Конфликтілік ситуация және оны басқару


Тұлға мен топ арасындағы конфликт



бет3/8
Дата09.11.2022
өлшемі23,49 Kb.
#48869
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Конфликт

3. Тұлға мен топ арасындағы конфликт – формальды емес топтың өзінің тәртіп, қарым-қатынас нормалары бар. Әрбір мүшесі оны орындауы қажет. Қабылданған ережеден ауытқуды топ – негативті құбылыс деп қарап, бұдан тұлға мен топ арасында конфликт пайда болады. Сондай-ақ, конфликт топпен басшы арасында болады. Бұл авторитарлы басқару стилі кезінде дамиды.
4. Топ аралық конфликт – ұйым көптеген формальды және формальды емес топтан тұрады, оның арасында конфликт пайда болады. Мысалы, басшы мен орындаушы, әр түрлі бөлімшелердегі адамдардың арасында, әкімшілік пен кәсіподақ т.б. жағдайында болады. Бұл келіспеушілік, мақсаттың үйлесімсіздігінен, басқарудағы жоғарғы және төменгі топтарда жүреді.
5. Әлеуметтік конфликт – субьект өзара әрекетте өзіндік мақсатты көздеп, бір-біріне қарсы шығады және бірін-бірі жоққа шығарады. Өзіндік мақсат, қызығушылық, даму тенденцияларын көздеген әлеуметтік топтар, ұлт, мемлекет, әлеуметтік субьектілердің қарсы тұруынан пайда болады.
Осылардың барлығынан туындайтын конфликтінің элементтері:

  1. Конфликтіге қатысушы екі адам не конфликтінің екі жағы;

  2. Екі жақтың қызығушылығымен мүддесінің сәйкес келмеуі;

  3. Қарсы жақтың жоспарын, қызығушылығын жоюдағы әрекеті, мінезі,

тәртібі;

  1. Қарсы жаққа әсер етуде күш қолдану;

  2. Әрекеттің қарсы қойылуы;

  3. Конфликтілік әрекеттің стратегиясы мен тактикасынан туындайды;

  4. Қатысушылардың жеке тұлғалық ерекшелігі, ашушаңдығы, беделі т.б.

  5. Сыртқы орта әсері, конфликтіге түрткі болушы үшінші адамның

болуы.
Сондықтан да, әлеуметтік-психологияның негізі – обьективті өмір сүруші топтарды қайшылықты, конфликтілік ситуацияға жеткізбеу, оның алдын алу, негізгі себептерін іздестіру.
Конфликтінің негізгі себептері: - әлеуметтік-экономикалық- обьективті өмір сүруші экономикалық қатынастардың, қарама-қайшылықтардың көрінуі;

  • әлеуметтік-психологиялық - адамдардың қажеттілігі, мотив, мақсат,

әрекеттердің келіспеушілігінен туындайды;

  • әлеуметтік-демографиялық - әр түрлі ұлт өкілдерінің жас ерекшелік-

теріне, жыныстық дамуына қарай, мақсат, міндет, мотивтерінің келіспеушілігінің көрінісі.
Экономикалық, әлеуметтік-саяси дамудағы тұрақсыздық конфликтіге әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет