарда шикізат көздері шектеулі, материалдар мен қаржыны дұрыс бөлуді қалайды. Оларды бөлу конфликтіге әкеледі. Себебі, адамдардың қажеттілігі жоғары, олар көп алғысы келеді, бірақ бәріне бірдей жеткілікті дәрежеде болмауы мүмкін.
2. Тапсырманы орындаудағы тәуелділік – адамдарға не топ алдына қойған мақсат-міндеттерін орындауда бір-біріне тәуелді. Мысалы, бірдей жұмысты жасаушы инженерлер әр түрлі кәсіби бейімділікте болуы мүмкін. Бұл жағдайда жоғарғы білімді маман, өзінен төмен инженердің оның жұмысына кедергі болды-десе, ал ол маман одан көп нәрсені талап етеді-деп ойлайды. Бұндай әр түрлі кәсіби шеберліктегі адам мен топ арасындағы конфликтіге әкеледі.
3. Мақсаттың әр түрлілігі. Бұл өндірістің ұлғаюына байланысты, арнайы бөлімшелерге бөлінуінен көрінеді. Мысалы: тұтынушының сұранысы бойынша сатушы, өндірістен әр түрлі өнімді талап етеді, ал өндіруші аз шығын шығарып біркелкі зат шығаруды қалайды. Әрқайсысының тапсырманы орындауда, өз мақсаты бар. Сондай-ақ жеке жұмысшылар басқаның мақсатымен санаспай, өзінің мақсатын қояды.
4. Мақсат пен мүдде айырмашылығы, ортақ мақсатқа жетуде-басшы мен орындаушы әр түрлі жолдармен тәсілдер қолданады, еңбекті қызықты еткісі келеді, бірақ оны қалай істеу керектігі туралы әр түрлі түсінеді. Проблеманы әр түрлі шешуге болады және әрқайсысы өзінікін қалайды.
5. Коммуникациядан қанағаттанбау-өндірісте конфликт толық емес коммуникациядан болады. Толық не дұрыс емес, не жеткілікті дәрежеде берілмеген информациядан басқару қиын жүреді.
6. Психологиялық қатынас айырмашылығы- конфликтінің пайда болу себебі, әрбір адамның темперамент, мінез, қажеттілік, дағдысы бар, әрбір адам өз алдына құндылығымен ерекшеленеді. Мысалы, мінез үйлесімділігі күрделі, олар бірін-бірі толықтырып отыруы керек. «Билік құмар»-мінез бағындыруға бейім. Олар бір жерде жұмыс жасаса сиыспайды. Сондай-ақ, өтірікші мен адал, таза адам мен олақ адам арасында қайшылық туындайды.
Үйлесімділікте жұмыс жасау үшін 3 сапа болу қажет: 1) өзіне сын көзбен қарау; 2) басқаларға деген шыдамдылық; 3) басқаларға сену. Егерде осы үшеуі болмаса, онда ол адам үнемі конфликтілік жағдайында болады.
Конфликтінің 80 % қатысушылардың еркінен тыс болады. Оның пайда болуында басты нәрсе конфликтоген сөздер, қимыл-әрекет әсер етеді. Конфликтінің даму жағдайының заңдылығы, конфликтіге одан да күшті конфликтогенмен, агрессиямен жауап беру. Бірінші конфликтоген-тікелей емес, кездейсоқ, одан кейінгісі күшті, кері агрессивті конфликтоген, одан конфликт туындайды.